№9 Тақырып: Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру



жүктеу 24,89 Kb.
Дата06.01.2022
өлшемі24,89 Kb.
#36846
С9 (1)


Қарағанды техникалық университеті

«Ақпарттық технологиялар

және қауіпсіздік»кафедрасы

СОӨЖ №9

Тақырып: Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру

Қабылдаған:

Нугман Б.

« » 20 ж

Орындаған:

тобы ЭЭ-21-3 Бақытжан Н.



Қарағанды 2021

9-апта СОӨЖ
9. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңғыру

1.Халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы.

2.Білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту.

3.Жаңа қалыптастыру ғылым мен ғылым мен техниканың дамуына көзқарас.
1. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда. 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті.Мемлекеттік мекемелері, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық комитетінің жуырда өткен кезекті отырысында Елбасының биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы «Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру» тақырыбында өтті. Бұл маңызды құжат халықтың көкейінде жүрген, асыға күткен, олардың тұрақты өмір сүруіне аса өте қажет еді.Өйткені, біз аяқ басып келе жатқан жаңа дәуірде, халқымыздың әлеуметтік ахуалының жақсаруы мен тұрақтылығы өте маңызды. Ендігі мақсат индустриялық – инновациялық дамыту бағдарламасынан ғылымға негізделген экономикалық стратегияға бірте- бірте ауысуды, сол арқылы елдің әл-аухатын арттыруға болатындығын, ғылымсыз болашақ жоқ екендігің баса айтқан Елбасының саясатын халық арасында түсіндіру жұмыстарынан бүгінгі кәсіподақ шет қалған еместігіне тоқталып өтті..Жолдауда халықтың әл- ауқатын жақсарту, әлеуеті мен мәдени деңгейін көтеру мақсаттары қойылған. Соңғы он жылда елімізде 1000-ға жуық мектептер мен балабақшалар, 500-ден астам ауруханалар мен дәрігерлік қызмет орындары ашылып, көптеген әлеуметтік нысандар мемлекет есебінен салынып жатыр. Цифрлық технологиянын күн санап қажеттілігі артып келе жатқандығында тілге тиек етті.Облыстық салалық кәсіподақ комитетінде қаралған тақырыптардан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды жүзеге асыру жергілікті бастауыш ұйымдардың міндетіне айналған. Инвестиция тарту, тауарлы өнім өндіру көлемі жыл сайын артуда. «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба қабылданды. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 14-тен 15 пайызға артты. Құрылыс саласында да жетістіктер аз емес..

Жұмыспен қамту, кадрларды қайта даярлау, жастар практикасы, білім, денсаулық, спорт мәселелері де қолға алынып отыр.Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам атты бағдарламасы кәсіподақтар консултативтік – кеңестік құрылымдар мен қоғамдық кеңестер құрамына кіруге тиістігін, еңбек адамының мүддесін кәсіби тұрғыда қорғауға, салалық кәсіподақтар нақты ықпалдасып өздерініңәлеуметтік еңбек топтарының мүддесін білдірулері маңызды деп атап көрсетті. Бұл кәсіподақтардың күші бірлікте деп аталуының өзі соны меңзейді.



2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу " деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерінің аса күрделілігіне қарамастан, оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты, халықтың рухани, адамгершілік көзқарасы жастар арасындағы тәрбиеге байланысты. Ал ұрпақ тәрбиесі — Қазақстанда өтіп жатқан реформалар мен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Білім беру саласындағы кейбір жағымсыз әрекеттердің орын алуы, мектептердің оқу-тәрбие жүмысының мазмұны, басқа да ТМД елдеріне қатысты халықтың ежелгі даму жолын анықтауда қазақ мемлекетінің білім беру және тәрбие туралы тұжырымдамаларының мақсаты - өрелі идеялар мен қағидалардың ғылыми жүйесін түзу. Бұл ретте халықтың этнопедагогикалық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың мәні зор. Алдымен, халықтық педагогиканы іс-әрекетте пайдаланып, адамгершілік сипат пен мінез-құлықты жастар арасында жаңартудың басты қағидалары: жеке тұлғалар арқылы қоғамды дамыту, демократияландыру, ізгілендіру.

3. Жаңа ғасырға адамзат өмiр салтын түбегейлi өзгерткен аса көрнектi ғылыми және технологиялық жетiстiктермен бара жатыр. Iргелi және қолданбалы ғылымның нәтижелерiн практикада тиiмдi пайдалану адамзатты тұрақты дамытудың аса маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, Қазақстан үшiн отандық ғылымды елдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуының аса маңызды факторына айналдыруға арналған бағытты жасау және оны өмiрге енгiзу республиканың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарына сәйкес мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн экономикалық әлеуетiн арттыру өзекті мiндет болып табылады.Қазiргi кезеңдегі саяси және әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мемлекеттiң нысаналы ғылыми-техникалық саясатын талап етедi, ол әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi перспективалық ғылыми бағыттарды және ғылыми кадрларды даярлаудың жүйесін сақтау үшiн қажетті жағдайлар жасау, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, бүкiл ғылыми-техникалық кешенді реформалау және өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдаған болатын. Сонымен бiрге, объективтiк себептерге орай, ғылыми-техникалық сала осы күнге дейiн қоғамның әлеуметтiк-экономикалық прогресiнiң базалық элементi болмай отыр.Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының осы тұжырымдамасы алдағы 5-10 жыл өтпелi кезеңдегi мiндеттердi шешуге лайықталып әзiрлендi және ғылыми-техникалық саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, экономиканы инновациялық дамытудың және бәсекеге қабiлетті ұлттық экономиканың құрылуы мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн, оның ресурстық мүмкiндiктерiнiң осы заманғы талаптарына жауап беретiн ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруға бағытталған.


 

 
Қазақстандағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай 90-жылдары өндiрiстiң терең құлдырауымен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiмен сипатталды. Реформа барысында экономиканы ауырлататын және сиықсыз күйге түсiретiн қажетсiз өндiрістердi ығыстыру жүрген жоқ, негiзгi өндiрiстiк қорларда осы заманғы талаптарға жауап беретiн жабдықтар мен машиналардың үлес салмағы төмендедi. Экономиканың техникалық-технологиялық iргетасын құрайтын көптеген жетекшi кәсiпорындар төлемге қабiлетсiз болып қалды және толық қуатымен жұмыс iстей алмады. Олардың өндiрiстiк-техникалық әлеуетi уақытылы және тиiмдi амортизациясыз бұзылады, моральдық жағынан ескiредi. Осындай әлеуеттi жоғалту оны қалпына келтiру үшiн бiрнеше ондаған жылдарды талап етедi.


      Әсiресе, инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуi қолайсыз фактор болды, мұның өзi негiзгi қорларды жаңарту, озық технологияларды, инновациялық қызметтi енгiзу мүмкiндiктерiне терiс әсер еттi. Көптеген салаларда инвестиция ұдайы өндiрiстiң қажеттерiн жаппайды.
      Салалық құрылым мен инвестицияның негiзгi капиталдағы серпiнінен экономика құрылымын қалыптастыруда отын-шикiзат салаларының, дамымаған машина жасаудың және тұтыну секторының басымдығы жалғасып отырған процесс көрiнiс бередi, мұның өзi құрылымдық қайта құрудың мiндеттерiне қайшы келедi. Шетелдiк инвесторлар қаржыны iшкi және әлемдiк нарықта төлем қабiлетi сұраныспен пайдаланылатын, сондай-ақ экологиялық жағынан залалды өндiрiске салуға бейiм тұрады (тiкелей шетелдiк инвестициялардың 83,3% 1997 жылы мұнай-газ өнеркәсiбiне, түстi, қара металлургияға бағытталды).
      Соңғы екi жылда әлемдiк экономиканың дамуы көптеген елдердi, соның iшiнде Ресейдi, Оңтүстiк-Шығыс Азия мен Латын Америкасы елдерiн қамтыған дағдарыспен атап өтiлдi. Осы елдердегi экономикалық жағдайдың нашарлауы 1998 жылдың бiрiншi жартысында бүкiл әлем бойынша тауарларға баға деңгейi төмендеуiнiң өзектi факторына айналды. Әсiресе, әлемдегi экономикалық дамуға шикiзатқа бағаның төмендеуi (газ, мұнай, металлдар) маңызды ықпал еттi. Бұдан шикiзат экспорты табыстың едәуiр бөлiгін құрайтын елдер, соның ішінде Қазақстан, бәрiнен де көп зардап шектi.
      Қазақстанда, басқа да бұрынғы одақтас республикалар сияқты, 90-жылдары технологиялық керi кету тенденциясы басым болды. Өндiрiстiң техникалық деңгейi төмендедi, жаңа технология нашар игерiлдi, прогрессивтi өнiм шығару құлдырады, ғылыми-техникалық әлеует қысқарды.
      Өндiрiс құлдырауының нәтижесiнде инновацияға бағытталған ресурстар мейлiнше қысқарды. Инновациялық даму экономиканың ауырлаған құрылымын тежейдi. Негiзгi инновациялық әлеует инновацияға бейiмдiгi төмен және бүкiл әлемде технологиялылығы аз деп есептелетiн отын-шикiзат салаларында шоғырланған. Ғылымға және әсiресе, инновацияға шығын едәуiр қысқарды.
      Ғылымның рөлiн дұрыс бағаламау, ғылымның және инженерлiк еңбектiң беделi құлдырау жағдайында технология әзiрлеушiлердiң кәсiби деңгейiнiң төмендеуi, алынған білiм мен дағдының ескеруi жүрiп жатыр.
      Осылайша, нарықтық реформаның басталуы жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың едәуiр өзгеруiне алып келдi. Өндiрiстiң құлдырауы, экономиканың индустриясыздануы (шикiзат бағдарының күшеюi), инвестициялық сұранымның күрт қысқаруы ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсе түскен сұранымсыздығына жағдай жасады. Жалпы әлеуметтiк-экономикалық жағдай ғылыми-техникалық даму процесi үшiн әзiрше қолайсыз күйiнде қалып отыр.
жүктеу 24,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау