Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары


Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру



жүктеу 1,3 Mb.
бет3/6
Дата24.12.2017
өлшемі1,3 Mb.
#5537
1   2   3   4   5   6

2.Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру

2.1Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену қабілетін қалыптастыру

Шет тілін оқыту жүйесін жасау негізінде жатқан түсініктердің араласып кетуі болып табылады. Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы - ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог - сөз, кез - келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез - келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.

Бұдан өзге, диалог пен монологтың араласу қаупі айқын көрініп отыр. Мұның себебі олардың өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тілдік қызметке өтуі болып табылады. Мұндай байланыс диалог пен монологтың анықтамаларының өзінен-ақ көрінеді, мұны әдіскерлер былайша заңды тұрғыда атап өтеді: «Диалог – репликалардың тізбегі немесе айтылымдардың топтамасы болып табылады, бұларды әдетте екі немесе одан да көп тұлғалардың (әңгімелесушілердің) тікелей тілдесуі жағдайында бірі екіншісін тудырады. Монолог - өзінің ойларын, ниеттерін, оқиғаны бағалауын және т.б. көбірек немесе азырақ кеңейтілген нысанда білдіруші бір тұлғаның сөзі» (11, 115)

Диалог әңгімелесу барысын қамтамасыз ететін бірқатар икемділіктермен байланысты. Алғашқысы әңгімелесушіні пікірін айтуға ынталандыру болып табылады.

Шетелдік, сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің/ бейнеүзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен айналысуда. Мысалы Ю.А.Комарова оқу процесінде бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы ретінде қарастырады. автор олардың функцияларын олармен сабақта жұмыс істеудің кезеңдеріне сәйкестікте анықтайды:

1-ші кезең: бейнеүзінді – мазмұндық тірек (бейнеүзінді 1)

2-ші кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек ((БҮ) – 2)

3-ші кезең: бейнеүзінді – стимул (бейнеүзінді (БҮ) – 3)

Бейнеүзінділердің әрбір кезеңдегі функцияларын назарға ала отырып,

Ю.А.Комарова монолог сөзді құра білуді былайша бөліп көрсетеді:

1-ші кезең: өзінің ойларын бейнеүзінді – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу.

2-ші кезең: монолог сөз стратегиясын бейнеүзінді – 2-ге сүйене отырып аша білу.

3-ші кезең: бейнеүзінді – 3-ке сүйене отырып, монологтік формада пікір айта білу.

Әрбір кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін ұсынады: дыбыстық жолға, бейнежолға, дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

вариативтік негізді:

дыбыстық жолға, бейнежолға, дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

Дыбыстық жол:


  • қараңдар, түсініңдер, анықтаңдар, сұрақтарға жауап беріңдер,

  • экранда осы уақытта не болып жатқанын тыңдаңдар, түсініңдер, осы туралы әңгімелеңдер,

  • тыңдаңдар, айтыңдаршы, осы кейіпкер туралы нені әңгімелей аласыңдар, оны қалайша елестетесіңдер, қараңдар, салыстырыңдар.

Бейнежол:

  • көріңдер және кім көрмеген болса, соларға айтыңдар,

  • көріңдер, сөйлемді түрлендіріңдер,

  • көріңдер, айтыңдаршы, кейіпкердің орнында болсаңдар не істеген болар едіңдер, неліктен,

  • көріңдер, бейнеүзіндіні дыбыстауға дайын болыңдар,

  • көріңдер, жағдаятты түрлендіріңдер, ұқсас оқиғаларды ойлап тауып немесе естеріңе түсіріңдер.

Сабақта көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да пайдалануға болады.

Көркем фильмнің мазмұны қабылдау мен ұғынудың барлық кезеңдерінде фильмнің тақырыбы бойынша бір жағынан, монолог сөзді жүзеге асыру үшін лексика-грамматикалық материалды жинақтау болып өтеді, екінші жағынан, фильмнің оқиғалрына, кейіпкерлеріне, олардың әрекеттеріне, идеялық мазмұнына, автордың ұстанымына жеке көзқарасты білдіруге деген қажеттік пайда болады. Осыған байланысты, оқушылардың монолог сөзді айта білу икемділіктерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалардың бірнеше түрін ұсынуға болады.

Мысалы: Кодоскоп.

Диалог сөзді оқыту көрнекілікпен, тыңдалған немесе оқылған мәтінмен, көрілген диафильммен, слайдтармен немесе вербалды берілген жағдаятпен ынталандырылуы мүмкін. Мәселен, диалогтық сөзге оқытуда кодоскопты пайдалануға болады. Мұғалім ұлына әкесінің айқан сөздері (немесе ынталандырушы репликалар) берілген транспарантты дайындайды. Оқушылардың міндетіне диалогтың жасалуы үшін мағынасы жағынан сәйкес келетін жауап қатушы репликаларды іріктеу кіреді.

Father: I say, Sonny, what shell we buy for Mumy on Woman`s day?

Sonny (1)...

Father: Тһat`s а goоd idea! And what will you say to Mum?

Sonny (2)...

Жауап қатушы репликалар мыналар бола алады:

(1) Let`s buy her some flowers.

Let`s buy her а large box of sweets.

Let`s buy her the book about Moscow. Etc.

(2) І`ll say, «Dear Mum, I love you so much».

І`ll say, «Веst wishes for Mother`s Day».

Экранға әкенің сөздерін шығара отырып, мұғалім әңгімеге кірісуге ұсыныс жасайды. Бұл жұмысты жұптармен өткізу қажет. Оқушылардың жұмыс істеуі кезінде мұғалім оларды бақылайды, кім мұқтаж болса, соған көмек көрсетеді, ал бақылауға бір-екі жұпты шақырады. Әлсіз сыныпта жұппен жұмыс істеу алдында тапсырманы орындау үлгісін не дыбыстық жазбада, немесе мұғалімнің күшті оқушымен бірге орындауында беруге болады.

Сөйлеуге үйрету әрқашан белгілі бір мазмұнның негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан осы мазмұнның қандай болуы тиіс екендігі туралы сұрақ туындайды. Сөйлеу мазмұны тұрғысынан аса бай, кең ауқымды, көлемді деуге болады, өйткені қарым-қатынас процесінде бүкіл нәрсе айтылады.

Осы уақытқа дейін сөйлеуге оқытудың мазмұны бағдарламада белгіленген әңгімелесу тақырыбының шеңберінде анықталып келеді. Бірақ, тақырыпты дәстүрлі тақырыптарға ұйымдастырудың оншалықты тиімді еместігі әдебиетте бірнеше рет атап өтіліп, іс жүзінде дәлелденіп отыр. Тақырыптың сөйлеудің мазмұны «құйылған» форма емес екендігі анық. Онда тақырыптың барабар формасы не болып табылады. Ал коммуникативтік әдіс оқыту процесін қарым-қатынас жасау процесінің моделі ретінде құруды көздейді. Осыған орай, сөйлеудің мазмұны соның шеңберінде қолданылатын нағыз форманы табу керек; нақ осы форма тілдік материалды іріктеу мен ұйымдастырудың барабар негізі болады. Әрине, іріктелген мазмұнның оқушылардың жасына сәйкес тәрбиелік, ақпараттық маңызы болуы тиіс. Сонымен қатар, өзіне басқалардың барлығын біріктіретін тағы бір аспект бар.

Диалог сөзді қалыптастырушы жақсы, пайдалы жаттығу Listen, read and act типті тапсырмалар болып табылады. Әңгімелесуді жүргізу икемділігін дамытатын бұл тапсырмалардың мағынасы олардың соңғы бөлігінде (асt) болады, бұл өкінішке орай, сабақтарда үнемі орындала бермейді.

Баспа мәтін.

Диалог сөз оңай өрбитін баспа мәтінмен ынталандыруы мүмкін. Мысалы, «Willіаm and Mr. Romford». Мәтінді оқығаннан соң балалар мистер Ромфорд пен Вильямның арасындағы келесі диалогты ойнайды:

Hello, Mr. Romford!

Hello, Willіаm! Are you going home now?

Yes.

Give this to your sister, please. Tell her it`s a present from me for her birthday. But don`t open the basket. There is a nise little cat in it.



All right.

You must give it to Ethel, but you mustn`t open it in the street.

Диалог сөзді тыңдалған мәтіннің негізінде де дамытуға болады.

Мәселен, «It doesn`t matter». Мәтінді тыңдар алдында оқушылар «Dramatize the text» тапсырма алады. Нәтижесінде Бетти мен Мэридің арасындағы келесі диалог болуы мүмкін.

What are you doing, Betty?

I`m writing a letter to my friend Kitty.

But how can you? You cant write.

Well, it doesn`t matter, because Kitty can`t read.

Диалог сөзді дамыту стимулы вербалды берілген жағдаят та бола алады. Мәселен, You meet a friend. He (she) sais he (she) has a new flat (house). Have a talk with him (her) about his (her) new flat. Күшті сыныпқа осындай тапсырма беру жеткілікті. әлсіз сыныпта сұрақтар түріндегі тіректерді немесе тек қана сұраулы сөздерді беруге болады When… Where… How many rooms… Is it far from… Etc.

Диалог сөзді диафильмдерді көрумен және мұғалім мен оқушылардың, оқушы мен оқушының арасында әңгімелесулерді ұйымдастырумен ынталандыруға болады: олар диафильмнен кім туралы (не туралы) білді, диафильм ұнады ма, не ұнады. Мысалы, балаларға «Tim Goes to School» атты диафильмді көріп шығу және осы тақырыпта әңгімелесу ұсынылады.

Мысалы: Слайттар.

Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың тілін кеңейтілмеген жағдаят берілген слайттар базасында дамыту сабақта оқу-әдістемелік кешендер бойынша негізгі жұмыстан бөлек өткізілмейді, сабаққа тілдік материалды енгізу мен белсендіру кезінде, тақырыптық қайталау кезінде, сондай-ақ оқушылардың қайталау дағдылары мен икемділіктерін, диалог және монолог сөзін дамыту үшін енгізіледі. Слайттар аталған түрлерімен жұмыс істеу оқу құралының материалымен жұмыста пайдаланылатын тәсілдерге тәуелсіз мұғалім де, оқушылар да слайтта ұсынылған жағдаяттан шегіне отырып, әрбір оқушының мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, өздерінің мазмұны жағынан әр түрлі нұсқаларда түсініксіз шимайланған осы жағдаятты кең көлемде ашып көрсетуге шығармашылық тұрғыда келетіндігімен сипатталады. Оқушылардың тілдік қызметін ағылшын тілін оқытудың алдыңғы курстарының барлығында меңгерілген тілдік материалды олардың сөзінде табиғи түрде пайдаланумен, олардың қиялына, елестетулеріне, ішкі көрнекіліктеріне сүйене отырып дамыту негізге алынуы тиіс.

Жұмыстың түрін іріктеу сабақта не атқарылғандығына байланысты болады. Қарапайым, сонымен бірге күрделендірілген кеңейтілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу формаларының сан алуандығы бірсарындылықты болдырмауға көмектесу үшін және оқушылардың ойлау қызметін дамыту процесінде өзге тілдік бастамашылық шығармашылығына ықпал ету үшін туындаған.

Шетел тілін оқыту сабақтарында барлық ойын түрлері презентация көмегімен қолдануға болады.Себебі бұл ойындар сабақты сапалы, әрі қызықты етуіне септігін тигізеді.Мысалы: мен өзімнің мемлекеттік тәжірибемде бесінші сыныптарда жұмбақ ойындарды, жарыстар, рольдік ойындар, мақал мәтелдерді оқушылардың фонетикалық дағдыларын дамытуа пайдаландым.Төмендегідей ойындарды сабақ үстінде пайдаландым:

Интерактивті тақтада телефонның суреті пайда болады, оқушы бір дыбысы ұқсас сөздер тізімін айтады, қалған оқушылар ол қандай дыбысты қолданғанын айтады да, өз отырған компьютерде телефондардың номерлерін орнына айтқан дыбысты жазады.Осының ең бірінші айтып, жазған оқушы өз жұмбағын айтуға құқылы болды.Сабақ информатика сыныбында өткізілді.

«Жаңылпаштар ойыны»

“She sells1// seashells// by the seashore// of the Seychelles.’’

Оқушыларға жаңылпаш беріледі.Оқушылар мұғалім соңынан қайталап оқиды, содан соң әр қайсысы өзі тез оқиды.Оқушылар барлығы бірдей жаңылпашты оқиды да, кесілген белгі болған жерде тоқталып экранда жоқ сөзді табады.

Лексикалық ойындар сөздерді оқыту барысында қолданады.Компьютер көмегімен ағылшын сабағын ойын арқылы қызықты қылып өткізуге болады. Мысалы: Сөзжұмбақтар, сөзтізбектер, берілген видео бейнені дыбыстау т.б. Шетел тілі сабағында көру, естумен жүргізілетін жұмыс, оқушыны қызықтыра түседі.Жұмыс оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Мысалы:


1.Әр оқушы отырған компьютер экранына сөз беріледі.Берілген сөздердің ішінен солдан онға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:raw, read, saw, mug, e.c.t.

2. Берілген сөздерге сөз қосып мағынасы өзгерген сөз жаз:tea +pot, butte+fly, bus+stop, e.t.c

3.Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз,бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс:

Мысалы, be,eat, dear, read, saw, beat, team, e.t.c.



2.2 Интерактивті оқыту және интернет мүмкіндіктері ағылшын тіліне оқытуда

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:


  • оқудың негізгі бірлігі сабақ;

  • оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;

  • мектептегі оқыту кезеңі;

  • сабаққа қатысу бәріне міндетті;

  • сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;

  • сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;

  • оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі бар. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Ағылшын сабағында тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрлінше болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды:

  • жаңа сабақ өту;

  • дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

  • білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;

  • оқыту және білімді жүйелеу;

  • білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;

  • кіріктірілген сабақ.

Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.

Интерактивтік оқыту шет тілін үйренуде өте тиімді.Педагогикада, әсіресе шет тілдерін оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)

3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Шет тілін үйренуде интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны, яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.



Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Шет тілін үйретуде интерактивтік оқыту технологиясы:

1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миландыру /Мозговой штурм/.

8) Броундық қозғалыс.

9) Есепту ағашы. /Дерево решений/

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

11) Азаматтық тыңдау.

12) Ролдік /іскерлік/ ойын.

13) Сығымдау методы. /Метод пресс/

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Дискуссия.

16) Дебаттар.
Интерактивті оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі, шет тілін үйретуде.

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Мысалы; оқушыларға «Карусель» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина экранда пайда болады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын, слайт көрсетілімі арқылы ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

Аквариум технологиясының мәнісі сонда, бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (экрандағы) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.(арнайы жабдықталған мультимедиалық сыныпта өтті)

(3қосымшадан қараңыз)

«Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интерацияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (интерактивті) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік методымен байланыстырылған.

Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Инетрактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту тұрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге (рефлектироват) мүмкіндік алады. Таным процесінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді; әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өз-ара қолдау және қайырмыдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Сабақтағы инетрактивтік әрекет өз-ара түсіністікке, өз-ара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеуішінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұқбаттасып оқыту барасында оқуышлар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рольдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды, шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.

Интерактивтік оқыту формаларына жатқызуға болады: бүгінгі күні әдіскерлер мен шығармашыл-ұстаздар топтық жұмыстың көптеген түрін жасап шығарды. Олардың ішіндегі кең таралғандары - «үлкен шеңбер», «аквариум», «мыймен шабул» (мозговой штрум), «дебаттар». Алдынғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжрибелері негізінде аздаған хабары бар қандайда бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактитік оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарасытрылатын тақырып жыбық немесе тар мағаналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағанасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи, т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Оқыту концепциясы мен технологиясы бар.Оқыту барысында кем дегенде мазмұндық (нені оқыту), процесуалдық (қалай оқыту), мотивациялық (оқушылар әрекетін қалай белсенді етуге болады) және ұйымдастыру (оқушы мен мұғалім әрекетіннің құрылымын қалай жасау керек) жағын бөліп қарауға болады. Осы жақтардың әрқайсысына бірқатар концепция сәйкес келеді.

Мазмұндық жағына - мазмұнды қарам-қатынас, оқу материалын кұрделендіру, оқу пәндерін кіріктіру /интеграция/, дидактикалық бірліктерді ірілендіру және т.б.

Процесуалдық жағына – программалау концепциясы, проблемалық, интерактивтік оқыту т.б.

Мотивациялық – оқуы барысын мотивациялық қамтамасыз ету концепциясы, танымдық қызығушылық қалыптастыру, т.б.

Ұйымдастыру – гуманитарлық педагогика идеялары, педагогикалық еңбектестік концепциясы, оқу пәніне «шому» (М. П. Щетини), орталықтандырылған (концентрированные) оқыту д.р.

Осы концепциялардың бәрі өз кезегінде технологиямен қамтамасыз етіледі. Мысалы, прблемалық оқыту концепциясы: проблемалы-сұқбатасып оқыту, проблемалы-тапсырмаларлық, проблемалы-алгоритмдік, проблемалы-контекстік, проблемалы-модулдік, проблемалық-компьютерлік оқыту.



Интерактитік оқыту технологиясы мен концепциясы интеракция (ағлш. Interaction - өзара әсер, бір-біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқыту барысынде жеке тұлғалар арсында танымдық қарым-қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір-бірімен сөйлесу және өз ара әрекеттесу барысында жүзеге асады.

Осы концепцияны жақтаушылардың ойынша, осындай ситуацияның жиі қолданылатыны және ыңғайлы түрі оқу ойындары болып табылады. М. В. Кларин, Ю. С. Тюнников және басқалар ойындардың білім беру мүмкіндіктерін зерттеген: ойындар педагокқа оқытудың (білім, білік, дағды) қоданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді, Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық-тұлғалық әсер ету, коомуникативті білктілік пен дағды қалыптастыру, қарым-қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқуышларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. 

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwandуказкасы

Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал.

ACTIVpanelpro

ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.

ACTIVslate

Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.

ACTIVtablet

ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады.

ACTIVote

ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады.



ACTIVote қолдана отырып:

«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады

ACTIVstudio программасы

ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа 

ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер

қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.

Флипчарт

Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы   көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер   қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.

« Активті экран » кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.

« Активті экран » бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.

         Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

         Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

-         Пән бойынша базалық білімді  меңгеру ;

-         Алған білімді жүйелеу ;

-         Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

-         Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

-         Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін  20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану  есте сақтауды  40-50 % дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ  мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына   мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.

Ғылым ғасырының табалдырығынан   аттағалы тұрған  қазіргі  таңда  компьютер өмірдің   барлық саласына кеңінен енуде.

    Елбасы   атап көрсеткендей « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет » - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін  арттырудың  маңызы зор.

         Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

         Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс – шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым.

         Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау  жылдамдығын  ескеру   арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану:

         - Оқытудың жаңа әдістері  мен формаларын ( проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану.

         -   Проблемалық зерттеу , аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

         - Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру.

         Сабақ материалы  Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат  түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты  және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында  қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді.Сабақтың барысында  тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім  оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

         Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты  қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге  мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

         Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала  дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.

         Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

         Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда  оны ақ бет қағазбен жұмыс  жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

         Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары  Word  мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін   ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

         Үшінші режим - тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.

Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне  сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

         Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім  аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның  назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка  экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп  шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында  мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.

     Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », « білім беруді ақпараттандыру»  деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не,қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

         Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету - өндірістік мәселе.

         Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

         Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

         Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI  ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

         Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.

         XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

     Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен  перспективалар ашады.Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық  техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды.Ақпараттық және телекоммуникациялық  технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

         Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

         Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық - технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл  дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық - телекоммуникациялық   технологиялар  маңызды роль атқарады.

         Ғылым  мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

         Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп.

         Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп   есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

         Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы   мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.

         « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

         Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

         Оқушылардың интерактивті құралдар   көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.

  Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

 1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4.  Сабақта   ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

5. ACTIVwand указкасының  көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

  Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік  тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп   жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

         Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай   жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.

Жаратылыстану –ғылыми білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың  білімді игертуде оқушыларға берері көп. Интерактивті  құрылғылар көп мүмкіндік туғызып отыр. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті  құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі

  Интерактивтік оқу технолгиясы (ИОТ) – деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоцияналдық және басқада жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

ИОТ-сын шет тіліне үйретуге қолданатын оқыту процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:

Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.

Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұнын туралы өзара талқылайды.

Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласыуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап бері немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.

Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз поязицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.

Шет тілінне үйретуде ИОТ-сын пайдалану әр оқушының іс-әрекетін сабақтастыруға (өзара әсерлесудің бүтіндей жүйесі пайда болады: мұғалім – оқушы, мұғалім – сынып, оқушылар – сынып, оқушылар-оқулықтар, топ – топ, топ- оқушы), оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.(3; 156)

Интернет пен интерактивті оқыту өте тиімді. Өзге тілді үйренуде көп септігін тигзеді.Әлеуметтік мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктер бар,компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда.Атап айтқанда, виртуалды кеңістікке, аутент виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену көптеген зерттеуші әдіскерлермен аталған компетепцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Егер ағылшын тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, оқушылар Интернет тораптарында берілетін тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар.Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам, кері байланыс мүмкіндігі),іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды, түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.б. сияқты Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады.

Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді яғни ол табиғи тілдік органы қалыптастырады.

Дегенмен, Е.С.Полаттын көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық тақырыптың, ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттары мен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекте болып табылады». Демек, Интернет өзінің барлықмүмкіндіктерін және қорлары мен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.

Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттың ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне еңгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады.

күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;



  • Интернеттен алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтың диалогтың айтылым біліктілігін жетілдіру;

  • жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;

  • активті және пассивті сөз қорын қағымның әлеуметтік және саяси құбылысың, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін азіргі ағылшын тілі лексикасы мен толтыру;

  • өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімнің, ерекшеліктерін оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдениет танымдық білімдерімен танысу;

  • «тірі» материалдарды жүйелі түрде қолдану мен қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау негізінде өзге тілдің қызметің, мақсатың, мотивациясын қалыптастыру.

Тәжірибелік сабақ үстінде тікелей Интернетке кіру мүмкін емес, себебі бүгін де жеткілікті компьютерлер саны мен Интернетке тегін кіру мүмкіндіктері бар, жабдықталған кабинеттер оңай табыла қоймайды, әрі кабинеттердің техникалық жабдықталуы желінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдаландырмай отыр.Бүгінгі біздің жағдайымықзда ұдайы қызмет түріне пайдаланушылардың көпшілігінің қолы жетпей отыр.Интернетте оқу үрдісіне толық қанды құрал ретінде өңдіру жөнінде айту әрі ертерек, бірақ біз интернеттің бізді мәтіндік графикалық (статистикалық немесе динамикалық) және дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алатынына сенеміз, мұнда оның басты және маңызды ерекшелігі ретінде оның аутенттілігі саналады.Бұған біз интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі материалдарын қосу арқылы, өңдірілуі жөнінде айта алатындығымыз айқындалады.

жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау