К155ИЕ5 микросұлбасы
К155ИЕ5 микросұлбасы пульсацияның төртразрядты, асинхронды есептеуіші болып табылады. Оның құрылымдық сұлбасы және цоколевка сәйкесінше 8 а, б суреттерінде көрсетілген. 8a суретіне сәйкес, ИЕ5 есептеуішінде екі бөлік бар: екіге бөлгіш (QO шығысы; СО тактілік кірісі) және сегізге бөлгіш (Ql—Q3 шығыстары; С1 тактілік кірісі).
Егер К155ИЕ5 микросұлбасы он алтыға бөлгіш есептеуіш ретінде қолданылса, онда 1 және 12 нәтижелерін біріктіру қажет. К155ИЕ5 микросұлбасы (7493 аналогы) 53 мА ток қорегін жұмсайды және 10 МГц тактілік жиілікпен жұмыс жасайды.
8 сурет. ИЕ5 есептеуіші (а) және оның цоколевкасы (б)
№ 13 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: РЕГИСТРЛЕРДІҢ СҰЛБАЛАРЫНЫҢ ҚҰРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
Мақстат: Интегралды орындаудағы тізбекке регистрді қосуды және анализ жасауды үйрену.
Құралдар және элементтер:Интегралды орындаудағы регистрлер: микросұлба К155ИР1, К555ИР11 – төртразрядты жылжымалы регистр. Жарықдиодтарының және қосқыштардың жиыны, электрқоректенудің көзі+5V.
ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
Регистр – белгілі бір разряды бар екілік кодты сақтауға арналған цифрлік автомат. Регистрлерді құру үшін түрлі типтегі триггерлерді қолданады.
Ақпараттың жазылуына қарай регистрлерді параллель және тізбектей деп бөледі. Регистр құрайтын триггерлердің санына қарай регистрдің разряды анықталады, сонымен қатар әрбір регистрдің триггеріне екілік кодтың бір разрядын орналастыруға болады.
Тізбектей немесе жылжымалы регистрге ақпарат деректердің бір түзуімен ғана жазылады. Әрбір жаңа разряд жазғаннан соң разряд коды бір позицияға код ұяшықтары арасында жылжиды. Триггерден ақпарат триггердің шығысымен параллель кодпен оқылады.
Параллель регистрлерде жазу оның триггерлерімен бірге жүзеге асады, өйткені әрбір триггер кірісі регистр кірістерінің бірі болады.
Регистрлердің құрылымын және оларда екілік кодтарын жазылу әдістерін қосымшаның суреттерінен қарауға болады, онда кейбір регистрдің микросұлбасы бейнеленеді.Тәжірибелік тұрғыда әрбір сондай микросұлба универсалды регистр болып келеді, оның жұмыс режимдерін тандауға байланысты әр қайсысындағы жазылым, параллельді және тізбектей кодта бола алады. Режимдерді таңдау үшін, микросұлбада қосымша кіру болады. Сигналдың осы кірудегі жоғарғы немесе төменгі деңгейде болуына байланысты регистрдің жұмыс режимі анықталады. Импульстің осы түзудегі фроты арқылы, регистрға кодты жазуға рұқсат беруші немесе тыйым салушы жазылу кодына қосымша синхрондаушы кірулері бар
Бақылау сұрақтары
Регистрдің анықтамасын беріңіз.
Регистрлер қандай белгілерге байланысты классификацияланады?
Регистрлерді құру үшін тригерлердің қандай типтері қолданылады? Регистрлерді құру сұлбаларын көрсетіңіз.
Микросұлбалық анықтаманы қараңыз. Дәптерде осы микросұлбалардың жұмысын келесі пунктар бойынша анализ жасаңыз:
а) Микросұлбалардың аттары, оның шетелдік аналогы. (Анықтамалықтың кестесін қара)
б) Микросұлба құрамында қандай типтегі және разрядтағы регистр бар?
в) Параллель кодты қабылдау үшін қандай түзулер қолданылады?
г) Тізбектей кодты қабылдау үшін қандай және қанша түзулер белгіленген?
д) Регистрдің жұмысының режимдерін ауыстыру қалай жүзеге асырылады?
е) Регистрдің жұмысының синхронизациясы қалай жүзеге асырлады?
Жұмыстың орындалу реті
Теориялық материалмен танысып, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Жұмыс үстеліне 1 суретте көрсетілен Electronics Workbench бағрламасын, К555ИР11 микросұлбасының аналогын және сұлбаның басқа да компоненттерін зерттеу үшін орналастырыңыз.
Қосымшадан К555ИР11 микросұлба бойынша анықтамалық материалды және оның Electronics Workbench бағдарламасындағы шетелдік 74194 аналогының жүйесін қарастырыңыз. Осы белгілеулерді дәптерде кесте түрінде жазыңыз. ( [Кесте 1] Кестенің бірінші жолы мысал ретінде толтырылған)
Сұлбаның компоненттерін қосыңыз және микросұлбаның шығысын олардың белгіленуін берілу сәйкестігін қосыңыз.
Кесте 1 Микросұлбалардың шығысының белгілеуінің сәйкестігі.
микроссұлбадағы аяқшаның №
|
Қосымша анықтамалық
тағы белгілеуі
|
Workbench бағдарламасындағы белгілеуі
|
Белгіленген ауыстыру пернесі
|
берілуі
|
1
|
|
CLR
|
R
|
«0» күйіндегі регистрді орнату
|
…
|
…
|
…
|
|
…
|
16
|
|
|
|
|
1 сурет. К555ИР11 регистрінің жұмысын зерттеу үшін компоненттер
5) Сұлбаның электр қорегін қосыңыз. Әрбір кірісіне нөлдік күй орнатыңыз.
6) Ақпаратты параллель ABCD ақпаратты қабылдау кірісінен регистрдің режимін орнатыңыз. (S0 және S1 түзулерін ауыстырыфыңыз, микросұлбадан қосымшаны қарастырыңыз). Назар аударыңыз, регистрге код жазылу үшін CLR () түзуінің сигналы қандай деңгейде болуы керек.
Параллель түзуде туынды екілік кодты орнатыңыз. Синхронды импульс беріңіз (фронттың жағына назар аударыңыз). Регистр шығысының кодын қарастырыңыз.
Регистрге жазуды басқа екілік кодты қайталаңыз. 2 кестені толтырыңыз.
Кесте 2.
-
№
|
Алдыңғы код
|
Жазылатын код
|
Жазудан соң код
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
Осындай тәжіриблерден соң регистрді «0» күйіне орнатыңыз. Әрбір кірісте нөлдік қалып-күйді орнатыңыз (CLR-дан басқа).
SR түзуінде кодты қабылдау үшін регистрді орналастырыңыз (регистрдің сол жағынан тізбектей жазу – оңға жылжу). SR түзулеріндегі және синхронизацияланған сигналдарды басқарып регистрге еркін төртразрядты екілік кодты жазыңыз. Дәптерлеріңе қысқаша осы кезде жасаған әрекеттердің тізбегін жазып алыңдар.
Жүргізілген тәжірибелерден соң регистрді «0» қалпына орнатыңыз. Әрбір кіріс түзулеріне нөлдік қалып күй орнатыңыз (CLR-дан басқа).
Тізбектей кодтың оңына (солға жылжу) регистрге жазу орнатыңыз. Дәптерлеріңе керек әрекеттердің тізбегін жазып алыңдар.
Жұмысты жасап болған соң дәптерлеріңе есеп беріңдер:
Зертханалық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, материалддары мен құрал-жабдықтары.
Берілген жұмыстың пунктерімен сәйкес орындалу ретін жазыңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. CLR түзуінде қандай деңгей регистрді нөлдік қалыпқа орналастырады? Қосымшаның анықтамасында бұл түзу қалай белгіленген? Осы белгілеуді түсіндіріңіз.
2. Кірудің дұрыстығы жазуды параллель кірістің түзуінде регистрдің ағымдағы қалпына әсерін тигізеді ме?
3. ИР11 регистрі қандай екілік кодтағы жай операцияларды орындауға болады? Осы зертханалық жұмыста осы операциялардың қайсысын орынждадыңыз?
4. Қосымшадағы ИР1 микросұлбаны қарастырыңыз. Осы микросұлбаны зерттеу үшін радиокомпоненттер мен электрлі принципиалды сұлбаларды ұсыныңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |