Есептеуішке анықтама беріңіз.
Есептеуішті құру үшін қандай тригер қолданылады? Ондай триггердің шартты графикалық мәнін және оны алу тәсілдерін көрсетіңіз.
Екіразрядты есептеуіш алыну үшін Т-триггерлерді біріктіру сұлбасын көрсетіңіз.
Т-триггердің функционалдау уақытша диаграммасын көрсетіңіз.
Қосымшаның микросұлбасын қараңыз. Әрбіреуін келесі пунктар бойынша дәптерлеріңе қысқаша сипаттаңдар:
а) Микросұлбаның аты, оның халықаралық аналогы.
б) Берілген микросұлбада ЭЕМ-нің қандай элементтері бар.
6. Электрлік импульс және оның бөліктері туралы айтып беріңіз. Импульстің өзгерісінде синхронизацияланатын кірістің активтілігі қалай белгіленеді.
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ
Дәптерлеріңе К155ТМ2 микросұлбасын салыңыз. 4а суретті қолданып, екі Т-триггер шығатындай қылып микросұлбалардың шығысын біріктіріңіз. Микросұлбаның электрқорегін қосыңыз. Екі разрядты екілік есептеуіш пайда болатындай Т-триггерлерді қосыңыз. Есептеуіштің кірісіне генератордың тік бұрышты импульсін қосыңыз.
Триггерлердің шығысына жарықдиодтарын қосыңыз, 5 суретке сәйкес жарықдиодтарының атын көрсетіңіз. Есептеуіштің кірісіне және Q0 шығысына екісәулелік осциллограф кірісін қосыңыз: есептеуіштің кірісіне - осциллографтың сол жақ кірісі, Q0 шығысына - осциллографтың оң жақ каналы.
Элементтердің шартты графикалық мәндердін 6 и 10 лабораторной работы №1 зертханалық жұмыстың 6 және 10 суреттерінен алыңыз.
Алынған сұлбаны бағдарламаның барлық элементтерін қолданып Electronics Workbench бағдарламасында орындаңыз. Сұлбаны құрастырғанда бұрынғы зертханалық жұмыстардағы білімдеріңді ұстаныңыздар.
Осциллографқа кіретін өткізгіштерді қызыл және көк түстерге бояңыз. Осциллограф каналдарына 1 V/div және 0,5 s/div орнатыңыз. Генератор жиілігіне 1 Hz орнатыңыз. Сол жақ каналға Y position -1, оң жақ каналға +1 орнатыңыз. Сұлбаның электрқорегін қосыңыз.
Есептеуіш кірісіндегі жарықдиодын бақылап отырып, жарықдиодтармен көрсетілетін шығысындағы екілік кодты салыстырып, жұмыс барысында екінші пунктқа сәйкес өзіңіз жасаған кестенің дұрыстығын тексеріңіз.
Осциллографтың осциллограммсын салыңыз.
ИЕ5 есептеуіш микролсұлбасының жұмысын тексеру үшін Electronics Workbench бағдарламасында сұлба құрасытырыңыз. Осы микросұлбаның негізінде ондық есептеуіш жинақтаңыз. Есептеуіштің қалпын көрсету үшін оналтылық сан көрсету индикаторын қолданыңыз. [№1 зертханалық жұмыстың қосымшасын қара].
Дәптерлеріңе есеп жазыңыз:
Зертханалық жұмыстың нөмірі, мақсаты, құрал-жабдықтары.
Жұмыстың орындалу барысын берілген жұмыстың пунктына сәйкес жазыңыз.
Дәптерлеріңе келесі сұрақтарға жауап жазыңыз:
Сіз қай микросұлбаларды тексердіңіз?
ИЕ5 есептеуішінің қайта есептеу коэффициентін қалай өзгертуге болады? Ол үшін қандай қайта есептеу коэффициенттері мүмкін?
Өзіңіз зерттеген есептеуіштердің жұмыс режимін (қосатын және алатын) қалай өзгертуге болады?
ҚОСЫМША Екі D триггер К155ТМ2 микросұлбалары
Құрамында қоректің ортақ тізбекті тәуелсіз екі D-триггер бар. Әрбір триггердің D, S және R кірістері, сонымен қатар комплементарлы және шығыстары бар[сурет 7]. S және R кірістері — асинхронды, өйткені олар тактілік кірістегі сигналға тәуелсіз жұмыс істейді (триггердің қалпын жояды); олар үшін активті деңгей – төмен. Сигнал D кірісінен С тактілік кірісінде мпульстің оң өзгеріс бойында және шығысына жіберіледі. Триггер D кірісінде дұрыс деңгейге қосылу үшін тактілік өзгеріс келгенге шейін алдын ала белгілеп алу қажет. Қорғаныс интервалы триггерде сигналдың таралу кідіріс уақытынан аупауы керек. Егер ТМ2 триггерлерінің S және R кірістерінде бір уақытта бірдей керену түсетін болса, состояние выходов және шығыстарының қалпы белгісіз болып қалады. Триггерге кіріс деңгейлерін жүктеуге болады (яғни, 1 немесе 0), егер S және R кірістеріне жоғары деңгейдегі кернеу түссе.
7 сурет. ТМ2 екі D-триггері
Достарыңызбен бөлісу: |