драматургия емес. Бұл – результат. Иə, біз үшін ең үлкен результат осы.
Біз, Қазақстан Еуропаның көзінше бірінші рет басқаларды
мойындаттық. Осыдан асқан Жеңіс бола ма? Бұрын бізді адам құрлы
көрмейтін қарт құрылық бұдан былай
бізбен санасатынына шек
келтірмеймін. Бұл – құр даңғаза емес. Бұл – конкретно мойындату.
Іспен мойындату. Бізге шаттық сыйлаған, елдігімізді Еуропаға
дəлелдеген «Шахтер» – космос. Біздің бапкер – красавчик. Футболдың
канондарын жақсы білетін сауатты маман.
Оны құраманың бас
жаттықтырушылығына тағайындау керек. Бұл маңызды. Манадан бері
айтайын дегенім осы ұсыныс еді.
***
Жақау Дəуренбек ағам ылғи қалжыңдайды: «осы сен адамдармен
жүре амандасасың, сосын көтерілмей қалдың!». Онысы рас, үлкен
орындарда отырған ағаларымның мазасын алғанды жақтырмаймын.
«Тоғыз тарау туындым» шыққанда
Сауытбек Абдрахманов ағама
апарып беруге тура келді. Өйткені, кітапта ол кісі туралы жазылған
очерк бар болатын. Саукең сырт қарағанда сұсты көрінгенімен, алдына
барғанда жансарайы жайсаң адам екені білініп қалады. Кітапты
парақтап отырды да, «бір кітабыңды Əбіш ағаға жазып бер, ол кісі
туралы да біраз толғапсың, – деді, –жеткіздіріп берейін».
Бір жетіден кейін Əбіш аға қоңырау шалып тұр:
Айналайын,
Шархан, кітабың жақсы екен, көптен бері көзім ауырып кітап оқи
алмай жүр едім, кітабыңды аяғына дейін оқып шықтым. Ойларың
ұнады. Клара жеңгең де оқып шықты. «Ана балаға звондасайшы»
деген соң өзіңе хабарласып жатырмын.
Ілкі сəтте тілім байланып қалды. Туғаныңнан өлгеніңше бақытты
болып жүру мүмкін емес. Бірақ адамның бір бақытты сəттері болады.
Əбіш аға қоңырау шалған күні кешке дейін осындай күйді басымнан
кешірдім. Дуалы ауыздан шыққан сөз көңілдің күйін басқа арнаға бұра
білетіндігімен құнды екенін түсіндім. Жақсы жағдайда да, жаман
жағдайда да. Əрине, жаман жағдайдың беті аулақ.
***
Мына заманда «шындықты айтып тұрмын» деген адамның
шыншылдығына
күмəнмен
қарайтынымды
жасыра
алмаймын.
Өйткені, абсолютті ештеңе жоқ. Бəрі салыстырмалы түрде. Дəл осы
менің айтып тұрғанымның өзі де абсолютті шындық деп айтуға
қорқамын.
***
Өткенде су туралы жазып едім. Тағы жазуға тура келіп тұр. Менің
бала кезімде Аралда ауыз суды машинамен тасып, үйді-үйге тарататын.
Контрамаркамен. Содан бері 50 жылдан астам уақыт өтті. Əлі тасып
жүргенін аудан əкімдігінің аккаунтынан көріп қалдым əлгінде. Уақыт
тоқтап қалған ба?! «Не айтарымды білмей қалдым»-ның
нағыз өзі
болды.
Достарыңызбен бөлісу: