құқықтық мемлекет
дəрежесіне
көтерілуі қажет. Бұл «адам адамға – дос, жолдас жəне бауыр» болуға
баратын ең бірінші, ең қажетті баспалдақ. Осыған қол жеткізген
мемлекетте
əділеттілік
орнай бастайды. Бұл – екінші саты. Осы
кезеңде адамдарда сенімділік пайда болады. Сол қасиет дамудың
үшінші деңгейі –
мейірімділікке
алып келеді. Аталмыш кезеңде
адамдар бір-біріне бауыр болмаса да, іштей жанашырлықпен қарау
дəрежесіне жетеді. Жамандық ойлау мен қызғаншақтықтан арылады.
Көреалмаушылықтың көзі жойылады (Бұл жерде айта кетер бір жайт,
барлық адам осындай деңгейге жетеді деп жаңсақ түсінуге тағы
болмас. Мұндай көрсеткіштер əдетте қоғамның басым көпшілігінің
осы деңгейге жетуімен қабылданатыны белгілі). Ал, енді əлгі
Англиядағы жағдай – төртінші, ең жоғары биіктік деп қарастырған
жөн. Мұны
сүйіспеншілік
сатысы десек, қателесе қоймаймыз.
Егер жабайы мысалмен түсіндірсек, екі адамның төбелесіп
жатқанын көрген үшінші адам сырт айналып қашып кетеді. Бұныңыз –
құқық орнамаған мемлекеттегі көрініс. Үшінші адам əлгі екеуін
ажыратуға батылы барса, бұл – заң үстемдік құрған мемлекет. Екі адам
төбелесуге бармай, сотта айтысып тұрса, əділеттілік орнаған ел. Ал,
мейірімділік сатысына көтерілген елде екі адам төбелеспек тұрмақ,
ұрысуға ниет білдірмейді. Өйткені, мұнда адамдар бір-бірінің жан
дүниесіне үңіле білу дəрежесіне көтерілген. Соңғы сүйіспеншілік
сатысын енді сіздерге айтудың өзі қызық болмай қалды!
***
Дүкенбай ағамыз да өмірден озды. Алды шырақ болсын, мінгені
пырақ болсын. Жаны жұмсақ жақсы адам еді, иманды болғыр.
Еңбекқорлығына қарап қазақ екеніне таң қалатынмын. Ағамен 1995
жылы 14 наурызда танысып едім. Сол сəтте портфелінен бояуы
кеппеген «Абай айнасы» кітабын алып шығып, «Тірі сөзге жарық
түсіріп жүр!» деп қолтаңба жазып беріп еді, жарықтық! Сөз киесіне
табынатын халқыңыз Сізді ешқашан ұмытпайды!
***
Павловтың «Я – невежда», Лениннің «Мен білетінімді ғана
білемін, білмейтінім ұшан-теңіз» дегенін бұрын да түсінетін едім.
Бірақ жай қарапайымдылықпен айтыла салған сөз деп ойлайтынмын.
Қазір анық түсіндім. Бұл жерге қарапайымдылықтың еш қатысы жоқ
екен. Шынында да аз оқитын
адам
баяғыда
көз
жүгірткен
бірдеңелеріне малданып, «мен білемін» деп өзін өзі алдап жүреді. Ал,
күнде оқитын адам «Ойпырм-ай, мен мұны осы уақытқа дейін қалай
білмей келгенмін» деп қапалану арқылы білімге тоймайды.
Кеше бір кітапты оқып отырсам, жер бетіндегі бір адамға 200
миллион жəндіктен келеді екен! 7,2 миллиард адам х 200 миллион
жəндік! Осы сұмдықты кешеге дейін білмей келгеніме таң қалдым.
Шынында да ештеңе білмейтін сияқтымын.
***
Қазақ көп параметрлер бойынша басы бірікпейтін халық
болғанына қарным ашады. Тіл, дін, діл жəне тағы басқалар бойынша
бір-бірімізден алшақтанып барамыз. Ең қорқыныштысы, ешкім де
басқаларға түсіністікпен қарағысы келмейтіні. Жер бетінде бір-бірін
түсінгісі келмейтін халық біз шығар! Орыс империясы (орыс халқы
емес, құдай үшін шатастырмаңыздаршы) біздің халыққа деген
саясатын өте білгірлікпен жасағанына əбден көзім жетті. «Сексеуілді
сексеуілге ұрып сындырады» деген стратегия əлі күнге дейін қатесіз
жұмыс істеп тұрғанына таң қаламын. Əлі сол қазақ бірінің етін бірі
жегісі келіп тұрады. Бұл үрдіс – осы стратегияның жемісі.
***
Жылына 500-800 мың көлемінде ақша төлеп оқитын студенттерге
жаным ашиды. Диплом үшін 3 миллион теңгенің төңірегінде ақша
жұмсап, қорытындысында жұмыссыз, салпақтап қалады. Сонда не
үшін оқыды? Ақшаны не үшін төледі? Осы сұрақтарға жауап таппаған
соң басыңды қасисың. Бүгін де басымды қасып отырғанмын. Осыдан
шығудың теориялық жолын тапқан сияқтымын.
Ақша төлеп оқитындар келісім-шарт жасасқанда ЖОО оқудан
кейін жұмыс орнын тауып беруге міндеттенуі тиіс. Шын емес пе,
жоғары оқу орындарында ақша күн тəртібінде бірінші тұратын мəселе,
ал жауапкершілікті мойнына алмайды. Барып тұрған əділетсіздік! Егер
осындай
нақты
жауапкершілік
болса,
жаңбырдан
кейінгі
саңырауқұлақтай қаптап кеткен универлерге өз-өзінен тосқауыл
қойылар еді. Білімнің де сапасы артар еді. Құдайға керегі жоқ
кадрларды беталбатты дайындау да сап тиылады.
***
Астындағы аты оқыста кісінесе де Аллатағалаға тəубасын айтып
отыратын халық екеніміз рас. Барға қанағат, жоққа мезірет білдіруді
бұлжымас əдетке айналдырғанымыз қаш-ш-ш-ааан?! Төзімділік төл
қасиетіміздей көрінеді. Заманауи тілмен айтсақ, тұла бойымыз тұнып
тұрған – толеранттылық. Бұл қасиет біздің қанымызда бар. Бар тəтті-
жұмсағын туған балаларына қимай, қашан келетіні бір тəңірге
мəлім
құдайы қонағына сақтап отыратын əже-апаларымыздың ақ сүтімен
келген осы тамаша қасиет бізді өзімізден бұрын басқаның күйін
күйіттеуді көксетеді де тұратыны – қызық құбылыс.
Ең аяғы ХІХ ғасырда орыс империясына қылыш алып жүгірген
Кенесарының өзі генерал Перовскийге жазған хатында Абылай
атасының кезінен берік орын алған Ресеймен дос-жарандық, тату-тəтті
сыйластыққа адал екенін, осы тұрғыдан алғанда орыс халқына емес,
отарлық басқыншылыққа қарсы күресетіндігін айтып өлген жоқ па?!
Жаратушының алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтын
қазақтан асқан альтруист халық бар ма екен?!
***
Бақыт құсы барын бағалай білетін елдің ғана басына қонатынын
қазақ əлімсақтан біледі. Білгеннен кейін де бəріне шыдамдылықпен
қарайды. Тəуелсіздігімізді үркітпей ұстап тұруымыздың басты қазығы
да осы төзімділікпен қағылған. Қоян-қолтық ғұмыр кешіп жатқан
жүзге жуық ұлыс өкілдерін өзекке теппей, керісінше өз бауырына
тартудан жалықпайтын қаққан шегедей қалыпты қалпымызды
бəзбіреулер төменшектеумен шатастырып алып жатады. Солай ма?
Жоқ.
Құс қанаты талатын сайын даламыздай кеңпейіл көңілмен ұлттық
санамызға қапысыз қонған кемелділік кей сəттерде кемшілігіміздей
көрініп қалатынына налисың. Бірақ барлық ұлы қасиеттердің
қарапайым көрінетінің өзі
Достарыңызбен бөлісу: |