Шаймерденова гүлсана залқызы



жүктеу 4,93 Mb.
Pdf просмотр
бет3/48
Дата29.01.2020
өлшемі4,93 Mb.
#27669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
КІРІСПЕ 
 
Зерттеудің  өзектілігі.  Мемлекеттің  индустриялық-инновациялық  дамыту 
міндеттерін  шешуге  байланысты  білім  сапасын  әлемдік  тәжірибелерге  сәйкес 
жоғары  деңгейге  көтеру  –  заманауи  талап.  Қазақстан  Республикасында  орта 
білім беру мазмұнын жаңарту  білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына 
елеулі  өзгерістер  енгізуді  талап  етуде.    Білім  берудің  мазмұны  жаңарып, 
жаңаша көзқарас пайда болды, осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың 
әдіс-тәсілдерін  үнемі  жаңартып  отыру  және  технологияларды  меңгеру,  оны 
тиімді  қолдана  білу  міндеті  тұр.  Мемлекетіміздің  білім  беру  үдерісіне  енген 
жаңартылған білім беру   бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың 
сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.  Білім берудегі жаңғырту мен 
инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі 
мұғалімнің кәсіби шеберлігі.    
        Олай 
болса, 
қазіргі 
қоғамдық 
сұраныстар 
еңбек 
нарығының 
қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  жоғары  кәсіби  ұтқырлықты,  ғылыми-
техникалық және заманауи ақпараттарға өз бетімен бағыттала алатын мамандар 
даярлауды  қажет  етіп  отыр.  Осыған  орай  жоғары  оқу  орындарының  алдына 
кәсіби маман ретінде өз бетімен білім алуға қабілетті, алған білімдерін оқу және 
өмірлік  жағдаяттарда  шығармашылықпен  пайдалана  алуын,  өзін-өзі  дамыту 
мен өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін тұлғаны дайындау мәселелерін жан-
жақты қарастыруда. 
Болашақ  биология  пәнінің  мұғалімдеріне  кәсіби  білім  беру  –  ғылыми 
негіздегі  оқу  материалдарымен  шектеліп  қана  қоймай,  білім  алушылардың 
бәсекеге  қабілеттілігін,  олардың  өз  бетімен  білім  алуға  даярлығын,  алған 
білімдерін  өмірлік  жағдаяттарда  қолдана  алу  біліктерін  жетілдіруді  мақсат 
етеді.  Болашақ  мамандардың  әлеуметтік-экономикалық,  педагогикалық 
өзгерістерге  ұтқырлықпен  жауап  беруі,  білімдарлығы,  жаңаша  ойлау 
қабілеттері қандай да бір нәтижеге қол жеткізудің алғы шарты болып табылады.  
Қазіргі  бiлiм  беру  сапасы  деңгейiн  көтеруге  бағытталған  позитивтi 
тенденциялар  бiлiмге  деген  жаңа  бағыттарды  дамыту  және  адами  капиталды 
қалыптастыру  болып  отыр.  Осыған  орай  білім  беру  үдерістердің  тиімділігін 
арттыру  мәселелерін  шешудің  негізі  білім  алушылардың  оқу-танымдық 
қызметін  жандандыру  болып  табылады.  Мемлекет  басшысы    Н.Ә.  Назарбаев 
«Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Ең  алдымен,  білім  беру  жүйесінің  рөлі 
өзгеруге  тиіс.  Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа 
моделінің  орталық  буынына  айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сыни  ойлау 
қабілетін  және  өз  бетімен  іздену  дағдыларын  дамытуға  бағыттау  қажет»,  – 
екендігіне баса назар аударып отыр [1]. Бұл білім алушылардың оқу-танымдық 
қызметін жетілдіруге, яғни өздігінен жұмыс жасауға, шығармашылық қабілетін 
дамытуға,  ақпараттық  қызметті  тиімді  қолдануға  үйретуді  талап  етеді.  Білім 
алушылардың  оқу-танымдық  қызметін  жетілдіру  негізінен  болашақ 
мұғалімдердің шығармашылық қабілетімен тығыз байланысты. 



 
Болашақ  мұғалімдердің  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  инновациялық 
оқыту технологияларын жүзеге асыруға  негіз болады. Білім беру саласындағы 
инновацияларды,  яғни    педагогикалық  тәжірибені  үйрену,  жалпылау,  жаппай 
қолдану,    педагогикалық  жаңалықтар  жасау  және  оны  оқу  үдерісіне  ендіру 
мәселелерімен  ресейлік  ғалымдар  В.И.Загвязинский,  М.М.Левина,  Н.Е. 
Стенякова, Е.М.Баранова т.б. айналысқан. Білім беру мазмұны мен жоғары оқу 
орындарындағы  оқу-тәрбие  үдерісінде  болашақ  мұғалімдердің  кәсіби 
даярлығын 
қалыптастыру 
мәселелеріне 
Қазақстандық 
ғалымдар 
А.Е.Абылқасымова, Н.Д.Хмель  т.б. еңбектері арналған [2-7]. 
Негізінде  білім  берудегі  инновация  теориялық  және  практикалық 
сипаттағы  жаңалықтарды  педагогикалық  үдерісте  қолдану  нәтижесі  арқылы 
анықталады.  Осыған  орай  болашақ  биолог  мұғалімдерді  инновациялық  іс-
әрекетке дайындауда виртуалды зертханалық жұмыстарды  құрудың қажеттілігі 
туындап  отыр.  Бұл  өз  кезегінде  болашақ  биолог  мұғалімдерден  тәжірибелі 
эксперимент жұмыстарын жүргізе алуды,  авторлық бағдарламаларды жасауды, 
оны оқу үдерісіне енгізуді талап етеді.  
 
Білім  алушылардың  инновациялық  қызметі  биологиялық  білім  беру 
үдерісінде  белсенді  оқытудың  тиімді  әдістемелерімен  тығыз  байланысты. 
Биологиядан  белсенді  оқытудың  тиімділігінің  теориялық  және  әдістемелік 
негіздерін  зерттеуші  ресейлік  ғалымдар  Н.М.Верзилин,  В.М.Корсунская  [8] 
және  т.б.  Биологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  әдістемелік  мәселелері 
отандық 
биолог-әдіскер 
ғалымдар 
Қ.А.Аймағанбетова, 
Н.Торманов, 
Ж.Б.Чилдибаев, 
К.Жүнісова, 
Р.Әлімқұлова, 
Қ.Ә.Жұмағұлова, 
С.Е.Қуанышеваның  еңбектерінде  жан-жақты  зерттеліп,  талданған  [9-13]. 
Биологиялық  білім  беру  мәселелерімен  айналысқан  ғалымдардың  еңбектеріне 
жасалған талдаулар биологияны оқытуды жетілдіруді, оқытудың инновациялық 
тәсілдерін қарастыруды қажет етеді. 
Дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесіндегі  ерекше  маңызды  болып 
табылатын  мәселелердің  бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үдерісіне 
ақпараттық  технологияларды  пайдалану  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  да 
елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық  кеңістікті 
құру  тәртібінен  түспей  отырғандығы  мәлім.  Жалпы  ақпараттандыру  – білімді 
жүйелеуді  қамтамасыз  етеді  және  қазіргі  ақпараттық-компьютерлік    өзгеріс  
адамның  интеллектуалды  іс-әрекетінің  негізіне    айналып  отыр.  Білім  беруді 
ақпараттандыруға байланысты үздіксіз білім беру, білім берудің ашықтығы, өз 
бетімен білім алу, білім беру үдерісін оңтайландыру, қашықтықтан оқыту және 
т.б. білім беру идеялары жүзеге асырылуда.  
Биологиядан  виртуалды  зертханалық  жұмыстарды  құрудың  негізін 
ақпаратты-компьютерлік  технологиялар  құрайды.  Осыған  орай  ЖОО 
ақпараттық-білім  беру  ортасын  құру  мен  дамытудың  біртұтас  әдістемелік 
жүйесін  жасау  негіздерін  қарастыру  мәселелері  туындады.  Инновациялық, 
соның  ішінде  компьютерлік  технологияларды  оқу  үдерісіне  енгізу  арқылы 
болашақ  мамандардың  дайындық  сапасын  арттыру  мәселелерімен  ресейлік 
ғалымдар А.Г.Абросимов [14]  айналысқан, ал жалпы және жоғары білім беру 


жүктеу 4,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау