77
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
КОММУНИКАТИВТІК ШЕТ ТІЛДІК БІЛІМ ТҰЖЫРЫМДА-
МАСЫ. Е.И.Пассов басшылығымен Липецк әдістеме мектебінің
өкілдері әзірлеген және құрастырушылардың айтуы бойынша
жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі мен лингводидактиканың қазіргі
заманғы идеяларына негізделген шет тілін оқытудың теориясы мен
технологиясы. Тұжырымдаманың мақсаты – бұл тіл сабақтарында
оқытуды дараландыруды қамтамасыз ету, тіл үйренушілердің шет
тілдік мәдениетті меңгеру мен рухани қалыптасуына септігін тигізу.
КОММУНИКАТИВТІК-ҚЫЗМЕТТІК ТӘСІЛ. Басқа тілді оқыту
жүйесі құрылымдарын теориялық негізге ала отырып қарастыратын
оқытудың қазіргі заманғы тәсілі.
КОМПОНЕНТТІК ТАЛДАУ ӘДІСІ. Мағыналы тіл бірліктерінің
мазмұндық жағын зерттеу әдісі. Оның мақсаты мағынаның ең кіші
семантикалық бөлшектерін ажырату. Компоненттік талдау әдісі
алғашында (20 ғ. 50 жылдары) лексиканы зерттеуде әртүрлі тілдердегі
лексикалық бірліктердің шағын тобын (туыстық терминдерді)
сипаттау үшін пайдаланылған. Ол — әрбір тіл бірлігінің мағынасы
семантикалық белгілерден (семалардан) тұратыны, тілдің сөздік
құрамы шағын семантикалық белгілердің көмегімен анықталуы
мүмкін деген ғылыми болжамға негізделген. Компоненттік талдау
әдісі тіл туралы жүйелі-парадигмалық түсініктермен, мәселен,
өріс теориясымен тығыз байланысты. Болжам бойынша, жалпы
категориялық семантикалық белгілер универсалдық сипатта
болып, көптеген тілдерде кездесуі мүмкін. Лексикалық мағынаның
компоненттік құрамы ұғымның деректі-дерексіздігіне байланысты.
Нақты заттық ұғымы бар сөздерді (піл, қарағай) компоненттік талдау-
да, олардың осы сөзді сипаттайтын жеке белгілеріне мән беріледі
(пілдің тұмсығы). Сөйтіп, сөздің семантикалық белгісінің мазмұны
мен оны білдіретін зат белгісінің сәйкес келу мүмкіндігі артады.
Сөздердің сөйлеу кезіндегі қызметіне байланысты компоненттік
талдау әдісін синтагматикада қолдануда бірқатар заңдылық бар.
Мыс., олар сөздердің сұрыпталу шегін анықтау (Дж. Кац, Дж. Фодор),
лексикалық мағыналарды білдіру (Ю.Д.Апресян), семантикалық
78
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
келістіру (В.Г.Гак) т.б. Осылардың негізінде сөз тіркесінде сөздерді
дұрыс қолдану ережелері қалыптасады. 20 ғ. 70-80 жж. компоненттік
талдау әдісі грамматикада, әсіресе морфологияда қолданыла бастады.
КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВИСТИКА (ағылш. сотриtare < лат.
сотриtarе санау, есептеу) – қолданбалы лингвистиканың бір бөлігі,
оның мақсаты — ЭЕМ, банктік ақпаратты өндеу, машиналық сөз-
дік жасау, мәтінді алгоритмдік өңдеу, әртүрлі тілдік процестерді мо-
дельмен т.б. байланысты жасанды тілдердің лингвистикалық проб-
лемаларын компьютерлендіру арқылы шешу.
КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ КУРСЫ. Электронды оқыту курсы
сияқты. Белгілі бір пән саласында және көзделген бағдарламалық
көлемде білім алу, дағды және шеберлікті қалыптастыру және оны
бекіту мақсатында оқушының компьютер арқылы оқу курсының
мазмұнын өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік
материалдарының кешені.
КОМПЬЮТЕРЛІК САУАТТЫЛЫҚ. Есептеу техникасы құралда-
рын пайдалану дағдыларын меңгеру; информатика негіздері мен
ақпараттық технологиялардың қоғам өміріндегі мәнін түсіну.
КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ. Оқу процесінде компьютерді пай-
да лану. Оқыту барысын компьютерлендірудің екі бағытын атап
көр сетуге болады: 1) компьютермен жұмыс істеудің әдіс-тәсіл дерін
оқу әрекетінің құралдары ретінде меңгеру; 2) компьютерді зерттеу
нысаны ретінде пайдалану (атап айтар болсақ, компьютерді өндіріс,
мәдениет, білім беру сияқты әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндіктері).
Компьютермен оқыту оқу процесінің барлық қырына ықпал етпейді.
Сондай-ақ компьютермен оқыту оқу процесінде оқытушының орнын
баса алмайды да, баспауы да тиіс, ал жаңа ақпараттық технологиялар
дәстүрлі технологияларды ығыстыра алмайды. Компьютермен оқыту
қашықтан оқытуды дамытуға, тілдік компьютерлік курстарды, элек-
тронды оқулықтар мен жаттығу құралдарын құруға, оқу про цесіне
Интернетті енгізуге әсер етті.
КОМПЬЮТЕРМЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ. Шет тілде-
рін үйрету үшін құрылған арнайы компьютерлік бағдарламалар. Ком-
79
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
пьютермен оқыту бағдарламаларының үш негізгі түрі болады: 1) тіл
жүйесінің жеке бөлімдерін зерттеуге арналған бағдарламалар; 2) сөй леу
қызметінің түрлерін меңгеруге бағытталған бағдарламалар; 3) бақы-
лау бағдарламалары, бұл сөйлеу дағдылары мен шеберліктерін
құру деңгейін бақылауды қамтамасыз етеді. Көбінесе бірінші және
үшінші топтың бағдарламалары пайдаланылады. Ауызекі тілде қа-
рым-қатынас жасауды имитациялауға арналған бағдарламалардың
жеткілікті саны әлі жоқ. Компьютермен оқыту бағдарламалары
оқу материалын тіл жүйесі туралы білім деңгейінде енгізуді және
күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, ойын түріндегі
тапсырмалар беріледі, меңгеріп жатқан тілдің отанымен танысып, тілді
білушілердің әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлқын зерттейді. Соңғы
жылдары оқыту барысында мультимедиа жүйелері, синтездейтін
дыбыс, бейнесуреттер мен мәтіндер кеңінен қолданылып келеді,
бұл көрнекілік құралдарының бәрін оқу бағдарламасында барынша
пайдалануға мүмкіндік береді.
КОНКУРС (лат. concursus – талас, топталу). Балалар арасында ғылым,
әдебиет, өнер және т.б. салалар бойынша өткізілетін жарыс. Конкурс
балалардың белсенділігін, білімі мен шеберлігін арттыруға, белгілі
бір салаларға бейімділігі мен қабілетін айқындауға жәрдемдеседі.
КОНСПЕКТ. Кітап, дәріс, баяндаманың мазмұнын қысқаша жазу.
Конспект оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін
жетілдіріледі. Конспект – жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы
жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысу-
ға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін бі лім мазмұнын
қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конс пек тілейді.
КОНСПЕКТІЛЕУ. Кітаптың, дәрістің, баяндаманың немесе мақала-
ның мазмұнын, негізгі тұжырымдарын қысқаша түрде жазу.
КОНТЕКСТ (МӘНМӘТІН) АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ.
А.А.Вербицкий (1991, 1999) әзірлеген және студенттің оқу әре-
кетінің әртүрлі формасында болашақ кәсіби қызмет, оның ішінде
негіз гі қызметтік функциялар, проблемалы жағдайлар, міндеттер,
педагогикалық практика жүйелі түрде модельденетін жоғары мектеп-
Достарыңызбен бөлісу: |