Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет25/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62

74
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
КЕШКІ  МЕКТЕП.  Жастар  мен  ересектерді  еңбек  әрекетінен  қол 
үздірмей  білім  беретін  мекеме.  Кешкі  мектепте  оқу  жастар  мен 
ересектердің жұмыс уақытынан тыс кешке қарай жүргізіледі.
КЕШКІ  ОҚУ.  Оқуын  кәсіби  қызметпен  үйлестіретін  тұлғаларға 
арналған оқу процесін ұйымдастыру формасы.
КИБЕРНЕТИКАЛЫҚ  ОҚЫТУ  МОДУЛІ.  Бағдарламаланған 
оқыту принциптері негізінде құрылған оқыту.
КЛАССИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ. Басты пәндер ретінде ежелгі тілдер 
мен математиканың жүйелі түрде оқытылуын көздейтін жалпы орта 
білім беру түрі. Классикалық білім берудің қазіргі заманғы теориясы 
бір  салада  алынған  білімдер  мен  дағдыларды  адам  іс-әрекетінің 
бас қа  кез  келген  саласына  көшіру  тұрғысындағы  психологиялық 
қабілеттілікке негізделеді. Орта мектепте практикалық қарекет үшін 
керектінің бәрін үйрету мүмкін емес екенін тани отырып, классикалық 
білім беруді жақтаушылар негізгі мақсат ретінде оқушыларды жаңа 
білімдерді меңгеру қабілеттіліктерін дамытуды ұсынады.
КЛАСТЕРЛІК  (ағылш.  cluster  –  топ,  байлам,  жиналу)  ӘДІС.  Тіл 
үйрету  сабақтарында  жиі  қолданылатын  оқыту  технологиясы.  Ас-
социативті  ойлауды,  қиялдауды  дамытуға  септігін  тигізіп,  жекелеп 
оқытуды  қарастырады.  Кластер  ретінде  (кілт  сөз)  кез  келген  бір 
сөз  алынып,  сол  сөзбен  ассоциативті  немесе  тақырыптық  жағынан 
байланысы  бар  сөздер  жазылады.  Әрбір  жаңа  сөз  ядроға  айналып, 
соның  төңірегінде  жаңа  ассоциативтік  тізбектер  пайда  болады. 
Оқушылардың білімін белсенді ету үшін, өз бетінше оқуды қалып-
тастыру үшін пайдаланылады.
КЛАСТЕРЛІК  ТАЛДАУ.  Көп  өлшемді  талдаудың  математикалық 
процедурасы; бірқатар объектілерді сипаттайтын (мысалы, сыналу-
шыларды)  көптеген  көрсеткіштер  негізінде  оларды  кластарға 
(клас терлер)  топтауға  мүмкіндік  береді  және  бұлай  топтағанда  өз-
ге  кластарға  кіретін  объектілермен  салыстырғанда  бір  класты  құ-
рай тын  объектілердің  біртекті,  ұқсас  болуы  қамтамасыз  еті леді. 
Объектілердің  цифрлармен  белгіленген  параметрлерінің  негі зінде 
олардың  арасындағы  евклидтік  өлшемдегі  сияқты  (көп  қолда-
нылатын), сонымен қоса, басқа өлшемдерде де көрінуі мүмкін бола-


75
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тын арақашықтықтар есептеліп шығарылады. Кластерлік талдау әдісі 
психолингвистикада көп қолданылады.
КОГНИТИВТІ ӘДІС (лат. cognitio — таным) – пәнаралық ғылыми 
бағыт.  Ол  таным  теориясын,  когнитивті  психологияны,  нейро фи-
зилогияны,  когнитивті  лингвистиканы  және  жасанды  интеллект 
тео риясын біріктіреді. Тіл үйрету әдістемесінде қазіргі кезеңде ког-
нитивті әдістің құрамдас бөлігіне эмпатия, яғни кіріктіру, мағыналық 
көру,  символикалық  көру,  салыстыру,  бейнені  көру,  эвристикалық 
бақылау,  ұғымдар  мен  ережелерге  конструкция  жасау,  гипотеза 
сияқты тәсілдер енгізіліп жүр. Когнитивті әдіс тіл үйретуде адамның 
санасы мен түйсігінің қабылдау мүмкіндігіне негізделеді. Сондықтан 
ол нейролингвистикамен байланысты қолданылуда. 
КОГНИТИВТІ  ЛИНГВИСТИКА-  тіл  арқылы  қоршаған  ортаны, 
адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-
білудің  ғылыми-теориялық  негіздерін  қарастырады.  Сондықтан 
когнитивті  лингвистика  тіл  білімінің  танымдық  бағыттары  мен 
аспектілерін  әр  түрлі  қырынан  ғылыми  негіздейді  және  адамның 
таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. 
Ол  үшін  түсінік,  еске  сақтау,  жоспарлау,  басқару  сияқты  сөйлеуге 
қатысты  тілдік,  психологиялық,  физиологиялық  т.б.  ақпараттардың 
басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады.
КЛОУЗ-ТЕСТ  (ағылш.  close-test).  Мәтінді  оқыған  және  оның 
мазмұнын түсіну кезінде мәтіннің күрделілігін анықтауға арналған 
тест. Американдық ғалым В.Тейлор дайындаған. Тіл үйрету сабақ-
тарында  бақылау  тәсілі  ретінде  пайдаланылады,  жазбаша  формада 
орындалады. Оқушыларға көлемі 100-400 сөз болатын, жеке сөздері 
түсірілген, мәнмәтінді түсіну арқылы қалпына келтіруді қажет ететін 
жүйелі мәтін ұсынылады. Оқушылар бастапқыда мәтіннің жалпы маз-
мұнымен танысады, содан кейін сөздері түсірілген жерлерге мазмұнын 
қалпына  келтіруге  қажетті  деп  санаған  сөздерін  қойып  шығады. 
Сөздері түсірілген жерлерді дұрыс толтыру мәтінді нақты түсініп, оны 
түсінуге қажетті лексикалық материалды меңгеруді растайды. Демек, 
клоуз-тесттің көмегімен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейі және 


76
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
тілді лексикалық деңгейде меңгеру деңгейі анықталады. Бұл тестті 
тіл үйренушінің өзге тілдегі мәтінді қаншалықты деңгейде түсінгенін 
тексеру кезінде де пайдалануға болады.
КОММУНИКАТИВТІ  ОҚЫТУ  ӘДІСІ  (ағылш.  Communicative 
Language  Teaching).  Аралас  оқыту  әдістерінің  нұсқасы.  Комму-
никативті оқыту әдісінде коммуникативті лингвистика мен пси хо ло-
гиялық  қызмет  теориясының  идеялары  негізге  алынған.  Ком муни-
кативті оқыту әдісінің ерекшелігі – оқыту процесін сипатына қа рай 
нақты  коммуникация  процесіне  жақындату.  Коммуникативті  оқыту 
әдісінің  негізгі  әдістемелік  принциптері  мыналар:  сөйлеу  бағыты, 
оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  мен  қызығушылықтарын  ескеру, 
функционалдылық, жағдаят, жаңалық.
КОММУНИКАТИВТІК  ДАҒДЫ.  Адамның  ауызша  немесе 
жазбаша  кез  келген  хабарламаның  мазмұнын  түсіне  білу  қабілеті. 
Ком муникативті сөйлеу мен жазу жатады.
КОММУНИКАТИВТІК  ЖАТТЫҒУЛАР.  Сөйлеу  шеберліктерін 
қалыптастыруды  және  тілді  практикалық  тұрғыдан  меңгерудің 
жоғарғы  деңгейін  қамтамасыз  ететін  шығармашылық  жаттығулар. 
Ком муникативті-қызметтік  тәсіл  тұрғысынан  алғанда,  мұндай 
жат тығулар  сабақтарда  негізгі  жаттығу  болып  саналады,  оларды 
орын дау  үшін  оқуға  берілген  уақыттың  негізгі  бөлігі  жұмсалады. 
Ком муникативті  жаттығуларға  жаттығулардың  мынадай  топтары 
қамтылған: сұрақ-жауап, ситуативті, репродуктивті (мәтінді немесе 
бейнені  мазмұндау),  дискутивті,  композициялық  (ұсынылған  тақы-
рып бойынша ауызша сөйлеу, суырып салушылық, драмалық көрі-
ніс),  ойын.  Коммуникативті  жаттығулардың  классификациясын 
В.Л.Скалкин ұсынды (1983).
КОММУНИКАТИВТІК  ОЙЫНДАР.  Оқу  тапсырмасының  бір 
түрі, негізгі мақсаты – алға қойылған коммуникативті міндетті ше-
шу  барысында  өзгетілді  қарым-қатынасты  ұйымдастыру  немесе 
бірлескен  сөйлеу  қызметі  барысында  ақпарат  алмасудан  тұратын 
мәселелерді  шешу.  Әдетте,  коммуникативтік  ойындар  барысында 
дискуссия  туындайды,  өйткені  ойынға  қатысушылардың  пікірлері 
әртүрлі болады.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау