Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық Үйлестіру-әдістемелік орталығЫ



жүктеу 10,32 Kb.
Pdf просмотр
бет29/62
Дата14.05.2018
өлшемі10,32 Kb.
#12510
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62

86
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жұмыс  тәмамдалған  кезде  жүргізіледі.  2.  Фи зиологиялық  немесе 
пси хикалық  функцияларды  қайта  қалпына  кел тіру.  Физиологиялық 
функ цияларды қалыптастыру үшін қайталау жеткілікті болады.
ҚАРАПАЙЫМ  (лат.  elementarius  –  бастапқы,  қарапайым,  негіз гі) 
ОҚЫТУ  БІРЛІГІ.  Оқу  процесінде  пайдаланылатын  оқу  материа-
лының әдістемелік тұрғыдан ұйымдасуының ең төменгі құрылымдық 
бірлігі.  Әдетте,  жаттығу  қарапайым  оқыту  бірлігі  болып  саналады. 
Сабаққа қарағанда жаттығу көлемі жағынан аз бірлікке бөліне алмайды.
ҚАРҚЫНДЫ  ОҚУ.  Іздестіре  оқу,  әдеттегі  оқудан  (минутына  80-250 
сөздің орнына 500-700 сөз оқу) 2-3 есе асырып оқу. Білім беруде қарқынды 
оқу арнайы жаттығуларды жасау шеберлігін қалыптастыру, іріктеу, болжау, 
зейін аудару және логикалық ойлауды дамытуды талап етеді.
ҚАРҚЫНДЫ ОҚЫТУ. Еңбек өнімділігі мен еңбек сапасын арттыру, 
күшейту  жолдарының  бірі;  оқыту  теориясының  негізі  шет  тілдерін 
оқыту. Қарқынды оқыту шет тілдерін оқыту саласына ХХ ғ. 60 жылда-
рында белсенді түрде енгізіле бастады. Әдіскерлер қарқынды оқытуға 
белгіленген  уақыт  аралығында  орындалған  жұмыс  көлемі  сияқты 
оқыту  жылдамдығы  мен  сапасын  анықтау  деген  анықтама  береді. 
Пси хологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда,  қарқынды  оқы ту  мынадай 
төрт параметрдің жиынтығы болып табылады: а) мате риалды меңгеру 
көлемі мен жылдамдығының ұлғаюы; ә) оқыту әдіс-тәсілдерінің саны 
мен  нұсқалары  (жаттығулары);  б)  тығыз  қарым-қатынас;  в)  оқушы 
тұлғасының психологиялық резервтерін іске қосу (Зимняя, 1985).
ҚАСАҢ  ҚАҒИДАЛЫ  ОҚЫТУ.  Діни  оқу  орындарында  құрғақ 
жаттау арқылы оқыту түрі. Қасаң қағидалы оқытуда мұғалім билігіне 
шек қойылмайды, шығармашылыққа жол берілмейді.
ҚАТЕ. Бұл терминнің бірнеше жалпы мағынасы бар. 1. Дұрыс үлгі-
ден  ауытқу.  2.  Қате  сенім.  3.  Біреу  қате  сенімде  болғандағы  күй.          
4.  Экс периментте  –  тәуелді  айнымалының  тәуелсіз  айнымалының 
ауытқуларынан басқа факторлардан болған кез келген өзгеруі. 5) Дұ-
рыс реакцияны меңгеруді кідіртетін сәйкессіз не дұрыс емес реакция. 
6) статистикада – ақиқат мәннен ауытқу.
ҚАТЕЛЕРДІ  ТАЛДАУ.  Тіл  үйренушілердегі  оқытылып  жатқан 
тілдің нормалары мен жүйесінен ауытқуын талдау.


87
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ. Қашықтан оқыту технологиясын 
пайдалану арқылы білім беру бағдарламасын құруға және тәжірибе 
жү зінде  жүзеге  асыруға  қатыстырылатын  ұйымдастырушылық, 
теле ком муникациялық,  педагогикалық  және  ғылыми  ресурстардың 
жиын тығы.
ҚАШЫҚТАН  ОҚЫТУДЫҢ  КЕЙСТІК  ТЕХНОЛОГИЯСЫ.           
1. Нақ ты құрылымдалған және тиісті түрде ұйымдастырылған оқу-
әдіс темелік материалдардың арнайы жиынтығы (кейсі) арқылы іске 
асатын сабақтар жүйесі. Бұл материалдар оқушының өз бетінше оқып-
дайындалуы үшін оған пошта арқылы жіберіледі (қолына беріледі). 
Содан кейін кеңес беруші оқытушылармен (тьюторлармен) болатын 
мерзімдік  кеңестер  білім  беру  мекемелерінің  оқу  орталықтарында 
өткізіледі.  2.  Мәтін,  аудиовизуалды  және  мультимедиалық  оқу  ма-
те риалдарының  жиынтығын  пайдалануға,  студенттердің  өз  бет-
терінше  оқуы  үшін  оларды  таратуға  негізделген  қашықтан  оқыту 
тех нологиясының түрі.
ҚОЛДАНУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ.  Практикалық  әдіс  тобына 
қатысты  оқытудағы  жалпы  дидактикалық  әдіс.  Оқытушының  сөй-
леу  шеберлігінің  мақсаты  алған  білімі  мен  сөйлеу  дағдысының 
қолданылуымен  байланысты.  Әртүрлі  шығармашылық  жаттығу-
лардан,  үйренушілердің  сөйлеу  қажеттілігін  іске  асырудан,  нақ ты 
тілдік  қарым-қатынасқа  барынша  жақындаудан  тұрады.  Шығарма-
шылық  (тілдік,  коммуникативтік)  жаттығулар  мынадай  болып  жік-
теледі: респонсивті, жағдаяттық, репродуктивті, түсіндірмелі, диску-
тивті,  композициялық,  инициативті  (Скалкин,  1983).  Қолдануды 
ұйымдастыру  әдісі  аясында  жаттығуларды  аудару  көмегімен 
практикалық  деңгейде  тілді  меңгеруді  қамтамасыз  етеді,  әртүрлі 
интеллектуалды  және  коммуникативті  қызметте  тілді  қолдану 
мүм кін  болып  отыр.  Тілді  меңгеру  кезінде  грамматикалық  форма 
өзекті болмай, толығымен шоғырланған айтылым мазмұнына назар 
аударылуы  мүмкін.  Қолдануды  ұйымдастыру  әдісі  үйренушілерге 
оқытуды  қабылдаудың  келесідей  түрлерін  пайдалануды  ұсынады:            
1) еркін тақырыпта, өткен тақырыптағы, оқыған мәтіндегі сұрақтарға 


88
ӘДІСКЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
жауап беру (алдыңғы тілдік немесе өмірлік тәжірибеге сүйене оты-
рып); 2) құрылған сұрақтар мен реплика алмасу бойынша берілген 
оқытушының бағдарламасы; 3) суреттерді сипаттау; 4) үлгі бойынша 
диалог  құру;  5)  жағдаяттық  тапсырмаларға  вербальды  реакциясы;        
6)  мәтінді  айтып  беру;  7)  берілген  жоспар  бойынша  мәтіннің 
жалғасы; 8) берілген тақырыпқа құрылған пікір; 9) фильмдерді және 
т.б. көрсетілімдерді талқылау.
ҚОЛДАНУДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  ӘДІСТЕРІ.  Оқытушы  әртүрлі 
салаларда сөйлеу шеберліктерін және сөйлеу қызметі түрлерінің негі-
зінде үйренушілердің жүре пайда болған білімдері мен сөйлеу дағды-
ларын қалыптастыруды қамтамасыз ететін жалпыдидактикалық оқыту 
әдісі.  Бұл  ретте  оқытудың  әртүрлі  тәсілдерін  пайдалануды  жоба-
лайды (сұрақтарға жауап беру, мәтінді әңгімелеу, суреттерді сипаттау, 
мәтіндерді  қысқаша  баяндау  және  т.б.).  Қолдануды  ұйым дастыру 
әдістері практикалық бағытта оқыту кезінде жетекші болып саналады. 
ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ. Атқарылған істің нәтижесін түйіндеу.
ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ. Белгілі бір тақырыптың немесе зерттеудің 
түйіні.
ҚОРЫТЫНДЫ  ТЕСТ.  Сыналушының  белгілі  бір  пән  бойынша 
білім, білік, іскерлік дағдыларын анықтауға арналған тест.
ҚОСЫЛЫМДЫ ОҚЫТУ. Практикалық нәтиже алуға бағытталған, 
арнайы ұйымдастырылып, жоспарланған іс-әрекет.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің 
білімге  деген  қажеттерін  жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатымен 
барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде 
жүзеге  асырылатын  тәрбиелеу  мен  оқыту  процесі.  Қосымша  білім 
берудің  негізгі  міндеті  –  әрбір  кәсіби  білім  беру  деңгейінде  және 
әрқашан  білім  стандартының  жетілдірілуіне  байланысты  жұмыс-
шының, қызметкердің, маманның білімін үздіксіз жетілдіру.
ҚОСЫМША ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Оқушылардың жеке 
басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық 
ең бегіне,  қоғамдық  өмірге  бейімделуіне;  азаматтық  сана-сезімінің, 
жалпы  мәдениетінің,  салауатты  өмір  салтының  қалыптасуына,  бос 
уақытын мәнді ұйымдастыруға бағытталған бағдарлама.


жүктеу 10,32 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау