4.3 Ағымдағы жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау
4.3.1 Тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру тұрғын ғимараттардың профилкатикалық ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру бойынша техникалық көрсеткіштерге және тұрғын ғимараттардың ағымдағы жөндеуін ұйымдастыру және технологиясы бойынша техникалық көрсеткіштерге сәйкес жүргізілуге тиіс. Ағымдағы жөндеуді тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар және мердігерлік ұйымдар орындайды.
4.3.2 Ағымдағы жөндеудің ұзақтығын құралым ме құрал- жабдықтың әрбір түріне нормалар бойынша анықтау қажет.
Алдын ала жоспарлық есептеулер үшін ұсынылатын Н қосымшаға сәйкес ірілетілген нормативтерді қабылдауға болады.
4.3.3 Ағымдағы жөндеуге жататын шамамен жұмыстар тізімі П қосымшада келтірілген.
4.3.4 Ағымдағы жөндеудің мерзімділігін ғимараттың күрделілік тобын, физикалық тозуы мен жерглікті жағдайларды ескерумен үш- бес жыл шеңберінде алу қажет.
4.3.5 Коммуналдық шаруашылықтың мамандандырылған пайдалану кәсіпорындарының техникалық қызмет көрсетуіндегі тұрғын ғимараттың инженерлік құрал- жабдықтарын ағымдағы жөндеу (жылыту және желдету жүйелері, ыстық және салқын сумен жабдықтау, кәріздендіру, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) бұл кәсіпорындардың күшімен жүзеге асырылады. Инженерлік құрал- жабдық пен механизмдерді ағымдағы жөндеу үшін тиісті рұқсаты, лицензиялары және жұмыс тәжірибелері бар мамандандырылған ұйымдар тартылуға тиіс.
4.3.6 Ағымдағы жөндеудің жылдық жоспарына кіргізілген, әрбір құрылысқа жөндеу жұмыстарының сипаты белгіленген мерзімде әзірленеді және тұрғын үй қорының меншік иесімен, тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымның өкілетшісімен немесе басшысымен келістіріледі.
4.3.7 Жақын бес жыл ішінде күрделі жөндеу жасауға көзделген немесе бұзуға жататын ғимараттарда ағымдағы жөндеуді өмір сүру үшін нормативтік жағдайлармен қамтамасыз етілетін, жұмыстармен шектеу қажет (инженерлік құрал- жабдықтың көктемгі- жазғ және қысқы пайдалануға дайындау, жөндеу).
4.3.8 Тұрғын үйге жүргізілген ағымдағы жөндеуді құрамында тұрғын үй қорының меншік иелері өкілдері мен тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар бар комиссия қабылдауы тиіс.
4.4 Күрделі жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау
4.4.1 Тұрғын үй қорына күрделі жөндеуді жоспарлау қолданыстағы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
4.4.2 Күрделі жөндеу кезінде ғимарат пен құрал- жабдықтың барлық тозған элементтерінің ақаулықтарын кешенді жоюды, ауыстыруды, қалпына келтіруді немесе оларды неғұрлым ұзақ пайдаланылатын және үнемдіге ауыстыруды, тұрғын үй қорының пайдалану көрсеткіштерін жақсартуды, жылуды, суды, газды, электр энергиясын есепке алу және тиімді энергия тұтынуды қамтамасыз ететін құралдарды орнатумен тұрғын ғимараттарды техникалық мүмкін және экономикалық тиімді модернизациялауды жүзеге асыру қажет. Тұрғын үй қорын күрделі жөндеуге арналған қаражаттың есебінен жүргізілетін жұмыстардың шамалас тізімі Р қосымшада келтірілген.
4.4.3 Бұзуға, қалпына келтіруге жататын және абаттандыру жасау мақсатқа лайық емес үйлерде жақын арадағы 10 жыл ішінде күрделі жөндеуді олард қалған мерзімге өмір сүрудің қауіпсіз және санитарлық жағдайларын қамтамасыз ететін көлемде ғана ерекшелік түрінде жүргізуге жол беріледі.
4.4.4 Тұрғын ғимараттарға күрделі жөндеуді бастау мен аяқтаудың жоспарлық мерзімдері тұрғын және қоғамдық ғимараттар мен қалалық шаруашылық объектілеріне күрделі жөндеу ұзақтылығы нормалары бойынша белгіленуге тиіс.
4.4.5 Тұрғын ғимараттарға күрделі жөндеуге жобалық- сметалық құжатта әзірлеу тәртібі, көлемі мен сипаты, сондай-ақ оны мердігерлік ұйымға беру мерзімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік – техникалық құжаттарына сәйкес орындалуға тиіс.
4.5 Күрделі жөндеуге жоспарланатын тұрғын ғимараттарға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
4.5.1 Тұратындарды көшірумен (ішінара) күрделі жөндеуге дайындалған тұрғын үйлерге техникалық қызмет көрсету кезінде келесі қосымша талаптар сақталуға тиіс:
- тұрғын үйдің иесі тұратын халыққа күрделі жөндеудің басталу және аяқталу мерзімдері туралы хабарлауға;
- қауіпті телімдерді қорғау;
- көшірілген жайларды күзету және бөтен адамдарды кіргізбеу;
- көшірілген пәтерлерде санитарлық- техникалық, электрлік және газ құрылғыларын, күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдерді ағыту.
4.5.2 Авариялық күйдегі барлық құралымдар, олардың құлауын қарастыратын, күзет құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.6 Тұрғын үй қорын маусымдық пайдалануға дярлау
4.6.1 Тұрғын- коммуналдық шаруашылықты маусымдық пайдалануға дайындау мақсаты қысқы мезгілде инженерлік құрал- жабдықтың жұмыс істеу режимдері мен тұрғындардың өмір сүруінің нормативтік талаптарын қамтамасыз ететін тұрғын үй қорына қамтамасыз ету бойынша (ұстау және жөндеу) жұмыстарды орындау мерзімдері мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
4.6.2 Тұрғын үй қорын қысқы мезгілде пайдалануға дайындау кезінде:
- қабырғалардың, қасбеттердің, төбелерді , шатырдың және техникалық жерастылардың (жертөле) аражабындарының, жолдардың, терезе және есік толтырмаларының, жағылатын пештердің, түтіндіктердің, газағарлардың, жылу-,су - және электр жабдықтаудың ішкі жүйелерінің және газды жылытқыштармен қондырғылардың, сонымен қатар күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдердің ақаулықтарын жою;
- іргежаппадан, жертөлеге түсірулерден (кірулерден) және олардың терезе шұңқырларынан атмосфералық және еріген сулардың кедергісіг бұруын қамтамасыз етумен үй аумағын техникалық ақаусыз күйге келтіру;
- іргетастардың, жертөле қабырғаларының және цокольдің тиісті судан оқшаулануын және олардың көршілес құралымдармен жанасуын, баспалдақ торлардың, жертөле және шатыр жайларының, лифтілердің машиналық бөлімдерінің, өрт сөндіру гидранттардың дұрыстығын қамтамасыз ету.
4.6.3 Әрбір тұрғын үйді, қазандықты, жылулық пунктті және инженерлік жүйелер мен механизмдердің жылулық (элеваторлық) торабын қысқа дайындауды бастау мен аяқтау мерзімдерін солтүстік және шығыс аудандарында орталықтан жылыту мен пештерді сынама жағуды қосқанда, барлық жұмыстардың– 1 қыркүйекке дейін, оңтүстікте 1 қазанға дейін аяқталуын ескерумен әкімдіктер (көрсетілген тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымның ұсынысымен) бекітеді. Қысқа дайындық жұмыстының барысын әкімдіктер, тұрғын үй қорының меншік иелері және тиісті мемлекеттік тұрғын үй инспекциялары жүзеге асырады.
4.6.4 Тұрғын үй қорын және инженерлік құрал- жабдықтарын қысқы жағдайларда пайдалануға дайындаудың кесте- жоспарын тұрғын үй қорының меншік иесі немесе оған қызмет көрсету бойынша ұйым құрастырады және күзгі тексеру нәтижелері мен өткен кезеңде анықталған кемшіліктердің негізінде әкімдіктер бекітеді.
4.6.5 Қысқа дайындауға (гидравликалық сынау жүргізу, жөндеу, тексеру және ретке келтіру пәтерлерге жылуды үздіксіз беруді қамтамасыз ететін құрылғылардың бүкіл кешені жатады (қазандықтар, үйішілік желілер, үйлерде топтық және жергілікті жылулық пункттер, күрделі инженерлік жүйелерді қосқанда, жылыту, желдету жүйелері);
Қазандықтар, жылулық пункттер мен тораптар, сондай-ақ күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдер автоматтандыру құралдарымен, бақылау- өлшеу аспаптарымен (БӨА), бекітпе реттеуші аппаратурамен, жылыту жүйелерін бұру, ГВС, ХВС, сору- созу желдету жүйелерімен, әр түрлі пайдалану режимдері кезінде (толтыру, сіңдіру, суды жылыту жүйелерінен түсіру кезінде және басқ.) құрал- жабдықты қолдануды көрсетумен құралымдармен, құрал- жабдықтың техникалық паспорттарымен, режимдік карталарымен, құрал- жабдықтың ақау журналдарымен, параметрлерді жазу журналдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Жылулық (элеваторлық) торапта дроссельдеуші құрылғылардың есептік диаметрлерін түзетумен пәтерішілік желілерді жөндеу орындалуға тиіс.
Газ шаруашылығы құрылғылары қысқы мезгілге бекітпе- сақтандыру клапандары мен қысым реттеуіштерін жөндеуден өтуге тиіс.
Сорап станцияларының, өртке қарсы құрал- жабдығы жүйелерінің құрал- жабдығы негізгі және резервті құрал- жабдықпен жиынтықталуға, негізгілері істен шыққан кезде резервті сораптардың автоматты қосылуы, реттелуі қамтамасыз етілуге және дұрыс күйінде болуға тиіс.
Күрделі құрал- жабдықтар, механизмдер қосалқы бөлшектермен және сақтандыру құрылғыларымен жиынтықталуға және оларға техникалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес, тестілік сынаулардан өтуге тиіс.
4.6.6 Тұрғын үй қорын қысқы жағдайларда дайындау кезінде ұйымдастырылады:
қазандық, жылулық пункттердің жұмысшылары кадрларын, авариялық қызмет жұмысшыларын және ағымдағы жөндеу жұмысшыларын, аула тазалаушыларды даярлау және қайта даярлау;
Авриялық қызметтерді даярлау (автокөлікті, құрал- жабдықты, байланыс құралдарын, аспаптарды және заттарды, материалдардың қорларын және қызметкерлерге нұсқама жүргізу);
4.6.7 Тұрғын- коммуналдық шаруашылықтың қысқы мезгілде пайдалануға дайындығы:
-үйдің қысқы мезгілде пайдалануға дайындығы паспортының (С қосымша)
- қазандықтардың және инженерлік құрал- жабдықтың қауіпсіздік автоматикасы мен бақылау- өлшеу аспаптарының (БӨА) дұрыстығына актілердің;
- ғимараттар жабдықталған күрделі инженерлік жүйелер мен механизмдердің техникалық аүуі мен дұрыстығы актісінің;
- өртке қарсы құрал- жабдық жұмысының дұрыстығы мен техникалық күйі актілерінің;
- қазандықтардың және халықтың жағылатын маусым басталғанға дейін отынмен қамтамасыз етілгендігі: қатты отын жағылатын маусым қажеттілігінің 70%-нан төмен емес, сұйық - қоймалардың болуына қарай, бірақ орташа- айлық шығыннан кем емес; жинайтын алаңның 1 мың. м INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT - не 3-4 м INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT кем емес есепппен тротуарлаға себу үшін құм қорының;
- жинау техникасы мен заттың дайындығы туралы актілердің;
-ғимараттар мен пәтерлердің қысқа дайындық сапасын бағалаумен қысқа дайындығы туралы актілердің және әрбір объект бойынша актінің, сондай-ақ сынауларға, жууға, шаюға, суық, ыстық сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге актілердің болуымен расталады.
Барлық актілер 15 қыркүйекке дейін бекітіліп, тапсырылады.
4.6.8 Қысқы мезгілде кәріз шығыңқыларының, аулалық желінің тексеру құдықтарының және жертөледе төселген жалпы құбырдан ғимараттың бүйірлеріндегі жалпы шығыңқылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет.
4.6.9 Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қазандық, жылу желілері мен жылу пункттерінің, барлық жылыту жүйелерінің құрал- жабдығы белгіленген талаптарға сәйкес гидравликалық қысыммен сыналуға тиіс.
Сынаулар кезінде анықталған ақаулар жойылып, содан кейін қайта сынаулар жүргізілуге тиіс. Жылулық желілердің сынаулары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
4.6.10 Жазғы мезгілде келесі жұмыстар жүргізілген болуға тиіс:
а) қазандықтар бойынша – БӨА (бақылау- өлшеу аспабы) мен арматураның және автоматиканың тексеруі, қазандықтар мен түтіндіктердің айналдыра қаптауындағы саңылауларды жою, операторлар контингенті даярланған және отынды әкелу жүзеге асырылған: қатты отын жағылатын маусымда 70% есеппен, сұйық - қоймалардың болуына қарай, бірақ орташа айлық қордан кем емес. Отынның қажетті мөлшерін есептеуді қолданыстағы нормативтік - құқықтық құжаттарға сәйкес жүргізу қажет. Отындық сақтауды белгіленген талаптарға сай жүргізген жөн;
б) жылулық желілер бойынша – жүйелерді тазарту, арматураны тексеру, арналардың тұрақты және әлсін- әлсін ласстанып қалуларын жою, камералардағы, жер асты каналдарындағы және жертөледегі (техникалық еденастыларда) құбырлардың бүлінген жылулық оңашалауын қалпына келтіру немесе ауыстыру;
в) жылулық пункттер бойынша – арматураны және құрал- жабдықты (сораптарды, жылытқыштарды және басқ. тексеру)
г) жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері бойынша – шүмектерді және кеңейткіштер мен ауажинағыштардың басқа бекітпе арматурасын тексеру, баспалдақ торларында, шатырларда, жертөледе және санитарлық тораптардың қуыстарындағы бұзылған жылулық оқшаулауды қалпына келтіру немесе жеткіліксізін ауыстыру. Радиаторлар жытыпайтын болса оларға гидропневматикалық шаю жүргізу қажет. Барлық жөндеу жұмыстары аяқталысымен жылумен жабдықтау бойынша құрылғылардың бүкіл кешені сынама жағу кезінде пайдаланушылық ретке келтіруге жатады;
д) техникалық күрделі жүйелер мен механизмдер бойынша – паспорттардың және сәйкес жүйелері техникалық пайдалану ережесіне сәйкес тексеру және техникалық қызмет көрсету;
е) жинайтын техника мен аула тазартушылардың заттары бойынша – тексеру, жөндеу, ауыстыру;
ж) тротуарларға себу үшін құмды (жинайтын алаңшаның 1 мың. м INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image012.gif" \* MERGEFORMAT - не 3 м INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT INCLUDEPICTURE "../../../../../../../../Documents%20and%20Settings/aituov/Мои%20документы/Файлы%20Mail.Ru%20Агента/b.aituov@mail.ru/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/Application%20Data/Microsoft/DOCUME~1/work2/LOCALS~1/Temp/ns/55.files/image011.gif" \* MERGEFORMAT кем емес есепппен) және тұз (құм массасының 3-5%-нан кем емес деген есеппен) немесе оның ауыстырғышын;
з) тұрғын және тұрғын емес жайлардың жалдаушыларына, жалға алушыларына және меншік иелеріне тұрғын ғимараттарды қысқа дайындау ережесін түсіндіру (терезе және есік ойықтарының жапсарларындағы қатайтатын жабындарды орнату, сынған шыныларды ауыстыру және т.б.)
и) бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |