Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Жайлар мен үй маңындағы ауланы күтіп ұстау



жүктеу 6,57 Mb.
бет7/58
Дата17.02.2018
өлшемі6,57 Mb.
#9993
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58

5. Жайлар мен үй маңындағы ауланы күтіп ұстау

5.1 Пәтерлерді күтіп ұстау ережесі


5.1.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның инженерлік- техникалық жұмысшылары тұрғын және қосалқы жайларды мерзімді тексеру және техникалық күрделі жүйелер мен механизмдерді ретке келтіру кезінде қоршайтын құралымдар мен құрал- жабдықтың техникалық күйіне, температура- ылғалдық режимге және жайлардағы санитарлық күйге көңіл аударуға тиіс.

5.1.2 Жайларды белгіленген талаптарға сай температурағ ауа ылғалдылығы және ауа алмасу еселігі кезінде тазалықта ұстау қажет.

5.1.3 Санитарлық тораптар мен ас үйлерде су құбыры мен кәріздендіру құбырларында конденсатты жоюды толықтай ашық желдету тесіктері кезінде жайларды жиі желдетумен жүргізу қажет. Аталған талаптар жеткіліксіз болған жағдайда құбырларды жылыту және судан оқшаулау ұсынылады.

5.1.4 Жайларды жылыту үшін газ және электрлік тақталарды қолдануға болмайды.



5.2 Баспалдақ торларын күтіп ұстау


5.2.1 Баспалдақ торларын күтіп ұстау қамтуы мүмкін:

Техникалық қызмет көрсету (жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер, маусымдық пайдалануға дайындау, құралымдық элементтерді және күрделі инженер жүйелерді , механизмдерді, және үй маңындағы жабдықты ағымдағы жөндеу);



  • ғимараттарды күрделі немесе таңдаулы жөндеу құрамында күрделі жөндеу;

  • баспалдақ торларында нормативтік – ылғалдық режимді қамтамасыз ететін шаралар;

  • қоқыс өткізгіштерге қызмет көрсету;

  • автоматты бекітетін құрылғыларға, кіріс есіктерге, өздігінен жабылатын құрылғыларға қызмет көрсету;

  • лифтілік құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

  • ДУ жүйесіне қызмет көрсету;

  • кіреберістерде кезекшілікті ұйымдастыру;

- телефон орнатумен қақпашы әйелдер үшін үшін жайды жабдықтау.

5.2.2 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдар қамтамасыз етуге тиіс:

- баспалдақ торларында орналасқан құрылыс құралымдарының, жылыту аспаптары мен құбырлардың ақаусыз күйін;

- баспалдақ торларының қажетті санитарлық күйін;

- баспалдақ торларында нормативтік температура – ылғалдық режим.

5.2.3 Баспалдақ торларының терезелері мен есіктерінің нығыздайтын төсемдер салумен тығыз салынған жапсарлары болуға тиіс.

5.2.4 Баспалдақ торлары бірінші және жоғарғы қабаттарда бір уақытта желдеткіштердің, фрамуга немесе терезе жапсарларының көмегімен, сондай-ақ желдету арналары мен шахталар арқылы үнемі желдетілуге тиіс.

5.2.5 Баспалдақ торларының белгіленген талаптарға сай ауа температурасы мен ауа алмасуы болуға тиіс.

5.2.6 Баспалдақ торларының жасандық жарықпен жарықтандырылуы белгіленген нормалармен қабылдануға тиіс.

5.2.7 Баспалдақ торларын жинау кезінде орындалатын негізгі жұмыстардың кезеңділігі белгіленген тәртіпте анықталады.

Баспалдақ торларын жинау үшін орталықтандырылған вакуумдық жүйелерді, баспалдақ алаңшалары мен марштарын құрғақ жинауды немесе жууды қолдану кезінде, сондай-ақ еден мен қабырғаны, терез алдарын, жылыту аспаптарын және т.б. сыпырып тазартуды бес күннен сирек емес жүргізу қажет, ал қабырғаларды – жылына екі реттен кем емес. Бұл жағдайда барлық беттерді сулы жинауды айына бірден сирек емес рет орындау қажет.

5.2.8 Көпқабатты үйлерде (он қабат және жоғары) түтін шалмайтын баспалдақ торларына есіктердің бекітпе құрылғыларсыз автоматты жапқыштары болуға тиіс. Баспалдақ торларына шатырға немесе жабынға кіретін жолдар белгіленген талаптарға жауап беруге тиіс.

5.2.9 Баспалдақ торларын, сондай-ақ баспалдақтың бірінші маршының алаңшаларын шеберхана, қойма және басқа мақсаттар үшін қолдануға жол берілмейді.

5.2.10 Баспалдақ торларында тұрмыстық заттарды, құрал- жабдықты, мүлікті және басқа заттарды жайғастыруға болмайды. Баспалдақ торлары мен шатырларға кірістер, сондай-ақ өрт сөндіретін құрал- жабдық пен мүлікке келетін жолдар қоршалмаған болуға тиіс.

5.2.11 Баспалдақ торларында орналасатын электр қалқандықтарымен және электр өлшеу аспаптарымен шкафтар, сондай-ақ электр жинақтау қуыстары әрқашан жабық болуға тиіс.

5.3. Шатырларды күтіп ұстау


5.3.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша ұйымдар қамтамасыз етуге тиіс:

- конденсаттың қоршайтын құралымдардың беттеріне түсуіне кедергі жасайтын жатыр жайларының температура- ылғалдық режимі;

- шатыр жайының барлық элементтеріне өтетін жердің тазалығы мен қол жетімділігін.

5.3.2 Шатыр жайларының қажетті температура- ылғалдық режимі болуға тиіс:

- салқын шатыр жайларында - қоршайтын құралымдарда ылғал конденсациясын болдырмайтын есеппен (сыртқы ауаның температурасынан 4 °С –тан артық емес);

- жылы шатыр жайларында – есеппен, бірақ 12 °С-тан төмен емес.

5.3.3 Шатыр жайлары құрылыс қоқсығымен, үй және басқа заттарымен және құрал- жабдықпен қоқырсыған болмауға тиіс.

5.3.4 Кіріс есіктері немесе жабынға шығыстың люктары (қосалқы, тегеурінді және кеңейтетін бактармен шатыр жайлары үшін) жылытылып, нығыздайтын төсемдермен жабдықталуы, әрқашан құлыпқа жабылуы тиіс (бір кілттер жинағын БДҚ кезекші диспетчерінде немесе тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымның техник- шеберінің бөлмесінде, екіншісі жоғарғы қабаттың аса жақын пәтерлерінің бірінде) бұл туралы люкта тиісті жазу жасалады.

5.3.5 Жылы шатырларда жүргізу қажет:

- желдету арналарының бастиектерінде және сору шахтасының кірісінде болат торларды тазартумен жылына бір ретте сирек емес рет жайларды қоқыстан тазарту;

- жәндіктер пайда болғанда шатыр жайының бүкіл көлемін дезинфекциялау.

5.3.6. Шатыр жайларын шеберханаға, киімдерді кептіру үшін немесе қойма жайларына пайдалануға болмайды.


5.4 Жертөлені және техникалық еденастыны күтіп ұстау


5.4.1 Тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым қамтамасыз етуге тиіс:

- конденсаттың қоршайтын құралымдардың беттеріне түсуіне кедергі жасайтын жатыр жайларының температура- ылғалдық режимін;

- желтөленің және техникалық еденастының барлық элементтеріне өтетін жердің тазалығы мен қол жетімділігін.

- жайларға жануарлардың: кеміргіштерлің, мысықтардың, иттердің кіруінен қорғау.

5.4.2 Техникалық еденастыға, жертөоеге кіріс есіктер құлыпқа жабық болуға тиіс (кілттер тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдарда, БДҚ, аула тазалаушыда, бұл үйлерде тұратын жұмысшыларда сақталады), сақталу орны туралы есіктерге арнайы жазу жасалады.

Жайлар арқылы өтетін транзиттік инженерлік коммуникацияларға тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйымдардың және қалалық коммуналдық шаруашылық өкілдерінің кіруі тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етілуге тиіс.

5.4.3 Жертөле жайларында жанатын және жарылыс қаупі бар материалдардың қоймаларын орналастыруға, сондай-ақ егер бұл жайларға кіретін есік жалпы баспалдақ торларынан жүзеге асырылатын болса, басқа шаруашылық қоймаларға орналастыруға болмайды.

5.4.4 Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес тұрғын үй қорына қызмет көрсететін ұйым жалпы қолданыстағы жерлерде, жертөледе, техникалық еденастыда кеміргіштер мен жәндіктерді жою бойынша дератизация мен дезинфекцияны жүргізеді.




жүктеу 6,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау