Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


ДЫБЫС СІҢІРГІШ ҚҰРАЛЫМДАР, ЭКРАНДАР, ҚАЛҚАЛАР



жүктеу 408 Kb.
бет7/17
Дата29.01.2020
өлшемі408 Kb.
#27654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

7 ДЫБЫС СІҢІРГІШ ҚҰРАЛЫМДАР, ЭКРАНДАР, ҚАЛҚАЛАР

7.1 Дыбыс сіңіргіш құралымдарды (аспалы төбелер, қабырғалардың қаптамалары, шымылдықты және даналық сіңіргіштер) өндірістік және қоғамдық ғимараттарда жұмыс орындарында және адамдар көп жүретін аймақтардашу денгейлерін төмендету үшін қолдану керек. Дыбыс сіңіруші қаптамалардың ауданы және даналық сіңіргіштер саны есеппен анықталады.

7.2 Даналық сіңіргіштерді шудың қажетті денгейге төмендеуіне қаптамалар жеткіліксіз болғанда, және орнатылу мүмкіндігі жоқ немесе тиімділігі аз дыбыс сіңіргіш аспалы төбенің орнына ( өндірістік бөлменің биіктігі үлкен кезде, көпір крандары болған жағдайда, жарық және аэрациялық шамдардың болуы) қолдану керек.

7.3 Шуды төмендету және орынжайлардың ұтымды акустикалық параметрлерін қамтамасыз ету бойынша міндетті шаралар есебінде дыбыс сіңіргіш құралымдар мына жерлерде қолданылу керек:

- өндірістік мекемелердің шулы цехтарында;

- қоғамдық ғимараттар орынжайларында (кабинеттер, кеңселер);

- мектептердің, ауруханалардың, мейманханалардың, пансионаттардың дәліздері мен холдарында;

- операциялық залдарда, және теміржол, аэро және автобекеттердің күту залдарында;

- спорт залдарында және жүзу бассейндерінде;

- дыбысоқшаулағыш кабиналарда, бокстарда және паналарда.

7.4 Дыбысоқшаулағыш кабиналарды есептік нүктелердегі дыбыстық қысымның қажетті денгейге дейін төмендеуі кем дегенде үш октавалық жолақта 1дБ асқанда немесе бір ғана октавалық жолақта 5 дБ асқан жағдайдағы барлық кезде қолданады.

7.5 Шу көзі мен қызметкерлердің жұмыс орындары арасында (тікелей осы шу көзіне қызмет жасаумен байланысы жоқ) орнатылатын акустикалық экрандарды жұмыс орындарын тікелей дыбыстан қорғауға қолдану керек. Экрандарды дыбыс сіңіргіш материалдармен қатар қолданғанда тиімді.

7.6 Қалқа акустикалық экран түрі болып келетіндіктен, шу көзін барлық жағынын қоршайтын немесе орынжайдың бір бөлігін екінші бөлігінен бөлетін және орынжай ішінде белгілі аймақты (шулы немесе тыныш) оқшаулайтын экран болып келеді. Қалқаларды дыбыстық қуат денгейлері басқа шу қоздеріне қарағанда 15 дБ және одан да жоғары шу көздері үшін қолданған тиімді.

7.7 Дыбыс сіңіргіш құралымдарды төбеде және қабырғалардың жоғарғы бөліктерінде орналастырған жөн. дыбыс сіңіргіш құралымдарды жеке бөліктеретіп немесе жолақ түрінде орналастырған оңтайлы. 250 Гц төмен жиіліктерде дыбыс сіңіргіш қаптаманың ұтымдылығы оны орынжай бұрыштарын орналастырғанда ұлғаяды.

7.8 Акустикалық экран (қалқа) шудан қорғалатын орынжай бөлігі мен шу көзінің арасында орнатылатын өлшемдері бекітілген бөгет болып табылады. Экрандар мен қалқаларды тікелей дыбыстың әрекет ету аймағында және аралық аймақтағы жұмыс орындарында дыбыстық қысымның денгейлерін төмендету үшін қолданған жөн. Экрандарды шамасынша шу көзіне жақындау етіп орналастыру керек.

7.9 Экрандарды (қалқаларды) міндетті түрде шу көзіне қараған беттерін дыбыс сіңіргіш материалдармен қаптап, қатты табақ материалдардан немесе жекелеген қалқандардан жасау ккерек.

7.10 Экрандар (қалқалар) жоспарда жалпақ және П, Г тәрізді пішінді болуы мүмкін (бұл жағдайда тиімділігі жоғарылайды). Егер экран шу көзін үш жақтан қоршаса, онда ол қалқаға айналады, және тиімділігі Н биіктіктегі шексіз экран тиімділігіне айналады. Экрандардың сызықтық өлшемдері шу көздерінің сызықтық өлшемдерінен кем дегенде үш есе үлкен болу керек.

8 ЖЕЛДЕТУ, АУА БАПТАУ, САЛҚЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, АУАМЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕЛЕРІ




8.1 Шу көздері мен олардың шу сипаттамаларына қойылатын талаптар

8.1.1 Желдету, ауа баптау және ауамен жылыту жүйелерінде шу көздері болып есептелетіндер: желдеткіштер, желдету қондырғылары, кондиционерлер (сыртқы, ішкі блоктары), фэнкойлдар, ретке келтіру құрылығылары (дроссель-клапандар, диафрагмалар, шиберлер), ауа тарату құрылғылары (решеткалар, плафондар, анемостаттар), ауа құбыржолдарының фасондық элементтері (крестовиналар, тройниктер, отводтар, бұрылыстар), жылыту агрегаттары (калориферлер) және жеткізушілер.

Салқынмен жабдықтау жүйелерінде шу көздері болып тоңазыту машиналары (конденсаторлармен және оларсыз), ауамен салқындатқыштар, құрғақ градирнялар, циркуляциялық сорғылар, жалғастырушы құбырлар саналады.

8.1.2 Барлық жүйелер элементтерінің шу сипаттамалары болып 5.1. бойынша анықталатын дыбыстық қуаттың октавалық денгейлері есептеледі, Lwo.

Тоңазыту машиналары мен тоңазытқыштар үшін шу сипаттамалары болып тіке дыбыстық өрісінідегі контурларынан тірек қашықтықтарда (1, 5, 10 м) өлшенген дыбыстық қысымның октавалық денгейлері ( Lo ) де саналуы мүмкін. Қосымша сипаттамасы есебінде дыбыстық қуаттың жалпы денгейі (Lw) немесе А шәкілі бойынша жалпы сәйкестендірілген дыбыстық қуаттың денгейі ( Lw корр. А) саналуы мүмкін. Бұл сипаттамалар шуы аздау жабдықтар таңдау үшін жарайды.

8.1.3 Желдеткіштердің шу сипаттамалары максимальды ПӘЕ (КПД) режимінде сіңіру жақтарында (Lwoв), таралу жақтарында (Lwoн) өлшеу камерасында және сынақ құбырларында және өлшеу камерасында корпус айналасында(Lwoк), ашық алаңқайда өлшенеді. Сынақ құбырларында және өлшеу камерасында өлшенген сіңіру және таралу жақтарындағы дыбыстық қуат денгейлерінің ( Lwoв, Lwoн), желдеткіштің келте құбырларына жалғанатын сынақ құбырларының әсерін ескеретін (ашық келте құбырлардан дыбыстың шағылысуы) түзету мөлшеріне айырмашылығы бар(ΔLСtР) .

8.1.4 Желдеткіштердің шу сипаттамалары қажетті жағдайда жұмыс тәртібін, конструктивті және жұмыстық параметрлерін ескергендегі желдеткіштердің дыбыстық қуаттың белгілі меншікті денгейлері бойынша есеп жолымен анықтауға болады. Есептің пайдаланылатын әдістемесі алынатын нәтижелердің талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету керек.

Аумен салқындатушылардың, құрғақ градирнялардың шу сипаттамалары құрамындағы желдеткіштердің дыбыстық қуат денгейлерінің энергетикалық қосындысы есебінде анықталуы мүмкін.

8.1.5 Ретке келтіру және ауа тарату құрылғыларының және фасондық элементтерінің шу сипаттамалары (Lwэл) аталған құрылығы мен элементін пайдаланудың бүкіл аэродинамикалық диапазонын қамтитын режимдердегі өлшеу камерасында өлшенеді. Құрылғыдағы және элементіндегі қажетті шығын мен қысымды қамтамасыз ететін желдеткіштің шуы бүкіл қарастырылатын жиілік диапазоны бойынша сыналатын құрылғының шуынан 8дБ төмен болу керек.

Ретке келтіру, ауа тарату құрылғыларының және фасондық элементтердің шу сипаттамаларын жұмыс тәртібін, конструктивті және жұмыстық параметрлерін ескере отырып есептік жолмен анықтауға болады. Қолданылатын есептеу әдістемесі алынатын нәтижелердің талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету керек.

8.1.6 Шу көздерінің шу сипаттамалары желдету, салқындату және жылыту жабдықтарының төлқұжаттарында және каталогтарда баяндалу керек. Сол жерде оларды анықтау әдісі мен стандарты көрсетіледі.



жүктеу 408 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау