8.2.1 Желдеткіштің (желдету қондырғысының) шуын төмендету үшін:
- дыбыстық қуатының меншікті денгейлері ең төмен агрегатты таңдау;
- желдеткіш жұмысын максимальды ПӘЕ режимінде қамтамасыз ету;
- желінің кедергісін төмендету және артық қысым мен ауа шығынын тудыратын желдеткішті қолданбау;
- желдеткіштің кіру келте құбырына ауаның бірқалыпты берілуін қамтамасыз ету.
8.2.2 Желдеткіштерден ауа құбыржолдарымен таралатын келтіру және сору жүйелерінің шуын төмендету үшін, орталық (тікелей желдеткіштің жананда) және шеткі (жүйе қызмет көрсететін орынжайға кіре беріс алдындағы ауа құбыржолында бәсеңдеткіштерді қарастырған жөн. ұзындығы 3 м астам бәсеңдеткіш қаждет болған жағдайда, арақашықтығы секция ұзындығына тең оны 2-3 секцияға бөлу керек.
8.2.3 Ретке келтіру және ауа тарату құрылғыларының шуын төмендету үшін:
- қызмет көрсетілетін орынжайларда рұқсат етілген мәндер шеңберінде, желілерде ауаның қозғалу жылдамдығын ретке келтіру және ауа тарату құрылғылары тудыратын шу денгейлерін қамтамасыз ететін көрсеткішпен шектеу;
- желдету желілерінде жергілікті кедергі еселеуішінің минимальды мәндерге ие ауа тарату құрылғыларын пайдалану.
8.2.4 Желдету, ауа баптау және ауамен жылыту жүйелерінің шуын бәсеңдеткіштер есебінде абсорбциялық бісеңдеткіштерді (түтікшелі, цилиндрлі, пластиналы, каналдық), сонымен бірге камералық және ішінен дыбыс сіңіргіш материалдармен қапталған ауа құбыржолдарын және олардың бұрылыстарын қолданған жөн.
8.2.5 Бәсеңдеткіш құрылғысын жүйенің мақсатына, ауа құбыржолының өлшеміне, талап етілетін шу денгейінің төмендеуіне, ауа жылдамдығының шегіне және желідегі рұқсат етілген шекті гидравликалық кедергісіне байланысты таңдаған дұрыс.
8.2.6 Түтікшелі бәсеңдеткіштер (дөнгелек және тікбұрышты) көлденең өлшемдері 450-500мм дейінгі ауа құбыржолдарында тиімді. Көлденең өлшемдері үлкен ауа құбыржолдарында дыбыстың өшуін ұлғайту үшін, қимасы бойынша дыбыс сіңіргіш материалдың (ДСМ) біркелкі орналасуын тәжірибеде қолданады. Бұл қағидат тиімділігі дыбыс сіңіргіш пластиналардың ұзындығына, қалыңдығына және арасындағы қашықтыққа байланысты.
8.2.7 Көлденең өлшемдері 800-500мм дейінгі тікбұрышты ауа құбыржолдарында каналдық бәсеңдеткіштер жарайды. Бұл, негізінен, тікбұрышты ауа құбыржолының көлденең қимасының кіші өлшемінің жартысына тең бір пластинасы бар пластиналы бәсеңдеткіштер.
8.2.8 Абсорбциялық бәсеңдеткіштердің акустикалық тиімділігі жиілікке байланысты (ол жоғары емес 200Гц дейінгі төмен жиіліктер диапазонында және максимальдісі 500-2500 Гц диапазонында), соныме бірге белсенді бөлігінің ұзындығынан, өтпелі қима периметрінен, ДСМ қабат қалыңдығы мен дыбыс сіңіру еселеуішіне байланысты. Ұзындығы 3м бір бәсеңдеткіштің тиімділігі бір-бірінен 1-2м қашықтықта орналасқан, ұзындығы 1м үш бәсеңдеткіштің тиімділік қосындысына тең болмайды.
8.2.9 Осьтері сәйкессіз ішкі дыбыс сіңіргіш қаптамасы бар камералық бәсеңдеткіштерді орнату есебінен шу денгейінің қомақты төмендеуіне қол жеткізуге болады, бірақ сонымен қатар, олар салыстырмалы жоғары гидравликалық кедергіні тудырады. Сонымен бірге, тиімділігі төмендеу камералық бәсеңдеткіштерді (ішкі қаптамасыз) тамақ дайындау бөлмелерінде (ДСМ, ластану мүмкіндігі және акустикалықсапаның жоғалуы болмағандықтан) қызмет жасайтын ауа сору жүйелерінде орнату кезінде таңдаған жөн.
8.2.9 Бәсеңдеткіштердің тиімділігін арнайы стентерде тәдірибе арқылы анықтау керек және төлқұжаттары мен каталогтарда келтіру керек.ішінен дыбыс сіңіргіш материалдармен қапталған ауа құбыржолдары мен бұрылыстарының тиімділігі нақты іс жүзінде анықталады. Желідегі бәсеңдеткіштер тудыратын гидравликалық кедергі белгіленген жылдамдықтарда ауа ағысын өлшеу немесе есептеу арқылы анықталуы мүмкін.
8.2.10 Жүйелердің жабдықтарынан ғимараттың өзге орынжайларына қатты шудың берілуінің алдын алу үшін:
- жабдықтары бар техникалық орынжайлар (желдету камералары, сорғы бөлмелері) жанында шудан жоғары денгейдегі қорғалуын талап ететін орынжайларды орналастырмау керек;
- агрегаттарды серіппелі, резеңкелі немесе аралас дірілоқшаулағыштар көмегімен дірілоқшаулау (өндіруші мақсаты);
- шулы жабдығы бар техникалық орынжайларда дыбыс сіңіргіш қаптамаларды қажет болғанда қолдану;
- техникалық орынжайларда серпімді негіздегі едендерді қолдану (құбылмалы еден) немесе агрегаттар( желдеткіштер, кондиционерлер, салқындату машиналары, ауамен жылытқыштар, сорғылар) астына дірілдемпферлеуші негіздерді қолдану;
- шулы жабдықтары бар техникалық орынжайлардың талап етілетін дыбысоқшаулаулы қоршау құралымдарын қолдану;
- желдеткіштер мен ауа құбыржолдары арасында икемді ендірмелерді орнату.
8.2.11 Серпімді негіздегі едендерді (құбылмалы едендерді) тұтас техникалық орынжайға орындау керек; серпімді негіздің конструктивті параметрлері (еден тақтасының, серпімді негіздің қалыңдығы) мен материалын таңдау жабдық санына, құрамына, талап етілетін дірілоқшаулау мөлшеріне байланысты және мамандармен анықталады.
8.2.12 Орынжайлар шеңберіндегі желдету, ауаны баптау және ауамен жылыту жүйелерінің ауа құбыржолдары техникалық тұрғын ғимараттарында құбылмалы еденге негізделген тіреулерге орнату керек. Қажет болған жағдайда, ауа құбыржолдары арнайы тиімді дірілоқшаулағыш құрылғыларды және типтік аспаларда дірілдемпферлеуіш аратөсемдерді пайдаланған жағдайда төбеге асылуы мүмкін.
Техникалық орынжайлар қоршаулары арқылы ауа құбыржолдары тартылған жерлерде олар периметр бойымен дірілоқшаулану керек (желдеткіштер мен ауа құбыржолдары арасына икемді ендірме орнатылғанда, дірілоқшаулаудың керегі болмай қалуы мүмкін).
8.2.13 Салқындату машиналары, циркуляциялық сорғылар тұрғын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттардың жерасты техникалық қабаттарында және құралымдары типтік көлеміне қатысты өзгеретін дірілнегіздерде орналастыру керек. Құбырлар оларға беріктік бойынша талаптарға жауап беретін икемді ендірмелер арқылы жалғану керек. Ғимараттың құрылыстық құралымдарына бекітілген жерінде және техникалық орынжайлардың қоршаулары арқылы тартылған жерлерде олар сенімді дірілоқшаулану керек.
8.2.14 Салқындату машиналары, ауамен салқындатқыштар, құрғақ градирнялар астында техникалық қабаты болған жағдайда, шатырларда, ғимараттардың ашық алаңқайларында орнатылуы мүмкін . техникалық қабаттар жоқ кезде, олар шудан қорғалатын орынжайларда құрылымдық шудың пайда болмауының алдын алу мақсатымен дірілоқшаулану керек.
8.2.15 Шатырларда, ғимараттардың ашық алаңқайларында салқындату машиналарының, ауамен салқындатқыштардың, құрғақ градирнялардың шуынан орынжайларды қорғау үшін акустикалық экрандарды (дыбысқа арнап дыбыс көзі жағынан дыбыс сіңіргіш қаптамалары бар акустикалық қатты кедергілер), және олардан қалқаларды қолданған жөн. Экрандардың өлшемдері есеппен анықталады.
8.2.16 Ауаны баптау жергілікті жүйелерінің сыртқы блоктары оларды бекіту орындарында экрандау арқылы нық дірілоқшауланған жағдайда және қоршаған орта шудан қорғалған жағдайда ғимарат қасбеттері мен шатырларында орнатылуы мүмкін.
Ескертпе – Кез келген әдістің, құралдың, іс-шараның қолдану қажеттілігі акустикалық есеппен анықталарды.
Достарыңызбен бөлісу: |