Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Инженерлік жабдықпен байланысты қоршау құралымдарының элементтері



жүктеу 408 Kb.
бет6/17
Дата29.01.2020
өлшемі408 Kb.
#27654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

6.5 Инженерлік жабдықпен байланысты қоршау құралымдарының элементтері

6.5.1 Сумен жылыту, сумен жабдықтау құбырларын және т.с.с. пәтераралық қабырғалар арқылы тартылуына рұқсат берілмейді.

Сумен жылыту, сумен жабдықтау құбырларын және т.с.с. өн бойы саңылаулар пайда болмайтындай құбырлардың температуралық қозғалуларын және деформацияларға жол беретін қабатаралық аражабындар мен бөлмеаралық қабырғалар (арақабырғалар) арқылы икемді гильзаларда (кеуекті полиэтиленнен және басқа серпімді материалдардан) тартылу керек (2 сурет).

Жылыту жүйесінің тұтасқұймаланған тікқұбырлардың құбырларын жалғауға арналған ішкі қабырғалар панельдеріндегі қуыстар шөкпейтін бетонмен немесе ерітіндімен бекітілу керек.

6.5.2 Пәтераралық қабырғалардағы және арақабырғалардағы жасырын электр сымдары әр пәтердің жекелеген каналында немесе штрабта орналастырылу керек. Тарату қораптары мен штепсель розеткаларына орнатуға арналған қуыстар өн бойы ойық болмау керек. Егер өн бойы ойықтарықабырға элементтерінің өндіріс технологиясында қарастырылса, көрсетілген аспаптар онда тек бір жақтан орнатылу керек. Қуыстың бос бөлігі гипс немесе басқа шөкпейтін ерітіндімен қалыңдығы 40мм кем емес қалыңдыққа бекітіледі.

6.5.3 Тарату қораптары мен штепсель розеткаларын пәтераралық қаңқалы-қаптамалы арақабырғаларда орналастырмаған жөн. Қажет болған жағдайда, орнату барысында қаптама табақшаларында ойықтар ойылмайтын штепсельдік розеткалар мен ажыратқыштарды пайдаланған абзал.

6.5.4 Аражабыннан сымды төбелік шамға тартылуын ойылмаған қуыста қарастырған жөн. Егер өн бойы ойылған тесік аражабын тақтасын жасау технологиясымен көзделсе, онда тесік екі бөліктен құрылу керек. Үлкен диаметрлі үстінгі бөлігі шөкпейтін ерітіндімен бекітілу керек, төменгісі – дыбыс сіңіргіш материалмен толтырылып( мысалы, өте жұқа шыныталшықпен) және төбе жағынан ерітінді қабатымен немесе тығыз сәнді қақпақпен жабылу керек (3 сурет).

6.5.5 Желдету блоктарының құрылымы каналдарды бөліп тұратын қабырғалардың тұтастығын (ішінде өн бойы тесіктер мен сызаттар болмау керек) қамтамасыз ету керек. Желдету блоктарының горизонтальды түйіспесі бір каналдан екіншісіне саңылаулар арқылы шудың таралу мүмкіндігіне тосқауыл болу керек.

6.5.6 Тігінен көршілес пәтерлердің желдету тесіктері өзара құрама және ілеспе каналдар арқылы бір қабаттан кейін ғана байланысу керек.


6.6 Бақылау, қашықтықтан басқару кабиналарының, паналардың, қаптамаларадың қоршау құралымдарын дыбысоқшаулау

6.6.1 Дыбысоқшаулағыш кабиналарды жұмысшыларды және қызмет көрсетуші қызметшілерді шудан қорғау үшін, денгейлері рұқсат етілгеннен асып кеткен жағдайдағы өнеркәсіптік цехтарда және территорияларда қолдану қажет. Дыбысоқшаулағыш кабиналарда технологиялық үдерістерді және жабдықтарды бақылау және басқару пульттерін, шеберлер мен цех басшыларының жұмыс орындарын орналастыру қажет.

Кабиналардың қажетті дыбыстық оқшаулауын орнатылатын орынжайдағы нақты шу денгейлеріне және кабина ішіндегі шу нормаларына негіздеп белгілеу керек.

6.6.2 Талап етілетін дыбысоқшаулауға байланысты кабиналар кәдімгі құрылыстық материалдардан (кірпіштен, темірбетоннан және т.с.с.) жобалануы мүмкін немесе алдын ала болат, алюминий, пластик, фанера құралымдарынан және басқа құрама немесе дәнекерленген қаңқадағы табақ материалдарынан құрастырылуы мүмкін.

Дыбысоқшауланған кабиналарды қоршау құралымдарына және кабина қаңқасына дірілдің таралмауы үшін резеңке дірілоқшаулағыштарда орнату керек.

6.6.3 Кабинаның ішкі көлемі бір адамға шаққанда 15 м3 кем болмау керек. Кабина биіктігі (ішінен) -2,5 м кем емес. Кабина қажетті шу бәсеңдеткіштері бар желдету немесе ауа баптау жүйесімен жабдықталу қажет. Кабинаның ішкі беттері 40-60 % дыбыс сіңіруші материалдармен қапталу керек.

Кабинаның есіктерінің нығыздауыш аратөсемдері мен оларды қысып тұратын бекіту құрылғылары болу керек.

6.6.4 Жұқа табақшалы материалдардан (металдардан, пластиктерден, шыныдан және т.с.с.) жасалған машиналардың және технологиялық жабдықтардың дыбысоқшаулау қоршаулары, дыбысоқшаулау қаптамаларды басқа құрылыстық-акустикалық іс-шараларды қолдану тиімсіз жерде, тікелей шу көзінің жанында, орналасқан жұмыс орындарында шу денгейлерін бәсеңдету үшін қолдану керек. Қаптама құралымының акустикалық ұтымдылығы оның дыбысоқшаулауымен белгіленеді Rк , дБ.

6.6.5 Агрегатқа (машинаға) қаптаманы қолдану оның шуы есептік нүктеде, рұқсат етілген мәннен 5дБ және одан артық бір октавалық жолақта болса да, ал барлық басқа технологиялық жабдықтың сол октавалық жолағындағы шуы (сол есептік нүктеде) 2дБ және одан артық рұқсат етілгеннен төмен болғанда ғана тиімді.

Егер Rтр.к мөлшері орта және жоғары жиіліктерде 10дБ аспаса, қаптама икемді материалдардан (винилден, резеңкеден) орындалуы мүмкін. Қаптаманың элементтері қаңқаға бекітілу керек.

Егер Rтр.к мөлшері орта және жоғары жиіліктерде 10дБ артық болса, қаптаманы табақшалы конструкциялы материалдардан орындау керек.

6.6.6 Металл қаптаманы дірілдемпферлеуіш материалмен (табақшалы немесе мастика түрінде) қаптау керек, сонымен бірге жабын қалыңдығы қабырға қалыңдығынан 2-3 есе артық болу керек. Қаптаманың ішкі жағында қалыңдығы 40-50 мм дыбыс сіңіруші материалдың қабаты сыю керек. Оны механикалық құбылыстардан, шаңнан және басқа ластанулардан қорғау үшін шыныматасы бар немесе қалыңдығы 20-30 мкм жұқа үлбіректі металл торды қолдану керек.

Қаптама агрегатпен, құбыржолдармен тікелей байланысқа түспеу керек. Технологиялық және желдету тесіктері дыбыс бәсеңдеткіштермен және нығыздауыштармен жабдықталу керек.


6.7 Есіктер мен терезелер

6.7.1 Есіктерді, қақпаларды және терезелерді жобалаған кезде, олардың ауа шуынан оқшаулауын күшейту бойынша шаралардың қабылдануына ерекше назар аудару керек.

6.7.2 Ауа шуын есіктермен және қақпалармен оқшаулауын күшейту олардың беткі тақталарының тығыздығын арттыру арқылы, табақшаны қорапқа тығыз бекіту арқылы, есік пен (қақпа мен) еден арасындағы саңылауды нығыздауыш аратөсемдері бар табалдырық арқылы немесе резеңкеге қанықтырылған матадан немесе резеңке фартук арқылы, сонымен бірге есіктерді (қақпаларды) аратөсемдерді қолданып нығыздау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Есік немесе қақпа қорабы мен оның түйісетін қоршауы арасындағы саңылаулар нықтап бекітілу керек. Сонымен бірге есіктің (қақпаның) қорапқа тығыз қысылуын қамтамасыз ететін бекіткіш құрылғыларды да қарастыру керек, құлыптың тесіктері жабық болу керек.

6.7.3 Қабырғалары дыбыс сіңіргіш материалмен қапталған тамбуры бар, екі қабат есікті (қақпаны) жобалауға жол беріледі.

6.7.4 Терезелердің дыбысоқшаулауын әйнектер қалыңдығын, әнектер арасындағы ауа қабатын ұлғайту арқылы, жақтауларды нығыздау арқылы, әйнектерді серпімді аратөсемдер көмегімен жақтауларға бекіту арқылы, терезелердің тығыз жабылуын қамтамасыз ететін бекіту құрылғыларын қолдану арқылы күшейту мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.

6.7.5 Қазіргі кезде ең тиімдісі шуды бәсеңдеткіштері бар желдету элементтерімен жабдықталған шудан қорғану терезелерінің дайын құралымдарын қолдану болып табылады. Шудан қорғау терезесін таңдау сыртқы шуды қажетті денгейде төмендетудің акустикалық есебінің негізінде жүзеге асырылу керек.




жүктеу 408 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау