ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
60
13.32 Сырғанағыш қалыптың секцияларын және жылжымалы ағаштарды қозғалтқан
кезде жұмыс істеушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау қажет.
Осы операцияға қатыспайтын тұлғаларға қалыпта немесе ағаштардың секцияларында
болуға тыйым салынады.
13.33 Бетон қоспасын электрлі дірілдеткіштермен тығыздаған кезде ток жүргізетін
кабельдерден ұстап дірілдеткішті қозғалтуға жол берілмейді, ал жұмыстағы үзілістер
кезінде және бір орыннан екінші орынға ауысқан кезде электрлі дірілдеткіштерді сөндіру
қажет.
13.34 Бетон және темірбетон құрылымдарда құбырларды өткізу үшін алмазды
сақиналы бұрғылаумен технологиялық саңылауларды жасау кезінде керннің күтілетін
құлау орнын қауіпті аймақ деп қоршау қажет.
13.35 Бетонның электрлі қызуы кезінде электржабдықты қоректендіргіш желіге
монтаждауды және қосуды электрлі қауіпсіздік бойынша біліктілік тобы ІІІ төмен емес
электрмонтерлер ғана орындауы тиіс.
13.36 Электрлі қызу аймағында оқшауландырылған икемді кабельдер немесе
қорғаныстық шлангтегі сымдар қолданылуы тиіс. Сымдарды тікелей топыраққа немесе
үгінділердің қабаты бойынша жүргізуге, сонымен қатар оқшаулануы бұзылған сымдарды
жүргізуге жол берілмейді.
13.37 Электрлі
қызу
аймағы
электр
желісінің
монтажын
орындайтын
электрмонтерлердің тәулік бойы бақылауында болуы тиіс.
Электрқондырғыларды пайдалану кезінде еңбекті қорғау бойынша салааралық
ережелерге сәйкес наряд-рұқсат бойынша орындалатын жұмыстарды қоспағанда, осы
телiмдерде жұмыстарды орындауға және жұмыскерлердің болуына жол берілмейді.
13.38 Электрлі қыздыруда тұрған телiммен байланысты темірбетон құрылымдардың
ашық (бетондалмаған) арматурасы жерге тұйықтауға (нөлдеуге) жатады.
13.39 Бетонды қыздыру кезінде қолданылатын электржабдықты жаңа орынға әрбір
ауыстырудан кейін оқшауланудың кедергісін мегаомметрмен өлшеу керек.
13.40 Химиялық қоспадан тұратын бетон қоспасын қолданған кезде келесі
талаптарды орындау керек:
- зиянды заттармен үстемелерге ие бетон қоспасымен адам терісінің ашық
жерлерінің және көзінің жанасу мүмкіндігін болдырмау (С-3 сұйылтқышы, натрий
нитриты, нитрит-нитрат кальций және т.б.);
- жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (қорғаныс қолғаптарымен және
көзілдіріктерімен) қамтамасыз ету ;
- гидрофобизді сұйықтықтан, сонымен қатар органикалық кремний ұнтағының
ерітінділерінен немесе алюминий ұнтағынан тұратын бетон қоспасының электрлі
қыздырылуына жол бермеу.
14 МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ
14.1 Құрылымдардың, құбырлардың және жабдықтардың темірбетон және болат
элементтерін монтаждау (әрі қарай – монтаж жұмыстарын орындау) кезінде жұмыстың
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
61
сипатымен байланысты келесі қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдардың
жұмыскерлерге әсерінің алдын алу бойынша шараларды қарастыру қажет:
- 1,3 м және одан асатын биіктік бойынша деңгей айырмасының жанында жұмыс
орындарының орналасуы;
- жылжымалы құрылымдар, жүктер;
- ғимараттардың және имараттардың бекітілмеген құрылым элементтерінің қирауы;
- жоғарыда орналасқан материалдардың, саймандардың құлауы;
- машиналардың аударылуы, олардың бөлшектерінің құлауы;
- электр тізбегіндегі жоғары кернеу, оның тұйықталуы адам денесі арқылы өтуі
мүмкін.
14.2 14.1-т. көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар болған жағдайда,
монтаж жұмыстарының қауіпсіздігі ұйымдық-технологиялық құжаттамада (құрылысты
ұйымдастыру, жұмыстарды өндіру және т.б. жобаларында) берілген еңбекті қорғау
бойынша келесі шешімдерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- кранның маркасын анықтау, орнату орнын және онымен жұмыс істеу кезіндегі
қауіпті аймақтарды анықтау;
- биіктікті жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- құрылымдарды орнату кезектілігін анықтау;
- құрастыру үдерісінде ғимарат бөліктерінің және құрылымдардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
- құрылымдар элементтерінің ірілендіргіш құрастыру тәсілдерін және схемаларын
анықтау.
14.3 Монтаж жұмыстары жүргізілетін телiмде (қамтуда) басқа жұмыстарды
орындауға және бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.
14.4 Ғимараттарды және имараттарды салу кезінде құрама құрылымдардың және
жабдықтардың элементтерін ауыстыру, орнату және уақытша бекіту жүргізілетін
қабаттардағы (ярустардағы) бір қамтуда (телiмде) адамдардың болуымен байланысты
жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
Ғимараттарды және имараттарды жекелеген қамтуларға (телiмдерге) бөлу мүмкін
болмаған жағдайда әртүрлі қабаттарда (ярустарда) монтаждық және басқа құрылыс
жұмыстарын бір мезгілде орындауға олардың арасында сенімді (сәйкес есеппен соққылық
жүктемелердің әрекетіне негізделген) қабатаралық жабындардың болуында жобамен
қарастырылған жұмыстар өндірісі жағдайларында ғана жол беріледі.
14.5 Жүк полипастарын, бұрғыш блоктарды және басқа монтаждық керек-
жарақтарды бекіту үшін орнатылған құрылымдарды пайдалануға құрылымдардың жұмыс
сызбаларын орындаған жобалау ұйымының келісімімен ғана жол беріледі.
14.6 Ғимараттар құрылымдарын (имараттарды) монтаждауды әдетте кеңістікті-
тұрақты бөліктен: байланыстырғыш ұяшықтан, қаттылық ядросынан және т.с.с.бастау
керек.
14.7 Көп қабатты ғимараттың әрбір жоғары жатқан қабатының (ярусының)
құрылымдарын монтаждауды жоба бойынша барлық орнатылған монтаждық элементтерді
бекіткеннен кейін және жұмыстар өндірісінің жобасында көрсетілген беріктіктің көтергіш
құрылымдарын бетонмен (ерітіндімен) түйістіруге қол жеткізуден кейін жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |