ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
66
Аражабындарды немесе жабындарды төсеусіз жоғары орналасқан қабаттың тас
қабырғаларын салу қажет болған жағдайда осы қабырғалардың уақытша бекітпелерін
қолдану қажет.
15.4 Аражабындарды
және басқа құрылымдарды монтаждау кезінде осы
Ережелердің 14-бөлімінің талаптарын орындау қажет.
15.5 Ішкі төсеніштермен 7 м асатын биіктікпен ғимараттардың сыртқы
қабырғаларын қалау кезінде ғимараттың барлық периметрі бойынша келесі талаптарды
қанағаттандыратын сыртқы қорғаныстық қалқалар орнату қажет:
- қорғаныстық қалқалардың ені 1,5 м-ден кем болмауы тиіс және олар ғимарат
қабырғасының төменде жатқан бөлігі мен қалқаның бері арасында түзілген бұрыш 110
болуы, ал ғимараттың қабырғасы мен қалқаның төсемі арасындағы саңылау 50 мм-ден
аспауы тиіс;
- қорғаныстық қалқалар осы климаттық аудан үшін белгіленген біркелкі
таралған қар
жүктемесіне және аралықтың ортасына салынған 1600 Н (160 кгс) кем емес
шоғырландырылған жүктемеге төзімді
болуы тиіс;
- қорғаныстық қалқалардың бірінші қатары жерден 6 м аспайтын биіктікте
қорғаныстық төсемге ие болуы және қабырғалардың қалануы толық аяқталғанға дейін
сақталуы тиіс, ал 50 мм х 50 мм аспайтын ұяшықпен торлы немесе тұтас материалдардан
дайындалған екінші қатар бірінші қатардың үстінде 6 м - 7 м биіктікте орнатылуы, содан
кейін қалануға қарай 6 м - 7 м соң қойылып отыруы тиіс.
15.6 Қалауды қабатаралық аражабындардан немесе төсем құралдарынан жүргізу
қажет. Қабырғаның әрбір ярусының биіктігі әрбір төсеуден кейін қалау деңгейі жаңа
жұмыс төсемінің деңгейінен кем дегенде екі қатар жоғары болуы тиістігімен
тағайындалады.
15.7 Қалау кезінде қолданылатын төсеу құралдары МемСТ 23120 және
МемСТ 12.2.062 талаптарына жауап беруі тиіс. Төсеніштердің құрылымы және жол
берілетін жүктемелер қарастырылған жұмыстар өндірісінің жобасына сәйкес болуы тиіс.
Кездейсоқ төсеу құралдарымен, сонымен қатар қабырғада тұрып қалауды орындауға
тыйым салынады.
15.8 Қабырға бетінен 30 см-ден аса шығатын карниздерді қалауды жұмыс төсемінің
ені 60 см-ден кем емес аспалы төсеніштерден немесе сыртқы ағаштардан жүзеге асыру
керек. Материалдарды қабырғаның ішкі жағынан орнатылған төсеу құралдарында
орналастыру керек.
15.9 Жұмыс төсемінен 0,7 м дейінгі биіктікке және сыртқы жағынан жердің
(жабынның) бетіне дейін 1,3 м асатын қалау деңгейіне дейінгі арақашықтыққа ғимараттың
қабырғаларын қалау кезінде қоршаушы (тұтқыш) құрылғыларды қолдану қажет, ал
оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда сақтандырғыш белдікті қолдану қажет.
15.10 Жүк көтергіш крандармен кірпіштерді, керамикалық тастарды және ұсақ
блоктарды жұмыс орындарына жылжыту және беру кезінде көтеру кезінде жүктердің
құлауын болдырмайтын және белгіленген тәртіпте дайындалған керек-жарақтарға ие
жұмыстар өндірісінің жобасымен қарастырылған тұғырықтарды, контейнерлерді және
жүк қамту құрылғыларын қолдану қажет.
15.11 Қорғаныстық қалқаларды орнатумен, тазалаумен немесе алумен шұғылданған
жұмысшылар сақтандырғыш белдіктермен жұмыс істеуі тиіс. Қалқаның үстінде жүруге,
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
67
оларды төсеніш ретінде пайдалануға, сонымен қатар оларға материалдарды жинауға жол
берілмейді.
15.12 Құрылыс алаңшасы аумағының шегінде табиғи тастарды арнайы бөлінген
орындарда өңдеу қажет, онда осы жұмысқа қатыспайтын адамдардың болуына жол
берілмейді. Бір-бірінен кем дегенде 3 м арақашықтықта орналасқан жұмыс орындары
қорғаныстық экрандармен бөлінуі тиіс.
15.13 Құрама темірбетон тақталардан жасалған жабын деңгейінде және одан төмен
қабырғаларды қалау төмен жатқан қабаттың төсенішімен жүргізілуі тиіс.
Төселетін тақталардан екі қатар жоғары кірпіштен алдын ала салынған бортсыз
жабын тақталарын монтаждауға жол берілмейді.
15.14 Қалаудың сыртқы жіктерін сөгуді әрбір қатарды төсегеннен кейін жабыннан
немесе төсеніштерден орындау қажет. Осы операцияны орындау кезінде
жұмысшылардың қабырғада болуына тыйым салынады.
15.15 Карниздің, қаптаушы тақталардың, сонымен қатар кірпіштен жасалған
жалғастырғыштар қалыптарының бекітпелерін орнату жұмыс құжаттамасына сәйкес
орындалуы тиіс. Карниз элементтерінің, сонымен қатар кірпіштен жасалған
жалғастырғыштар қалыптарының уақытша бекітпелерін алуға жұмыстар өндірісінің
жобасымен белгіленген беріктікке ерітіндімен қол жеткізгеннен кейін жол беріледі.
15.16 Ірі бетон тақталармен қабырғаларды қаптау кезінде келесі талаптарды
қадағалау қажет:
- қаптауды қалауға бекітілетін қаптаушы тақталардың тіректік Г тектес қатарының
қабатаралық жабыны деңгейінде төсеуден бастау керек, содан кейін қабырғаға бекітумен
қатардағы
жалпақ тақталарды орнату керек;
- қаптаушы тақталардың қалыңдығы 40 мм-ден асқанда қаптаушы қатар қалау
орындалғаннан ерте, қаптау қатарының биіктігіне қойылуы тиіс;
- кез келген қалыңдықтағы қаптаушы тақталарды қабырға қалауынан тақталардың
екі қатарынан аса жоғары орнатуға жол берілмейді.
15.17 Көп қабатты ғимараттардың сыртқы қабырғаларын қалау немесе қаптау
кезінде найзағай, қар басу, жұмыс шегінде көріністі қиындататын тұман кезінде немесе
15 м/с асатын желдің жылдамдығында жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
15.18 Әдеттегі ерітінділерде мұздату тәсілімен ғимаратты 4 қабаттан асырмай және
15 м жоғары емес салуға рұқсат етіледі.
15.19 Мұздату тәсілімен орындалған тас құрылымдар үшін жұмыстар өндірісінің
жобасында құрылымдарды еріту тәсілі (жасанды немесе табиғи) анықталуы және еріту
кезеңінде құрылымдардың геометриялық өзгермеушілігін және тұрақтылығын
қамтамасыз ету және ерітіндінің беріктігіне жету бойынша шаралар көрсетілуі тиіс.
15.20 Мұздату тәсілімен орындалған тас құрылымдарда ерітіндінің табиғи еруі және
қатаюы кезеңінде оларды тұрақты бақылауды орнату керек. Көрсетілген құрылымдардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шараларға қатыспайтын тұлғалардың ғимаратта
немесе имаратта болуына жол берілмейді.
15.21 Тас қалауды электрмен қыздыру кезінде қыздырылатын телiмдер қоршалуы
және электрмонтердің бақылауында болуы тиіс.
Электрмен қыздыру телiмдерінде қалауды жүргізуге, сонымен қатар дымқыл ауа
райында және жылы кезде электрлі қыздыруды қолдануға жол берілмейді.