ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
56
12.32 Топырақтарды қатыру бойынша жұмыстарды орындауға арналған жабдықтар
мен құбырлар сыналуы тиіс:
- монтаждауды аяқтағаннан кейін қатыру станциясының аппараттары – паспортта
көрсетілген пневматикалық немесе гидравликалық қысыммен, бірақ соратын тарап үшін
1,2 МПа және жұтатын тарап үшін 1,8 МПа кем болмауы керек;
- ұңғымаға түсіргенге дейінгі қатыру бағаналары – 2,5 МПа кем емес гидравликалық
қысым.
12.33 Қатыру
арқылы топырақты жасанды бекіту аймағындағы құрылыс
жұмыстарын жобадағы мұз-топырақ қоршауының қалыңдығына жеткеннен кейін ғана
рұқсат етіледі. Жұмыс жасауға рұқсат актімен рәсімделуі тиіс.
12.34 Мұз-топырақ қоршауы бар котлованнан топырақ алуды қатырылған қабырға
жаңбыр мен күн сәулесінен қорғалған кезде ғана орындауға рұқсат етіледі.
Жұмыс кезінде мұз-топырақты қоршауды механикалық бұзылулардан қорғау
шараларын сақтаған жөн.
12.35 Топырақты қатыру және еріту процесінде котлованның мұз-топырақты
қоршауының өлшемі мен температурасын бақылау тәртібі жобада анықталуы тиіс.
12.36 Топырақтарды химиялық бекіту (силикаттау және басқалары) бойынша
инъекциялық жұмыстарда қолданылатын құбырлар, шлангтар мен инъекторлар жұмыс
қысымының жарты мәніне тең, бірақ 0,5 МПа кем емес қысыммен гидравликалық
сынақтан өтуі тиіс.
12.37 Пайдалану процесінде қысыммен жұмыс жасайтын автоклав типті силикат
дайындағыш пен басқа да құрылғыларды ҚР ҚН 1.03-10 және «Қысыммен жұмыс
жасайтын жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің
талаптарына сәйкес техникалық куәландырудан және мерзімдік гидравликалық
сынақтардан өткізу қажет.
13 БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН ЖҰМЫСТАРЫ
13.1 Бетонды дайындау, беру, төсеу және күтім көрсету, арматураны дайындау және
орнату кезінде, сонымен қатар қалыпты орнату және бөлшектеу (әрі қарай – бетон
жұмыстарын орындау) кезінде жұмыскерлерге жұмыстың сипатымен байланысты қауіпті
және зиянды өндірістік ықпалдар әсерінің алдын алу бойынша шараларды қарастыру
қажет:
- жұмыс орындарының 1,3 м және одан асатын биіктік бойынша деңгей
айырмасының жанында орналасуы;
- қозғалатын машиналар және олармен жылжытылатын заттар;
- құрылым элементтерінің қирауы;
- шу және діріл;
- электр тізбегіндегі жоғары кернеу, оның тұйықталуы адамның денесі арқылы өтуі
мүмкін.
13.2 13.1-т. көрсетілген қауіпті және зиянды өндірістік ықпалдар болған жағдайда
бетон жұмыстарының қауіпсіздігі ұйымдық-технологиялық құжаттамада (құрылысты
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012
57
ұйымдастыру, жұмыстарды өндіру және т.б. жобаларында) берілген еңбекті қорғау
бойынша басқа шешімдерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
- бетонды дайындау, тасымалдау, беру және төсеу үшін механикаландыру
құралдарын анықтау;
- көтергіш қабілетті анықтау және қалып жобасын, сонымен қатар оны орнату
реттілігін және бөлшектеу тәртібін анықтау;
- биіктікте жұмыс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша құралдарды
және шараларды әзірлеу;
- жылдың суық және жылы мезгілінде бетонды күту бойынша шараларды және
құралдарды әзірлеу.
13.3 Қалыпты монтаждау кезінде, сонымен қатар арматуралық қаңқаларды орнату
кезінде осы Ережелердің талаптарын басшылыққа алу керек.
13.4 Жүктеу және түсіру кезінде тозаңдануға қарсы шараларды қабылдай отырып,
цементті шұңқырларда, бункерлерде, ағаш жәшіктерде және басқа жабық
сыйымдылықтарда сақтау қажет. Жүктеу саңылаулары қорғаныстық торлармен жабылуы,
ал қорғаныстық торлардағы люктар құлыппен бекітілуі тиіс.
13.5 Бункерлерде
немесе
басқа
сыйымдылықтарда
орналасқан
инертті
материалдарды қыздыру үшін буды пайдаланған жағдайда, будың жұмыс орындарына
енуінің алдын алатын шараларды қолдану керек.
Бумен жылытылатын камераларға жұмысшылардың түсуіне будың берілуін
сөндіргеннен кейін, сонымен қатар камераны және онда орналасқан материалдарды және
бұйымдарды 40 ºС дейін салқындатқаннан кейін жол беріледі.
13.6 Жұмыстар өндірісінің жобасымен қарастырылмаған жабдықтарды және
материалдарды қалыпқа орналастыруға, сонымен қатар қалыптың орнатылған
құрылымдарында жұмыстарды өндіруге тікелей қатыспайтын адамдардың болуына жол
берілмейді.
13.7 Жұмыскерлердің бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына ауысуы үшін
МемСТ 23120 және МемСТ 12.2.062 талаптарына сәйкес келетін сатыларды, өтпе
көпіршелерді және траптарды қолдану қажет.
13.8 Қабырғалардың, беларқалардың және тоғыспалардың құрама қалыбын орнату
кезінде қоршаулармен ені 0,8 м кем емес жұмыс төсемдерін орнатуды қарастыру қажет.
13.9 Аражабындардың қалыбы барлық периметр бойынша қоршалуы тиіс. қалыптың
жұмыс еденіндегі барлық саңылаулар жабық болуы тиіс. Бұл саңылауларды ашық
қалдыру қажет болса оларды сымды тормен тарту қажет.
13.10 Сырғымалы қалыптың және аспалы ағаштардың бөліктерін кескеннен кейін
шет жақтар қоршалуы тиіс.
13.11 Заттардың құлауынан жұмыскерлерді қорғау үшін аспалы ағаштарда
сырғымалы және ауыстырып қойылатын қалыптың сыртқы периметрі бойынша ені
ағаштардың енінен кем емес қалқаларды орнату керек.
13.12 Төселген арматура бойынша жүруге арматуралық қаңқаға төселген ені 0,6 м
кем емес арнайы төсемдер бойынша ғана жол беріледі.
13.13 Алынбалы жүк қамтушы керек-жарақтар, ілмектер және жүк көтергіш
крандармен бетондық қоспаны беруге арналған ыдыс «Жүк көтергіш крандарды орнату
Достарыңызбен бөлісу: |