Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



жүктеу 2,65 Mb.
Pdf просмотр
бет31/97
Дата27.12.2019
өлшемі2,65 Mb.
#25091
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97

ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
58 
және  қауіпсіз  пайдалану  бойынша  өнеркәсіптік  қауіпсіздік  талаптарына»  сәйкес 
дайындалуы және куәландырылуы тиіс. 
13.14 Адамдардың  өтетін  жерлеріндегі  арматураның  керілу  телiмдерінде  биіктігі 
1,8 м кем емес қорғаныстық қоршаулар орнатылуы тиіс. 
Арматураны  керуге  арналған  құрылғылар  керу  құрылғысының  жетегі  қосылғанда 
іске қосылатын дабылмен жабдықталуы тиіс. 
Электр  тогымен  қыздырылатын  арматуралық  шыбықтардан  1  м  жақын 
арақашықтықта адамдардың болуына тыйым салынады. 
13.15 Химиялық  қоспалар  бар  бетон  қоспаларын  қолданған  кезде  қорғаныстық 
қолғаптарды және көзілдіріктерді пайдалану керек. 
13.16 20º
 
асатын  еңіске  ие  бетке  бетон  қоспасын  төсейтін  жұмыскерлер 
сақтандырғыш белдіктерді пайдалануы тиіс. 
13.17 Автосамосвалдармен  бетон  қоспасын  беруге  арналған  эстакада  қайтарғыш 
сырғауылдармен жабдықталуы тиіс.  
Қайтарғыш  сырғауылдар  мен  қоршаулар  арасында  ені  0,6  м  кем  емес  өткелдер 
қарастырылуы  тиіс.  Тұйық  эстакадаларда  көлденең  қайтарғыш  сырғауылдар  орнатылуы 
тиіс. 
Автосамосвалдардың шанақтарын бетон қоспасының қалдықтарынан тазалау кезінде 
жұмыскерлерге көлік құралының шанағында болуға тыйым салынады. 
13.18 Бетонның  электрлі  қыздыру  аймағы  мемлекеттік  стандарттардың  талаптарын 
қанағаттандыратын қорғаныстық қоршауға, жарық дабылына және қауіпсіздік белгілеріне 
ие болуы тиіс. 
13.19 Араластырғыш  машиналардың  жұмысы  келесі  талаптарды  қадағалаған  кезде 
жүзеге асырылуы тиіс: 
- жүктеуші  шөміштерге  арналған  шұңқыршаларды  тазалау  көтеріңкі  қалыпта 
шөмішті сенімді бекіткеннен кейін жүзеге асырылуы тиіс; 
- араластырғыш машиналардың барабандарын және астауларын тазалауға машинаны 
тоқтатып және кенеуді түсіргеннен кейін ғана жол беріледі. 
13.20 Арматураны  дайындау  және  өңдеу  бойынша  операциялар  осы  орын-жайлар 
үшін  арналған  немесе  арнайы  бөлінген  және  сәйкесінше  жабдықталған  орындарда 
орындалуы тиіс. 
13.21 Арматураны дайындау бойынша жұмыстарды орындау кезінде қажет: 
- арматураны  түзетуге  және  орама  сымдарды  тарқату  (орау)  үшін  арналған  жұмыс 
орындарының қорғаныстық қоршауларын орнату; 
- ұзындығы  0,3 м-ден  кем  кесінділерге  арматураның  шыбықтарын  станоктармен 
кескен кезде олардың ұшуының алдын алатын құралдарды қолдану; 
- верстактың габариттерінен асатын арматураның шыбықтарын өңдеу кезінде жұмыс 
орындарының  қорғаныстық  қоршауларын  орнату,  ал  екі  жақты  верстактарда  одан  басқа 
биіктігі  1 м-ден  кем  емес  бойлық  металл  сақтандырғыш  тормен  ортасынан  верстакты 
бөлу; 
- дайындалған арматураны осы үшін арнайы бөлінген орындарға жинау; 
- ені  1 м-ден  кем  жалпы  өту  орындарында  арматура  шыбықтарының  шетжақ 
бөліктерін қалқандармен жабу. 


ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 
 
 
59
 
13.22 Жұмыс  сызбаларында  көрсетілген  арматуралық  бұйымдарды  ілмектеу 
орындары көзге көрінетін белгілермен белгіленуі тиіс. 
13.23 Арматура  қаңқаларының  элементтерін  көтеру,  жинау  және  монтаж  орнына 
тасымалдау шарттарын ескере отырып пакеттеу қажет. 
13.24 Бетон  қоспасына  арналған  бункерлер  (қауғалар)  мемлекеттік  стандарттардың 
талаптарына сәйкес болуы тиіс.  
Жүктелген немесе босатылған бункерді жылжытуға қақпағы жабылғанда ғана рұқсат 
етіледі. 
13.25 Бункерден бетонды төсеген кезде бункердің төменгі жиегі мен бұрын төселген 
бетон  немесе  бетон  төселетін  беттің  арасындағы  арақашықтық  егер  жұмыстар  өндірісі 
жобасымен басқа арақашықтықтар қарастырылмаса, 1 м аспауы тиіс. 
13.26 Күнделікті  қалыпқа  бетонды  төсей  бастаудың  алдында  ыдыстың,  қалыптың 
және  араластыру  құралдарының  жай-күйін  тексеру  қажет.  Анықталған  ақаулықтарды 
дереу жою керек. 
Дірілді  тұмсықпен  бетон  қоспасын  төсеуді  бастаудың  алдында  оның  барлық 
буындарының өзара және сақтандыру арқанына бекітілу сенімділігін және ақаусыздығын 
тексеру қажет. 
13.27 Бетон сорғының көмегімен бетонды беру кезінде қажет: 
- бетон жеткізу құбырын монтаждау, демонтаждау және жөндеу бойынша, сонымен 
қатар  олардан  тығындарды  алып  тастау  бойынша  жұмыстарды  қысымды  атмосфералық 
қысымға дейін төмендеткеннен кейін ғана жүзеге асыру; 
- үрлеу уақытында барлық жұмыс істеушілерді бетон жеткізу құралынан кем дегенде 
10 м арақашықтыққа шығару; 
- бетонды  беру  кезінде  арматуралық  қаңқаға  және  қалыпқа  түсетін  динамикалық 
жүктеменің әсерін төмендету үшін аратөсемдерге бетон жеткізу құбырларын жүргізу. 
13.28 Бетон жеткізу құбырындағы тығындарды алуға келесі шартта жол беріледі: 
- бетон жеткізу құбырының шығыс саңылауында қорғаныстық қалқанның болуы; 
- жұмыс  істеушілердің  бетон  жеткізу  құбырының  шығыс  саңылауынан  кем  дегенде 
10 м қашықтықта болуы; 
- бетон  жеткізу  құбырына  ауаны  жол  берілетін  қысымнан  асырмай,  біркелкі  беруді 
жүзеге асыру. 
Тығынды  алып  тастау  мүмкін  болмағанда  бетон  жеткізу  құбырындағы  қысымды 
түсіру  керек,  ұрғылау  арқылы  бетон  жеткізу  құбырындағы  тығынның  орналасқан  жерін 
табу, бетон жеткізу құбырын ажырату және тығынды алып тастау немесе бітелген буынды 
ауыстыру керек. 
13.29 Бірнеше  қабатқа  қалып  элементтерін  орнатқан  кезде  әрбір  келесі  қабатты 
төменгі қабатты бекіткеннен кейін орнату керек. 
13.30 Қалыпты бөлшектеу бетон берілген беріктікке жеткеннен кейін жүргізілуі тиіс. 
Жүктелген  құрылымдарды  алу  кезіндегі,  соның  ішінде  меншікті  жүктемесінен 
бетонның ең төменгі беріктігі жұмыстар өндірісімен анықталады және жобалық ұйыммен 
келісіледі. 
13.31 Қалыпты алып тастау кезінде қалып элементтерінің кездейсоқ құлауына, ұстап 
тұрған ағаштардың және құрылымдардың қирауына қарсы шаралар қабылдау қажет. 


жүктеу 2,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау