Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2017 жылғы Есіл ауданының
ерекше мәнді және естен кетпес даталар
Есіл қ.
2016ж.
АЛҒЫСӨЗ
Есіл ауданының ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар күнтізбесі Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Есіл ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дайындаған.
Күнтізбеге Есіл ауданының тарихынан аса маңызды уақиғалардың даталары, шаруашылық, мәдени өмірі енгізілген.
Мүшелтойлы даталар мен оқиғаларды анықтаудың негізгі көздері ретінде мұрағаттық картотекалар, мекемелердің, ұйымдардың, «Хлебороб Приишимья» аудандық баспасөзі, «Ақмола обылысы» энциклопедиясы, Альманах «Ақмола обылысы – адамдар, оқиға, тарих, жад», Үлкен Кеңес Одағы энциклопедиясы.
Күнтізбе мұрағаттық құжаттарды насихаттау мен таныстыру, қоғамдық бірлестіктердің қызметін ақпараттық жабдықтау үшін арналған.
Күнтізбе үш тараудан тұрады. Біріншіде хронологиялық тәртіпте орналасқан, ерекше мәнді және естен кетпес даталардың тізбесі көрсетілген. Екінші тарауға күні анықталмаған оқиғалар. Үшінші тарауда анықтамалар – аннотациялар мәліметтері мемлекеттік мұрағаттың құжаттары, жарияланған көздер, мерзімді баспасөз бойынша анықтай алған 2017 жылдың ерекше мәнді даталарға жасалған.
Әр дата қорға не басқа көзге сілтеуімен жабдықталған.
Күнтізбеге келесі қосымшалар берілген:
1. 2017 жылы мүшелтойлары не басқа естен кетпес даталары тойланатын болатын жеке қорлар иелерінің тізімі;
2. Қолданылған көздер мен әдебиеттер тізімі.
Архив директоры Д.Жусупбеков
09.09.2016
2017 жылғы ерекше мәнді және естен кетпес даталар.
______________________________________________
4 қаңтар Ұлы Отан соғысына қатысушы, Есіл ауданының құрметті азаматы Петр Леонидович Швецтің туғанына 95 жыл (1922) толар еді.
Есіл аудандық маслихатының 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы №12/9, б.112.
___________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.112
24 қаңтар Красивинск орта мектеп директорының орынбасары, Қазақ КСРның беделді мұғалімі Тамара Васильевна Дернинаның туғанына 70 жыл (1947)
___________________________________
ЕАММ, ф. 97
Гунар Л. И бейімділік бойынша - мұғалім.//Жаңа Есіл, 2009, № 43, 4 қараша
17 ақпан Есіл қалалық кеңес төрағасы, Есіл ауданының құрметті азаматы Николай Степанович Черенковтың туғанына 100 жыл (1917) толар еді.
Есіл аудандық маслихатының 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы №12/9, б.112.
______________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.112
26 ақпан Есіл аудандық коммуникалық партиясының бірінші секретары, Социалистік Еңбек Қаһарманы Мырзашева Рысбектің туғанына 85 жыл (1932) толар еді.
______________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.108
19 сәуір «Дальний» ауылының директоры,Социалистік Еңбек Қаһарманы Данил Иванович Нечитайлоның туғанына 115 жыл (1902) толар еді.
____________________________________
ЕАММ, ф.1
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.109
11 шілде Есіл аудандық коммуникалық партиясының бірінші секретары, Социалистік Еңбек Қаһарманы Анатолий Родионович Никулиннің туғанына 105 жыл (1912) толар еді.
_____________________________________
Альманах 2, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.111
11 тамыз Есіл депосының бастығы, құрметті Есіл ауданының азаматы Николай Григорьевич Самохваловтың туғанына 90 жыл (1927) толар еді.
1993 жылдың 19 наурызындағы қалалық халық депутаттар кеңесінің 13 ессиясы бойынша 21 сайланым қаулысы.
_______________________________________
ЕАММ, ф.59,тізімдеме 1,
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.112
25 қыркүйек «Заречный» ауылының тракторшысы, Социалистік Еңбек Қаһарманы Василий Евлампиевич Копыловтың туғанына 85 жыл (1932) толар еді.
____________________________________
ЕАММ, ф.93
5 қазан «Калачевский» ауылының бригадирі, Социалистік Еңбек Қаһарманы Александр Петрович Полстяногоның туғанына 80 жыл (1937) толар еді.
______________________________________
ЕАММ, ф.96
22 желтоқсан Есіл ауданының халықтық судьясы, Есіл ауданының құрметті азаматы Абдрахман Шайдулович Калиммулиннің туғанына 95 жыл (1922) толар еді.
Есіл аудандық маслихатының 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы №12/9
____________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы - адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009, б.112
Күні анықталмаған ерекше мәнді және естен кетпес даталар
_________________________________________
Социалистік Еңбек Қаһарманы Ишхан Барсеговича Сарыбекянның туғанына105 лет (1912) толар еді.
__________________________________________
Энциклопедия «Ақмола обылысы», Алматы, 2009.б. 457
75 жыл бұрын (1942) С.Серіков атындағы Есіл орта мектебі құрылды (кезінде 59-шы, 83-ші, 145-ші және 3-ші)
________________________________________
Жаңа Есіл, 2011, № 42, 28 қазан
4 қаңтар Ұлы Отан соғысына қатысушы, Есіл ауданының құрметті азаматы Петр Леонидович Швецтің туғанына 95 жыл (1922) толар еді.
Швец Петр Леонтьевич 1922 жылы 4 қаңтарда Ақмола обылысы, Есіл ауданы, Ярослав ауылында туған. 7 сыныпты бітіріп, мектептен кейін «Красный Запорожец» колхозында әртүрлі жұмыстар істеді. 18 жасқа толған соң әскерлік қызметке шақырылды. 1942 жылдың қаңтарында фашистерге қарсы бірінші күресті қабылдады, барлық соғыстан өтті, жараланды, жеңісті Берлинде қарсы алды, Мәскеуде Жеңіс Парадына қатысты.
1945 жылы әскерлік қызметтен босатылды, ұзақ уақыт колхозда жүргізуші болып қызмет етті, Есіл ауданының «Красный Запорожец» колхозында тиісті демалысқа шығар алдында гараж меңгерушісі болып істеді.
Мемлекеттік және үкіметтік марапаттары бар: Үш қызыл жұлдыз, «Будапештті алғаны үшін» орден, «Мәскеу қорғанысы», «КСРО-ның қарулы күштеріне 20 жыл», «КСРО-ның қарулы күштеріне 50 жыл», «КСРО-ның қарулы күштеріне 70 жыл», «Ұлы Отан Соғысына 30 жыл», «Еңбек ардагері», «За освоение целинных и залежных земель».
Есіл аудандық маслихатының 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы №12/9 Швец Петр Леонидович Есіл ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды.
___________________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы - адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау, 2009, б.112
24 қаңтар Красивинск орта мектеп директорының орынбасары, Қазақ КСРның беделді мұғалімі Тамара Васильевна Дернинаның туғанына 70 жыл (1947) толар еді.
Дернина Тамара Васильевна 1947 жылдың 24 қаңтарында Целиноград облысы Қима ауданы Запорожье селосында туған. 1964 жылы Красивинск орта мектебінде 11 сыныпты бітірді және осы мектепке ағатәлімгер болып жұмысқа қабылданды. 1965 жылы Целиноград педогогикалық институтына орыс тілі және әдебиет факультетіне оқуға түсті (сырттай бөлім) 1966 жылы Красивое орта мектебіне орыс тілі және ідебиет мұғалімі болып аударылды., ал 1979 жылы Красивое орта мектебі директорының орынбасары болып тағайындалды, осы лауазымда 20 жылдан артық қызмет істеп, өз мектебінің ғана емес, аудандық білім бойынша бірлестік әдістемелік тіл маманының жетекшісі болған.
Тамара Васильевна ұлдар мен қыздарды орыс тілі мен әдебиетке ғана оқытып қоймай, ол «Романтик» әдебиет клуб оқушылар шығармашылық қабілеттіліктерін дамытты, оларды өнерге үйретті, мәнерлеп оқуға, сонымен қатар сұхбат ала білуге, әдебиет газетін – жауапты өңдеуге және соңғы нәтиже құрауға үйретеді.
Тамара Васильевна пән бойынша оқыту –әдістемелік жұмысын қорыту әдістемелігін меңгерген, диагностикалық оқыту әдістемелігін орыс тілі және әдебиет сабақтарында оқушы тұлғасындамыту бағдарламасын жасап шығарған, педагок қызметтестік мақсаттарын мұғалім жұмыс тәжірибесіне енгізілген интерактивтік оқыту технологиясын зерделеген.
Өзімен БҰТ дайындығына әзірленген әдістемелігі бойынша зерттеу жұмысын жүргізуде Тамара Васильевна есебіндегі өз тәжірибесін бірнеше рет аудандық семинарлар, мұғалім секцияларында қортыланды, брошюра, өлең жинағы, шығармашылық есебі жарияланды. Оның оқушылары БҰТ-та, олимпиадаларда жоғарғы нәтиже көрсетуде, колледж және жоғпрғы оқу орнына түседі.
Дернина Т.В адал еңбегі мен жұмысқа деген шығармашылығы үшін «Қазақ ССР халық ағарту үздігі» медалімен марапатталды (1977), 23 мамыр 1978 жылы Қазақ ССР жоғарғы Кеңес президиум нұсқауымен Қазақ ССР Еңбек сіңірген мұғалімі атағы берілді.
Т.В.Дернинаның құжаттары Есіл аудандық мемлекеттік мұрағатта №87 жеке қоры болды.
__________________________________________
ЕАММ, қор.97,оп.1,іс.1, л.1,5,6
Гунар Л. И бейімділік бойынша - мұғалім.//Жаңа Есіл, 2009, № 43, 4 қараша
17 ақпан Есіл қалалық кеңес төрағасы, Есіл ауданының құрметті азаматы Николай Степанович Черенковтың туғанына 100 жыл (1917) толар еді.
17 ақпан 1917 жылы Тамбов облысы Сурки ауылында Н.С.Черенков туған, білімі орта.
1935 жылы Мәскеу қаласы Мәскеу қонақ үй құрылысында еңбек қызметін бастаған. 1941 жылдың мамырында әскери борыш міндетін атқарған. 1941 жылдың тамызында Ленинград майданында ГАП 881 зеңбірек дивизия байланыс бастығы болды, Тихвия қаласын босатқаны үшін полкке 8 гвардия атағы берілді. Любан қаласын босатқаны үшін Любан ГАП Қызылту 8 гвардиясы болды. 1947 жылы гвардия аға лейтенант атағымен жауынгерлік қорына шығарылды.
1947 жылдың қазанынан бастап Ярослав облысының Берендяево ст. Дене шынықтыру орта мектебі мен әскери істерде мұғалім болып жұмыс істеді. 1962 жылы Есіл ауданы «Любимовский» ауылында шаруашылық бөлімі бойынша директор орынбасары ретінде жұмыс істеді. 1962 жылы Есіл ауданы «Жаныспай» ауылының жұмыскерлер комитетінің төрағасы, содан кейін «Двуречный» ауылының ауыл кеңес төрағасы. 1971 жылдың маусымында Есіл қаласының халық кеңес депутатының төрағасы болып сайланды және 1977 жылға дейін жұмысын атқарды, еңбек демалысына шықты.
Соғыс және еңбек ардагері, 3 топ мүгедек. Соғысқа қатысқаны үшін 2 Ұлы Отан соғыс орденімен марапатталды.
2008 жылдың 24 желтоқсанында Есіл ауданы маслихатының №12/9 шешімімен Н.СнЧеренковқа «Есіл ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
____________________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009,б.112
26 ақпан Есіл аудандық компартиясының бірінші секретары, Социалистік Еңбек Қаһарманы Мырзашева Рысбектің туғанына 85 жыл (1932) толар еді.
Мырзашев Рысбек Ақмола облысы Астрахан ауданы Өндіріс ауылында 1932 жылдың 26 ақпанында туған, мемлекет қайраткер, Еңбек ардагері (1972) 1957 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын бітірген соң Атбасар механик-жөндеу зауытында электрик-инженер болып жұмыс істеді. 1959-1963 жылдары Атбасар ауданының бірінші комсомол хатшысы, Қазақстан ОК ЛКСМ жауапты ұйымдастырушысы, Целиноград обком комсомолының екінші хатшысы, 1963-1972 жылдары Есіл ауылшаруашылық басқармасының портком хатшысының орынбасары, ОК КПСС жанындағы жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, Целиноград обком партия нұсқаушысы, Ерментау аудан компартиясының екінші хатшысы, Ерментау аудан райисполком төрағасы, 1971-1976 жылдары Есіл ауданының компартиясы бірінші хатшысы, 1976-1985 жылдары Шығыс-Қазақстан обкомның Қазақстан Компартиясының екінші хатшысы , Павлодар облисполком төрағасы, 1985 жылы шілдеде Шымкент обком Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы. ҚазССР жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақыру депутаты. КСРО (ТМД) медалімен ордендерімен марапатталған.
1987 жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласында қайтыс болған.
__________________________________________
Альманах 2, «Ақмола облысы - адамдар, тарих, жад» Кокшетау,2008,б.108
19 сәуір «Дальний» ауылының директоры,Социалистік Еңбек Қаһарманы Данил Иванович Нечитайлоның туғанына 115 жыл (1902) толар еді.
Нечитайло Даниил Иванович –Харьков облысы Богодухове қаласында 1902 жылдың 19 сәуірінде туған, ұлты украин.
1920 жылдың қыркүйегімен -1923 жылдар аралығында Одноробов ауылшаруашылық училищесінің агроном – су суарушы, оданда басқа 1930 жылы Ленинград қаласында агроном – ұйымдастырушы жоғарғы курсында оқыды, сонымен қатар 1931-1933 жылдары аралығында агро-педагогикалық институтында сырттай оқыды.
1931 жылы агроном- ұйымдастыру курсын аяқтаған соң Наркомат ауылының жүйесіне іс сапарға жіберілді және ҚазақКСР «Мын бұлақ» ет совхозына бас агроном болып тағайындалды, сонымен бірге БашқұрКСР, Ворошиловград облысы, Харьков, Донец ауылдарында бас агроном лауазымында жұмыс істеді. 1947 жылдың наурызынан – 1954 жылдың 1 наурызына дейін Кировоград облысының Ингульск ауылында директор болып жұмыс істеді. 1954 жылдың наурызынан 1962 жылға дейін тың игеруге жолдама алды, «Дальный» ауылының директоры болып жұмыс істеді.
1957 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңес президиум нұсқауымен Еңбек ардагері деген атақ берілді.
Нечитайло Д.И. құжаттары Есіл аудандық мемлекеттік мұрағатқа №1 жеке қор болды.
________________________________________________
Ф.1,оп.1
Альманах 2, «Ақмола облысы- адамдар, тарих, жад»- Кокшетау,2008,б.109
11 шілде Есіл аудандық коммуникалық партиясының бірінші секретары, Социалистік Еңбек Қаһарманы Анатолий Родионович Никулиннің туғанына 105 жыл (1912) толар еді.
Никулин Анатолий Родионович 1912 жылдың 11 шілдесінде Ставрополь өлкесі, Медвежин ауданы, Красная полянка ауылында кедей шаруашылық отбасынба туған.
1931 жылы Ташкент ауылшаруашылық техникумын тамамдаған соң оның еңбек қызметі басталды. 1931-1939 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысы Меркенский саулық қой өнім ауылында агроном болып жұмыс істеді. Луговск ауданы саулыққой ауылында бас агроном және директор орынбасары, Жамбыл облысында МТС Луговскойда қызылша өсіретін аға агроном болып істеді. 1939-1947 жылдары Луговской жер бөлімінің бастығы, содан кейін Жамбыл облысының облыс жер бөлімі бастығының орынбасары болды. 1947-1952 жыдары Егіндік суару бойынша Ақмола облысы ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды. 1952-1954 жылдары Макинск ауданының Қазақстан КП I-секретары, 1954-1955 жылдары Ақмола облысы Қазақстан КП совхоз бөлім меңгерушісі болып істеді.
1955-1962 жылдары Есіл ауданы ком. Партиясының бірінші хатшысы.
1965-1973 жылдары Кокшетау облисполком төрағасы, 1973-1982 жылдары ҚазКСР мемлекеттік мұнай өнімдерінің төрағасының орынбасары, КСРО-ның 5-ші шақыруы Жоғарғы Кеңес депутаты, 4-8-ші шақыру ҚазКСР жоғарғы Кеңес депутаты.
Никулин А.Р. 1957 жылы Еңбек ардагері атағы берілді, сонымен қатар Қызыл жұлдыз ордені және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
1983 жылдың 16 наурызында Алма-Ата қаласында қайтыс болды.
___________________________________
Альманах 2, «Ақмола облысы - адамдар, тарих, жад»- Кокшетау,2008,б.111
Знамя труда// 1958, 5 наурыз
25 қыркүйек «Заречный» ауылының тракторшысы, Социалистік Еңбек Қаһарманы Василий Евлампиевич Копыловтың туғанына 85 жыл (1932) толар еді.
Копылов Василий Евлампиевич – 1932 жылдың 25 қыркүйегінде Брянск облысы Почепск ауданы Дубровка ауылында туған, орыс.
1946 жылы Сотников бастауыш мектебінде бастауышты аяқтады. 1947-1949 жылдары Брянск облысы Бежица қаласының №1 кәсіп училищесінде ұста маманы бойынша оқыды. 1949 жылдың 13 шілдесінен 1950 жылдың 25 желтоқсанына дейін Брянск құрал-штамп цехында машина өңдеу заводында ұста болып жұмыс жасады. 1951 жылдың 30 сәуірінен 1952 жылдың 24 желтоқсанына дейін № 15 жылқы парк құрылысында ұста болды, 1952-1955 жылдары Кеңес әскери қатарында болды. 1955 жылдың 1 қарашасынан 1956 жылдың 20 сәуіріне дейін Брянск болыс № 14 Почепск училищесінде ауылшаруашылық механизімінде оқыды, училищені аяқтаған соң, Есіл ауданы «Заречный» егінді ауылына комсомол жолдамасы бойынша тың жерге жіберілді. 1956 жылдың 27 сәуірінде «Заречный» ауылында механизатор болып жұмыс істеді.
Ерен еңбегі үшін Қызыл Ту Еңбек орденімен (1967), Ленин орденімен (1973) марапатталды.
Жоспар орындауы мен 1980 жылы миллиард астықты мемлекетке сату бойынша социалдық міндеті және нан сату мен өндірістік бойынша оныншы бес жылдықта Еңбек ардагері атағы берілді.
2003 жылы қайтты.
В.Е. Копыловтың құжаттары Есіл ауданының мұрағатында №93 жеке қоры болды.
________________________________________
ЕАММ, қор.93
5 қазан «Калачевский» ауылының бригадирі, Социалистік Еңбек Қаһарманы Александр Петрович Полстянойдың туғанына 80 жыл (1937) толар еді.
Украиндік Полстяной Александр Петрович 05.10.1937 жылы Донец облысы Дзержин ауданы Курдюмовка ауылында туған.
1946 жылдан 1953 жылға дейін орта мектепте оқыған. 7 сыныпты бітіріп 1953 жылы Артем- көмір барлауға жұмысшы болып жұмысқа тұрды. 1953 жылдың 3 қаңтарында «Калачевский» совхозына келіп әртүрлі жұмыстар істеді. 1956 жылы Ақмола облысы Ақмола аудандық №47 Елизаветинка тетіктік оқу орнын бітірді. 1957 жылдан 1972 жыл аралығында «Калачевский» совхозында тетікші болып жұмыс істеді. 1972 жылы трактор бригадасына бригадир болды. 1981 жылы сырттай Торғай совхоз-техникум ауылшаруашылық тетіктік маманын бітіріп шықты.
1967 жылы және 1971 жылы жақсы жұмыс істегені үшін Ленин орденімен марапатталған, 1970 жылы «Владимир Илич Лениннің туғанына 100 жылды атап өтудегі еренді еңбегі үшін» мерейтой медальімен марапатталды.
Ауылшаруашылықтың жетіп өркендеуіне мемлекеттік азық-түлікті және мал шаруашылығын сатудың өндірілуідің және орындалудың бесжылдық жоспары, 1971 жылы Социалистік Еңбек Қаһарманы атағына ие болды.
Полстяной А.П. Қазақстан Компартиясы Торғай облыстық Калачевский ауылының Кеңестік мүшесі, халықтық бақылау тобына депутат болып таңдалды.
Полстяной А.П. құжаттары Есіл ауданының мемлекеттік мұрағатында жөнделді жеке қоры №96
_______________________________________
ЕАММ, қор.96
22 желтоқсан Есіл ауданының халықтық судьясы, Есіл ауданының құрметті азаматы Абдрахман Шайдулович Калиммулиннің туғанына 95 жыл (1922) толар еді.
Калимуллин Абдрахман Шайдуллович 1922жылы 22 желтоқсанда көп балалы крестьян отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен ауылшаруашылық институтына түсті. Басында ВОВ соғысқа барамын деп сұранды, 1941 жылдың қарашасында Гомель әскери-пехоттық оқу орнына оқуға жіберілді, 1942 жылы оқу бітіргенде оған лейтенант атағы берілді және 49-шы бөлімге атқыш бригадасына взвод командирі болып жіберілді.
1-ші белорус соғысы құрамында Тулыдан Алексино арқылы Орел, Ельнаны, Смоленді және Қызыл Днепр өзені арғы жағынан Орша қаласына өтті. 3 рет жараланды.
Еңбек қызметін 1946 жылдың маусымында Каганович ауданының Алма-Аты қаласындағы 1-ші учаскелік халық сотында сот орындаушысы болып бастады. Жұмыс істеп жүріп, сырттай заң мектебін бітірді. 1951 жылы Ақмола облысында адвокаттар әріптестерінде істеген, 1954 жылы Ақмола облысының адвокаттар әріптестерінің төраға төралқасына тағайындалды. Ақмола облысындағы Баранкөл аудананың ашылуына байланысты аудан сотынахалықтық судья болып тағайындалды, сосын осы соттың бірінші төрағасы болды. 1965 жылы КазГУ-да заңгер факультетін бітіреді және 1971 жылы зейнетақыға дейін төраға болып істеген жерге Есіл ауданының халықтық судьясы болып тағайындалды.
Будучи на заслуженном отдыхе продолжает вести активный и деловой образ жизни: работал юрисконсультом при Есильском маслодельном комбинате, преподавал право на курсах Есильского медучилища. С 1988 по 1990 годы был избран председателем Есильского районного добровольного общества инвалидов.
Марапаттарына ие: «Қызыл жұлдыз» ордені, «1-ші дәрежедегі Отан соғысы», медальдары «күресте сіңірген еңбегі үшін», «Германия жанындағы Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін», медальдары «За доблестный труд», «Целинный және кепілденген жерлерді игергені үшін», «За трудовую доблесть». Абдрахмана Шайдулловичтің портреті ҚазКСР Әділет Министрлігінің және Жоғарғы соттың тақтасынан түспеді, Қазақстанның күресушісі музейде сақталды, Калимулиннің есімі Ақмола облыстық компартия құрмет кітабына енгізілген, 2 мәрте аудандық кеңес депутаты болып таңдалған.
Есіл аудандық маслихатының 2008 жылдың 24 желтоқсанындағы №12/9 Каллимулин Абдрахман Шайдуллович «Есіл ауданының құрметті азаматы» деген атаққа ие болған.
_____________________________________
Альманах 4, «Ақмола облысы- адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009,б.112
Социалистік Еңбек Қаһарманы Ишхана Барсеговича Сарыбекянның туғанына105 лет (1912) толар еді.
Сарыбекян Ишхан Барсегович 1912 жылы Армиян КСР-і Инджеван ауданы Кокоши селосында туған. Көлік колонасында көгалдандыру мастері бойынша басшы болып жұмыс істеген. (1941) Тбилиси қаласына 417-ші Краснознамен ұранымен жоғары атқыш атағына соғысқа шақырылды. (1945) атқыз батальон парторгна таңдалды. (1945) Севастополя қаласының босатылуы үшін Кеңес Одағы Қаһарманы атағына ие болды. 17 жарақат алған. Марапаттары: Алтын Жұлдыз медальі, күресте еңбек сіңіргені үшін, Германия жанындағы Жеңіс ушін, Кавказ қорғанысы үшін, Ленин Ордені. (1955) Есіл ауданына целинныйды және кепілденген жерді игеруге келді.
1989 жылы қайтыс болды.
___________________________________
«Ақмола облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2009.б. 457
Қосымша 1
2017 жылы мүшелтойлары не басқа естен кетпес даталары тойланатын болатын жеке қорлар иелерінің тізімі
1.Қазақ КСРның беделді мұғалімі Тамара Васильевна Дернина
(қор 97, т.1)
2. «Заречный» ауылының тракторшысы, Социалистік Еңбек Қаһарманы, «Заречный» ауылының тракторшысы Василий Евлампиевич Копылов (қор 93, т.1)
3. Социалистік Еңбек Қаһарманы «Дальний» ауылының директоры, Данил Иванович Нечитайлоның Нечитайлов
(қор 1,т.1)
4. Социалистік Еңбек Қаһарманы, «Калачевский» ауылының бригадирі Александр Петрович Полстяног
(қор 96, т.1)
Қосымша 2
Қолданылған көздер мен әдебиеттер тізімі
Жарияланған көздер
Альманах 4, «Ақмола обылысы - адамдар, оқиға, тарих, жад» Кокшетау,2009,б.112
Альманах 2, «Ақмола обылысы - адамдар, тарих, жад»- Кокшетау,2008,б.108, 109, 111, 127
«Ақмола обылысы» энциклопедиясы Алматы, 2009. б. 457
Жарияланбаған көздер
Гунар Л. И бейімділік бойынша - мұғалім.//Жаңа Есіл, 2009, № 43, 4 қараша
Жаңа Есіл, 2011, № 42, 28 қазан
Смирнов О.А. Есіл бірлестік қоры филиалы төрағасы «ҚР-ң ардагер ұйымы» «Ұлы Отан Соғысына қатысушыларға мінездеме»
Достарыңызбен бөлісу: |