ҚР ҚН 1.03-00-2011
32
орындау актісі арқылы қабылданады және рәсімделеді.
11.4 Құрылыс алаңындағы жұмыс өндірісі технологиялық тәртіппен жүргізіледі.
Бұрынғы жұмыстарды аяқтау келесі жұмыстарды орындау үшін басты талап болып
саналады.
Жұмыстарды біріктіру қажеттілігі туындаған кезде оларды орындау қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жасалады.
11.5 Істегі кәсіпорын аумағында құрылыс-монтаждық жұмыстарды құрылыс
ұйымдастыру жобасы мен жұмыс өндірісі жобасында қарастырылған шаралар орын-
далған кезде жүзеге асыру керек.
11.6 Құрылыс алаңында бірнеше мердігер ұйымдар жұмыс жасаған кезде құрылысы
салушы тұлға құрылыс объектісіндегі еңбек шарттарының сақталуына жалпы бақылау
жасайды.
Мердігер ұйымнан еңбек және орындаушылық тәртіпті арттыру, еңбек қауіпсіздігі
мен қорғау, табиғи және энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша талап-
тарды орындау, ұйымдастырушылық әрі тәрбиелік жұмысты өткізуді талап ету керек.
Құрылыс объектіде жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қатер төндіретін
қауіпті жағдай туындаған кезде құрылысты салушы тұлға құрылыс қатысушыларының
бәрін хабарландырады әрі қауіпті аймақтан адамдарды қауіпсіз жерге шығару бойынша
шараларды қолға алады.
11.7 Объектіні қайта жөндеу немесе бұзу кезінде ғимаратты, орын жайды бөлшектеу
әрі бұзғанда орындалатын жұмыстардың сипаттамасына байланысты
жұмысшыларға келесі қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын
алу шараларын қарастыру керек:
– ғимарат (имарат) конструкциялары элементтерінің өздігінен опырылып құлауы
және жоғарыда бекітілген конструкциялар, материалдар,
құрал-жабдықтардың құлауы;
– құрылыс машиналарының қозғалатын бөліктері, олар тасымалдап жатқан заттар
мен жүктер;
– жұмыс аумағындағы ауада шаң мен зиянды заттардың артық мөлшері;
– жұмыс орнының 1,3 метр және одан да үлкен биіктік бойынша электр торабы
жанында орналасуы.
11.8 Жұмыс өндірісінің жобасында жазғы әрі қысқы уақытта құрылыс алаңында
негізгі жұмыстардың қауіпсіз өндірісі үшін жағдай тудыру бойынша техникалық
шешімдер болу шарт:
– тиімді ұйымның құрылыстық бас жоспарында құрылыс алаңы сипатталу және
көрсетілу керек;
– нақты жағдайға байланысты топырақпен жұмыс, кірпіш қалағанда, тұтас темір
бетонды конструкцияларды бетондағанда, құрылыс конструкциясын монтаждағанда,
төбе жапқанда, өңдеу кезінде технологиялық құрал-жабдықтарды монтаждағанда еңбек
қауіпсіздігінің ерекшеліктерін ескеру;
– өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар.
11.9 Құрылыс өндірісін ұйымдастыру кезінде топырақ құнарлығын қалпына
келтіру, табиғи ресурстардың шығынын болдырмау, топыраққа, су қоймаларына және
атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын болдырмайтындай қоршаған ортаны қорғау
бойынша шаралар мен жұмыстарды орындау керек. Осы шаралар мен жұмыстар жобалық
33
ҚР ҚН 1.03-00-2011
құжаттамаларда жазылады.
11.10 Қорғалатын, қорықтық және санитарлық аймақтар мен аумақтардағы құрылыс-
монтаждық жұмыстардың өндірісін арнайы бекітілген ережелер мен қаулыларға сәйкес
жүзеге асыру керек.
11.11 Құрылыс жүріп жатқан аумақта жобалық құжаттамаларда қарастырылмаған
ағаш-түптерді кесу және өсіп жатқан ағаш пен бұталардың тамыр діңгегіне топырақ төгу
сынды жұмыстарға жол берілмейді.
11.12 Құрылыс алаңында топырақтың тиісті қорғауысыз суды еңісті жерге жіберуге
тыйым салынады. Жоспарлы жұмыстарды жасау барысында алдағы уақытта қолдануға
жарамды топырақ қабатын алдын-ала алып тастайды және арнайы орындарға сақтауға
қояды.
11.13 Уақытша көлік жолдары мен басқа да кіріс-шығыс жолдары ауылшаруашылық
жерлер мен ағаш-бұтақтардың зақымдануын болдырмайтындай етіп салынады.
11.14 Селитебті аумақтардағы құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісі кезінде
ауаның ластануының алдын алу талаптары қатаң сақталады.
Қоқыстар мен қал-
дықтарды тазалау кезінде оларды қоқыс сақтайтын сауыт пен бункерлерсіз, ғимарат пен
құрылыстардың жоғарғы қабаттарынан лақтыруға тыйым салынады.
ҚР ҚН 1.03-00-2011
34
А қосымшасы
(міндетті)
Құрылыс алаңында болуы керек құжаттардың тізімі (түпнұсқалары немесе
көшірмелері)
Құрылыс жүргізуге берілетін рұқсат, мұндай рұқсаттарды беру Қазақстан Респуб-
ликасының заңнамасымен және мемлекеттік органдардың шешімімен қарастырылған
жағдайда;
Жауапты ұйымдардың жауапты лауазымдық тұлғаларды тағайындау туралы
басқарушы құжаттары (бұйрықтары);
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі №62 бұйрық бойынша А-қосымшасының
үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіле басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға хабарлама жасау;
Жергілікті әкімшілікпен берілген іздеу, геодезиялық, жер қазу, бұрғылау жұмыс-
тарының өндірісіне арнайы рұқсат (ордер), егер мұндай рұқсаттарды беру аймақтық
құрылыс нормаларымен қарастырылса;
Құрылыс алаңын жауапты ұйымдарға өткізу туралы акт (хаттама);
– Геодезиялық бөлу негіздерін жауапты ұйымдарға өткізу туралы акт (хаттама);
– Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуының ағымды кезеңіне сәйкес жобалау-
сметалық
құжаттама;
– Жұмыс өндірісінің жобасы немесе құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуының
ағымды кезеңіне сәйкес басқа ұйымдастыру-технологиялық құжаттама (егер ол өңделіп,
бекітілсе);
– Қауіпсіздік техникасы туралы шешімдер, егер олар жұмыс өндірісі жобасының
құрамына кірмесе;
– Материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың объектіге енуі мен кіріс
бақылауының журналы;
– Жұмыстардың жалпы журналы және жұмыс түрлерінің жеке түрлері бойынша
арнайы журналдар (тек түпнұсқалары);
– Авторлық қадағалау журналы (егер нақты объект бойынша авторлық қадағалау
жүргізілсе);
– Әрекеттегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі
бойынша нұсқауының журналы;
– Ұйғарымдар мен бұрын қадағалау және бақылау органдарымен жүргізілген
тексерулердің өзге де құжаттары;
– Объектіде болуы міндетті әрекеттегі нормативтік құжаттармен белгіленген өзге де
құжаттар.