35
ҚР ҚН 1.03-00-2011
Б қосымшасы
(міндетті)
Құрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау кезіндегі құрылыс
салушының ұсынатын құжаттарының тізбесі
Б.1-тармақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2017 жылғы 26
маусымдағы № 138-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертілді.
Б.1 Құрылыс салушы дайындайтын құжаттама
Жерлерді өмір бойы мұраға қалдырып иеленеленетін, мерзімсіз (тұрақты)
пайдаланылатын жерге меншік құқығына арналған мемлекеттік акт.
Мемлекеттік органдардың құрылысқа жер учаскесін бөліп беру туралы
қорытындылары және осы учаскенің радиациялық бақылау хаттамасымен бірге бекітілген
жоба (жұмыс жобасы).
Мемлекетік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын органдардың құрылыс-
монтаждау жұмыстарының жүргізіле бастағаны туралы хабарламалары.
Жер учаскесінің шекарасын зат түрінде шығару актісі және ғимараттың
(құрылыстың) негізгі осьтерін зат түрінде шығару схемасы.
Аумақтық және басқа пайдаланушы ұйымдардың сыртқы суық және ыстық сумен
жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және
байланыс коммуникациялары объектінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететіні
және олардың объектіні қызмет көрсетуге қабылданғаны туралы анықтамалары.
Орнатылған жабдыққа арналған паспорттар.
Жабдықты кешенді сынақтан өткізу туралы актілер.
Тиісті мемлекеттік қадағалау органдары бақылайтын объектілер мен жабдықтарды
пайдалануға арнайы рұқсат, мұндай рұқсатты беру аталған органдар туралы ережелерде
көзделген.
Б.2 Орындаушының (мердігердің) құрылыс салушыға (тапсырысшыға)
ұсынатын құжаттамалары
– Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне қатысқан ұйымдардың олар орындаған
жұмыстардың түрлерін, инженерлік-техникалық жұмыстардың орындалуына жауапты
жұмысшылардың тектері, тиісті лицензиялардың бар екендігі турады деректер көрсетілген
тізімі;
– Қабылдауға ұсынылған объектінің құрылысының орындалған жұмыстардың
осы нұсқаларға сәйкестігі туралы құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жауапты
тұлғалар жазған жазуы бар, сондай-ақ оларға бекітілген тәртіпте енгізілген өзгертулері бар
жұмыс сызбаларының жинағы. Аталған жұмыс сызбаларының жинағы орындаушылық
ҚР ҚН 1.03-00-2011
36
құжаттама болып табылады.
– Тиісті ғимараттарға, құрылыстарға, конструкциялары мен жұмыс түрлеріне
нормативтік құжаттардың талаптарының, сондай-ақ мердігер келісімінің шарттарының
негізінде бекітілген құрамдағы орындаушылық геодезиялық құжаттама;
– Сертификаттар (соның ішінде өрт сөндіру және гигиеналық), техникалық
төлқұжаттар, сынақтардың хаттамалары, соның ішінде радиациялық қауіпсіздік туралы,
немесе жұмыс өндірісінде қолданылған материалдардың, конструкциялардың және
бұйымдардың сапасының, қауіпсіздігінің, құрамының жобалау құжаттамасында
көрсетілген талаптарға сәйкестілігін қанағаттандырушы өзге де құжаттар;
– Жобалау құжаттамасында, сондай-ақ мердігер келісімімен (келісімдерімен)
белгіленген тізімге сәйкес жасырын жұмыстарды куәландыратын акт және жеке жауапты
конструкциялар мен тораптарды (көпірлердің, аркалардың, жинақтардың, тіреуіш
қабырғалардың, тіреулі металлдық және жиналмалы темірбетондық конструкциялардың
тіреу және аралық құрылымдарында) аралық қабылдау актілері,
– Монтаждалған жабдықтарды жеке сынаудың актілері;
– Технологиялық құбырларды, суық және ыстық сумен жабдықтаудың, кәріздердің,
газбен жабдықтаудың, жылу мен желдетудің ішкі жүйелерін, сумен жабдықтаудың,
кәріздердің, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, дренажды құрылғылардың
сыртқы желілері мен құрылыстарын сынау, сондай-ақ балқыма қосылымдарды сынау
актілері;
– Жобаға сәйкес инженерлік коммуникациялардың ғимараттардың сыртқы
қабырғаларының жерасты бөлігі арқылы өту орындарындағы олардың кірістері мен
шығыстарын тығыздауды (герметизациялау) орындау туралы акті;
– Ішкі және сыртқы электр қондырғылары мен электр желілерін сынау актілері;
– Телефонизация, радиофикация, теледидар, сигнализация және автоматтандыру
қондырғыларын сынау актілері;
– Жарылыс, өрт сөндіру қауіпсіздігін, жайдан қорғауды және өртке қарсы қорғаныс
жүйелерін қамтамасыз ететін қондырғыларды қабылдау актілері;
– Өзге арнайы жүйелер мен жабдықтарды қабылдау актілері;
– Жұмыс өндірісі және авторлық қадағалау журналдары;
– Құрылыс процесінде мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдары жүргізген
тексерулердің материалдары.
37
ҚР ҚН 1.03-00-2011
В қосымшасы
(міндетті)
ЖҰМЫС ӨНДІРІСІНІҢ ЖУРНАЛЫ
1 бөлім
Бас мердігердің (мердігердің) немесе құрылыс салушының (инвестициялық жобаны
өз күшімен жүзеге асырған жағдайда) атауы
____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Жалпы ақпараттар
Құрылыс объектісінің атауы _______________________________________________
_____________________________________________________________________________
Құрылыс объектісінің орналасқан жері _______________________________________
_____________________________________________________________________________
Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама_________________________
_____________________________________________________________________________
мерзімі, нөмірі, оны берген органның атауы
_____________________________________________________________________________
Объект құрылысын жүргізуге және жұмыс өндірістерінің журналын жүргізуге жауапты
тұлғаның лауазымы, аты-жөні, қолы ______________________
_____________________________________________________________________________
Бас жобалық ұйым _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
жобаның бас инженерінің аты-жөні, қолы
Тапсырысшы, құрылыс салушы __________________________________________________
_____________________________________________________________________________
жетекшінің лауазымы, аты-жөні, қолы
Техникалық қадағалау_________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
жетекшінің (өкілдің) лауазымы, аты-жөні, қолы
Жұмыс басталуы:
жоспар (келісім) бойынша ______________________________________________________
іс жүзінде ____________________________________________________________________
Жұмыстың аяқталуы (эксплуатацияға ендіру):
жоспар (келісім) бойынша ______________________________________________________
іс жүзінде _____________________________________________________________
Осы журналда _________________________________________ бет нөмірленген және
тігілген
Журналды берген ұйымның басшысының лауазымы, аты-жөні және қолы
_____________________________________________________________________________
Журналды берілген мерзімі, ұйым мөрі ___________________________________________
Құрылыс объектісінің негізгі көрсеткіштері _______________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |