Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



жүктеу 20,96 Mb.
бет13/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56

3.3. Сәулет

3.3.3. 3-сұрақ
3.3.3.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауапты болатын ([1], 653-бап):

  1. мердігер;

  2. тапсырыс беруші;

  3. азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

  4. әкімдік;

  5. қосалқы мердігер.

2 сұрақ

Егер шартта өзгеше көзделмесе, шетел тiлiнде жасалған жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама мердігерге беріледі ([1], 654-баптың 2-тармағы):


  1. мемлекеттік немесе орыс тiлдерiне аударылып;

  2. аудармасыз, құрастыру тілінде;

  3. тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы келісімге қарай;

  4. міндетті түрде ағылшын тіліндегі аудармасымен;

  5. бұл сұрақ заңнамада реттелмеген.

3 сұрақ

Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адам өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, жазалау түрін атаңыз ([2], 281-баптың 2-бөлімі):

1. белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз бас бостандығынан айыру;



  1. айыппұл салу;

  2. түзеу жұмыстары;

  3. бас бостандығын шектеу;

  4. өлім жазасы.

4 сұрақ

Заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау әкеп соғады ([3], 322-бап):


  1. әкімшілік айыппұл салуға;

  2. ескерту жасауға;

  3. арнайы құқықтан айыруға;

  4. рұқсаттан айыруға немесе оның қолданысын тоқтата тұруға, сондай-ақ тізілімнен алып тастауға;

  5. қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.

5 сұрақ

Лицензия – ..... («Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дәл анықтама беріңіз) ([4], 1-баптың 6) тармақшасы):

1) жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;

2) бір атаулы құжатпен куәландырылуы (расталуы) мүмкін кейбір әрекеттерді орындауға құқыққа рұқсат немесе құқық;

3) қызметтің қандай да бір түрімен айналысуға рұқсат;

4) тауарды өндіруге ресми рұқсат;

5) кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін мемлекеттік органдар беретін ресми құжат.


6 сұрақ

Жоба – ......([5], 1-баптың 11) тармақшасы):

1) жоба – жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынылған, адамның мекендеуі мен тыныс-тіршілігіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;

2) түпкі ойды және оны іс жүзінде іске асыру мүмкіндігін ашатын сипаттау, есептеулердің негіздемелері, құрылыс сызбалары нысанында іске асқан түпкі ой, идея бейне;

3) ғимараттар мен құрылыстарды салуға бағытталған жұмыстар, жоспарлар, іс-шаралар және басқа міндеттер;

4) құрылысты дайындау бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

5) жауаптың дұрыс нұсқасы жоқ.

7 сұрақ

Тарихи қала құрылысы жағынан құнды елдi мекендi дамытудың бас жоспары мыналар ескерiле отырып әзiрленуге тиiс([5], 47-баптың 4-тармағы):

1) тарихи-сәулеттiң тiрек жоспары әзiрленуге және оған тарихи құрылыс аймақтары мен ескерткiштердi қорғау жобалары қоса тiркелуге тиiс;



2) Қазақстан Республикасы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтерді және талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзушылықтарды анықтау және талдау;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтерді және талаптарды (шарттарды, шектеулерді) бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың салдарларын жоюға бағытталған тиісті ықпал ету шараларын қабылдау;

4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалауы нысандарын және әдістерін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;

5) осы өңірдің флорасы мен фаунасын сақтау қажеттіліктері.


8 сұрақ

Үш жыл ішінде ол бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген жобалау алдындағы құжаттама ….([5], 60-баптың 6-тармағы):

1) ескірген болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін;

2) ескірген болып саналмайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізусіз және қайта бекітусіз іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін;

3) ескірген болып саналады, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізусіз және қайта бекітусіз іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін;

4) сәулет және қала құрылысының жергілікті органдарымен келіскеннен кейін өзектендірілген болып есептеледі;

5) ескірген болып есептеледі және бұдан әрі қолдануы мүмкін емес.
9 сұрақ

Мемлекеттік монополияға жататын ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы ([5],64-4-баптың 2-тармағы):


  1. қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес;

  2. құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырады;

  3. жобалау қызметімен айналысады;

  4. ұйымның жарғысында көзделмеген кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы;

  5. кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және делдалдық қызметтер көрсетуге құқылы.

10 сұрақ

Объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру жүзеге асырылады([5], 60-баптың 1-тармағы):


  1. жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша;

  2. тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шарт бойынша;

  3. нобай бойынша;

4) макет бойынша;

5) елді мекеннің бас жоспары бойынша.


11 сұрақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде жүргізуге міндетті ([6], 6-баптың 1-тармағы):

  1. барлық мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар;

  2. прокуратура органдары ғана;

  3. соттар ғана;

  4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті мемлекеттік орган ғана;

  5. салық органдары ғана.

12 сұрақ



Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеуді қамтамасыз етеді ([7],7-тармақ):

  1. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі;

  3. Қазақстан Республикасының Президенті;

  4. жергілікті атқарушы орган;

  5. жергілікті өкілетті орган.

13 сұрақ

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісіне қол қойған кезде меншік иесі актінің көшірмесін жібереді ([8],8-тармақ):

1) сәулет және қала құрылыс салысындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға;



2) сәулет және қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне;



4) жергілікті атқарушы органға;

5) жергілікті өкілетті органға.
14 сұрақ

Базалық, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық деңгейлерде қала құрылысы кадастрын жүргізу қала құрылысы кадастрының жалпы автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің шеңберінде автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдалана отырып жүзеге асырылады([9],4-тармақ):



  1. республикалық деңгейдегі;

  2. облыстық деңгейдегі;

  3. аумақтық деңгейдегі;

  4. өңірлік деңгейдегі;

  5. базалық деңгейдегі.

15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде сарапшының не ұйымның функцияларына жатады ([10], 6-тармақтың 6) тармақшасы):

1) мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғаужәне қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;

2) тапсырыс беруші ұсынған бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға, Қазақстан Республикасының заңнамасы және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;

3) атқару техникалық құжаттаманы тиісінше және уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету;

4) құрылыс барысында анықталған кемшіліктерді (ақауларды) уақтылы жою;

5) мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау және техникалық қадағалау қызметін бақылау бойынша қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге кіруін қамтамасыз ету.


3.3.3.2. Нормативтік техникалық құжаттама бойынша сұрақтар
16 сұрақ

Қандай көпқабатты әкімшілік ғимараттардатік қоқыс құбырлары көзделуі тиіс? ([39], 4.2.6-т.):



    1. жұмыс істейтін адамдар саны 300 және одан астам болатын ғимараттарда және жалпы ауданы 3000 м2 және одан астам тұрмыстық ғимараттарда

    2. жұмыс істейтін адамдар саны 500 және одан астам болатын ғимараттарда және жалпы ауданы 5000 м2 және одан астам тұрмыстық ғимараттарда

    3. жұмыс істейтін адамдар саны 100 және одан астам болатын ғимараттарда және жалпы ауданы 1000 м2 және одан астам тұрмыстық ғимараттарда

    4. жалпы ауданы 10 000 м2 және одан астам тұрмыстық ғимараттарда

    5. нормаланбайды

17 сұрақ

Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарда вестибюль ауданы ([39], 4.1.9-т.)

1. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін бір адамға 0,2 м2 есебінен, бірақ кемінде 18 м2

2. Кемінде 18 м2

3. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін бір адамға 0,5 м2 есебінен, бірақ кемінде 18 м2

4. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін бір адамға 0,2 м2 есебінен

5. Адам саны ең көп ауысымда жұмыс істейтін бір адамға 0,3 м2 есебінен, бірақ кемінде 15 м2


18 сұрақ

Отқа төзімділігі ІІІ дәрежелі С0, С1 сыныптағы әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар үшін үй-жайдың кез келген нүктесінен жақын эвакуациялық шығуға дейінгі жол берілетін арақашықтық ([39], 4.5.11-т. және 4.3-кесте)

1. 15 м

2. 25 м


3. 20 м

4. 18 м


5. 30 м
19 сұрақ

Ғимараттарда әкімшілік және тұрмыстық ғимараттардың дәліздері аралығы қаншадан асырылмай 2-типті өртке қарсы ара қабырғалармен бөлінуі тиіс ([39], 4.5.17-т.)

1. Әрбір 60 м

2. Әрбір 40 м

3. Әрбір 50 м

4. Әрбір 30 м

5. Әрбір 70 м
20 сұрақ

Өндірістік кәсіпорында жартылай дайын өнімдерде немесе шикізатта жұмыс істейтін асхана ұйымдастыру бойынша қойылатын талап ([39], 5.4.4-т.)

1. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 200 адамнан астам болған кезде

2. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 300 адамнан астам болған кезде

3. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 250 адамнан астам болған кезде

4. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 100 адамнан астам болған кезде

5. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 350 адамнан астам болған кезде
21 сұрақ

Өндірістік кәсіпорындаасхана-тарату орнын ұйымдастыру бойынша қойылатын талап ([39], 5.4.4-т.)

1. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 200 адамға дейін болған кезде

2. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 300 адамға дейін болған кезде

3. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 250 адамға дейін болған кезде

4. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 100 адамға дейін болған кезде

5. Ауысымда жұмыс істейтіндер саны 350 адамға дейін болған кезде
22 сұрақ

Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарда қоқыс жинау камерасының биіктігі еденнен төбеге дейін қанша болып қабылдануы тиіс? ([39], 4.3.3-т.):

1. Кемінде 1,95м

2. Кемінде 1,90м

3. Кемінде 2,0м

4. Кемінде 1,85

5. Кемінде 1,80м
23 сұрақ

Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарда бір эвакуациялық шығу (есік) көздеуге жол беріледі ([39], 4.5.4-т.):

1. Жұмыс істейтін адамдар саны 50 адамнан аспайтын кезде жалпы ауданы 300 м2 бір қабатты ғимараттан

2. Жұмыс істейтін адамдар саны 50 адамнан аспайтын кезде жалпы ауданы 400 м2 бір қабатты ғимараттан

3. Жұмыс істейтін адамдар саны 50 адамнан аспайтын кезде жалпы ауданы 500 м2 бір қабатты ғимараттан

4. Жұмыс істейтін адамдар саны 70 адамнан аспайтын кезде жалпы ауданы 300 м2 бір қабатты ғимараттан

5. Жұмыс істейтін адамдар саны 60 адамнан аспайтын кезде жалпы ауданы 300 м2 бір қабатты ғимараттан
24 сұрақ

Тұрмыстық ғимараттар мен үй-жайларда жартылай себізгілерді орнатқан кезде себізгі торын орнату деңгейі еден үстінен қанша құрауы керек?([39], 5.2.18-т.):

1. 1,3м

2. 1,2м


3. 1,1м

4. 1,0м


5.1,4м
25 сұрақ

Тұрмыстық ғимараттар мен үй-жайларда жартылай себізгілерді орнату кезінде су қабылдау тостағаны деңгейі еден үстінен қанша құрауы керек? ([39], 5.2.18-т.):

1. 0,75м

2. 0,50м


3. 0,30м

4. 0,25м


5. 0,60м
26 сұрақ

Кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің тізімдік саны қанша болғанда фельдшерлік денсаулық сақтау пунктері көзделуі керек?([39], 5.3.6-т.)

1. 300 адамнан астам

2. 250 адамнан астам

3. 200 адамнан астам

4. 400 адамнан астам

5. 350 адамнан астам
27 сұрақ

Өндірістік ғимараттардың денсаулық сақтау үй-жайларында тренажерлік залдарға арналған жабдықтардың бір бірлігіне аудан нормасы қабылдануы тиіс ([39], 5.3.23-т.):

1. 4,5м2

2. 4,0м2


3. 5,0м2

4. 5,5м2


5. 6,0м2
28 сұрақ

Әртүрлі кәсіпорындардың әкімшілік ғимараттарында қызметкерлердің тізімдік саны 3000-нан 5000 адамды қоса алғанған дейін болған кезде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі үй-жайының ауданы қанша болуы керек? ([39], 6.4.1-т.):

1. 72м2

2. 45м2


3. 100м2

4. 65м2


5. 24м2
29 сұрақ

Әртүрлі кәсіпорындардың әкімшілік ғимараттарында қызметкерлердің тізімдік саны 20000 адамды қоса алғанған дейін болған кезде еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі үй-жайының ауданы қанша болуы керек? ([39], 6.4.1-т.):

1. 200м2

2. 150м2


3. 100м2

4. 75м2


5. 45м2
30 сұрақ

Бір бүйірден жарықтандырылған кезде ортақ дәліздердің ұзындығы қаншадан аспауы керек: ([40], 3.15-т.)

1. 24 м

2. 48 м


3. 16 м

4. 20 м


5. 32 м
31 сұрақ

Бір бүйірден жарықтандырылған кезде ортақ дәліздердің ұзындығы қаншадан аспауы керек: ([40], 3.15-т.)

1. 24 м

2. 48 м


3. 16 м

4. 20 м


5. 32 м
32 сұрақ

Қарттар мен мүгедектерге арналған мамандандырылған тұрғын үйлерде жерүсті қабатының саны қанша болған кезде қоқыс құбырларын орнату көзделуі қажет? ([40], 3.48-т.)

1. 3 және тиісінше 2

2. 3 қабаттан астам

3. 5 және тиісінше 4қабат

4. 5 және одан астам қабат

5. 4 және тиісінше 3 қабат
33 сұрақ

Қоқыс құбарлары жерүсті қабаттары саны қанша көппәтерлі тұрғын ғимараттарда көзделуі тиіс? ([40], 3.48-т.)

1. 4және одан астам

2. 5 және одан астам

3. Нормаланбайды

4. 6-дан астам

5. 7-ден астам
34 сұрақ

Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үйдегі жатын бөлменің ең аз ауданы ([40], 1-қосымша)

1. 9 м2

2. 12 м2

3. 10 м2

4. 11 м2

5. 8 м2
35 сұрақ

Мемлекеттік тұрғын-жайда ас үйдің ең аз ауданы ([40], 1-қосымша)

1. 5 м2

2. 7 м2


3. 10 м2

4. 9 м2


5. 4 м2
36 сұрақ

Баспалдақ торын желдетуге арналған әрбір қабаттағы ашылатын фрамугалар ауданы қанша болуға тиіс? ([40], 3.18-т.)

1. Кемінде 1,2 м2

2. Кемінде 1,4 м2

3. Кемінде 1,6 м2

4. Кемінде 1,8 м2

5. Кемінде 2 м2
37 сұрақ

Сыртқы шудың (жұмыс істеп тұрған инженерлік жабдықтан, магистральдардағы немесе көшелердегі шу көздерінен) жол берілетін деңгейлері ([40], 3.20-т.)

1. Белгіленген деңгейлерден аспауы және фондық мәннен 2 дБА артық болмауыкерек

2. Белгіленген деңгейлерден аспауы және фондық мәннен 2,5 дБА артық болмауы керек

3. Белгіленген деңгейлерден аспауы және фондық мәннен 3 дБА артық болмауы керек

4. Белгіленген деңгейлерден аспауы және фондық мәннен 1,5 дБА артық болмауы керек

5. Белгіленген деңгейлерден аспауы және фондық мәннен 2,2 дБА артық болмауы керек
38 сұрақ

Қарттар мен мүгедектерге арналған мамандандырылған үйлер жерүсті қабатының саны қанша болған кезде лифтілермен жабдықталады? ([40], 3.45-т.)

1. 2 қабат

2. 3 қабат

3. 4 қабат

4. 5 қабат

5. 6 қабат
39 сұрақ

Жүк көтергіштігі 400 (320) кг лифтілер бір қатарға орналасқан кезде, лифті холының ені қанша болуы керек? ([40], 3.46-т.)

1. Кемінде 1,2 метр

2. Кемінде 1,3 метр

3. Кемінде 1,4 метр

4. Кемінде 1,5 метр

5. Кемінде 1,6 метр

40 сұрақ

Кресло-арбаны пайдаланатын мүгедек мүшелері бар отбасыларына арналған пәтерлердегі ас үйдің ауданы пәтердегі тұрғын бөлмелердің санына қарамастан, қанша болып қабылдануы тиіс? ([40], 4.7-т.)

1. Кемінде9 м2

2. Кемінде 7 м2

3. Кемінде8 м2

4. Кемінде10 м2

5. Кемінде11 м2


41 сұрақ

Қарттарға және кресло-арбаны пайдаланатын мүгедек мүшелері бар отбасыларына арналған пәтердерде есіктер (оның ішінде жазғы үй-жайларға шығу) жобалануы тиіс ([40], 4.10-т.)

1. Ені кемінде 0,9 метр және табалдырықсыз немесе биіктігі 2,5 сантиметрден аспайтын табалдырықтармен (шеті жұмырланған)

2. Ені кемінде 1 метр және табалдырықтарсыз

3. Ені кемінде 0,9 метр және табалдырықсыз немесе биіктігі 3 сантиметрден аспайтын табалдырықтармен (шеті жұмырланған)

4. Ені кемінде 1,2 метр және биіктігі 2,5 сантиметрден аспайтын табалдырықтармен (шеті жұмырланған)

5. Ені кемінде 0,8 метр және табалдырықсыз немесе биіктігі 2 сантиметрден аспайтын табалдырықтармен (шеті жұмырланған)
42 сұрақ

Үй-жайдың ауданын олардың қабырғалары мен арақабырғаларының ішкі жекелеген беттерінің арасында өлшенетін мөлшері бойынша айқындаған кезде не орналасқан аудан қосылмайды? ([40], 2-қосымша, 2-т.)

1. Пеш

2. Биіктігі 1,8 м кіріктіре салынған шкафтар



3. Биіктігі 1,9 м кіріктіре салынған шкафтар

4. Биіктігі 1,6 м баспалдақ беттері

5. Биіктігі 1,7 м еңіс сыртқы қабырғалар
43 сұрақ

Тұрғын ғимараттарға кіріктіре салынған қоғамдық мақсаттағы үй-жайда жүк тиеуіштер орындалуытиіс ([41], 4.1.7-т.)

1.Тұрғын ғимараттардың терезелері жоқ бүйір жақтарынан, жерасты туннелдерінен, магистральдар (көшелер) жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған кезде ғана

2.Тұрғын ғимараттардың терезелері жоқ бүйір жақтарынан, жерасты туннелдерінен, магистральдар (көшелер) жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған кезде ғана, тұрғын ғимараттардың ауласы жағынан

3.Тұрғын ғимараттардың бүйір жақтарынан, магистральдар (көшелер) жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған кезде ғана, тұрғын ғимараттардың ауласы жағынан

4. Жерасты туннелдерінен, магистральдар (көшелер) жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған кезде ғана, тұрғын ғимараттардың ауласы жағынан

5.Тұрғын ғимараттардың бүйір жақтарынан, жерасты туннелдерінен, магистральдар (көшелер) жағынан, арнайы жүк тиейтін үй-жайлар болған кезде ғана
44 сұрақ

Тұрғын ғимараттардың іргелес және жертөлелік қабаттарында балалардың тоқтауы үшін үй-жайды пайдалануға рұқсат беру тәртібі ([41], 4.1.6-т.)

1. Рұқсат етілмейді

2. Рұқсат етіледі

3. Арнайы кіру жабдықталған кезде рұқсат етіледі

4. Арнайы үй-жайлар жабдықталған кезде рұқсат етіледі

5. Сәулет және қала құрылысының жергілікті органдарынан рұқсат алған кезде жол беріледі
45 сұрақ

Кабинаның тереңдігі 2100 мм болған кезде жүк көтергіштігі 630 кг лифтілердің алдындағы алаң ені кемінде қанша болуға тиіс ([41], 4.2.2-т.)

1. 2,1 м

2. 1, 2 м

3. 2,0 м

4. 1,5 м


5. 1,8 м
46 сұрақ

Кабиналарының тереңдігі 2100мм аз лифтілер екі қатарға орналасқан кезде лифті холының ені кемінде қанша болуы керек? ([41], 4.2.2-т.)

1. 1,8 м

2. 2,5 м


3. 2,0 м

4. 1,5 м


5. 2,1 м
47 сұрақ

Кезекшіге (консьержге) арналған үй-жайлардың құрамына қандай үй-жайлар кіреді? ([41], 5.4.4-т.)

1. Ауданы кемінде 3,5м2 жұмыс үй-жайы және санитарлық торап

2. Ауданы кемінде 3,5м2 жатын орын орналастырылған жұмыс үй-жайы және санитарлық торап

3. Ауданы кемінде 4,5м2 жұмыс үй-жайы және санитарлық торап

4. Ауданы кемінде 4м2 жұмыс үй-жайы және санитарлық торап

5. Ауданы кемінде 4,5 м2 жатын орын орналастырылған жұмыс үй-жайы және санитарлық торап
48 сұрақ

Біріктірілген санитарлық тораптың ең тар ені ([41], 5.5.11-т.)

1. 1,7 м

2. 2,0 м


3. 1,8 м

4. 1,5 м


5. Нормаланбайды
49 сұрақ

Дәретхананың ені кемінде ([41], 5.5.11-т.)

1. 0,8 м

2. 1,0 м


3. 1,1 м

4. 0,95 м

5. 1,2 м
50 сұрақ

Инженерлік желілерді тартуға ғана арналған техникалық қабаттардан авариялық шығулар саны ([41], 7.4.5-т.)

1. Техникалық қабаттың ауданы 300 м2 дейін болған кезде бір шығу көздеуге жол беріледі, ал кейінгі толық және толық емес 2000 м2 ауданға кемінде тағы бір шығу көзделуі тиіс

2. Кемінде 2 авариялық шығу орнату талап етіледі

3. Техникалық қабаттың ауданы 500 м2 дейін болған кезде бір шығу көздеуге жол беріледі, ал кейінгі толық және толық емес 1000 м2 ауданға кемінде тағы бір шығу көзделуі тиіс

4. Бір авариялық шығу орнатуға жол беріледі

5. Техникалық қабаттың ауданы 300 м2 дейін болған кезде бір шығу көздеуге жол беріледі, ал кейінгі толық және толық емес 500 м2 ауданға кемінде тағы бір шығу көзделуі тиіс
51 сұрақ

Секциялық үйлерде баспалдақ марштарының ені кемінде қанша болуы керек? ([41], 8.2-т., 4-кесте)

1. 1,0,5 м

2. 1,1 м


3. 1,2 м

4. 1,15 м

5. 0,9 м
52 сұрақ

Тұрғын ғимараттың ауданы айқындалады ([41], 1-қосымша, 7-т.)

1. Ғимараттың барлық тұрғын үй-жайларының және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының, сондай-ақ тұрғын ғимараттың ортақ мүлік болып табылатын бөліктерінің пайдалы аудандарыжиынтығы

2. Барлық пәтерлердің, сондай-ақ тұрғын ғимараттың ортақ мүлік болып табылатын бөліктерінің жалпы аудандары жиынтығы

3. Барлық пәтерлердің, сондай-ақ тұрғын ғимараттың ортақ мүлік болып табылатын бөліктерінің пайдалы аудандары жиынтығы

4. Барлық пәтерлердің жалпы аудандары жиынтығы

5. Ғимараттың барлық тұрғын үй-жайларының және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының, сондай-ақ тұрғын ғимараттың ортақ мүлік болып табылатын бөліктерінің аудандары жиынтығы
53 сұрақ

Тұрғын ғимараттың құрылыс көлемі ([41], 1-қосымша, 6-т.)

1. Сыртқы беттерді шектейтін шектерде, қоршау конструкцияларын қосумен, шығыңқы сәулет бөлшектерін және конструктивтік элементтерді, күнқағарларды, портиктерді, терассаларды, балкондарды, жүру жолы көлемдері мен ғимарат астындағы тіреулердегі кеңістіктерді (таза күйінде), еден асты арналарын қосусыз.

2. Шығыңқы сәулет бөлшектерін және конструктивтік элементтерді, күнқағарларды, портиктерді, терассаларды, балкондарды, жүру жолы көлемдері мен ғимарат астындағы тіреулердегі кеңістіктерді (таза күйінде), еден асты арналарын қосусыз, қабырғалардың сыртқы айналысы бойынша қабаттың көлденең қимасы ауданын ғимараттың биіктігіне көбейтумен

3. Сыртқы беттерді шектейтін шектерде қоршау конструкцияларын, жарық фонарларын және таза еден белгісінен бастап басқа қондырмаларды қосумен.

4.  0,000 (жерүсті бөлігі) белгісінен жоғары және белгіден төмен (жерасты бөлігі) құрылыс көлемінің жиынтығы ретінде

5. Сыртқы беттерді шектейтін шектерде қоршау конструкцияларын қосумен
54 сұрақ

Жарық саңылаулары ауданының тұрғын үй-жайлардың едендері ауданына қатысы қаншадан асырмай қабылдануы тиіс ([41], 9.6-т.)

1. 1:5,5

2. 1:3,5


3. 1:4,5

4. 1:6,5


5. 1:7,5
55 сұрақ

Ғимаратқа кіру орындарында көлденең беттер үшін жарықтандырылу болуы керек ([41], 9.8-т.)

1. кемінде 6 лк

2. кемінде 5 лк

3. кемінде 7 лк

4. кемінде 8 лк

5. кемінде 9 лк
56 сұрақ

Пәтер ішінде өрт сөндіруге арналған шлангтің ұзындығы болуы керек([41], 11.1.2-т.)

1. кемінде 15 м

2. кемінде 11 м

3. кемінде 13 м

4. кемінде 18 м

5. кемінде 20 м
57 сұрақ

Өртке қарсы қабырғаларда өртке қарсы қабырғаның қиылысу орындарын өңдеудің отқа төзімділік шегі қанша болатындай етіп желдету және түтін арналарын орнатуға жол беріледі ([41], 7.2.16-т.)

1. кемінде 2.5 сағ.

2. кемінде 1.0 сағ.

3. кемінде 1,5 сағ.

4. кемінде 2.0 сағ.

5. кемінде 3.0 сағ.
58 сұрақ

Абоненттік пошта жәшіктері шкафтары қандай биіктіктегі қуыстарға орнатылады ([41], 5.4.7-т.)

1. еденнен кемінде 0,6м

2. еденнен кемінде 0,5м

3. еденнен кемінде 0,7 м

4. еденнен кемінде 0,8м

5. еденнен кемінде 0.9 м
59 сұрақ

Пәтердің жалпы ауданын есептеу кезінде верандалар үшін қандай төмендету көэффиценттер қабылданады? ([41], 1-қосымша, 9-т.)

1. 0,8

2. 0,3


3. 0,4

4. 0,5


5. 0,7
60 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға кіре берісте үй-жайдың еден белгісінің кіре берістің алдындағы тротуар белгісінен асуы([42], 4.8-т.)

1. Кемінде 0,15 м.

2. Кемінде 0,2 м

3. Кемінде 0,1 м.

4. Нормаланбайды

5. Жол берілмейді
61 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда отқа төзімділігі І, ІІ дәрежелі МБМ ғимаратының жол берілетін қабаттылығы ([42], 4.18-т., 5-т.)

1. 2,3

2. 1


3. Нормаланбайды

4. 1,2


5. 4
62 сұрақ

Адамдар ең көп болатын қабатта қоғамдық ғимараттарда баспалдақ маршының ең тар ені 200 адамнан астам, сондай-ақ клубтардың, кинотеатрлардың, емдеу мекемелерінің ғимараттарында адам санына қарамастан оның ені қанша болуы керек? ([42], 4.97-т.)

1. Кемінде 1,35 м

2. Кемінде 0,9 м

3. Нормаланбайды

4. Кемінде 1,2 м

5. Кемінде 1,1 м
63 сұрақ

Оқушылар саны 15 адамнан асатын оқу үй-жайларында есіктердің ең тар ені ([42], 4.108-т.):

1. Кемінде 0,9 м

2. Кемінде 1,2 м

3. Нормаланбайды

4. Кемінде 1,35 м.

5. Кемінде 1,1 м

64 сұрақ

Балаларға арналған сауықтыру және жоғары сынып оқушыларына арналған сауықтыру лагерлерінде тұрғын бөлмелердің ауданы кемінде ([42], 5.16-т., 17-кесте):

1. Кемінде 6 м2

2. Кемінде 7 м2

3. Кемінде 9 м2

4. Жиһаз бен жабдықты орналастыруға қарай.

5. Кемінде 10 м2


65 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда (ашық спорттық құрылыстардан басқа) адамдардың тұрақты болатын ең қашық орындарынан әжетханаларға дейінгі ең алыс арақашықтық ([42], 5.30-т.):

1. 75 м артық емес

2. Нормаланбайды.

3. 60 м артық емес

4. 50 м артық емес

5. 90 артық емес
66 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда бұрылуға арналған алаңның ені баспалдақ маршының немесе пандустың енімен бірдей болуы керек және көлдең учаскеде оның тереңдігі қанша болуы керек? ([42], 4.6-т.)

1. Кемінде 1,5 м

2. Кемінде 2,1 м

3. Кемінде 1,8 м

4. Кемінде 1,4 м

5. Кемінде 1,2 м
67 сұрақ

Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарда пандустардың таяныштары тұтқасының биіктігі нешеге тең болуы керек? ([42], 7.20-т.)

1. 0,7 және 0,9 м

2. 0,6 және 0,8 м

3. 0,7 м

4. 0,8 м


5. 0,9 м
68 сұрақ

Әрбір топтық ұяшықтан, қыдырыстау верандасынан, ашық терассадан және әрбір пайданалатын шатырдан әр жерге бөлінген неше эвакуациялық шығулар болуы керек? ([42], 5.4-т.)

1. Кемінде 2

2. Кемінде 3

3. 1-ден артық емес

4. 2-ден артық емес

5. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша
69 сұрақ

Санаторийлер ғимаратының биіктігі неше қабатқа жобалануы тиіс? ([42], 4.34-т.)



  1. 9-дан аспайтын

  2. Кемінде 3

  3. 5-тен асырмай

  4. Кемінде 7

  5. Кемінде 10

70 сұрақ

Білім беру үй-жайларының әуеден жылыту жүйелерінде ауаны рециркуляциялау қай уақытта ғана жүргізіледі?([42], 6.15-т.)


  1. Жұмысуақытынан тыс мезгілде

  2. Мереке күндері

  3. Жұмыс уақытында

  4. Түнгі уақытта

  5. Жол берілмейді

71 сұрақ

Орталықтандырылған кітапханалық жүйенің бұқаралық кітапханаларында жалпы оқу залының ауданы бір оқырман орнына қаншадан қабылдануы тиіс? ([42], 5.26-т.)

1. Кемінде 2,4 м2

2. Кемінде 2 м2

3. 3,2 м2 артық емес

4. Кемінде 4 м2

5. Кемінде 4,2 м2


72 сұрақ

Ғимараттың қоршау конструкцияларының жарық өткізгіш беттері ауданы қабырғаның жалпы ауданынан қанша пайыз аспауы тиіс? ([42], 9.3-т.)

1. 25%

2. 22%


3. 30%

4. 20%


5. 18%
73 сұрақ

Құрама элементтер жігінің бірігуі мен көпқабатты конструкциялардың нені қабылдайтыны ескерілуі керек? ([42], 10.5-т.)

1.Температуралық деформациялар мен негіздің әркелкі шөгуі және басқа пайдалану әсерінен туындайтын мен күш түсулер.

2. Металл мен ортаның физикалық-химиялық өзара әсерлесуі, нәтижесінде металдың қасиеті өзгеріп, металдың, ортаның немесе олардан тұратын техникалық жүйенің функционалдық сипаттамаларының нашарлауы орын алуы.

3. Ғимарат пен құрылыстың оған жақын орналасқан инженерлік желілермен және жобада қабылданған өнім шығаруды немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін жалпыалаңдық материалдармен жиынтығы.

4. Уақытша және динамикалық жүктемелер.

5. Ең қауырт айдағы қозғалыстың тәуліктік қарқыны.
74 сұрақ

Жарық дабылдарының жылтылдау жиілігі болуы керек... ([42], 7.27-т.)

1. 5 Гц

2. 4 Гц


3. 3 Гц

4. 6 Гц


5. 2 Гц
75 сұрақ

Биіктігі 9 қабат және одан жоғары ғимараттарда қасбетті жөндеу және тазалауқауіпсіздігі үшін нені бекіту мүмкіндігі көзделуі тиіс? ([42], 8.10-т.)

1. Электр сымды құрылыс арбаларын

2. Құрылыстың көтеру крандарын

3. Құрылыстың қасбеттік кронштейндерін

4. Құрылыс металл конструкцияларын

5. Құрылыс ағаштарын
76 сұрақ

Жобалау нормалары бойынша биік ғимараттарды қалай анықтау керек? ([43], кіріспе)

1. Биіктігі 75 м астам сейсмикалық қауіпті аудандарда емес

2. Биіктігі 60 м астам сейсмикалық қауіпті аудандарда емес

3. Биіктігі 22 қабаттан астам сейсмикалық қауіпті аудандарда емес

4. Биіктігі 25 қабаттан астам сейсмикалық қауіпті аудандарда емес

5. Биіктігі 20 қабаттан астам сейсмикалық қауіпті аудандарда емес
77 сұрақ

Биік ғимараттардағы баспалдақ маршының ені ([43], 5.2.13-т.)

1. Тұрғын аумақта кемінде 1,2 м, қоғамдық аумақта кемінде 1,35 м

2. Тұрғын және қоғамдық аумақта кемінде 1,2 м

3. Тұрғын аумақта кемінде 1,0 м, қоғамдық аумақта кемінде 1,2 м

4. Тұрғын аумақта кемінде 1,1 м, қоғамдық аумақта кемінде 1,5 м

5. Тұрғын аумақта кемінде 1,35 м, қоғамдық аумақта кемінде 1,5 м
78 сұрақ

Түрлі мақсаттағы үй-жайдың биіктігі ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001, ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 сәйкес анықталады, [41]. Тұрғын үй-жайларда төбеден еденге дейінгі биіктік кемінде қанша болуы керек? ([43] 5.2.7-т.):

1. 2,7м

2. 2,5м


3. 2,2м

4. 3,0м


5. 3,2м

79 сұрақ

Биік ғимараттардың вестибюльдер ауданы ([43], 5.2.5-т.)

1. Қоғамдық мақсаттағы ғимараттарда лифтіні күту уақыты 30-35 сек., тұрғын ғимараттарда және қонақ үйлерде 60-80 сек. болған кезде, қарбалас уақытта адамдардың көп жиналуы есебінен айқындалады

2. Кемінде 20 м2

3. Кемінде 30 м2

4. Жобалауға тапсырмамен айқындалады

5. Кемінде 18 м2

80 сұрақ

ҚР ҚНжЕ 3.02-16-2003 4.3.1сәйкес ең жақын қоқыс құбырының тиеу қақпақшасына дейінгі арақашықтық қаншадан аспауы керек? ([43] 12.2-т.)

1. Тұрғын бөліктерде пәтердің есігінен -25м.

Қоғамдық аймақтарда (жұмыс үй-жайларынан)-50м

2. Тұрғын бөліктерде пәтердің есігінен -20 м.

Қоғамдық аймақтарда (жұмыс үй-жайларынан)-40м

3. Тұрғын бөліктерде пәтердің есігінен -35 м.

Қоғамдық аймақтарда (жұмыс үй-жайларынан)- 70м

4. Тұрғын бөліктерде пәтердің есігінен -40 м.

Қоғамдық аймақтарда (жұмыс үй-жайларынан)- 80м

5. Тұрғын бөліктерде пәтердің есігінен -15 м.

Қоғамдық аймақтарда (жұмыс үй-жайларынан)– 30м


81 сұрақ

Жасанды жарықтандыру көрсеткіштері ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 қабылдануы тиіс, [65]. Шырақтарды сақтау және жөндеу үшін ғимаратта әрбір 1000 шыраққа 10м² есебінен, бірақ кемінде қанша болатын жеке үй-жай көзделуі керек? ([43] 13.13-т.)

1. 15м²

2. 10м²


3. 20м²

4. 25м²


5. 30м²
81 сұрақ

Экранның элементтері арасында ашық көлденең жіктер бір бірінен тігінен 2 метрден аспайтын арақашықтықта болатын қасбеттік жүйелерде, ауа саңылауының бос биіктігі қаншаға шектелуі керек? ([43] 10.5-т.)

1. 15мм

2. Шектелуі тиіс емес



3. 10мм

4. 20мм


5. 25мм
83 сұрақ

Тұрғындарға тиесілі жеңіл автомобильдерді қою орнының талап етілетін саны қалай анықталады? [22]([43] 5.2.19-т.)

1. 1000 адамға кемінде 450 машина-орын

2. 1000 адамға кемінде 500 машина-орын

3. Нормаланбайды

4. Жалпы ауданға қарай

5. 1000 адамға кемінде 400 машина-орын
84 сұрақ

Жарық өткізгіш қоршауларды қолдануға техникалық-экономикалық негіздеме қандай жағдайда талап етіледі? ([43] 8.10-т.)

1. Жарық өткізгіш қоршаулардың ауданы сыртқы қоршаулар ауданының 50% астамын құрайтын кезде

2. Жарық өткізгіш қоршаулардың ауданы сыртқы қоршаулар ауданының 30% астамын құрайтын кезде

3. Техникалық-экономикалық негіздемелер талап етілмейді

4. Жарық өткізгіш қоршаулардың ауданы сыртқы қоршаулар ауданының 40% астамын құрайтын кезде

5. Жарық өткізгіш қоршаулардың ауданы сыртқы қоршаулар ауданының 60% астамын құрайтын
85 сұрақ

Биік ғимараттардың периметрі бойында қандай биіктіктегі кез келген үй-жайға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы арнайы техниканы орнатуға арналған алаңдар көзделуі керек? ([43] 15.2.6-т.):

1. 50м дейінгі

2. 40 м дейінгі

3. Ғимараттың кез келген биіктігіндегі

4. 40 м астам

5. 50 м астам
86 сұрақ

Қонақ үйлердің қызметтік және әкімшілік үй-жайларын жертөлелерде және жерасты қабаттарында орналастыруға жол беріле ме? ([44], 4.2.5-т.)

1. Инженерлік құрылғылардың көмегімен табиғи жарықтандыруды қамтамасыз ету талабымен жол берледі

2. Жол беріледі

3. Жол берілмейді

4. Жарықпен үнемі қамтамасыз ету талабымен жол беріледі

5. Үнемі адамдар болатын үй-жайлар үшін жол берілмейді
87 сұрақ

Көпқабатты ғимараттар тігінен өрт сөндіру бөліктеріне бөлінуі тиіс, бұл ретте осындай бөліктің биіктігі қаншадан аспауы тиіс? ([44], 10.9-т.)

1. 30 қабаттан

2. 35 қабаттан

3. 40 қабаттан

4. 20 қабаттан

5. 45 қабаттан
88 сұрақ

Өртке қарсы есіктердің отқа төзімділігі шегі қанша болуға тиіс? ([44], 10.10-т.)

1. Кемінде 1 сағ.

2. Кемінде 0,5 сағ.

3. Кемінде 2 сағ.

4. Кемінде 2,5 сағ.

5. Кемінде 1,5 сағ.
89 сұрақ

Қонақ үйлердің пайдаланылатын шатырларында бір мезгілде сыйымдылығы қанша болатын жазғы мейрамханалар, дәмханалар, қарау орындары мен қыдырыстау алаңдарын орналастырған кезде, кемінде 2 эвакуациялық шығу көзделуі керек?([44], 10.21-т.)

1. 50 адамнан астам

2. 30 адамнан астам

3. 100 адамнан астам

4. 75 адамнан астам

5. 150 адамнан астам
90 сұрақ

Бір мезгілде 500-ден астам адамның келіп-кетуіне есептелген кіріктіре салынған үй-жайлар қолданылу мақсатына қарамастан, басқа үй-жайлардан отқа төзімділігі шегі қанша болатын өртке қарсы қабырғалармен және аражабындармен бөлінуі керек? ([44], 10.22-т.)

1. Кемінде 3 сағ.

2. Кемінде 2 сағ.

3. Кемінде 1 сағ.

4. Кемінде 2,5 сағ.

5. Кемінде 1,5 сағ.
91 сұрақ

Коммуникациялық шахталарда және қуыстарда орналаспаған құбырлардың (оның ішінде шаңнан тазарту және қоқыс алу құбырларының) төзімділік шегі ([44], 10.26-т.)

1. Кемінде 1 сағ.

2. Кемінде 0,75 сағ.

3. Кемінде 1,75 сағ.

4. Кемінде 1,50 сағ.

5. Кемінде 2 сағ.
92 сұрақ

Ғимарат пәтерлерінің құрамы мен ауданының пайыздық ара қатынасы неге сәйкес қабылдануы тиіс? ( [45], 4.2.14-т.)

1. Жобалауға тапсырмаға

2. ҚНжЕ


3. МЕМСТ

4. БНжБ


5. Сәулет және тұрғын үй саясатына
93 сұрақ

Көп функционалды ғимараттар мен кешендердің биіктігі мен үй-жайларының биіктігі неге сәйкес айқындалады (жобалауға тапсырмада) ([45], 4.2.15-т.):

1. Пайдалану қажеттілігіне

2. Заманауи үрдістерге

3. Жоба дизайнына

4. Мердігердің мүмкіншіліктеріне

5. Жергілікті атқарушы органға
94 сұрақ

Қала құрылысы жобаларының негізгі түрлеріне жатпайды ( [23], 4.1.3.1.2-т.)

1. тұрғын кешендердің бас жоспарлары

2. елді мекендерді бас жоспарлары

3. қайта жоспарлау жобалары

4. құрылыс салу жобалары

5. Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы
95 сұрақ

Өндірістік ғимараттарды жобалаған кезде мына талаптардың орындалуы есепке алынбайды ([46] 4.2-т.)

1. елді мекендердің бас жоспарлары;

2. механикалық берктік және орнықтылық;

3. өрт туындаған жағдайдағы қауіпсіздік

4. гигиена, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау;

5. пайдаланудағы қауіпсіздік.
96 сұрақ

Отқа төзімділігі IV дәрежелі С2 сыныптағы бір қабатты ғимараттарда орналастыруға жол беріледі ([46] 6.4-т.):

1. жалпы ауданы 300 м2 аспайтын А және Б санаттарды;

2. жалпы ауданы 300 м2 астам А және Б санаттарды;

3. жалпы ауданы 250 м2 аспайтын А және Б санаттарды;

4. жалпы ауданы 100 м2 аспайтын А және Б санаттарды;

5. жалпы ауданы 150 м2 аспайтын А және Б санаттарды.
97 сұрақ

Отқа төзімділігі IV дәрежелі өрт қауіпі С2 және С3 сыныптағы бір қабатты мобильді ғимараттарды жобалаға жол беріледі ([46] 6.4-т.):

1. 75 м2 асырмай

2. Кемінде 75 м2

3. 55 м2 асырмай

4. 70 м2 асырмай

5. 65 м2 асырмай
98 сұрақ

Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған жұмыс істейтін мүгедектер болған кезде өндірістік ғимараттардың эвакуацияға жолдарында баспалдақтардың еңістігі қанша болуы керек? ([46] 6.29-т.)

1. 1:2 артық емес;

2. кемінде 1:2;

3. 1:1,5 артық емес;

4. 1:1,2 артық емес;

5. 1:1,75 артық емес.
99 сұрақ

Өндірістік ғимараттардың тұрақты жұмыс орындарынсыз және А және Б санаттағы үй-жайға қызмет көретуге арналған инженерлік жабдықтары бар ең алыс нүктесінен арақашықтық қаншадан асауы керек? ([46] 7.1-т.)

1. 25 метр;

2. 30 метр;

3. 15 метр;

4. 35 метр;

5. 22 метр.
100 сұрақ

Өндірістік ғимараттардың өндіріс технологиясы талаптары бойынша сыртқы қабырғалардың жанына орналастырылмайтын В1-В3 санаттағы үй-жайлары бар жертөлелер өртке қарсы арақабырғалармен аумағы қанша болатын бөліктерге бөлінуі тиіс? ([46] 8.4-т.)

1. түтінді шығаруды орнатумен әрқайсы 1500м2 аспайтын;

2. түтінді шығаруды орнатумен әрқайсы 1700м2 аспайтын;

3. түтінді шығаруды орнатумен әрқайсы 1750м2 аспайтын;

4. түтінді шығаруды орнатумен әрқайсы 2000м2 аспайтын;

5. түтінді шығаруды орнатумен әрқайсы 2500м2 аспайтын.


жүктеу 20,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау