Сәулет, Қала қҰрылысы және қҰрылыс қызметі саласындағы сараптамалық ЖҰмыс және инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды сынақтан өткізу үшін тест сұРАҚтарының жинағы сборник тестовых вопросов для аттестации экспертов



жүктеу 20,96 Mb.
бет1/56
Дата09.01.2018
өлшемі20,96 Mb.
#7282
түріСборник тестов
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

Түпкілікті редакциясы

СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗЕТІН САРАПШЫЛАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ ҮШІН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
СБОРНИК ТЕСТОВЫХ ВОПРОСОВ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ ЭКСПЕРТОВ, ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИХ ЭКСПЕРТНЫЕ РАБОТЫ И ИНЖИНИРИНГОВЫЕ УСЛУГИ В СФЕРЕ АРХИТЕКТУРНОЙ, ГРАДОСТРОИТЕЛЬНОЙ И СТРОИТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

_____________________________________________________________________________

Енгізілу күні – 20ХХ-ХХ-ХХ


  1. Қолдану аясы




  1. Осы мемлекеттік норматив «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының, Қазақстан Республикасындағы қолданылатын өзге заңнамалық, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.

  2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптау жұмыстары мен инжинирнгтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттауға арналған тестілік сұрақтар жинағы бұдан әрі –Жинақ) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды тестілеуге арналған.




  1. Нормативтік сілтемелер

Осы құжатты қолдану үшін мына сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 ерекше бөлім);

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V ҚРЗ;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексі

2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ;

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңы;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастырын жүргізу ережесі//Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысымен бекітілген;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары//Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген;

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу және келісу қағидалары//Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген;

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау қағидалары және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісінің нысандары//Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы №1278 қаулысымен бекітілген;

Сараптамалық сүйемелдеу режимінде құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу қағидасы//Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығымен бекітілген;

Авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары//Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 342 бұйрығымен бекітілген;

Сараптама ұйымдарын аккредиттеуқағидалары//Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығымен бекітілген;

Жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеудің және берудің, сондай-ақ жаңа объектілер салуға және қазіргі бар объектілерді (ғимараттар, құрылыстар, олардың кешендерін және коммуникацияларды) өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерден өтудің қағидалары// Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 293 бұйрығымен бекітілген;

Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары//Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген;

Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидалары//Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген;

Құрылыс салудың үлгілік қағидалары// Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы наурыздағы № 238 бұйрығымен бекітілген.

ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы.

ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорын, ғимара және имарат құрылысын ұйымдастыру.

Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі және құрамы. ҚР ҚН 1.02-21-2007.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер. ҚР ҚН 1.01-01-2011.

Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2008.

ҚР ҚН 3.01-00-2011 Қазақстан Республикасында қала салу жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы нұсқау.

ҚР ҚНжЕ 3.01-03-2010 Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары.

ҚР ҚН 3.01-01-2011 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары.25

ҚР ҚНжЕ 3.01-02-2001 Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және салу.

МҚН МСН 4.02-02-2004 Жылу желілері.

ҚР ҚБҚ 4.04-11-2003 Жайлылығы жоғары қалалық пәтерлердің және коттедждердің электр жүктемелерін есептеу жөніндегі нұсқаулар.

ҚР ҚН 4.04-18-2003. Қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің сыртқы электрлік жарықтандыруын жобалау жөніндегі нұсқау

ҚР ҚН 4.04-13-2003 Аз қабатты үйлері бар аудандарды электрмен жабдықтау жөніндегі нұсқау.

ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004 Құрылысқа арналған инженерлік іздестірулер. Негізгі ережелер.

ҚР ҚН 1.02-18-2007 Құрылысқа арналған инженерлік-геологиялық іздестірулер. Жұмыстарды жүргізуге қойылатын техникалық талаптар.

ҚР ҚН 1.04-04-2002 Ғимараттар мен имараттардың техникалық жағдайын тексеру және бағалау.

ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 Бетон және темір бетон конструкциялар. Негізгі ережелер.

ҚН 11-101-95 Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысындағы инвестиция негіздемесін әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы.

ҚР ҚНжЕ 1.02-03-2009 Үлгі жобалық құжаттамасы.

МЕМСТ 21.101-97 Құрылысқа арналған жобалық құжаттама жүйесі. Жобалау және жұмыс құжаттамасына қойылатын негізгі талаптар.

ҚР ҚНжЕ 1.04.03-2008 Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар құрылысының ұзақтығы және құрылыстағы бітеме нормалары.

ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2009 Әкімшілік және тұрмыс ғимараттары.

ҚР ҚНжЕ 3.02-17-2001 Мемлекеттік және әлеуметтік тұрғын үй.

ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 Тұрғын ғимараттар.

ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2009 Қоғамдық ғимараттар және имараттар.

ҚР ҚН 3.02-02-2008 Көп функциялы биік ғимараттар мен кешендерді жобалау.

ҚР ҚНжЕ 3.02-13-2003 Қонақ үйлерді жобалау.

ҚР ҚН 3.02-16-2003 Магистральдық құбырларға жер бөліп беру нормалары

ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 Өндірістік ғимараттар.

МҚҚ 5.01-102-2002 Ғимараттар мен имараттардың негізін және іргетасын жобалау және орнату.

ҚР ҚНжЕ 5.02-02-2010 Тас және арматура-тас конструкциялар.

ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс. жобалау нормалары.

ҚР ҚНжЕ 5.04-23-2002 Болат конструкциялар. жобалау нормалары.50

ҚНжЕ 2.03.06-85 Алюминий конструкциялар.

ҚНжЕ II-25-80 Ағаш конструкциялар.

ҚР ҚН 5.06-11-2004 Гипсокартондық беттер пайдаланылған қоршау конструкциялары.

ҚР ҚН 5.06-19-2012 Әуе саңылаулары бараспалы қасбеттерді жобалау және монтаждау.

ҚР ҚН 4.02-04-2003 Жылу желілері. Индустриалды өндірістің пенополиуретанды оқшаулауы бар болат құбыларын арнасыз тарту желілерінің құрылысы және жобалау.

ҚР ҚН 4.02-17-2005 Жылу пунктерін жобалау.

ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту желдету және кондиционерлеу.

ҚР ҚН 4.03-01-2011 Газ тарату жүйесі.

ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 Қазандық қондырғылары.

ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 Ішкі су құбыры және ғимараттың кәрізі.

ҚР ҚН 4.01-03-2011 Су бұру. Сыртқы желілер және құрылыстар.

ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар және имараттар.

ВҚН 116-93 Желілік-кәбілдік байланыс имараттарын жобалау жөніндегі нұсқаулық.

ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы64

ҚР ҚН 4.04-23-2004 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың электр жабдықтары. Жобалау нормалары.

ҚР ЭҚЕ 2013 Электр қондырғыларын орнату қағидалары.

ҚР ҚН 3.02-09-2001 Дизельдік электр станцияларын (ДЭС) технологиялық жобалау нормалары.

ҚР ҚНжЕ 2.04-05-2002 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

МЕМСТ 21.408-93 Құрылысқа арналған жобалық құжаттамалары жүйесі. Жұмыс құжаттамаларын орындау ережелері. Технологиялық процестерді автоматтандыру.

ҚР ҚБҚ 4.04-191-2002 Қалалық және поселкелік электр желілерін жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

ҚР ҚБҚ 4.04-185-2003 Қазақстан Республикасының ауылдық электр желілерін технологиялық жобалау нормалары.

МЕМСТ 21.513-83 Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманың жүйесі. Ғимараттар мен имараттардың құрылымдарын тоттанудан қорғау.

МЕМСТ 21.402-83 Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманың жүйесі. Технологиялық аппараттарды, газ жолдарын және құбырларды тоттанудан қорғау.

ҚР СТ МСТР 51693-2003 Тот басуға қарсы астарламалар. Жалпы техникалық шарттар.

ҚР ҚНжЕ 3.05-01-2010 Магистральдық құбырлар.

ҚР ҚН 2.04-29-2005 Ғимараттар мен имараттарды найзағайдан қорғау құрылғысы бойынша нұқсаулық.  

ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 Жалпы білім беру мекемелері.

ҚР ҚН 3.02-01-2007 Интернаттық ұйымдардың ғимараты.

ҚНжЕ құрал 2.04.09-84 Өрт автоматикасы құрылғыларын жобалау, монтаждау және пайдалануға қабылдау жөніндегі құрал.

МЕМСТ 27331-87 Өрт техникасы. Өрттердің жіктелуі.

ҚР ҚНжЕ 3.02-08-2010 Емдеу-сауықтыру мекемелері.

Қағидалар жиынтығы. «Техникалық жобалау. Стационарлық типтегі автожанармай құю станциялары.

Техникалық регламент.

ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-п 85 бұйрығы

ҚР Экологиялық кодексі

ҚҰЖ әзірлеу жөніндегі құрал

ҚР ҚНжЕ 3.02-05-2010 Ғимарат және имараттарға мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі.

ҚР ҚН 3.06-15-2005 Ғимараттар мен имараттарды халықтың аз әрекеттітоптарының қол жетімділігін ескере отырып жобалау. жалпы ережелер

ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004 Мектепке дейінгі мекемелер.

ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004 Жылпы білім беру мекемелері.

ҚР ҚН 3.03-01-2001 Техологиялық жобалау нормалары. Стационарлық типтегі автожанармай құю станциялары.

ҚР ҚНжЕ 5.04-18-2002 Металлконструкциялар. Жұмыстарды жүргізу және қабылдау қағидалары.

ҚР ҚНжЕ 3.03-02-2010 Метрополитендер.

ҚР ҚНжЕ 3.03-01-2001 Жолтабаны 1520 мм теміржолдар.

ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2006 Автомобиль жолдары.

ҚНжЕ 2.05.03-84 Көпірлер және құбырлар .

ҚР ҚНжЕ 3.02-07-2009 Астықты сақтау және өңдеу бойынша кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар.

ҚР ҚНжЕ 3.02-31-2005 Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар.

ҚР ҚНжЕ 5.03-37-2005 Тіреу және қоршау конструкциялары.

МЕМСТ 14098-91 Темір-бетон конструкцияларының арматурасымен орналастырлатын бұйымдарының дәнекерлеу қосылыстары

ҚР ҚНжЕ3.02-03-2003 Едендер

ҚР ҚНжЕ2.04-10-2004 Оқшаулар және әрлеу жабындары.

ҚР ҚНжЕ1.03-05-2001 Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.

ҚР ҚНжЕ4.04-10-2002 Электр техникалық құрылғылар.

ҚНжЕ 3.05.04-85Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және құрылыстары.

ҚР ҚН 4.01-22-2004 Шыны пластиктен жасалған құбырларды жерүсті және жерастытарту бойынша нұсқаулық.

ҚР ҚНжЕ4.01-05-2002 Сумен жабдықтау желілері мен пластмасса құбырлардан жасалған кәріздерді жобалау және монтаждау бойынша нұсқаулық.

Техникалық регламент «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»

ҚР ҚН 4.02-101-2002 Жобалау және құрылыс бойынша қағидалар жиынтығы. «Металл полимерлі құбырларды пайдалана отырып жылытудың құбыр жүйелерін жобалау және монтаждау

ҚНжЕ 3.05.01-85 Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер.

ҚНжЕ 3.05.03-85 Жылу желілері

ҚР ҚН 4.02-12-2002 Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандықтарына арналған технологиялық жобалау нормалары.

МҚН 4.03-01-2003 Газ тарату жүйелері.

ҚР ҚБҚ 4.03-04-2001 Газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысын салу мен реконструкциясына алдын ала қадағалау жүргізу туралы ереже.

ҚР ҚНжЕ3.02-06-2009 Шатырлар мен аражабындар

ҚР ҚНжЕ3.02-10-2010 Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың байланыс, дабыл беру және инженерлік жабдығын диспетчерлеу жүйелерін орнату.

БҚ 10-72-94 Жүргіншілер, аурухана және жүк лифттері. Қызмет етудің нормативтік мерзімін өтеген лифттердің техникалық жағдайына тексеру жүргізу бойынша әдістемелік нұсқау.

ҚР ҚНжЕ3.05-09-2002 Технологиялық жабдық және технологиялық құбырлар.


Ескертпе – осы мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын дайындалатын«Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар тізбесі», «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткіші», «Қазақстан Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар көрсеткіші»ақпараттық басылымдары бойынша және ай сайынғыға сәйкес келетін ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетендер – журналдар мен көрсеткіштер бойынша сілтемелік құжаттардың қолданылуын тексеру орынды болады. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылған болса, оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады.


  1. Бөлімдер бойынша тестілік сұрақтар

Тестілік сұрақтар жинағы нормативтік құжаттар бойынша, дұрыс жауапқа сілтемені көрсетумен жасалған. Жауаптардың нұсқалары мынандай тәртіппен берілген:

жауаптың бірінші жауабы – дұрыс;

кейінгі 4-еуі – дұрыс емес.




  1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмысжәне инжинирингтік қызметті жүргізетін сарапшыларды аттестаттауға арналған тест сұрақтары мен жауаптарының нұсқалары.


3.1. Жобалар сараптамасы. Қала құрылысы.

3.1.1. 1-нұсқа
3.1.1.1. Нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтар
1 сұрақ

Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша ([1], 651-баптың 1-тармағы:

  1. мердігер шартта белгіленген мерзімде тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгілі бір объектіні салуға немесе өзге құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырыс берушімердігерге жұмыстарды орындауға қажет жағдайларды жасауға, оның нәтижесін қабылдауға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді;

  2. бір тарап (мердігер) келесі тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижелерін тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші нәтижесін қабылдауға және ол оны (жұмыс бағасын төлеуге) міндеттенеді;

  3. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырыс беруші-азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырыс берушінің тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттене, ал тапсырыс беруші жұмыстың нәтижелерін қабылдауға және оған төлем жасауға міндеттенеді;

  4. мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) іздестіружұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші оларды қабылдауға және төлеуге міндеттенеді;

  5. мердігер (орындаушы) тапсырыс берушінің тапсырмасына негізделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ал сынау-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша – жаңа бұйымның үлгісін, оған конструкторлық құжаттама, жаңа технология әзірлеуге немесе үлгі дайындауға міндеттенеді; тапсырыс беруші мердігерге (орындаушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыстың нәтижелерін қабылдауға және оларға төлем жасауға міндеттенеді.

2 сұрақ



Шарттың түрін анықтаңыз, егер бір тарап екінші тараптың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс берушіге белгіленген мерзімде тапсыруғаміндеттенсе, ал тапсырыс беруші жұмыстың нәтижесін қабылдауға және оған төлем жасауға (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенсе ([1], 616-баптың 1-тармағы):

  1. мердігерлік шарты;

  2. жеткізу шарты;

  3. сатып алу-сату шарты;

  4. прокатқа алу шарты;

  5. лизинг шарты.

3 сұрақ



Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік қағидаларын бұзу,егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқса, ол үшін жазалау түрін атаңыз, ([2], 277-баптың 1-бөлімі):

  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. айыппұл салу;

  3. түзеу жұмыстары;

  4. бас бостандығын шектеу;

  5. белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бас бостандығынан айыру.

4 сұрақ



Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама мен мемлекеттік нормативтерді бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектер мен конструкциялардышығару мен қолдану әкімшілік жазалаудың мынадай түрлеріне әкеп соғады ([3], 312-бап):

  1. әкімшілік айыппұл және қызметтің тиісті түріне лицензиядан айырумен әкімшілік айыппұл;

  2. ескерту және әкімшілік айыппұл;

  3. арнайы құқықтан айыру және рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау;

  4. қызметті тоқтата тұру немесе қызметке тыйым салу және заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;

  5. әкімшілік айыппұл салу және әкімшілік қамаққа алу.

5 сұрақ

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңыныңқолданылуы тарайтын Қазақстан Республикасындағы рұқсаттар мен хабарламалар бір мезгілде қандай белгілерге сәйкес келуі керек? ([4], 3-баптың 1-тармағы):


  1. жауаптың барлық нұсқалары дұрыс;

  2. жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін – рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс;

  3. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады;

  4. рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады;

  5. рұқсат алу, хабарлама жіберу жөніндегі міндет: жеке және заңды тұлғаларға – жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алатын жеке тұлғаларға; жекеше кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жекеше кәсіпкерлік субъектілері сияқты сондай рұқсаттарды алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі;

6 сұрақ

«Қазақстан Ресупбликасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қандай қатынастарды реттейді?([5], Заңның кіріспесінде):


  1. Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды;

  2. тұрғын үй қатынастарын;

  3. тұрғын ғиамараттар құрылысын оларға үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын тарту есебінен салуды ұйымдастыру бойынша қызметпен байланысты қоғамдық қатынастар;

  4. мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілері арасында олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтерді жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар;

  5. тауарлық-ақшалық және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге мүліктік қатынастар.

7 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілері БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ([5], 5-бап):


  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жылжымалы мүліктері;

  2. Қазақстан Республикасының аумағы;

  3. облыстардың, аудандардың аумақтары;

  4. елді мекендердің және олардың бөліктерінің аумақтары;

  5. жылжымайтын объектілер, құрылыстардың барлық түрлерін оларға қатысты технологиялық және инженерлік жабдықтармен қоса алғанда.

8 сұрақ



Аумақтық көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жүзеге асырылады ([5], 9-1-баптың 6-тармағы):

  1. екі сатыда;

  2. үш сатыда;

  3. төрт сатыда;

  4. бес сатыда;

  5. алты сатыда.

9 сұрақ



Ведомстводан тыс кешенді сараптау жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығына кім жауапты болады?([5],64-1-баптың 9-тармағы):

  1. тапсыры беруші;

  2. бас мердігер;

  3. қосалқы мердігер;

  4. жергілікті атқарушы орган;

  5. сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік орган.

10 сұрақ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы неге БАҒЫТТАЛМАҒАН ([6], 1-баптың 1-тармағы):


  1. мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілері арасында олардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтерді жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды;

  2. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға;

  3. сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

  4. сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге;

  5. мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға.


11 сұрақ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаржы бақылау шаралары немен байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды? ([6], -баптың 11-тармағы):

  1. Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алумен;

  2. депозиттерді ашумен;

  3. екінші деңгейлі банктер алдында қаржы міндеттемелерін өтеумен;

  4. жарғылық капиталдағы үлесін және көрсетілген ұйымдардың толық банктік және өзге деректемелерін көрсетумен заңды тұлғалардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде қатысумен;

  5. кіріс және салық салу объектісі болып табылатын мүлік туралы декларация тапсырумен.


12 сұрақ

Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы міндеттерінің бірі: ([7], 3-тармақтың 1) тармақшасы):



  1. қоныстандыру жүйесінің және өндіргіш күштерді орналастырудың мемлекеттік реттелуін қамтамасыз ету;

  2. аумақты абаттандыру, көгалдандыру, инженерлік дайындау және елді мекеннің типін (рөлін) есепке алумен қажетті сервитуттар;

  3. аумаққа кешенді құрылыс салу;

  4. халықтың әлеуметтік, демографиялық және кәсіби топтарының мүдделерін есепке алу;

  5. нормативтік талаптарды (шектеулерді, шарттарды) сақтау.


13 сұрақ

Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдаған кезде ненің болуы талап етіледі? ([8], 3-тармақтың 1) тармақшасы):



  1. құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың;

  2. тапсырыс беруші мен мердігердің арасындағы шарттың;

  3. салынған объектінің техникалық паспортының;

  4. мердігердің салықтық берешегінің болмауы туралы анықтаманың;

  5. орындалған жұмыстар актісінің.


14 сұрақ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастры мынадай мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады ([9], 2-тармақ):



  1. Қазақстан Республикасыкадастрларының;

  2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің;

  3. Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттарының;

  4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаларының;

  5. құрылыс бойынша ұсыным құралдарының.


15 сұрақ

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығымен бекітілген) мынадаайқындалған ұғымдар қолданылады?([10], 2-тармақ)



  1. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында;

  2. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңында;

  3. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Республикасының Заңында;

  4. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде;

  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде.




        1. жүктеу 20,96 Mb.

          Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау