Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет195/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   245
null

«15 наурыздан бері, яки жұмысымның 
жай-жапсары бел 
гілі болған соң-ақ Қазақстан Компартия-
сы V съезі нің қарарын жүзеге асыру мақсатында жаңа зерт-
теу бастап, кен орындарын алдын ала болжамдау картасын 
жасауды үш жылда аяқтап шығу үшін ерекше мәнді тың із де-
ніс ке ден қой дым...»
– деген иланымды уәжбен басталған хат, 
одан әрі мамандығы философ Нұрымбек Жан ділдиннің тісі бат-
пайтын геологиялық аса күр делі мәселелерді ұзақ-сонар баян-
дап, ақырында мынадай уәжбен аяқталған: «
3 сәуір 
ден бері 
Ленинградтамын. Мұн дағы маңызды ізде ніс тер ді кейінге қал-
дыруға болмайтынды әрі Мәскеуде аяқтайтын жұмыстар ерек-
ше көбей іп тұр... Қысқасы, Алматыға 20-21-інен бе рі де жете ал-
масым анық. Сол себепті Қазақ КСР ҒА-ның мүшелеріне прези-
дент міндетінен босату жөнінде арызымды сізге жіберіп отыр-
мын. Оны қалай пайдалануды өзіңіз білі ңіз...»
Солай істеді, өзін президент міндетінен босататын жиынға кел-
ген жоқ. Хатында келтірген себептердің әншейін желеу екендігі 
айқын. Бірер апталық ғылыми ізденісте ештеңе бітіре алмасы 
анық. Олай болса, Қаныш Имантайұлы академия сайлауына 
қатысқысы келмеген. Не себептен? 
Оның сыры Д.А. Қонаевтың «Ақи қаттан аттауға болмайды» 
атты кітабының (А., «Санат», 1994 ж.) 131-бетіндегі: 
«Сессияның 
бірінші күні ҒА-ның толық мүшелері М.П. Ру саковтың және 
А.Қ. Жұбановтың, сондай-ақ... корреспондент-мүше Қ. Жұ-
малиевтің ғылыми атақтарынан айыру мәселесі қаралды»,
– де-
ген куәлігінде тұр. Димекеңнің ойынша, есімі аталған үш ғалымға 
«КСРО-ға қарсы бағытталған зиянды әрекеттері және ҒА-нан 
байланысты үзгені себепті»
деген... жалған айыптар тағылған. 
Бас тапқы жоба бойынша, академик М.О. Әуе зов тің де тағдыры 
осы жиында шешілмек екен, бірақ әлдеқандай себеппен Мұхаңды 
академиядан аластау кейінге қалдырылған. 
Оған қоса сол жиында жыл есебін жасаушы бас баяндама-
шы, өткен күзде өзінің ынтасымен мүшелікке сайланып, зор 


521
ШЫҒАРМАЛАРЫ
мәртебеге жеткен химик Д.В. Сокольскийдің «Сәтбаев президент 
құқығын шексіз пайдаланып, төралқа мүшелерімен ақылдаспай, 
әрдайым өз бетінше билеп-төстеп, ұлтшылдық саясатты пәрменді 
жүргізгеніндігі...» жайында Орталық Комитет тапсырмасымен 
әш 
кере айғақтарды жиып-теріп, өтірікті шын еткен баяндама 
әзірлеп қойғандығын естіген-ді... 
Тілеулестері жеткізген ақпарды алған сәтте-ақ Қаныш 
Имантайұлы: «Өзімді нақақтан жығынды ететін әрі саңлақ 
әріптестерімді ғылыми ортадан аластайтын масқара жиынға 
қатыспаймын. Соны тыңдап отырып үнсіз қалмасым анық. Ал 
Шаяхметов маған бұл жайында ләм-мим деген жоқ, демек, әдейі 
айтпаған...» деп шал қасынан түскен де, ғылыми ізденісті сылтау-
ратып, Ленинградқа жөнеп берген...
* * *
Көктем шуағы молайып, алма бақтары гүл төгіп дән салған 
мерейлі күндердің бірінде Сәтбаевтар отбасы Алматыға қай-
тып оралып, Қаныш Имантайұлы көп жылдан бері арман 
етіп, бастауға бірақ уақыты жетпей жүрген ғылыми зерттеуге 
құлшына кіріседі. Жел сөз қуғандардың тынымсыз әрекетінен 
әбден қажыған ғылым иесінің тілегені де осы еді: бөгде іске бой 
ұрмай, тек қана сүйікті геологиясымен беріле шұғылданып, ел 
кәдесіне жарар еңбек жасауды мұрат еткен-ді...
Акаде 
мик Қ.И. Сәт 
баевтың да туған халқының сүйіс 
пен-
шілігіне көзі тірісінде ие болғаны даусыз ақиқат. Бұл гәпті ғалым 
жақсы білген. Соны ардақ тұтып, елі үмітін ақтауға тырысқан. 
Сөйтсе де?.. Сыйлас достары бертінде: «Қанеке, сол бір ауыр 
кезеңді қайыспай қа лай көтердіңіз?» – деп сұрағанда, ол: «Ақи қат 
әрқашанда жеңеді деген уәжге мен шүбәсіз сенемін!» – деп жал-
пылама сарында жауап береді екен. Иә, бұл да – өмір заңы. Десек 
те, ақиқат үшін де алысу керек! Оған қоса сөзсіз жеңетініңе кәміл 
сену қа жет. Ал сену үшін?..
Төмендегі әңгіме сол сенімнің қайнар көзі жайында...
Бұл оқиға бір топ геолог далалық саяхатта жүргенде, 1952 жылы болған. 
Саяқты көріп, Майқайың алтын кеніне аттанған жолда оларды бір топ адам 
тоқтатады. Топтың алдында – қардай ақ кимешек киген еңселі бәйбіше, екі 
жағынан оны алпамсадай екі кексе сүйеп тұрса керек. 
– Қаныш қайсың? – дейді бәйбіше, машинадан түсіп, өзіне сәлем берген 
жолаушыларға қарап. Іздеп тұрған Қа ныш ын көрген соң қарт ана қайтадан 


522
Медеу СӘРСЕКЕ
амандасып, ғалымның маңдайынан иіскейді. – Осы елдің кәрісінің алды-
мын, қарағым, жасым жүзге еңкейді, екі жағымдағы егделер – кіші бала-
ларым. Сені тосып тұрмын, шырағым. Ауылымыз дөң астында, үйге жүріп, 
дәм іш! 
Қаныш Имантайұлы асығыс екенін айтып, қарт ананың ықыласына 
алғыс білдіре ді. Шаруасын осы жерде естіртуін өтінеді.
– Осы маңаттан өтетініңді біліп, жолыңды тосқанда айтарым, Қаныш 
қарағым: «Қайда жүрсең де жолдасың қыдыр болсын, алдыңнан нұр жау-
сын!» деген бір ауыз ниет еді, қарағым! – дейді қарт ана. – Басыңа пәле-
жала үйіріліп, дұшпандарыңнан қиянат көріп жүргеніңді естідім. Ер жігіт 
ғұмырында не кешпейді? Сен оған мойыма! Халқың сені шексіз сүйеді, 
мақтан етер перзентім деп аялайды. Соны біл де еңбек ет, қарағым! 
Көзкөргендердің айтуынша, осы оқиға Қаныш Имантайұлын ерекше 
сүйсін тіп (естіген сәтте көзіне жас алған деседі), жасыған көңіліне әл-қуат 
беріп, алдағы жұмысын алаңсыз атқаруға рухани сүйеу бол ған...
ІІІ
Академик Сәтбаевтың Қазақ КСР ҒА президенті міндетінен 
босауы, тегінде, сол күндегі зиялы қауымның сүт бетіне шығар 
қаймағы іспетті маңдайалды тұлғаларын жаппай қудалап, 
ғылыми ортадан аластауға жол ашқан. Әрине, олардың орнын 
сол науқанда белсенділік танытқан сұрқайлар басқан. Бірталай 
оқымысты кафедра меңгеруден шеттетіліп, профессор, доцент 
оқытушылардың қарамды тобы жұмыссыз қалды. Жан сақтау 
үшін не істемейсің: шеткергі қалалар ға ауысып, онда да техни-
кум, орта мектептерге сабақ беру де тимей, жөнең бір мекемелер-
ге іс жүргізуші болғандар қаншама, оған да қауіпсіздік қызметі 
рұқсат етсе; ал егер рұқ сат болмаса – қолына күрек, қайла алып, 
жер қазып, жүк тасып күнкөріс жасауға тура келген...
Академик Ш. Шөкиннің ҰҒА тарихын баяндайтын кітабын-
да 1948-1952 жылдарда Сәтбаевтың жақтастары және саяси 
көзқарасы тұрлаусыз деген кінәмен ҒА жүйесінен 200-дей ға-
лымның аласталғаны айтылған. «Ғылымның кейбір саласы 
жұтқа ұшырағандай болып орны үңірейіп қалды...» – дей ді ғалым 
(қараңыз: кітаптың 32-б.). 1952 жыл ғы наурыз айының 1-і күні 
партия қайраткерлеріне (Ж. Шаяхметов және Ю.А. Жда нов қа) 
жолдаған хатында Қ.И. Сәтбаев Ғы лым академиясында 289 жер-
гілікті ұлт өкі лінің келелі зерттеумен шұғылданатынын дара-
лап атапты. Демек, соғыстан бергі жылдарда төбе көрсеткен 


523
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұлт зиялыларының үштен екісі саяси сүргінге ұшырап, олар-
дың біразы бас бостандығынан айырылған. Әсілі, облыс орта-
лықтарында қауырт жүр ген науқанда жалпы қарамы екі жүздей 
«жат пиғылдыны» іздеп тауып, зиялылардың қарамды тобын 
жазалауға негіз болыпты. Бір ғажабы, осының бәрі – қауымды 
қауіпті адамдардан «сауықтыру шаралары» аталғандығы...
Ғылым академиясының іс басқарушысы Г.В. Не читайло іл-
геріде аталған естелігінде:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау