ческими ошибками и извращениями, с протаскиванием чуждых
взглядов в советскую науку»
деген сау кісіні ауыру еткендей аяу-
сыз сөздермен әрі «Абай мұрасын зерттеудегі буржазиялық-
ұлтшылдық бұрмалаушылықты түбірімен құрталық» деп атал-
ған филология ғылымының кандидаты Сәбит Нұрышевтың сыны
«Қа зақ КСР ҒА Хабаршысы» журналының (редакция алқасы-
ның төрағасы Д.А. Қо
наев, бас редакторы Н.Т. Сауранбаев)
1953 жылғы 4-санында жарық көрген.
Тіл және әдебиет институтының сол кездегі аядай тар кеңсесінен алып
тұлғалы Мұхаң мен бойы бәкене, кішкентай Сәбитке пайдалануға ортақ бір
525
ШЫҒАРМАЛАРЫ
үстел тиіпті. Көбіне соны жұмысқа жұрттың алдымен келетін Нұрышев ием-
денген сияқты. Институт қызметкерлері бұл жайында: «Кіші Сәбиттің (үлкен
деп Сәбит Мұқановты атаған) күні-түні арманы – Мұхаңның үстелін дербес
иемдену!..» десіп әзіл айтады білем. Астарында, әрине, батпандай зілі бар
әжуа...
Демеушілері республика мен ҒА басшылары болып, не
десең де саған жол ашық деп отырған соң, Кіші Сәбит аянған
жоқ: Абайдың күллі ғұмыр жолын, әдеби мұрасын халықтық
деп жариялады да, ақынның ұлылығын, кемеңгерлігін, асқан
шеберлігін әлемге паш еткен Әуезов оның алып тұлғасын өзінің
ұлтшылдық пиғылымен былғап, ой-түйсігін қасақана бұр малап
тү сіндірген-міс; тоқетерін айтқанда, академик қаламгердің абай-
тану іліміндегі қыруар еңбегі тү гелдей залалды, іске ал ғысыз боп
әрі ұлт шылдық сарында жазылғандығы «әш кере ленген».
Әңгіме сөйтіп насырға шапты. Республикалық, облыстық га-
зеттер қазақтың маңдайына біткен заңғар қаламгерін ғайбаттап,
«ұлтшыл» етіп жариялау үшін күллі шығармаларын қайыра
сүзген сын мақалаларды жауын құртындай қаптатып, «халық
пікірін» дайындай бастады...
Не істеу керек? Қайда, кімге барып әділет іздейді?..
Осы сауал қаламгерді күні-түні шырмап, әсіресе университет-
тегі жұмысынан аласталған соң (көрнекті филолог Бейсембай
Кенжебаев екеуі наурыз айында, бір күнде шығарылған) ойы-
нан кетпей, ұйқысын бұза берген. Жаз шыға жазушыны қара-
лаушылар қатары көбейіп қана қойған жоқ, жөткірлене түсті.
Әдебиет институтындағы ортақ үстелін де Кіші Сәбитке біржола
беруге тура келді. Бұдан әрі алды-артына қарайлап, тағдырдың
жазғанын көрдім деп, өзіне жауыққан қауымнан жақсылық күтіп
әрекетсіз отыруға төзімі жетпеді...
«1953 жылдың шілдесінде М.О. Әуезов ті тұтқындау жөнінде
нұсқау беріліпті. Бұл жайында оған достарының бірі кешке та-
ман, көшеде серуендеп жүрген кезінде елеусіздеу ха бар лапты.
Мұхтар Омарханұлы қат ты сасады, өзінің маған әңгімелеуіне
қарағанда, есі шығып абыржығаны сонша, үйіне соғуға мұр-
шасы келмей, үс тін дегі жөнең киіммен әуежайға жетеді. Сәті
түсіп билет табыла кетіп, кешкі ұшаққа ілігеді,
–
депті ака-
демик Ш. ШӨКИН «ҰҒА-ның ғұмыр жолы» кітабының 31-
32 беттерінде.
–
Нақ сол қарсаңда мен докторлық диссертация
526
Медеу СӘРСЕКЕ
қорғау мақсатымен Мәскеу де жүр едім. Мұхаңды астанаға
келген күні, К. Маркс ескерткішінің іргесінен кездейсоқ
кездестірдім. Тым жұпыны үсті-басына таңдана қарағаным
есімде, зи я лы Әуезовке ұқсатуға қимадым, ал ол кісі жайраңда-
ған қалпы маған жақындап келіп құшағын айқара ашты. Мен
шошып: «Апыр-ау, Мұха, сізге не болған?» десем, ол кі сі: «Ой,
пәлі, сұрама! Мен бүгін екінші мәр те өмірге келдім!»
–
деді де,
басынан кешкен ахуалды айтып берді: ұшақтан түскен бетінде
КСРО Мәдениет министрі П.К. Пономаренкоға барыпты,
Достарыңызбен бөлісу: |