«...Мені бұл жақта жіпсіз байлап қой ған мәселе КСРО Жоғарғы
Кеңесінің наурыз сессиясынан кейін Шаяхметовтың Мәскеуге
келуіне байланысты біржола шешіл ді.
14 наурыз күні Шаяхметов жолдаспен мейманханада кез-
десіп, ұзақ сөйлестік. Тоқетерін айт қан да, ол кісі менің мә-
селем жұртқа әбден да
быра болып әрі орталық газеттерде
жарияланған ауыр сындардан соң президент міндетінде қалдыра
алмайтынын айтып, бірақ Қазақстанға қайтып оралуымның
қажеттігін ерекше өтінді, Геология институтының директоры
жұмысын, болмаса өзім қалаған мәртебелі қызмет береміз деді.
Пар тия ның сеніміндесіз, Қазақстан КП(б) Орталық Комите-
тінің басшылары да сізге бұрынғыдай зор құрметпен қарайды
деген де уәж естіртті. Партиялық сөгі сімді де қайтадан қа-
рауға уәде берді. Қа лай да, өзімнің сүйікті ісім
–
геологиялық із-
деністе, кен геологиясы мәселелеріне бай ланысты шаруаларда
менімен ақылдасып, барлық ұсыныс пен ынта-жігеріме қолдау
519
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көрсететінін ыждағатпен айтты. Шаяхметов жолдаспен осы
әңгімеден кейін (әри не, оның биік лауазым иелерімен кездескенін,
тиісті нұс
қау
лар алғанын бұ
ры
ны
рақ естігем-ді) мен бұл
ұсыныстарды партияның тапсырмасы ретінде қа былдап, Қа-
зақстанға қайтып оралуға бел байладым және мәр тебелі мансап
іздемей, Геология институтындағы бұрынғы қызметіме. Яғни
сол күннен бастап жұмысқа кірістім.
...Қазірде Ленин кітапханасының фондын ақтарудамын,
геологиялық архив тер ді де армансыз қарап жүрмін. Қайда бар-
сам да зор ықыласпен қабылдап, ізденісіме бөгеусіз қолғабыс
ететіні кө ңі л імді өсі ріп, жанымды сүйсінтеді. Қысқасы, Геология
институтының ғылыми өрісін кеңей тіп, Қазақстандағы гео-
логиялық ізденіс тер ді жаңа белеске көтеру қамындағы бұ рын-
нан ойлап жүрген зерттеулерге қызу кі рістім. Шынтуайтын
айтқанда, достар, бұларды мен көптен бері армандап, бастау ға
уақыт таба алмай жүргем-ді. Ақыр аяғында соған соңғы айларда
өзде рің білетін соққылардың ауыр азабын басымнан өт керіп ба-
рып қолым жетті. Бұған да тәубе...
Алматыға мен сәуірдің 17-20 аралығында қайтамын, сірә,
академияның жаңа президентінің сайлауы өткен соң...»
«Москва» мейманханасының алтыншы қа батындағы Ж. Шаях-
метов тоқтаған үш бөлмелі даңғарадай люксте түннің бір уағы-
на дейін созылған ұзақ та ауыр сұхбатта Қазақстан КП Орталық
Комитетінің хатшысы бірден-ақ өкінішті оқиғалар үшін ғалым-
нан кешірім сұрап, соны кек тұтпай, елге оралуын ықтияттап
әрі өзгеше бір тілек айтқан-ды: сәуірдің 16-17 күндерінде өтпек
академияның жалпы жиналысына қатысып, президент мінде-
тінен өзін босатуға иланымды дәлел келтіріп, ресми өтініш жа-
сауын, өз орнына ұсынылмақ ғы лым кандидаты, өндіріс білгірі
Д.А. Қонаевқа барынша қолдау көрсетуді қиыла өтінген.
Әккі қайраткердің күні кеше өзі үрдіс жүргіз ген ұрдажық сая-
си науқанды адақтап, академия президентінің қызметінен қу ғын-
даумен емес, арыз жолдап, өз еркімен кеткенін көпшілікке әйгі-
леу үшін, бәлкім, өз абыройын халық алдында, тарих бетінде де
ақтамақ бол ғанын Қаныш Имантайұлы бірден түсінді. Әрине, дал-
баса үміт. Әншейін бопсалау екенін халық айыра біледі. Мұндай
екіжүзділіктің әкім атаулының халыққа айтар машық ертегісіне
айналғанына қанша заман?! Алайда өзіне ізет көрсетіп, кішірейе
сөйлеген хатшыға: «Жоқ, бармаймын!» дей алмады, академияның
жалпы жиналысына қатысуға уәде етті. Сөйтсе де арада он үш күн
520
Медеу СӘРСЕКЕ
өткен соң, жезқазғандық достарына жолдаған хатынан ғалымның
күрт өзгеріп, бірінші хатшы мән беріп пысықтаған істі орындауға
құлықты болмағанын көреміз...
Қаныш Имантайұлының Ленинградтан 9 сәуір күні Ал-
матыға, Орталық Комитеттің ғылым бөлімінің меңгерушісі
Н. Жанділдинге (ресми хат бірінші хатшыға жолданса керекті,
ғалымның сол рәсімді аяқасты етуі, сірә, тегін емес) жазған ұзақ
хатынан үзінді келтіреміз:
Достарыңызбен бөлісу: |