жөні болар, бекерге қапаланба,
–
деді.
–
Ойланайық әлі де...»
Былтырғы қарашаның қара бұлт құрсаған тымырсық күнінен
бергі төрт айда өзін іздеп, «Не істемексіз? Не ойыңыз бар?» –
деген бірауыз лебіз естіртпей, жым-жырт жатқан ел-жұрты
(анығында, республика басшылары) қаны да, жаны да қазақы
ғалымның жүрек түкпірінен бір уақ ұмытылмай, сағынып та,
қамығып та ойлап, уақыт ұзаған сайын түн ұйқысы бұзылып,
көңілін сан саққа құбылтады...
«Мәскеуге іздеп келгенім Сәтбаевтарды ерекше сүйсіндірді.
Сұхбат үстінде Қанекең маған КСРО ҒА-ның президенті ұсын-
ған... қызметтерді айтып, не істері мізді біл мей дағдарған жай-
дамыз, не дей сің бұған деді. Сол қызметтер маған ұнамады.
Бірден-ақ қарсы уәж айтып, халық сізді ерекше қадірлейді,
дұшпандарыңыз үйіп-төккен пәле-жаланың біріне сенбейді, де-
мек, мұны да бағалау керек, – де дім. – «Қазақстанға қайты-
ңыз, Жезқазғанның өзінде-ақ істейсіз... Елден безіп кетсеңіз,
халқыңыз сірә да түсін бейді, «бүгін бар, ертең жоқ басшыларға
өкпелеп, туып-өскен жерінен безгені несі деп ренжиді сізге»...
–
деген жүрекжарды әңгімені Ша пық Шөкіұлы «ҰҒА-ның ғұмыр
жолы» кітабының 33-бетінде тәп тіштей кел тіріпті. Сұхбат мы-
надай түйінмен аяқ тал ған:
«Ме нің сол ойыма Қанекең ризалық
білдірді. Кенет жайраңдап: «Ту ся, көкейге дөп тиген мұндай сөзді
елеусіз қалдыруға болмайды. Тура солай істейміз, Жезқазғанға-
ақ барамыз!..» деп қолын сарт-сұрт соқты. Таисия Алексееваның
сақинасы ұстап, төргі бөлмеде жатқан-ды. Ерінің көңілді үнін
естіген соң ол кісі де жата алмады. Үстел басына келіп: «Жез-
қазғаннан біз қимай көшкенбіз, несі бар, қай та барсақ, тіпті
оңды қадам болар еді!..»
–
деп қызу қостау білдірді. Содан не ке-
рек, коньяк ішіп, күрең шайға да рахаттана қандық...»
Наурыздың алғашқы аптасының соңы, жұрт ұйқыға бас
қоятын кешкі мезгіл еді, Тевосянның көмекшісі телефон ша-
лып: «Жатып қалмасаңыз, кіріп шығуға қалайсыз?» – десін.
Үш айдан бері зарыға күтіп жүрген лауазым иесі өзін көргісі
келіп отырғанда қайдағы ұйқы? Киіне бастады. Баратын жері –
мейманхананың қарсысында, көшені жарып өтсе болды...
517
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Иван Федорович көңілді екен, қолын құ шырлана қысты да,
кабинет төріндегі оңаша бөлмеге шақырды. Шағын үстелдің
үстінде армян коньягы тұр, вазада – алма, бір шөлмекте – жеміс
сусыны. Қаныш Имантайұлының іші жылып сала берді: «Иә, сәт!
Сі рә, жақсылыққа, тек қана қуанышты хабар ға!...» деп үміттенді
алып-ұшқан көңілі.
– Ұзақ күттіргеніме кешірім сұраймын, Қаныш Имантаевич,
жағдай солай болды. Сталин жолдастың білдей орынбасарының
да қолма-қол шеше алмайтын мәселелері болады... – Кабинет иесі
коньякты шұңғылдау екі рюмкеге шүпілдете құйды, бокалдарға
су толтырды. – Кешіктірген айыбым үшін мынаны босатып
қойсақ қайтеді?
Қаныш Имантайұлы рюмкені түйістірді де, жартылай ішіп,
орнына қойды. Істің тоқетерін бірден айтпай, орағыта сөйле-
генінен-ақ көңілі қолқ еткен, бірақ сыр бермеді.
– Шаруаңызды жарым-жартылай шеш
тім. «Неге?» деп сұ-
рамаңыз. Сіз көтерген күрделі мәселені жеріне жеткізу үшін
жұртқа жария болған көп жайтты қайыра қопару керек екен, сірә,
кейбір жолдастарға қатаңырақ шара қолданып... Ұқтыңыз ба,
қыбы бұзылған істі түзеудің қиындығын? Ұқсаңыз, бұл жайын-
да сөзді созбайық, осымен тәмам болсын! Шағымданып ешқайда
бармаңыз, ме нің айтқанымды қанағат етіңіз...
Тевосян әлденеге ширығып отыр, әлгіндегі көңілділігі де
әншейін болды, бос рюмкесін қайыра толтырғанымен өзі де
ішпеді, қонағына да алыңыз демеді. Қаныш Имантайұлы сарғая
күтіп жүрген көкейкесті ісінен ұтылғанын сезіп, бұдан әрі ба-
рар жері, басар тауы қалмағанын аңдады. Кенет жан дүниесі
түбі мәлімсіз құрдымға құлағандай боп қоңылтақси бастады.
Қағылездігіне сұңғыла ақылы сай Иван Федорович те соны ұқты.
Өзі білетін көп жайтты ашық айта алмай бүгіп қалғанына да на-
лып әрі қадірменді жанның үмітін ақтай алмағанына да, сірә,
қамығып отыр...
– Ал өзіңіздің іс жөнінде... Бүгін менде Шаяхметов жолдас
болды, біршама керкілдесіп, ақырында ұғыстық. Ме ніңше, сіз
үшін жап-жақсы тоқтамға кел дік. Оның жай-жапсарын сізге
өзі айтады. Түнделетіп іздеткенім сол, ертеңге шақыра қалса,
ойланып-толғанып барсын деп... Қысқасы, Қа ныш Имантаевич,
аса қамықпайық, бұдан да қиын күндерде тығырықтан жол та-
518
Медеу СӘРСЕКЕ
уып, іс тындыр ғамыз. Жақсылықты алдан кү те й ік! Сол үшін де
ішпейсіз бе? – деп кабинет иесі бокалын көтерді.
– Ішейік, неге ішпеске?! – деп Сәтбаев та рюмкесін қолына
алды. – Сіз үшін, қымбатты Иван Федорович! Жақсылық жасауға
ынтызар тамаша жүрегіңіз үшін!..
Бұл жолы екеуі де тауыса ішті. Іле-шала бірақ бір-біріне тесіле
қарап, тым-тырыс отырып қалған-ды.
– Ғылым академиясы ұсынған қызметтерге жә демей, неге со-
зып жүргеніңізді білемін, сөйтсе де, Қаныш Имантаевич, менің
айтқаныма құлақ қойсаңыз – осында қалғаныңыз жөн сияқты.
Ана жолғы, Геология министр лігі туралы сөз есіңізде болар,
бұл шаруа биыл шешіледі. Сірә, ХІХ съезден кейін іле-ша ла...
Сол себепті бұған да ойланыңыз. Одақтық министр болу –
әмбе сүйікті кә сі бі ңіз геология саласында, меніңше, президент
міндетінен төмен емес. Бас-еркім өзімде болса, металлургияның
бір алыбын иемденіп баяғыда кетер едім, әттең, не керек?.. –
деді Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қоштасарда
қонағының қолын құшырлана қысып.
– Рақмет, Иван Федорович! Оның жөнін хатшым не дейді,
соған орай шешермін, тегінде...
Қ.И. СӘТБАЕВ – З.И. және В.И. ШТИФАНОВТАРҒА,
Мәскеу, 27 наурыз, 1952 жыл («Жезқазғанды біліп-тануға әлі де
құштармын» кітабынан):
Достарыңызбен бөлісу: |