«АҚИҚАТ ӘРҚАШАНДА ЖЕҢЕДІ»
І
«Алматы-Мәскеу» пойызы үлкен астанаға қарашаның соңғы
күні, ертеңгілік мезгілде келген. Қазан вокзалының перронына
шыққанда-ақ ерлі-зайыптылар өздерін қарсы алып тұрған ежелгі
достарын көреді, көпшілігі осы жаққа әр түрлі жұмыспен жо-
лаушылап келген, енді бірі аспирантурада оқитын жерлестері.
Қайсыбірінің қолында суықтан көлегейлеп ұстап тұрған гүл
шоқтары. Қарсы алушы қарамды топты вагонның терезесінен
507
ШЫҒАРМАЛАРЫ
көргенде-ақ Қаныш Имантайұлы: «Тася, перронға қара, қанша
адам гүл ұстап бізді қарсы алып тұр!..» – деп айран-асыр қуаныш
білдірген. Ыстық қауышып, бәрі де вокзал іргесіндегі кең
алаңға шықты. Мұндағы тілеулестері ғалым тап болған төтенше
жағдаятты естімеген. Тілектері де соған орай: «Көңілді демалыс
болсын! Мәскеуде қанша уақыт боласыздар?.. – десіп, жүктерін
көтеріп әкеп, машинаға салып берді. Ерлі-зайыптылар өздерін
сонша ізетпен қарсы алған жұртқа рақмет айтып, мейманханаға
аттанды.
Алайда ақиқат іздеп келген қазақ ғалымына бұрын мейірім
де, ізет те көрсететін Мәскеу бұл жолы құшағын аша қоймады.
Кел ген бетінде-ақ КСРО Ғы лым академиясының төралқасына
барған, тек президентке кіре алмады, сәлем бере барып, сыр
тартқан лауазымды ескі сыйластарының бәрі де: «Әуелі дема-
лып, денсаулығыңды түзеп ке ліңіз, оған дейін біз де ойланып,
бір амалын жасармыз...» – дегеннен арғы сөзге баспады. Нақ сон-
дай қашыртқы кеңесті КСРО Ми нистрлер Кеңесі төрағасының
бірінші орынбасары И.Ф. Тевосян да білдіріпті, әлбетте, кө мек-
шісі арқылы. Нендей жауап естісе де көкейкесті мәселені бір
жағына шығарғысы келіп, қайыра сұранып еді, Иван Федорович
тағы да: «біраз күн күте тұрсын», – депті. Біразы бірер аптаға
созылды. Өзін жақсы білетін, кешегі соғыстың ауыр жылда-
рында бірін-бірі жете танып, өмір сынынан өт кен, ақжүректігі,
турашылдығы жұрт қа мәлім, И. В. Сталиннің өндіріс саласы
бойынша оң қолы саналатын адуын мемлекет қайраткер И.Ф. Те-
восян солай деп сөз бұй даға салған соң, Қаныш Имантайұлының
да ақыл-ойы азып: «Апыр-ай, менің қадірім еңбегіме ділгерлік
болған кезде ғана екен-ау?..» – деген де күйкі күйректікке бой ал-
дыра бастаған-ды...
Ақыры бір күні ҒА-ның бірінші вице-президенті И.П. Бардинге
барды. Кексе металлургке көңілін жабырқатқан мұңды жасырған
жоқ, ашық мәлімдеді.
– Кімге барсам да, Иван Павлович, ести ті нім – сырғытпа сөз.
Ертеңгі күнің күң гірт тұманға айналғанда демалыста мән бола
ма? Ал менің тыныш ұйықтамағаныма жылдан асты. Не істеуім
керек, сіз де солай дейсіз бе?..
Бұрын ақжарқын шырайда көретін қайраткер әріптесінің
қыжыр сөзіне Бардин қат ты таңданып, бетіне ожырая қарады
да, үкімет мүшелерімен жалғастыратын телефонның трубкасын
көтерді.
508
Медеу СӘРСЕКЕ
– Иван Федорович! – деді кіділеу үнмен. Өзінен бірталай жас
кіші Тевосянды «Ваня» деп партиялық лақап атымен атайты-
нын әрі өндірісте бірге істеген кезінен қалыптасқан дағ дысымен
жасаң әріптесіне өктемдеу сөйлейтінін Қаныш Имантайұлы
бұрыннан білетін-ді, бұл жолы бірақ ресми қасаң тілге көшкеніне
таң болды. – Менің қасымда академик Сәтбаев отыр. Иә, иә, сізге
де, маған да аса қадірмен ді Қа ныш Имантаевич... Жоқ, тұра тұр,
әуелі мені тыңдағын. Бұл кісінің маған не дегеніне құ лақ сал:
«Бейбіт уақытқа аман-сау жеттік, сіздерге енді керегім болмас!..»
дей ді... Ваня, жетпісті желкелегенде еститін сөз бе бұл?! Жә, жә,
ақталма, тыңдауға зауқым жоқ. Екеу мізді қашан қабылдайсың,
соны естірт, менімен шын адас – бәз-баяғы Иван болсаң...
Трубканы тегерішке қойған соң алпамса
дай мол денесімен
тұтас бұрылып, қазақ ғалымына жымия қарап:
– Кексе кісінің артық-ауыс сөзіне мән берме, Қаныш Иман-
таевич. Иванға соншама сөгіс айтпасам да болар еді, сөйтсе де бүре
сөйлеп, тәубеге келтіріп алғанды жөн көр дім. Жә, келістік, кешкі
сағат онда қабылдайтын болды, – деді.
– Рақмет, Иван Павлович! Өзім барсам да болмай ма?
– Жоқ, менің қоса барғаным академия сені қолдайды дегеннің
сыңайы болады. Жетпістегі кексені жақсылық жасау қуанышынан
айырма, достым!..
Ақыры солай істеді.
– Қаныш Имантаевич, кешіріңіз! Қабылдауды соншама
созғаным – уақыттың аздығынан иә сізбен сұхбаттасуға құл-
қымның болмағандығынан емес. Сіз бен біз кездейсоқ таныс
емеспіз, құдайға шүкір, кеңестік индустрияның іргетасын бір-
ге көте
рісіп, хал-қадерімізше өрге сүйреген кәнігі замандас-
пыз. Қысқасы, сіз туралы мен ешкімнен де пікір сұрамаймын,
жеткілікті білемін... – деді кабинет иесі кешкі қонақтарын ұзын
үстелдің жоғарғы жағына шығарып, өзі со
ның қарсы бетіне
жайғасқан соң көкейкесті сөзге көшті. – Сөйтсе де, сіз тап болған
төтенше жағдаятқа не айтарымды білмедім, сенсеңіз, дәл қазір де...
Өзіңіздің геологияның иә металлургияның күрделі мәселесімен
келсеңіз, рақым етіңіз, сол сағатта-ақ қабылдар едім. Ал мына ша-
руада, кешіріңіз, Қаныш Имантаевич, бұл енді өздеріңіздің ауыл-
үйлік ұсақ тайталас. Мәскеуде отырып қа лай ша төрелік айтамын?
Әрі соған Қазақстан басшылары бюрода қарап, өздерінше шешім
жасаған жағдайда?..
Сәтбаев тілі байланғандай марғау күйге түсіп, тым-тырыс
отыр. Көкейінде сайрап тұрған сөздерін ұмытып қалғандай.
509
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Шынында да, Иван Федоровичтің мәселенің жанды жерінен
ұстап, денесіндегі жараның қанын шығара тырнағандай етіп сөй-
легені шымбайына қатты батқан-ды.
– Егер сіз менен қызмет сұрап келсеңіз, рақым етіңіз, қазір-
ақ шешуге дайынмын. Өзіңіз қалаған Одақтық министрліктің
геологиялық іздеу жөніндегі орынбасарлығына жібере аламын.
Тіпті тап бүгін! Қазірде біз Геология министрлігінде түбегейлі
өзгерістер жасауға қамданып, түрлі ұсыныс-жобаларды қарап жа-
тырмыз. Әрі дегенде оны келесі жылы бір жайлы етеміз. Мен сізді,
қымбатты Қаныш Имантаевич, кім не айтса да, одақтық министрге
бірінші кандидат ретінде ұсынуға әзірмін, – деді Тевосян нақтылы
сөзге көшіп. – Келісемін осыған десеңіз – болды. Ар жағын маған
қалдырыңыз. Ал оған дейін осы төңіректен, Мәскеудің өзінен
абырой-атағыңызға сай жұмыс береміз, жайлы пәтер де аласыз...
– О, жоқ, Иван, өндірістің кем-кетігін академиктермен оң-
даймын деген кереғар ниеттен тыйыл, шырақ, – деп Бардин
де кенет әңгімеге араласты. – Бұл мәселе жөнінде бүгін прези-
дент Несмеяновпен сөй лестім. Александр Николаевич бұл істе
бұрынғы ұстанымды бекем сақтаймыз деді: «Академик Сәтбаев
Қазақстанға керек болмаса – өздері білсін, ал Одақ академия-
сына ол – бұрынғы зор еңбегімен де, алда берерімен де қадірлі
ғалым. Соны енді нақты әрекетпен көрсетеміз», – деп, президент
маған Қаныш Имантаевичке КСРО ака демиясы ның өзі нен мәнді
қызмет қарастыруды міндеттеді... Иван Федорович, біз саған
мүлдем басқа мәселе жайында келіп отырмыз: қателеспейтін
пенде жоқ, әсіресе жас күнінде; бұдан ширек ғасыр бұрын елікпе
көңілмен жария еткен, филология саласындағы кездейсоқ бір
еңбегі үшін соншама қатыгездікпен жазалау деген не сұмдық?
Сен бізге құдыреті күшті үкімет адамысың, осынау әділет сіз дікті
түзетуге жәрдемдес!...
Үкімет төрағасының орынбасары бұл жайында дәрменсіздігін
аңғартып, қонақтарына аңтарыла қарады. Шынында да бұл са-
лада төрелік айтушылар – Орталық Комитеттің айбынды хатшы-
лары И. Сталин мен М. Суслов екенін үшеуі де жете білетін-ді.
Ең шатағы олар өз құзырындағы іске ешкімді, тіпті Л. Бе рия-
ны да жолатпайды. Кабинет иесі сол жайтты ашық айтпаса да
қыбыжықтаған қылығымен айқын сездірді.
– Ғафу етіңіздер, сіздер мені біршама қақас тү сінген сияқ-
тысыздар, – деді Сәтбаев қинала сөй леп. – Иван Федорович, мен
510
Медеу СӘРСЕКЕ
сізге, турасын айтқанда, бұл үшін сұранған жоқпын. Мен үшін
сол – аса ділгер шаруа емес, далалық экспедициялардың біріне
барып та ел қатарлы жұмыс істей алатынымды сіз біле сіз... Қа-
зақстанның зиялы, әсіресе ғылыми қауымын ұйымдасқан түрде
жоюға, ел ортасынан аластауға бағытталған науқан өрістегелі
екі жыл
дан асты. Ал биыл ұлт зиялыларының көрнекті то-
бын отау жүзеге асуда. Сену қиын, көрген-біл
геніміз осын-
дай қастандық болған соң – солай демеске амалым жоқ. Ең
шатағы, ғылыми кадрларды даярлауға қан шама уақыт, еңбек,
қыруар қаржы жұмсалғанымен билік басындағылар есептескісі
келмейді. Білетіндері: бәрі де саяси сенімсіз адамдар, зерттеуді
де зиянкестік пиғылмен, буржуазиялық-ұлт шылдық сарынмен
жүргізген-міс. Иван Федорович, сенесіз бе, қуғынға түскен са-
яси сенімсіздің бірі – мына мен, ал дыңызда отырған жұмыссыз
пақыр!.. – Қаныш Имантайұлы сөзінің ауыр әсерін жұмсартқысы
келгендей зорлана күлген, онысы бірақ ежелгі жайдарылығынан
жұр дай әжуа бірдеме боп шықты. – Құдайшылығын айтыңыз-
даршы, менің тұла бойымнан, ғұмыр бойы атқарған ісімнен иә
әлдеқалай бір мінез-қылығымнан көп жылдан бе ргі таныстықта
сіздер сондай мерез пиғыл көр діңіздер ме?
– Қой, шырақ, о не дегенің?! – деп академик Бардин қолын сер-
меп реніш білдірді.
Тевосян басын шайқап томсырайып отыр, сыр берген жоқ.
– Осының бәрі, сіздерге мәселенің шындығын естіртейін, –
деді қазақ ғалымы оң қолын жүрек тұсына ұстап, – ат төбеліндей
ниеті бұзық жандардың биік мансап көздеп, ғылым төңірегінен
ұпай түгендемек болған ұсақ пенделердің жымысқы әрекетінен
өрбіп отыр. Бізде жү ріп жатқан науқанның басты залалы сонда.
Менің осы сөзімді ұмытпаңыздар, қан ша жылға созыларын айта
алмаймын, күндердің кү нінде ақиқат жеңіп, жымысқы әрекет
әшкере болады... Алайда соған дейін Қазақ академиясының ай-
тулы ғалымдарын неліктен нақақтан жазалауға тиіспіз?! Мені
қинайтын жайт осы, жолдастар. Қазақстан ғылымына басшы
етіп қойған соң үкімет пен партияға сол жолсыздықты мен айт-
пай, кім айтуға тиіс?
– Шаяхметов жолдас ысылған, іскер қайраткер емес пе?
Қалайша бұған жол берген? – деді Иван Павлович, сірә, орталық
газеттер берген ақпарлардан өзгерек ахуалға иланған соң,
көкейіндегі сұрақты тежегісі келмеген тәрізді.
511
ШЫҒАРМАЛАРЫ
– Сіздерге естірткен пікірім ді ол кісі біледі...
– Жә, менен не тілейсіз? – деді кабинет иесі.
– Иосиф Виссарионовичке Қазақстан ғы лы мында қалыптас-
қан қиын ахуалды егжей-тегжей баяндап хат жазсам деп едім.
Маленков жолдастың қабылдауына сұрану да ойымда бар, осы
істе маған қолғабыс етіңіз, Иван Федорович...
Тевосян біршама уақыт үнсіз отырды да, сәлден кейін:
– Ойыңыз дұрыс, көңілге қонады, – деді. – Георгий Мак-
симиллиановичке де хат жазыңыз, тек өте қысқа, Сталин жол-
дасқа жолдамақ хатыңыздың тұжырымдамасы ретінде. Екеуін
де Орталық Комитеттің хат бөлімі арқылы ресми өткізіңіз. Кө-
шірмесін маған беріңіз... Мен бір ай шамасы Мәскеуде бол маймын,
сірә, келер айдың орта шенінде оралып қалармын, демалысқа
барып келіңіз дегенім сол еді. Қолымнан келгенін аямаспын,
сеніңіз, қымбатты Қаныш Имантаевич, өмір дің жазын өткеріп,
күзі қалғанда, сіздей отаншыл азаматқа сірә да жоқ деу ге бола ма?
– Міне, бұл – еркектің сөзі, мен білетін баяғы Иванның! – деп
ризалығын Сәтбаевтан да бұрын қағілез кексе Бардин естірт ті.
Үшеуі бір-біріне «Қайырлы түн!» десіп, орындарынан тұрды.
Уақыт та түнгі он екіге жуықтап қалып еді...
ІІ
Осыдан соң-ақ Қаныш Имантайұлының пәс болған көңіл-күйі
оңа луға бет алып, ұйқысы да біршама түзеле бастады. Ғылым
академиясының арнайы бөліміне барып, Кисловодтағы М. Горь-
кий атындағы ға
лымдар сауықханасына жолдамаға тапсырыс
жасады, бірер емес, бақандай бес адамға... Екеуін Жез қазғаннан
келмек ерлі-зайыпты геологтарға – бірталай дос-жарандары
құбылмалы ауа райындай бұзылып өздерінен сырттап жатқанда,
Зоя Ивановна мен Василий Иванович Штифановтар мейманха-
наға күн сайын телефон шалып, қайда болса да бірге демалуға
сұранған. Сондай тілекті Алматыдан ғылыми әріптесі һәм туысы
Әлкей Марғұлан да білдірген. Түп ойлары тү сі нік ті: басына бұлт
үйіріліп, көңілі қа мық
қан күн
дерде қасында болуды жөн деп
білген айнымас серіктері...
Олар жеткенше Орталық Комитеттің хатшыларына жолдамақ
хатын әзірледі. Алғашқысына, И.В. Сталиннің атына жазылған
нұс қаға көп қиналды, көкейкесті ісін ел билігін қолында ұстап
отырған көсемге айтуға тура келген соң, ықшамдап иә тұс палдап
512
Медеу СӘРСЕКЕ
айтуға бола ма – өз ғұмырын да, Қазақстан академиясының өсу
жолын да толығырақ баяндауға тура келді. Аяқтағанда сол хат
артық-кемі жоқ 55 парақ болды. Оның есесіне Г.М. Маленковке
жолдаған арызды небәрі бес бетке сыйғызды. Ақыры, бұл ша-
руаны да тәмамдап, екеуін де БКП(б) Орталық Комитеттің
еңбекшілер хаттары бө лі міне табыс етті де жолға қам жасады.
Сөйткенше-ақ қазақстандық серіктері де жетті.
Кисловодтағы шипажай – ерлі-зайыпты Сәт
баевтарға біраз
жылдан бері өз үйіндей болып кеткен үйреншікті мекен. Дәрігер,
мейірбике, өзге қызметшілері де Қа зақ стан нан жылда келетін
ғалымды, кейбір тәкаппар пенделердей менмендігі жоқ, аса кіші-
пейіл, оның үстіне жиі ұйымдастырылатын сауық кештерінде
биден де, әннен де алдына жан салмайтын өнерлі демалушы-
ны қадір тұта күтетін-ді. Биыл да қу а на қарсы алысты, сірә да
нақақтан тап болған қи янат жайында естіген тәрізді, қайсысы
бол сын, академиктің көңілін табуға тырысып, ерекше қызмет
еткен-ді. Қысқасы, алғашқы аптада-ақ қан қысымы қалыпты дең-
гейге төмендеді. Қаныш Имантайұлы тынымсыз жүрдек Василий
Штифановты ертіп алып, демалушылар қыдыратын жаяу соқ-
пақтың ең алыс – Қызылтас, одан да әрі рек те гі Көктас деп ата-
латын биік шоқыларына дей ін қыдырады. Соңғы күндерде жаяу
соқ пақ тарды қой ып, Кавказдың ұрымтал шы ңы мұнарт қан үлкен
ершікке дейін ұзайтын болды.
Әрине, Алматыдағы жағдайды ешқайсысы да сөз етпейді.
Әлкей Хақанұлы да, Василий Иванович те бұл жайында әңгіме
қозғамасқа өзара келіскен, көбіне өзге тақырыптардан көл-көсір
хикаят шертеді: «Басы толған тарих» Әлкей Хақанұлы (Қа ныш
Имантайұлының сипаттамасы) ерте дү ние оқиға ларын, әсіресе
қазақ даласын шарлаған шетел саяхатшылары туралы төндіре
айтқан кезде – оны тоқтату қиын, селқос тыңдау да мүм кін емес;
ал Василий Ивановичтың машығы – Ұлытау даласының ескілі-
жаңалы хикаяттары, әсі
р
есе әлі де барланбай жатқан қазына
көмбелерін іздеудің мехнаттары туралы көбірек сөйлейді...
Қаншама қашқақтағанмен Қазақстан дағы ахуал да әредік тіл-
ге тиек болады. Көбіне оны бастайтындар сол жақтан келгендер,
сәлем берудің соңы ел жаңалықтарына ұласары сөзсіз. Олардың
айтары – пәленшені орнынан босатты, түгеншені «үндеместер
кеңсесі» алып кет ті... Ғалым ондай хабарды рай бермей үнсіз
тыңдайды, қиналуды түнге қарай ұйықтай алмай дөңбекшігенде
көреді.
513
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Кисловодтың ауасы да, емі де жағып, шипалы әсері («Құдды
біздің Баянаула сияқты – бойыңды сергітіп, ішпей-жемей
тойғызып қояды» – ға лымның өз сөзі) дәру болды. Мәскеумен бір
мәрте хабарласып алып, «алаң сыз демала беріңіз» дегенді естіген
соң-ақ, екінші маусымға жолдама сұратты. Осы жаққа бірге кел-
ген жерлестері ерлі-зайыпты Сәтбаевтардан рұқсат сұрап елге
қайтты.
Өздерімен-өзі оңаша қалғаны екеуіне алғашқыда мейрам
сияқты көрінген-ді, амал не, бір жеті өтпей-ақ зеріге бастады:
бұрынғыдай көл-көсір әңгіме сап тыйылды, ем алудан босаған соң-
ақ не істерін білмей, қатар қойылған қос кереуетте мелшиіп төбеге
қараумен өткен сүреңсіз күндер бір-біріне жалғасты...
* * *
Ерлі-зайыпты Сәтбаевтар Мәскеуге ақ
пан
ның үшінші апта-
сында оралды. Бұл жо лы үйрен шікті «Москва» мейманханасына
емес, астана іргесіндегі Абрамцево елді мекенінде академиктер
үшін арнайы тұрғы зыл ған саяжай қалашығына тоқтады. Заман
доңғалағын ұршықша үйіріп, миллиондаған адамды диір меннің
тас дөңбегінде жаншудан тайынбаған И. Сталин көңілі түскен
шақ та қажет-ау деген өнер мен ғылым иеле рін шексіз құрметтей
де білген. Соның бірі – КСРО ҒА-ның мүшелеріне сый еткен осы
қалашық. Қа ныш Имантайұлына да содан дербес екі қабат кот-
тедж тиген-ді: ба қандай алты бөлмелі, іші жиһазға толы әрі өмір-
бақи мұрагерлік құ қық пен пайдалануға...
Екі жылдан бері сол бөлмелер бос тұрған-ды. Мәскеу уни-
верситетінің филология факультетінің аспирантурасында оқи-
тын Шәм шиябану Қанышқызы ғана сенбі күндері достарын ертіп
келіп, әредік қонып жүргені болмаса, күллі Сәтбай әулетінен
бірде-бір жан бұл үйге аяқ басқан емес. Енді міне, үкіметтен сыйға
алған баспанасына қонуға да уақыт таппай, жұ мыс үшін күні-түні
сарсылған ғалым апталар бойы не істерін білмей, оңаша саяжайда
тыныш жататын жағдайға тап болды.
Келген кезде Тевосянның көмекшісіне те лефон шалып, өзінің
астанаға қайтып оралғанын білдірген. «Хабар өзімнен болады...»
депті бастығы. Бұдан кейін биік лауазым иесін мазалауға болмай-
ды, демек, шыдау керек...
Наурыздың алғашқы жаңасында академия төралқасынан қар-
лығаш-хабар келді: академик Несмеянов шақырыпты...
33-0196
514
Медеу СӘРСЕКЕ
– Сіз туралы, қадірлі Қаныш Имантаевич, кім не десе де,
төралқа пікірі бұрынғыдай және өзгермейді! Сол себептен де сізге
екі түрлі қызмет ұсынамыз, таңдау өзіңізден, – деді КСРО ҒА
президенті бірден-ақ тура сөзге көшіп. – Бірінші, академияның
Орал бөлімшесін басқару, оған қоса Свердловтағы Геология инс-
титутына директор боласыз. Өзіңізге танымал кәрі Оралдың
арғы-бергі атырабындағы ғылыми ізденіске жетекшілік етесіз.
Дәрежесі жөнінен бұл тегінде республика академиясының
президентімен деңгейлес қызмет... Екінші, Мәс кеу де тұрғыңыз
келсе, академияның геология-география ілімдері бөлімінің төр-
ағасы, академик Д.И. Щербаковке орынбасар болыңыз. Шын-
туайтын айтқанда, биік беде ліңізді төмендетпес үшін бұл қыз-
метті біз сіз үшін тыңнан қаузадық...
Қаныш Имантайұлы президенттің ілтипатына ризалық
білдірді. Екі қызметтің де көңілінен шыққанын естіртті де,
Қазақстанның ғылыми ахуалын сауықтыру туралы Орталық
Комитетке хат жазғанын, сол мәселе қаралғанға дейін ойлануға
рұқсат сұрады.
– Мейліңіз, асықтырмаймыз.
Нақ сондай қамқорлықты Мәскеу университетінің басшыла-
ры да көрсеткен.
Бұл жайында Шәмшиябану Қанышқызы «Сәулелі әулет» кі-
табында:
Достарыңызбен бөлісу: |