: «Қандай да бір
аймақтың жер қыртысын және геологиялық құрылысын жете
зерттеу, оның даму тарихы мен қазіргі ахуалын дәл білу – сол
төңіректен тағы қандай пайдалы қазбалар іздеуге болатынын
күн ілгері жорамалдауға нұс қа...»
Алайда «орыс геологиясының
ақыл
гөйі» атанған ғұлама, бұл үшін металлогениялық топтау
(обобщение) әдісін пайдалануды ұсынумен ғана тынған. Сірә,
одан әрі тереңдеуге сол күндегі ілім деңгейі мүмкіндік берме-
ген... Геологиялық болжау идеясын дамытумен көрнекті Кеңес
ғалымдары А.Д. Архангельский, Д.И. Щербаков, В.И. Смирнов,
Ю.А. Билибин және басқалар да түбегейлі шұғылданды. Әрбірі
өзінше жаңалық ашып, геология ілімін жа ңа теорияларымен ба-
йытты. Бірақ нақтылы барлауға жарамды картаның болмауы бұл
ізденістерді өмірге етене ете алмады.
Қысқасы, кен орындарын болжаумен анық тауға талап әр кез-
де болған. Ғалым-геологтар бұл мәселені ешқашан жадынан
шығарған емес. Қайта жыл асқан сайын оны мен әуестенушілер
қатары көбейе түс кен.
Ленинград металлогенистері өз картасына негіз етіп, Чукот-
кадағы алтын аймағын ашқан атақты геолог, ВСЕГЕИ-де 1934
жылдан беріде еңбек еткен, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, профессор Ю.А. Билибиннің
(1901-1952) геосинклинальдың (жер қыртысының терең ой-
паңында түзілетін қатпарлы белдеулері) сатылап даму теориясын
қолданған. Қарапайым тілмен түсін дірсек, оның тоқетері: кен
қабаттары жер қыртысын түзген басты элементтер – платформа
мен геосинклинальдық зоналарда шоғырланады; платформа-
лар – кенге кедейлеу де, геосинклиналь зоналары – байырақ; де-
мек, металл шоғырланған қабаттарды тек қана геосинклинальдан
іздеу қажет!..
Геология-минералогия ғылымының докторы Н.А. ФОГЕЛЬ-
МАН бұл теорияны былай түсіндіреді:
«Біздің заманымыздан
ал ты жүз миллион жыл бұрынғы дәуір. Пале озойдың бастапқы
535
ШЫҒАРМАЛАРЫ
кезеңі. Орталық Қа зақ стан ның осы күн гі орнында таяз теңіз.
Тек оның кейбір тұсында терістік-батысқа қарай жантайған
доға тәріздес аралдар қылтияды... Құрлықтардың шет-ше ті
кей уақ түтінденіп, қоқыс, газ бен лава құсып қояды, сөйтіп
аралдар сілемін молайта бастаған. Ал аралдар мен құр лық ара-
сы қайсыбір тұста жіңішкере түс кен, теңіз де мүлдем таяз-
данып, әр түрлі шө гін ділер мен жанартау жыныстарына то-
лу да. Геосинклиналь деге німіздің өзі де осы. Те ңізді біржола
ығыстырып, үстіңгі қабаты құрғақ жермен қосылған геосин-
клиналь қатпарлары кенет одан әрі кеңейіп, бойындағы жыныс-
тарды сыға бастайды; былайша атқанда, жаңа қатпарлар
тү зеді, алғашқы аралдар тік шаншыла көте ріліп, шө гінділер
кең аңғарларға айналады: мұ
ның ақыры осы күнгі таулы
аймақтардың жаралуымен аяқталды... Орталық Қазақстанда
айрықша биік та у лар бүгінде кездеспейді, анығында олар жер
астынан талай рет өсіп шыққан, бірақ миллион жылғы эрозия
тау шоқыларын әрдайым құмға айналдырып мү жіп отырған.
Оның есесіне жеті қат тө менде металға бай қабаттар кө бейе
түс кен.
Геосинклиналь теориясы
–
осы заманғы ғылымның ұлы жеңі-
сі, оны дүниеге келтірген адамдар да
–
аса көрнекті ғалымдар.
Амал қанша, кейде былай болады: геосинклинальдық процестің
рөліне зор мән беріп, тамаша теорияны әрі қарай дамытуда
кейбір геологтарымыз қиял жетегіне еріп кетті; металдардың
бұрыннан мәлім және кейін нен табылған кең шоғыры түзілуін
геосинклинальдың даму сатыларына байланыстыратын болдық.
Достарыңызбен бөлісу: |