Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет105/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   245
null

«Жезқазғанның мыс қоры барлау кө ле мі ұлғайған сайын 
көбейе береді. Оның қоры Америкадағы Жоғарғы Көл, Африкадағы 
Катанга, Терістік Родезия тәрізді дүние жү зі не мәлім мыс про-
винцияларынан ешбір ол қы емес, кейбір ерекшеліктері жөнінен 
артығырақ...»
ІІІ
Жаманат хабар Қарсақбайға 1933 жылғы ақпан айының орта 
шенінде жеткен.
Мырзабек ТҰҢҒЫШБАЕВТЫҢ ауызекі әңгі ме сінен:
«Ақпанның ақ ықпасы түтеп тұрған күндердің бірінде 
Қарсақбайға жедел шақырылдық. «Бурабайдан ешкім қалмасын, 
жұмыскер атаулы түгел келсін!» де ген қатаң бұйрық. Қанекең 
мәжілісқұмар кісі емес, жұмыс адамын жөнсіз мазаламайтын. 
Аға мастерлер ғана конторға барып тұрады, онда да есеп беруге 
иә жұмыскердің жалақысын әкелуге...
Тайлы-таяғымыз қалмай, темір жолдың кішкене вагонда-
рына тиеліп Қарсақбайға жеттік. Біз ғана емес, Байқоңыр мен 
Қияқтыдағы жұмыскер атаулы қотарыла келіпті. ГРК-ның 
жұмысшысы түгел, жалпы қа ра мы алты-жеті жүз кісі. Мыс 
зауыттың сол жылы біткен құлыбына сыймадық, орындық жет-
пегеніміз еденге, есік-терезенің алдына жайғасып, тымақтың 
құлағын түрейік. Әншейінде жұрт алдына жайраңдап шығатын 
маңғаз Қанекеңде өң жоқ, жауар бұлттай түнерген қалпымен 
мінбеге келді. 
– Жағдайымыз қиын! – деп бастады сө зін. – Биылғы бар-
лауға жобаланған қаржыны Бас басқарма бермейтін болды. 
Жезқазған барлауын біржола тоқтатуға, міне, бұйрық алдық. 
Барлықтарыңыз да бүгіннен бастап есеп аласыздар... Неге бұ лай 
болды? Оның себебін өз басым біл меймін. Тіпті түсіндіре де ал-
маймын. Ал көпе-көрінеу жаңсақ бұйрық екеніне шүбәм жоқ!..


254
Медеу СӘРСЕКЕ
Қазақ қысы боранды болып, малы қырылған жылды жұт дейді. 
Бізге жұт борансыз ашық күнде келді. Желіге байлар тұя ғы жоқ 
тақыр кедей, күні-түні баққаны 

 бурабай болған жұмыскер 
нан жегізіп отыр ған ыстаногынан шеттетілген соң жұтамай 
қайтеді?.. Қара жерге отырып қалғанымызды білдік. Әй, несін 
айтасың, ақпанның ашық күнінде аспанға найзағай ойнаса 
бүйтіп есеңгіретпес, төбемізден біреу суық су құйып жібергендей 
мәңгу болдық та қалдық. Залдың әр жерінен дәр менсіз қарсылық 
білдірген сылбыр үндер ес тіледі. Біреулер «Зиянкестік» деп мің-
гір 
лесе, екіншілері «Сталин жолдасқа хат жазу керек!» деп 
даурығады. Қапелімде ойлағанымыз 

 құрсақ қамы. Өйткені 
кешегі отыз екінің зауалы жанымызды түр шіктіріп кеткен...
Ақыры, әрлі-берлі шуласып, Қаныштың өзіне жабыстық.
– 
Не білгенің бар, жарқыным? Мына жағ даяттан шығар жол-
ды өзің көрсетпесең, бізден не ақыл сұрайсың, – дедік. 
Азаматтың арыстаны еді-ау, Қаныш сабаз! Жұмыскерден жа-
сырын сыры да, сырдаң қулығы да болмайтын.
– Түптің түбінде шындық жеңеді, барлау да қайтадан жүреді, 
ағайын! Бірақ со ған қашан жетеміз, оның жөн-жосығы маған 
беймәлім. Өз басым Жезқазғанды тастап, басқа жерден абы-
рой іздемеймін. Ақы-пұл алмай істеуге дайынмын, қысқасы, 
осы өлкенің жерасты қазынасын ақы рына дейін ақтарғанша 
ешқайда кетпей мін! – деп сабазың ағынан жарылды.
Мәскеуге жүрмек екен.
– Ізденемін! – деді Қанекең. – Маған ергенің, Жезқазғанның 
асыл қазынасына сен 
генің – ешқайда кетпеңдер!.. Әлбетте, 
бұрынғыдай ай сайын қолыңа ұстар қаражат бола қоймас. Бірақ 
«Көппен көтерген жүк жеңіл!» деген, не ішсек те – бөліп ішеміз, 
не көрсек те – бірге көреміз, ағайын! Осыған шыдағандарың өле-
өлгенше, ақтық демім кеудемнен шыққанша менімен біргесіңдер. 
Ал кетемін дегенге ешқандай реніш айтпаймын. Балалы-шағалы 
жансыңдар, олар дың да күнкөрісін ойлаңдар!..
 Сол кеште ешқандай мәмлеге келе алмай, уласып-шула-
сып үйді-үйге тарадық. Мастерлерден ерлік көрсеткен Ба-
баилов болды. Ол сабаз ертеңгілікте конторға барып, «Ме-
нің тағдырым Жезқазғанмен әлдеқашан тоғыс қан, Қанеке, 
қасыңда боламын!» – депті. Халық Темірбайұлы да бригада-
сымен қалатын болыпты. Маған да толқу кірді: қиын күн-
де Қанекеңнен жақсылық кө 
ріп, мақау кезімізде ел санаты-
на қосылдық; жаңа кәсіпке баулып, ыстаноктың құ 
 
лағын 


255
ШЫҒАРМАЛАРЫ
ұстатқан қарызын қалайша ұмы тамын?.. Ақыры, кешкілікте 
үйіне бар сам, Мәскеуге әкетер қағаздарын реттеп отыр екен. 
«Қанеке, не көрсем де өзің мен бірге болуға бекіндім! Алыс жолға 
осы тілегімді арқалап аттанғайсың!» – дегенімде, мінезін жа-
сыруды білмейтін аңқылдаған жан еді ғой, жарықтық, қапсыра 
құшып, қолымды құшырлана қысты. Бетіне қарасам, кө зінен 
аққан жас омырауына тамшылап тұр. Шыдау қайда, менің де 
жүйкем босады...»
Жезқазған хикаясының қиын-қыстау күн 
дерінде өз тағды-
рын бөле-жара қарап, жан сауғалауды тәрк еткен бір ғана 
Г.И. Бабаилов иә М. Тұңғышбаев емес-ті. Егізек Байсалбаев, 
Александр Рожнов, Жа ғыпар Сейілов, А. Әл мағанбетов, Дүзен 
Үн 
шебаев, Павел Прокопьев, Сейітқазы Қарсақ 
баев, Тимофей 
Зверинцев, Ахмедия Төлек баев, Есілбай Бекенесов, Өтепберген 
Бита баров, Халық Темірбаев, Әбілқасым Омаров, инженер Үге-
дей (Сергей) Бөкейханов, бұрғы 
лау жұмыстарының бастығы 
А.Д. Никитин, инженер-геолог И.Н. Богданчиков, Д.Н. Бур цев... 
тәрізді қарамды топ. Ат төбеліндей аз емес, жиыны – 72 адам. 
Қиыншылық күттірген жоқ. Түсті ме тал дар басқармасының 
«мырзалық» жасап, Жезқазған конторына қалдырған мазақ 
қар 
жысы (былтырғы ұстағанның небәрі бір пайызы, яки үш 
жүз мыңдай сом) барлау конторынан кеткен жұмысшылармен 
есеп айыры суға ға на жет ті. Ал бұрғылауды өз бетімен жүр гіз уге 
келіскен жұ мыскер қайтіп күн көр мек? Ста нок тар дың майы мен 
бытырасын қайдан алады?..
«Гараж, шеберхана, химия зертханасын комбинат меншігіне 
көшірдік; станоктардың да санын азайтуға тура келді; әрине, 
басқа жерден күнкөріс іздеген адамдарды да ұстаған жоқпыз... 
Бірақ барлау тех 
никасын меңгерген маман жұмысшыларды 
қайткен күнде сақтап қалу қажет-ті, – 
деп куәлік етеді Жез-
қазған эпопеясының қиын күндерін ерімен бірге басынан кешір-
ген Таисия Алексеевна.
 –
 Ә дегенде есеп алғандардың да қайсы-
бірі артынан қайта оралып: «Сушы болсақ та бурабайда 
қала 
мыз!» – деп көңілімізді өсірді. Үй ішінің ұсақ күйбеңі, 
қиыншылықтан түңілген кезде менің де белең беретін нара зы-
лық 
та 
 
рым жайына қалды. Бәрін де бір мүдде 
мен өзара ын-
тымақтас 
қан ат төбе 
лін 
дей шағын топтың тірлік-тағды-
ры жең ді. Белді бекем буып, өзіміз іргесін көтер ген өнді ріс тің 
тіршілік отын сөндірмей, соны маздату үшін ұзақ айларға созыл-


256
Медеу СӘРСЕКЕ
ған күрес бастадық. Барлаушылардың шағын то бын іріктеп, 
қолда бар аз ғана жаб дық, қорды үнемдеп жұмсаудың ша ра ла-
рын қамдаған соң-ақ Қаныш Иман тай ұлы Мәскеуге арыздануға 
аттанды. Кішкентай қызы мыз Мейіз де сол кезде аяқастынан 
ауыр ып, қатты жығылған. Көкесі соған да аял даған жоқ...». 

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау