«Бүгінде жұрт сенбейтін ауыр
жағдайды бастан кештік. Алты-жеті ай қолымызға көк тиын
алмай, асхананың сұйық көжесін талғажау еткен күндер де бол-
ды. Ай сайын жан басына елу грамм май аламыз, күндікке тиеті-
ні – екі жүз грамм қара нан. Мотор май сыз қалып, қол ыстаногы-
мен де жер тес тік. Не көрсек те, тек шыдап бақтық».
ХАЛЫҚ ТЕМІРБАЕВ:
«Бір жолы Тасқұдық басындағы ысква-
жинаны бүлдіріп алдық. Ыснаряд жер астында кептеліп тұрып
қалды, не амал істесек те, суыра алмадық. Бабаилов келіп,
бәрімізді былапыт тілі мен бір-бір сыбап алып, әрлі-берлі айнал-
дырып ештеңе істей алмады... Амалсыз Қан-ағаңа хабар бер дік.
Ол кісі іле жетіп, жағдайды көрген соң бәрімізді кең сеге шақырды.
Ки ім тозған, әбден азған халдеміз. Қырсыққанда, сол күні тағы
бір ыстаноктың пәт шіпнігі ағыпты. Ол аздай кі ші жұмыскер дің
бірі мастердің үстінен арыз айтты. Қысқасы, жиналыстың қы-
бы келмей, ә дегеннен берекесі кете бастады...
Бір сәтте Қанағаң орнынан атып тұ рып: «Мен ертең үкімет
пен партияның бетін қалай көремін, қиын күнде бізді белсене
қолдап отырған Қазақстан басшыларына не деймін, мыналарың
не?!» – деп үс телді жұдырығымен қойып қалды. Үстел үстіндегі
сия дә уіт жерге ұшып түсті... Қанағаңмен мен он екі жыл ГРК-
да бірге істеген адаммын, кейіннен де қарым-қатынасымыз
үзілген жоқ. Оны қоссам, сірә, ұзын ырғасы отыз жыл болар... Иә,
айта йын дегенім – отыз жылда қатты ашуланғанын көргенім
сол жолы. Жүзіне қарасам – көзі шүңірейіп, жақ сүйектері одыра-
йып, қо мақ ты кең иығы да қушиып кеткен. Сірә, соңғы айлардың
мехнаты титықтатып, жүйкесін әбден тоздырған. Бір адам
ләм-мим деген жоқ. Үнсіз мелшидік... Сәлден соң сабасына түс-
ті. Не іс теу керектігін ақылмен айта бастады. «Кешіріңіздер,
сіздерге ұрсайын деген жоқпын, қапылыста ашуға жеңдіріп ал-
260
Медеу СӘРСЕКЕ
дым», – деді төмен қарап... Былай шыққан соң Ахмедия айт-
ты: «Әй, Халеке, саған ғана емес, әлгі сөз бәрімізге тиді. Сабаз
шын қысылып жүр екен. Бұрын көр
сетпеген мінезін бүгін
көрсетті! Ұят болды. Өлсек те енді бурабайдың басында өле-
й ік. Азаматтың сағы сынбасын, біз деп жанын жалдап жүрген
ер емес пе?!» Жігітте рім сайдың тасындай жайсаң еді, не ке-
рек, сол айдың жер тесу жоспарын өлермендік жасап орындап
шықтық».
ПАВЕЛ ПРОКОПЬЕВ:
«Сол кездегі адамдардың төзімі мен
жанкештілігіне мен осы күнге дейін қайран қаламын. Күніне
15-16 сағат жұмыс істейміз, кейде жатаққа қайтпай, бура-
бай басында түней
тін кезіміз де жиіледі. Сондағы алатын
еңбегіміз қанша десеңізші?.. Бойдақ кезім. Аға коллектордың
міндетін атқарып, кіші жұмыскердің еңбегін аламын. Кейде
сол да тимейді. Бірақ сыр бермей, көппен бірге шыдап бақтым.
Ал балалы-шағалы жұмыскерлер қалай төзді соған?.. Қаныш
Имантайұлында, әрине, маза жоқ. Бурабайға келсе бірімізге
темекі, бірімізге насыбай сыйлап, жайымызды сұрап, істеп
жатқан жұмысымызды асықпай көреді. Сонсоң «Шыдаңдар,
жі гіт тер!» деп көңілі мізді аулап, бірер күн қасымызда жүреді
де, тағы да қаражат қамдауға аттанады. Кейде Қоңырат,
Ащысай сияқты өнді ріс терге барып, солардан қалған-құтқан
жабдықтар сұрап әкеледі. Біздің ісмерлер де құрал жоқ деп қарап
отырмай, ескіні құрап, кейде жоқты қолдан жасап тырмысып
бағады. Соның бәрі барлауды тоқтатпаудың амалы, қайткен
Достарыңызбен бөлісу: |