56
Медеу СӘРСЕКЕ
кен, ертегi сияқ ты алуан хикаяттарын әңгiмелеген әкесiн көре дi...
Орыс әдебиетiнiң кемеңгерi Достоев ский, өз әкесi жігіт күнінен
ұстаз тұтып, пара
са
тты тұрпатын жүрегiнде сақтаған жүрген
қайран Шоқан!.. Ендi, мiне, араға көп жыл салып, жазмыштың
жазуын қараңыз, екі ұлы кездескен, бiрiн-бiрi қалтқысыз сүй iп,
мәңгi табысқан Семейге тап болып, талай күн, талай кештi бiрге
өткiзген ескi үйдiң қасынан тап өзі, семинария шәкірті, сабаққа
бара жатып та, келе жатып та күн сайын жанай өтедi...
Семейдегi өлкетану мұражайы мен Н.В. Го
голь атындағы
көпшiлiк кiтапханасы 1883 жылдың күзiнде ашылған. Жа-
ғырапиялық қоғамның Семей бөлiмшесi 1878 жы
лы ұйым-
дасып, осы өңiрдiң ескілі-жаңа тарихын жүйелi түрде зерт-
теп, сол мақсатпен кiтаптар да шығара бастапты. Көпшiлiк
кiтапханасындағы кiтап қо ры ә баста шамалы болған, алайда
Ресей Fылым академиясы бiр жолы 283 том ғылыми басылым-
дарын сый еткен соң-ақ империяның жер-жерiнен әр алуан
әдебиеттер жиi-жиi түсетiн болған. Мысалы, Санкт-Петербургтiң
табиғатты сүюшiлер қоғамы өздерi шығаратын журналдар мен
ғылыми кiтаптарды жыл сайын жiберiп тұрыпты. Нәтижесiнде
кітапхананың қоры күрт молайды. Қала тұрғындарының да бiлiм
шамшырағына деген ілтипаты ерекше зор: қыр елi нен кiтап алды-
рып иә жиi келiп, бiлiм қо рынан сусындауға ынталылар да аз емес,
солардың бiрi – Шыңғыстау қазағы Абай Құнанбайұлы. Хакім
ақынның мұражайындағы естелiк тер дiң бiрiнде Баянауылдағы
оқымысты замандасы Сәдуақас Мұса
ұлы Шорманов пен Абай
ғұла ма Семейдегi Бас мешiттiң жұма намазында танысып, осы
кiтапхананың оқу залында табысқандығы айтылған. Демек, шал-
ғайлығына қарамай, Баянауылдың ат төбеліндей білімпаз қауы-
мы Семейдің кітап қазынасын әредік болса да рухани қажетіне
жарата білген.
1885 жылы Ресейдiң Сiбiр атырабындағы түрмелерiн аралап,
саяси айдалғандардың тұрмыс жағдайын көріп, нақты сипаттап
жазу мақсатымен сапарға шыққан американ қалам герi Джордж
Кеннан Семейге де соғып, бiр неше тәулiк шеру болған. «Сiбiр» деп
атаған жолжазба кiтабында сол бiлгiр осы қаладан көр ген-бiлге-
нi туралы
Достарыңызбен бөлісу: