«әрi молда, әрi етiкшi, ағашшы, әрi ши-
майшы, әрi домбырашы, әншi болып өс кен…»
(қаламгердiң «Өз
жайымнан мағлұмат» атты ғұмырнама жазбасындағы төл сө-
зi), тұрмысы аса жүдеу тақыр кедейдiң перзенті – баянауылдық
Жүсiпбек Аймауытов. Кедейлiк салдарынан ол Павлодардағы
2-басқышты училищеге туған жылын жасырып жиырма екi жа-
сында түскен. Бiлiм алуға құштарлық бейнет
қор талапкерді
Семейге де келтiрiп, жиырма бес жасар сақа жiгiттi мұғалiмдер
семинариясына шәкiрт еткен...
61
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Таңғаларлық мына жайтқа мән бере қа ра ңыз: 1914-1918 жылдар ара-
лығында ескi Семейдiң Степной көшесiндегi сәулеттi ғи
ма
ратында хал-
қымыздың ұлттық мерейiн биiкке көтерiп, дүние жүзiне таныт қан тұлғалы
үш арысы кездесiп (Мұхтар Әуе зов бiр басқыш iлгерi оқыған) әрі бiр пә тер-
де тұрып, бiлiм дариясынан сусындаған. Бұлардың алғашқы екеуі ХХ ғасыр-
да ұлт мәдениетінің, әдебиетінің, ғылымының біртуар тұлғасы мәртебесіне
ие болып, халқымыздың ұлы перзенттері аталмақ. Ал Жүсіпбек Аймауытов,
амал қанша, сол дарынын толық көрсете алмай, нағыз дер шағында, қырық
екі жасында мерт болған.
Күресті қызықтап иә аяқдоп тебумен әуестену – мұға лім болуға
әзір
леніп жүрген семинария шә
кірт
терінің жастық желеңмен
ойынға аң сары ауған кездегі ермегі.
Ал сауық кештеріне қатысу,
көркемөнерпаздар үйір месіне мүше болып, әдеби шығармалардан
«Жанды ойын» көрсету, үш достың Ханиса ханумның төргі бөл-
месін басына көтере дауласып, қыстың ұзақ кештерінде жетілік
білте шам ның сы ғырайған жарығына иық тіресе отырып, қа зақ
өмірінен шағын драма жазып, күлкілі кө ріністер, әзіл-оспақтар
әзірлеуін не дей міз?..
«...Әнге бай, ақын-жырауы, эпос, қисса, жыры мол, сал-серісі,
бақсы-балгері де әр ауылдан шығатын өнерлі сахара Еуропа мә-
дениетінің озық үлгілерінен өзіне лайықтысын неге үйренбейді?
Даланың марғау тір
лік
тен оянып, отырықшы ел атанып,
мәдениеті ілгері, ілімі озық халықтармен терезе теңестіретін
мезгілі жетті. Біздің болашақ мәдениетімізге Еуропаның цирк
өнері, театры, әлденеше музыка аспаптары бір сазды қосылып
орындайтын оркестрі, көп дауысты хоры да керек. Тіпті футбол-
шы, волейболшы, палуан спортшылар да керек. Жаппай сауат
ашар бастауыш мектептер, тілмаштар дайындайтын курс -
тар ғана емес, терең білім беріп, салиқалы өнерге баулитын се-
минария, гимназия, кәсіби училищелер керек. Оянған қазақ өлкесі-
нің мұндай өнерге, білімге, ғылымға іңкәр болғаны қашаннан...
Оны жаңа жағалауға бастайтын көш басшылар – мына біз дер,
қазақтың жас оқығандары. Демек, алдағы мұрат-мақсатымыз,
өміріміз осы жолға арналуға тиіс. Ол – ағарту жолы! Туған хал-
қыңа қалтқысыз қызмет ету. Өз бiлге нiң дi, бойыңдағы барыңды
салып өнер жолына сүйреу!»
– деген өрелі ғана емес, таңғажайып
толғамды біз Қ.И. Сәтбаевтың күнделік дәптеріне Әлекей деген
шәкірт ойы ретінде далдалап көрсеткен қолжазбасынан келтіріп
отырмыз.
62
Медеу СӘРСЕКЕ
Дарқан өмiрдiң ащы-тұщысын әзірше татпаған, маңдайына
тас тиiп, шөгiр қадалмаған, арман жетегiнде жүр ген шә кiрт тер,
тегiнде, құрғақ қиялға малданған утопистер емес, хал-қадірiнше
нақ ты iс пен шұғылдануды тілеген ойлы жастар. Мысалы, Мұхтар
Әуезов сауық кеш терiнiң бағдарламасын әзiрлеумен бірге, ша-
ғын драма жазумен әуестенедi. Түпкiлiктi ойы – Халық үйiнiң
өнерпаздар үйiр месiне репертуар әзірлеу. Семинария шәкiртiнiң
осы жолдағы игi талабының алғашқы туындысы – 1917 жылы
Абай ауылының жайлауы Ойқұдықта ойналған «Еңлік-Кебек»
трагедиясының алғашқы қойылымы. Актерлері – ақын ауылы-
ның оқыған жастары.
«1916 жылғы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза
бастадым. Алғаш жазған пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған
соң) жарыққа шықпады, – депті Жүсіп бек Аймауытов ғұ мыр-
баяндық жазбасында. –
Достарыңызбен бөлісу: |