...«Рабиға», «Жебір болыс», «Қанапия –
Шәрбану» – 1916-1917 жылғы жазған пьесаларым. Ең алғаш баспа
жүзіне шыққан сөздерім – 1917 жылғы «Сарыарқада»
(Семейде
шыққан қазақ газеті – М. С.).
Ал Қаныш шәкірт нендей өнерді мұрат еткен?
Төр жайлауға ауылдың қонған кезі. Қыс бойы шаруа қамымен
бір-біріне қатыса алмаған ағайын-жұрағат амандаса келіп, жа-
патармағай қауышып жатқан мәре-сәре мезгіл. Күн қызылиек-
теніп батып барады, төңірек түгел жайқалған көк, ауыл ірге сінде
жалтыраған айдын көл. Кенет отау үй
ле
р
дің бірінің алдынан
жайлаудың саф ауасын діріл қақтырып желпігендей, маужыра-
ған табиғатты, шаруа күйлеген ауыл адамдарының назарын өзіне
еріксіз қаратқандай сазды үн құйқылжи шығып, жан-жүйеңді
еліте жөнеледі. Желсіз тымық кеште азан-қазан болып шулап
жататын қотан да бүгін әсерлі саз әуеніне елтіп жым-жырт тын-
ған, қы быр еткен жан-жануар болсайшы.
Кенет тыңдаушылардың бірі қатты да уыстап: «О, бәрекелді!
Тусаң ту, Сәтекеңнің төрт арысы! Өнер деп осыны айтыңдар, оқы-
саңдар, осылай оқыңдар!» – деп қошемет біл ді реді. Төрт арыс
дейтіні – өнер көрсетіп тұр ған ағайындыларға білдірген қоше-
мет: Әбі кей – гармоньда ойнаса, Әбдікәрім (Кәрім) – скрипканың
дүлдүлі, Бөкеш – домбыраға жүй рік, ал Қаныш – мандолина мен
ги тарды бірдей тартады... Ағайындылардың са у ық-сайраны,
әдетте, жұлдызды түннің бір уағына дейін созылады: ән-әуенге
қоса қаладан көрген-білген жаңалықтарын майын тамызып әң-
63
ШЫҒАРМАЛАРЫ
гіме айтады; дауыстап Абай және ескі ақындар өлеңдерін оқиды;
ауыл өмі рінің көлеңкелі жақтарын әжуалайтын сықақтарды ой-
нап, жиналған жұртты күл кі ге қарық қылады...
(Жылдар өтеді. Кешегі шәкірттер ерже тіп, өмір ағысына шыққан. Бірі –
инженер, екіншісі – қаламгер. Күні кешегі арманы жүзеге асып, ұлт теат-
ры шаңырақ көтерді. Сол театрдың шымылдығын ашқан қойылымның
бірі – «Еңлік–Кебек», авторы – кешегі «Қазақша бастапқы ойынның» бел-
сенді қа ты сушысы Мұхтар Әуезов. Ал ұлт театрының алғашқы қадамын,
табысы мен кем шілігін жанашыр көңілімен қуаныштап, әрі сәт сапар тілеп
тебірене жазған тұңғыш сыншысы – кен инженері Қаныш Сәтбаев.
«...Қа-
зақ ұлт театрының келешегіндегі жолына төменгі үш бағыт негіз бо-
луы керек деп білеміз: бірінші, театр – ел өмірінің түзу айнасы; екінші,
театр – ел міндетінің құрулы тезі, төреші ұстазы; үшінші, театр –
қазақтың салт-сана, күйі, сарындары сияқты мә дениет, өнер кендерінің
терең ошағы, ұйыт қысы»,
– деп ой толғаған ол «Еңбекші қазақ» газетінің
1927 жылғы 24 қаңтарда жариялаған «Қазақстанның ұлт театры» атты шолу
мақаласында).
ІІІ
Шәкірттік жылдар зымырап өтіп жатыр. Қаныш қоңыр күз
бен қытымыр қысты Семейде өткізіп, жаз елде, көбіне жайлау-
да болады. Соғыс тауқыметі де қала халқын әбден титықтатып,
мейлінше қажытуда. Дүние атаулы қымбатшылық. Рас, пұлың
болса, іздегенің түгел табылады. Шәкіртке қанша бап керек?
Үсті-басы бүтін, тамағы тоқ болса, жетіп жатыр. Соның бәрі
бірақ қыруар бейнетпен келеді. Семинария ай сайын он бес сом
стипендия тө лейді. Бұл, әрине, айналымға жетпейді. Сенімді
үміт – арымайтын ауылда: қысқа қарай өткен-кеткеннен қор-
жындап ет, қарындап май жібереді; стипендияға сеп болсын деп
қаражат та жөнелтіп тұрады. Баянауылдың Семейден салт аттыға
алты күн жүретін жырақ орналасқаны қарым-қатынасқа қиын-
ақ...
Шәкірттер өзара қосылып, бір-біріне жең ұшымен жалғасып,
сенікі-менікі демей, қоржын түбін бірге қағысып, қоңыр төбел
тір ші лікпен өмір сүреді. Сөйтсе де, қаланың жүдеу тұрмысы олар-
ды тоғыз-он айға созылатын оқу жылында әбден титықтады. Сол
себепті шәкірт атаулы тезірек ауылға қайтуға асығады. Мұхтарға
бұл қиын емес, ата қонысы – жолшыбай бір-ақ қонып баратын
64
Медеу СӘРСЕКЕ
Бөрлі бұйратында. Ал Қанышқа жайлаудағы ауылы на жету үшін
жеті-сегіз күн керек. Сол себепті оқудан босайтын күнін әкесіне
алдын ала хабарлайды. Бұл кезде оған Баянауылдан қос атпен
келетін адам – елгезек Нұрлан. Межелі күні ол қа ла ға түсіп, Әбең
үйінде тосып жатады. Әри
не, соншама қиыр түкпірден үлкен
шәрге келген соң оған жүктелген тапсырмалар да аз болмай-
ды. Бәрі де қырда табылмайтын қат нәрселер. Базардағы сауда
трашпеңке арба алумен тынады. Іле-шала жолаушылар күн ба-
тысты бетке ұстап жолға шығады.
* * *
Жас Қаныштың әр жылы, оқудан келген сайын парызы санап
ыждағатпен орындайтын бір рәсімі – өздерімен қоңсы отырған,
Арқаның атақты әншісі һәм сазгері Жаяу Мұса Байжанұлына
арнайы барып сәлем беру. Сол қауышуға Қаныш қана емес,
қарт әншінің өзі де құштар. Мерзімді күнінен кешіге бастаса,
«Имекеңнің кенжесі келіп пе екен, нәзік бала еді, оқудан ауырып
қалмады ма екен?» – деп сұрау салып, іздеп отырады. Шыдамы
түгесілсе, сипаң торысын өк пеге тепкілеп, Далбадан өзі-ақ келеді.
Сол рәсімді Қаныш 1916 жылы да бұзбады. Үйінде бірер апта
болып тыныққан соң сенімді серігі Нұрланды алып, әншінің
қыстауына өзі аттанады. Жаяудың бұл сексенге ентелеген ша-
ғы, қос-қостан айдайтын малы болмаған соң жайлауға бұрын
да шықпайтын, ал қазір біржола тыйылған. Жолаушылар кел-
генде, ол сырқаттанып жатыр екен. Үй іші жүдеу, төрде бір-екі
тайтеріден өзге лыпа жоқ...
Бұдан арғы әңгімені сол кездесудің куәгері Нұрлан Қасенов
ақсақал жалғастырсын:
Қанкежан сырқаттың көңіл-күйін ежік теді.
– Оны менен сұрап қайтесің, анау құ сым нан білсеңші, – деп
әнші тұғырда мүлгіп отырған көк қаршығаны нұсқады.
Қаныш қыранның қасына барып, бөтегесін сипап, топшысын
басып көрді де:
– Әнші ата-ау, құсыңыз ашулы ғой. Жаз шыққалы емін-еркін
бір ұшпадым деп көк тілеп отыр екен, – деп еді.
Қарт риза болып қолын соғып, мәз болды.
– Пай-пай, тумысыңнан айналдым, асыл Имекемнің кенже-
тайы! Айнытпай таптың, құс
бе
гілік өнерге ден қойған тегіңе
тар туыңа бо лайын. Көк қаршыға ұшпағанына жүдесе, мен ұша
65
ШЫҒАРМАЛАРЫ
алмағаныма құсамын, ей, қайтесің, қарағым...– деп сері мұ ңай ып
қалды. – Жә, Қанкежан, қалаң не дейді, мына соғыстың салмағы
қайыстырып болды ғой қыр елін?...
Қанке қала жаңалықтарын әңгімеледі. Қазақтан окоп жұмы-
сына азамат алмақ деген қауесетті де жасырған жоқ.
– Е, патша әкеміздің жайы мәз емес десейші. Мынаның сөзі
шылғи өтірік болды, – деп әнші тізесінде жатқан ескі газетті ірге-
ге лақтырды. – Зобалаңның көкесі ал да десеңші.
– Жағдай ауыр, – деді шәкірт.
– Балам, бері жақындашы. – Әлдене ойына түскен қарт әнші
кенет Қанышқа сынай қарады. – Былтырғыдан бойыңа едәуір қо-
сыпсың, тіл-аузым тасқа! Ал ойың ше, оған да қосқаның бар ма?
Әлде азайттың ба?
Қаныш қызараңдап:
– Оны енді... не деуге болады?.. Оқудың тағы бір жылын бітіріп
келдім, – деп күмілжіген рай аңғартты.
– Бәрекелді, ризамын. Имекеңнің ақыл-ойын ғана емес,
сыпайылығын да айнытпай алғаныңды көріп тұрмын. Жә,
бұйымтайыңды айт, менен не қалайсың?
– Бұйымтай жоқ, әнші ата.
– Шынымен көңіліңде ештеңе жоқ па?
– Жоқ, шыным.
– Жә, үш қайтара сұрадым, жоқ деп үш мәрте қайырдың.
Шынында да сәлем бере келіпсің, ризамын. Қане, қолыңды
жай, балам! Әлгінде өзің құмарта сипаған көк қаршығам –
менің аяқтыға ұстатпай, тұяқтыға қақтырмай қастерлеп, ба-
бында сақтап келе жатқан жалғыз асылым. Сен де, Қан кежан,
Имекеңдей ел жақсысының жас
тай баптап, ертелі-кеш бағып
отырған балапан қанат сұңқарысың. Көк қаршығаны саған бай-
ладым. Екеуіңнің бұдан былайғы тілеуің бір болсын, қос қыран!
Ұш қан кезде мерейлерің үстем болып, жол дарыңа нұр жаусын,
әумин!.. Бұл қазір нағыз бабында, алып кетіп, демалысыңа ермек
ет, саят құрғын, қарағым!
Достарыңызбен бөлісу: |