«Жезқазған кенінің гидротермалдық тегіне қалтқысыз сен-
ген Сәтбаев бұрғылау ұңғымаларын көбіне теориялық қи сынға
келмейтін, тіпті кен жоқ деп үзілді-кесілді тұжырымдалған
тың қабаттарға, құрдым тереңдерге бағыттайды. Таңғаларлық
жайт: геологтың жолы оңғарылып, бұрғы ұшы әрдайым құнарлы
кен өзектерін жолықтырып отырған. Алайда мұны Сәт баевтың
ерекше көреген қабілетінің нәтижесі деп қана түсіндіруге бол-
майды... Жә, сонда Қаныш Сәтбаевтың көрегендік сыры неде?
Кен орнын барлауды бастаған кезде-ақ өз ісіне соншама тақуа
әрі әсіре білгіш ағылшын мамандары көрмей кеткен көмбені ол
қа лай ша біле қойды? Он екі жылдық барлаудың әр жылында кен
қорын еселеп өсірген та маша жетістікке, оған оң көз бен қара ған
әріптестерін де таңғалдырған ғажап нәтижеге ол қалай жет-
ті? Мұны, тегінде, «бағы жанған» деген тәріз ді қарапайым түй-
сіктермен түсін діре алмайсың.
Әрине, теориялық мығым негізге сүйенген болжаудың сеп-
тігі тиген. Сәтбаев соған сүйеніп, іздегенін бірден «көрген»:
тектоникалық құбылыстардың бірнеше дәуір де қабат тасып,
Жезқазған қыртысында кен түз ген заңдылықтарды ту бастан
жете ұққан да, соны бетке ұстап, мыс ерітінділері құйылған
жарықшақ сызаттарын қолмен ұстағандай әрдайым сәтті
нұсқап отыр ған...»
250
Медеу СӘРСЕКЕ
Тасқұдықтағы тың барлау біршама сәтсіздіктерден соң ақыр
аяғында жолды болды. Сол жазда-ақ құрдымға бойлаған бір
ұңғыма өзі күткен кен қабатын тереңде кесіп өтеді, іле екінші,
үшін
шіле
рі... Қысқасы, күзге дей
ін тоқтаусыз ұңғып, өндіріс
ошағы орналасқан қырат пен тұрғын үйлердің ара-арасы қаптаған
оқпанға айналады. Жыл аяғындағы есептеуде Жезқаз
ған кен
орнының қо ры былтырғыға қарағанда тағы да екі есе өс еді. Бұл –
Тасқұдықтың алғашқы жылғы бар ла у да бергені, келешекте ол
Жезқазған ке ні нің ең сүбелі, қорлы кен төбесіне айналмақ...
Сол жылдың аяқ шенінде Қаныш Имантайұлы Мәскеуге ат-
танады. Жалғыз емес, бір топ геолог-техникті ертіп. Сапарлары
сәтті болды. Астанада ұзақ жатып, бес жылда Ұлытау атыра-
бынан барланған пайдалы қазбаны ВСНХ-ның Орталық қор
комиссиясының (ЦКЗ) алдында қорғап шықты. Комиссия Жез-
қазған барлауының жаңа деректеріне шұқшия үңіліп, ақыры ар-
наулы мемлекеттік актімен бекітіп берді.
«Цветметиздат» баспасы Қ.И. Сәт баев тың «Жезқазған ауда-
нының мыс кені және оның минералдық ресурстары» деген
ғылыми еңбегін сол жылы жеке кітапша етіп жарыққа шығарды.
Еңбек иесінің тұжы рым дауынша,
«Жезқазғанмен қоры жөні-
нен тең түсер Одақ көлемінде тап қазір бірде-бір мыс кені жоқ:
әмбе ол тез игеруге тиімді қасиетке ие; сонымен қатар Жезқазған
ауданы мыс қана емес, темір, марганец, кү кірт колчеданы, көмір,
қорғасын, асбест, от қа төзімді саз, фарфор, фосфорит, шыны,
ба рит тәрізді ерекше құнды қазба байлықтарға, құ ры лыс ма-
териалдарына өте бай. Осы қазынаны халық шаруашылығына
тезірек пайдалану үшін: а) Жезқазған ды Атасу темір кендері
арқылы сенімді отын ошағы – Қарағанды көмір бассейніне кең
табанды темір жолмен жалғастыру; б) Үлкен Жезқазған комби-
натын салуға жедел кірісу; в) бұл аудандағы барлау жұмыстарын
одан әрі комплексті түрде дамыта беру оның қазба байлығын
көптеп ашу ға түрткі болмақ; г) екін ші бесжылдық жоспарда
Жезқазғанда қара металл және ферромарганец өндіретін ірі ком-
бинаттар салуды жобалау...»
Ұлытау қойнындағы мыс көмбесінің мадақ дақпырты ақыры
жоспарлаушы мекемелердің назарына ілікті. Жезқазғанда үлкен
мыс зауытын салу туралы ВСНХ қарары жарық көрді. Бірнеше
жобалау, зерттеу институттарының жетекші ірі мамандары
Қарсақбайға келіп, айлап жатып, ізденіс, дайындық шараларына
едел-жедел кіріс кен.
251
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Қаныш Имантайұлының ойынша, бір ға на жайт күмәнді. Ол –
су тапшылығы. Оған ділгерлік қазірдің өзінде айқын сезілуде.
Ал өндіріс іргесі кеңейіп, дүниежүзі
лік алып комбинат ірге
көтергенде, тұр ғын халық саны еселеп өсіп, Ұлытау өңірін жүз
мыңдаған адам жиналғанда, жағдай не болмақ? Түптің түбінде
осы жайт басты кедергі ге айналса қайтпек?..
Жер астынан су іздеуді Қарсақбай геологтары ерте-ақ ой-
ластырған, бұл үшін олар қаржы да, техника да аямаған.
Алайда жоққа жетер жүйрік бар ма? Төрт-бес жылғы тыным-
сыз ізденісте көңіл тыншығандай су қорына жолыға алмады.
Әйтсе де байлыққа берекелі Жезқазған қыртысына сенім, әсіресе
оның жарықшақты қатпарлары, тақтатастан түзілген небір
қойнау-оппалары барлау жетекшісінің ойынан кетпей мазалай
беретін. Солардың қайсыбірінде өндіріс қажетін өтер лік су қоры
сақталуы мүмкін, қар-жаңбырмен келетін су көлемін ертелі-кеш
есептеу де осы болжамды бекіткендей. Ендеше, іздей алмай жүр-
міз, тәжірибе, білім жетпеді. Бәлкім, күш-қуатымыз кем болды?
Ал су сақталған оппаны қалайда табу керек! Жезқазған тағдыры
сусыз шешілмейді.
Сол үшін де Қаныш Имантайұлы Орта Азияда жерасты сула-
рын көп жыл іздеген кәнігі гидрогеолог Ф. Моргуненковты 1929
жылы Ұлытауға шақырған. Ол келген соң ізденіс ғылыми жүйеге
түсіп, әрбір күмәнді ойпаң жоспарлы түрде тексеріле бастады.
Амал не, жер астындағы бұқпа көл табыла қоймады.
Ескерту парыз: нақ осы гәп Жезқазған – Ұлытау аймағын ірі көлемде
дамыту жобасын екінші бесжылдықта бастауға кеселін тигізді. Ф.П. Мор-
гуненков кәміл сеніммен сол кезде болжаған жер астындағы су қоймасы
ту баста іздеген жерден, Қарсақбай мен Жезқазған аралығындағы Жанай
шоқыларынан бертінде, 60-жылдарда құр дым тереңге барлау нәтижесінде
табылды (ғылыми болжам дұрыс болғанмен, техника күші жетпеген). Жанай
су қорының молдығы осы күнгі Жезқазған қаласының іргесін кө теру үшін
ғана емес, алып байыту фабрикасын салып, жаңа мыс зауытын жобалауға да
мүмкіндік берді).
Гидрогеологтарға сеніп, күндердің кү нін де мол сумен жарыл-
қайды деп қол қусырып қарап отыруға бола ма? Нақты айғақсыз
жобалаушыларды сірә да малдандыра алмайсың. Оларға мол су
көзі керек! Сондықтан да Қарсақбай геологтарының жетекшісі
Мәскеуге барған бір сапарында атақты су маманы, академик
252
Медеу СӘРСЕКЕ
Б.Е. Веденеевке жолығып, күні ертең өздері шұғылдануға мәж-
бүр болатын мәселені бүкпесіз әңгімелеп, көмек сұраған. «Бізді
қазір бір ғана жайт қатты алаңдатып отыр, Борис Евгеньевич, –
дейді Сәтбаев. – Үлкен Жезқаз ған комбинатын алаңсыз тұрғызуға
қар суы жете ме, жетпей ме? Мамандар бұл жайында әр түрлі жо-
рамал айтады. Бірақ нақтылы зерттеу жүр гізіп, Ұлытауға жыл
сайын түсе тін ылғал көлемін есептеген бір жан жоқ. Осы мәселеге
ғылыми көмек беруіңізді өтінемін?!..»
Салауатты маман нақты көмек көрсетті. Өндіріс орындарын
сумен жабдықтауға маманданған Мәскеудің Водоканалпроект
инс титуты бұл мәселемен шұғылданатын болды. Отыз бірінші
жылдың көктемінде институт мамандары Ұлытауға келіп, Кең-
гір өзенінің тасыған шағын бақылаған. Зерттеу жаз бойы, күзде де
тоқтаған жоқ...
Қандай да мәселеге болсын қоян-қолтық араласудан бұ-
рын сол шаруаның ондаған жылдар ілгергі келешегін түбегейлі
ойластыруға дағдыланған Қаныш Имантайұлы бұл жолы да сол
әдетінен айныған жоқ. Айталық, күні ертең Кеңгірдің Наушабай
атанған аяқ саласында тоспа тұрғызылып, Жаңа Жезқазған
қаласының іргесі қаланды дейік. Үлкен зауыт та сол жерге жо-
баланады. Демек, онда жүз мыңдап кісі тұрады. Қала салу, озық
технологияға негізделген зауыт тұрғызу қи ын емес, түптеп келген-
де, бұл – құрылысты жобалаушы мамандардың міндеті. Ау, сонда
жүз мың, екі жүз мың кісіні сол шәрде қалай ұс таймыз? Олар ға
көкөніс керек, аурухана, балалар бақшасы, мектеп, басқадай да
білім орындары қажет. Қала болған соң бау-бақшасыз бола ма?
Көшелер, орталық алаң, тіпті қалалық демалыс орны жалаңаш
тұра ма? Жоқ! Сол қалада жайқалған ағаш болсын, тұрғын жұрт
та жапатармағай бау-бақша өсірсін! Тек қалай? Наушабайдың
күлгін реңді, құ
нарсыз топырағы біз жобалаған көк желекті,
көкөністі, гүл бағын өсіруге тегінде жарай ма, әлде жарамай ма?
«Жоқ, жолдастар, бүйтіп жүз мың сұрақ қой ып бас қатырғаннан
да, дереу тәжірибеге кі рі сіп, қала тұрғызылғанын күтпей сол
бақты өсіру керек. Топырақтың жарамды-жарамсыздығы да сон-
да ғана мағлұм болады...» КСРО ҒА-ның Қа зақстандағы базасы
Алматыдағы ботаника бағын осы зерттеумен шұғылдануға мін-
деттеп, 1932 жылдың көктемінде Кеңгір жағасынан тәжі рибе
участогін ұйымдастырды. Төрт-бес жыл өткен жоқ, күлгін түсті
құ майт топырақты Төрткүл жазығында ағаштың, жемістің, бау-
253
ШЫҒАРМАЛАРЫ
бақшаның, көкөністің шөл далаға төзімді түрлері жап-жақсы
өсе тіндігі іс жүзінде дәлелденді.
Иә, бәрі де көңілдегідей болатын. Жезқазған қазынасы әлде-
бір білгіштің тежеуіне көнбейтін, ешқандай кедергі-қарсылыққа
төзбейтін кең өріске бет алған-ды. Кен орнының жоқтаушысы гео-
лог Сәт баев нақ сол кезде Түсті металдар басқармасы мен Геолком
мамандарын тағы да таң қалдырған ғылыми жаңа концепция жа-
рия етеді:
Достарыңызбен бөлісу: |