Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет103/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   245
null

барлау тобының жұмысын тексеруге шыққанда, егер күн барда 
жете қалса – ең алдымен барлау шурфтарын, қазылған жыралар-
ды көретін... Ертеңінде күн шықпай тұрып жорта жө теліп иә 
тамағын кенеп, серіктеріне өзінің оянғандығын сездіреді. Әрине, 
бұдан кейін ешкім де керіліп-созылып жатпайды. Таңғы асты ол 
баппен ішетін. Әсіресе кесеге жұққандай қызыл күрең шайды...
Қаныш Имантайұлы барлау орнынан қазылған жыралар-
ды қарағанда асықпайды. Шыңырау шурф тардың сыз түбінде 
сағаттар бойы тапжылмай отыру – ол үшін түк емес. Мезгіл-
мезгіл дала дәптеріне әлдеқандай белгілер түр те ді де, тағы да 
үңіледі. Мәнді бірдеме көрді ме, әлдебір дала әуенін ұзақ ыңылдап, 
кейде соны әуелете шырқар еді. Мұндай кезде қасындағы 
серіктері бір-біріне жымыңдай қарап, оның шат-шадыман күйін 
бұзуға дәттері бармай, үнсіз қа лыпта үздіге тыңдап тұрады...»
Геологиялық саяхаттарда ол қас қарайып, төңіректі түн 
көрпесі тұмшалағанша дала кезеді. Қайсыбір күндері ондаған 
шақырым жер шолуға тура келеді. Серіктерінің сүлдері құрып, 
ілбіп келе жатқанда, Қаныш Имантайұлы жер бедерінен назарын 
аудармай, сапарға жаңа шыққан кісідей-ақ жіті адымдай беретін.
Далада жүргенде ол су ішпей ді. Серіктеріне де ішкізбейді. Ал 
кеште, қос тігілген бұлақ басына қайтып оралғанда, «Шіркін, 
адамзатқа шай ішкізуді үйреткен кісі не деген данышпан?!» деп 
әзілдеп отырып, мосыда тұрған қара шәугімді жалғыз өзі тауысу-
дан жаңылмайды. 
Жер шолу кезінде күдікті жыра, әлдеқандай жар иә тауға 
кезіксе, машинаны тоқтатып, әрқашан да жаяу барады. Аң-
ғарымпаздығы, көргіштігі де осындай із де ністе байқалады: өсуі 
бөлек, түсі өзгеше дала шөбі, суыр інінен шығып қалған тас түй ір-
шігі, жер бедерінің шұғыл өзгерісі – ге 
о лог үшін жаратылыс 
құпиясының сырын ашуға жаралған кілт тәрізді, дереу тоқтап, 
сол жерді шұқ шия қарауға себеп. Фосфорит кендері табылған 
Қарағайлы, Досмағанбет көмбелерін ол нақ осылай жол-жөнекей 


248
Медеу СӘРСЕКЕ
ашқан-ды. Шолу үс тін де көргендерін дәптеріне жазып отыруға 
да ыждаһатпен қараған. Ұшы-қиырсыз құм жалдары немесе 
бықыған үйме тастың жалпылама сипаттамасы кімге керек?.. 
Жоқ, ге о лог Сәтбаев далалық геология жұ мысына жүрдім-бардым 
жеңіл көзқарасты кешірмейтін, ондай жауапсыз маманнан тезі-
рек құтылуға тырысатын қатаң тәртіптің адамы.
Бір жылы Қарсақбайдағы бу қазандықтарына сүзгілік ши-
кізатқа ділгерлік ту 
ды. Керек болар-ау деп ертерек қамдан-
баудың салдары. Сасқалақтаған жабдықтаушылар геологтарға 
жүгіреді... «Қаныш Имантайұлы біздің адамдардың мұқтаж-
дығын білген соң, сейфтегі жол дәптерлерін суырады, – деп 
есіне алады комбинаттың кен байыту фабрикасының сол кездегі 
бас инженері (бер тінде көп жылдар КСРО Түсті металлургия 
министрінің орынбасары болған) И.А. Стригин. – Жолдарың бол-
ды, тіпті бейнетсіз таптым! – деп жымиған геологтар жетек шісі 
тамаша сүзгі – глауконит құмдары кездескен бірнеше жерді сол 
сәт те-ақ нұсқаған...»
Ең ғажабы, дала кезген саяхаттан Қа 
ныш Имантайұлы 
әрдайым тынығып қайтатын-ды: у-шудан қашықта, өндірістің 
тынымсыз қарбаласы жоқ, станоктардың дамылсыз тарсылын 
да естімейсің... Шынында да, жусан иісі аң қыған беткейдің дәру 
самалына бетіңді төсеп, шырылдаған тор 
ғай әнін тыңдап иә 
көктемде қылтиып шыққан алғашқы қыз ғалдақты тамашалап, 
жалқаяқтанып батқан күннің кешқұрымғы сұлу шапағын көру, 
тас төбеңде жымыңдаған аспан шырақтарының астында жатып 
бозарып атқан таңды қарсы алу, марғау даланың ұйқыдан оянған 
таңғажайып сәтін бақылау... 
Дарқан өмірдің аумалы-төкпелі толқын, кедергі-тоспаларына 
қарамастан, тіршілік заңы өз білгенін істеп, шерлі 1932 жыл да 
Жезқазғанның қайта түлеу шежіресіне мәнді жаңалықтармен 
енді. Сірә, соның ең бастысы – кен барлаудың жаңа бағытқа ауы-
суы. Бөлім бастығы 31-жылы бірер станокты Тасқұдық қолатына 
көшірген, алғашқы ұңғыма дәмелі ештеңе көрсеткен жоқ, біраз 
қаржы текке шығын болды. Алайда келер жылдың басында 
барлау жетекшісі Тасқұдыққа тағы да шүйіліп, үш станокпен 
тереңге барлауға нұсқау берген...
Геологиялық жөнінен ғана емес, қарапа йым өмір қисынымен 
қарағанда да инженер Сәтбаевтың бұл қадамын, әсіресе Сорқұдық 
пен Милықұдық астынан бұрғы ұшы кен қабатын әрдайым кесіп 
өтіп, олжаға шаш етектен кенелтіп отырғанда, барлауды тың жер-


249
ШЫҒАРМАЛАРЫ
де бастауын түсіну қиын. Оған қоса сол жерде геологтардың өндіріс 
базасы мен тұрғын жайлары орналасқан. Күткен қазынасы молдап 
шыға қалса, соның бәрін басқа жерге көшіру керек. Бұл да шатақ 
іс: кім-кім, бұр нағы жылы тап өзі осы құрылысты Тасқұдықта 
салуға жоба берген, демек, қателескенін мойындауы шарт... 
Қаныш Имантайұлы 32-жылдың жазында Тасқұдық қыр-
тысына барлауға кірісіп, нар тәуекелге бел буған. Әлдеқандай 
сезік күшімен үш-төрт жүз метрге, тіпті одан да тереңге құлаш 
ұрған.
Геолог әріптестері көп жылдан кейін оның бұл әрекетін 
ғажап ерлікке, керемет көрегендікке баламақ. 1960 жылдарда 
мәскеулік геология білгірлері соған ғылыми нақты атау тауып, 
«Сәтбаевтың көрегендігі» («Феномен Сатпаева») деп атамақ...
Академик Қ.И. Сәтбаев негізін қалаған металлогениялық бол-
жамдау теориясымен түбегейлі шұғылданған Мәскеу ғалымы, 
геология-минералогия ғылымының докторы, профессор Н.А. Фо-
гельман «Знание – сила» журналының 1973 жылғы 2-санында 
жариялаған ғылыми очеркінде осы мәселе турасында былай дейді:

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау