Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет112/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   245
null

«...Жезқаз ған кенінің 
орасан мол қорын игеруге Қарсақбай зауыты мүлдем жарамсыз 
деп есептелсін – осы өңірдегі құнарлы байлықты түпкілікті 
игеруге оның кедергі болары шүбәсіз. Сол себепті, КСРО ҒА-
ның сессиясы еліміздің мысқа ділгерлігін тез арада жою үшін 
үшінші бесжылдықта Үлкен Жезқазған мыс қорыту комбина-
тын тыңнан салу қажет деп есептейді...»
Қаулыда Жезқазған 
кенішінің озық орны, яғни Одақтағы ең ірі мыс кені екендігі (де-
мек, ол шынында да ҮЛКЕН ЖЕЗҚАЗҒАН) ресми жарияланған: 
«...оның шикізат қорларын жедел зерттеп, халық игілігіне 
жарату қажет; бұл өлкедегі кен қорының аса зор және әр ал-


272
Медеу СӘРСЕКЕ
уан екеніне де ешқандай күмән жоқ; және ол барлау көлемі мен 
қарқыны ұлғайған сайын еселеп өсе бермек...»
Осынау аса мәнді 
тарихи құ жатта Жезқазған келешегін алаңсыз шешуге арналған 
нақты ұсыныс та бар-ды: 
«Бұл ауданды тезірек игеру үшін, 
– деп 
көрсетілген-ді онда, 
– Жезқазған – Балқаш – Қарағанды темір 
жолын жеделдетіп салу керек. Бұл үшін академияның үшінші сес-
сиясы КСРО Жоспарлау комитеті, Түсті металдар басқармасы, 
Қатынас жолдары наркоматы және басқадай да мүдделі меке-
мелерден болашақ болат жол арнасын тез арада жобалау үшін 
тиісті барлау жұмыстарын бастауды өтінеді...»
ЖАРМАҒАНБЕТ ТӨЛЕНОВТІҢ ауызекі әңгі 
месінен (Қара-
ғанды, 1971 жыл):
«Сессия аяқталған күннің кешінде Академияның Қазақ-
стандағы базасының жетекшілері республиканың Мәскеудегі 
өкіл дігінің жәрдемімен қабылдау кешін өткізді. Шағын залға 
бірталай адам жиналды. Құрметті қонақтарымыз – акаде-
миктер, жобалаушы, зерттеуші институттардың басшыла-
ры. Базаның ресми төрағасы А.Д. Архан гельский асаба мін детін 
атқарды.
Андрей Дмитриевич дас тархан басындағы мәжілісті ашып:
– Сәтті өткен үшінші сессияның басты табысы – Үлкен 
Жезқазған үшін! – деп бокал көтерген сәтте, оның қасында отыр-
ған Сібір геологтарының қарт тарланы Вла димир Афанасьевич 
Обручев әріптесінің сөзін бөліп, зілсіз әзіл айтты.
– О, достар, тым асыра сілтемеңдер! Үлкендік жөнінен 
алғашқы кезек кәрі Алтайда емес пе? – дегені.
Архангельский қызараңдап жан-жағына алақтай қарады. 
Мерейіміз тасып, ерекше қуанышқа кенелген біз, жезқаз-
ғандықтар, шеткері үстелде отырғамыз. Кенет шырпыдай 
тұтанып, лып етіп орнынан атып тұрған басшымыз Қаныш 
Имантайұлы үл кен дердің үстеліне жақындай беріп:
– Владимир Афанасьевич, сіз әділ адамсыз, шындыққа жүгі-
нелік: Кенді Алтай, дау жоқ, үлкен алып!.. Ал Жезқазған оған 
қарағанда бесіктегі жас бала, бірақ ер тегі батырларынша минут 
санап өсе тін! Сондықтан да алғашқы кезек баяғыда та нылған 
Кенді Алтайдан да гөрі бесіктегі ги гант Үлкен Жезқазғанда емес 
пе?! – дегенде бүкіл зал қол соғып, «Браво, браво, жас қазақтар!» 
десіп, біздің басшыға қошемет білдірді. 


273
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Ұтымды сөзге тоқтаған Обручев те қолын шапалақтап, бо-
калын көтерді. Біз бол сақ, жасаң кезі міз, дас тарқан басындағы 
бұл тәжікеден де жеңіп шыққанымызға мәз бо 
лып, әлде өз 
ісіміздің ғылыми қауым қалтқысыз мойындаған дабысына 
қуанып, бар даусымызбен «Үлкен Жезқазған үшін!» деп ерекше 
дау рыға айқайладық...»
«Правда» газетінің тілшісі Д. Заславский «Савой» қонақүйіне 
іздеп келіп, Қаныш Имантайұлымен қиыр дала түкпірінде қал-
ған жұмыскер достары, кен барлауға қатысқан жанкүйер кө-
мекшілері туралы, өздері тапқан кен қоймасы турасында көл-
көсір әңгіме шерткен-ді...

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау