Сәрсеке М. Шығармалары



жүктеу 3,61 Mb.
Pdf просмотр
бет101/245
Дата20.01.2023
өлшемі3,61 Mb.
#40981
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   245
null

«1931 жылдың күзінде мал-мүлік ортаға түсіп, «Ортақ қазан» 
заманы басталған кезде Бөкеш аға естияр ағайынға: «Енді 
қарайлайтын ештеңе қалған жоқ, басымыз аманда өндірісі бар 
бір жерге жетейік...» – деген-ді. Біздің шалдар бірақ: «Кол хоздан 
қашты» деген пәлеге қаламыз деп... қозғала қоймады. Ал Бөкең 
алған бетінен қайтпайтын өжет кісі болатын, бір түнде өзінің 
отбасы мен Қаныш ағайдың ауылдағы бала-шағасын (келіні 
Шәрипа, оның үлкен ұлы Малыбай мен бір жастан енді ғана ас-
қан Шәм шия бану) алып аттанып кеткен-ді. Со бетінде Омбы 
іргесіндегі «Ауыздағы қаржас ауылынан» бір-ақ шыққан. Ерте 
қамданғаны сеп болып, бір топ жанды аман алып қалды. Ауылда 
қалған біз опық жедік: 32-нің ақпанына дейін қамбада қалған, 
етханада сақталған оны-мұнымен талғажау жасап, ақырында 
ашыға бас тадық; «Теңдік» атанған колхозымыздан қайырым 
болмады, бәріміздің қо регіміз «Ортақ қазанның» қатықсыз су 
көжесі...
Үмітіміз үзілуге айналған бір түнде, бұлт арасынан шық-
қан ай құсап Қаныш ағай кіріп келді. Ит арқасы қияндағы 
Ұлытаудан машинамен шығып, еш жерге тоқтамай жүріп оты-
рып, жан ұшырып жеткені осы екен. Айтуынша, «Қарашаңырақ 
құсың қыстауда қалды, бізден дәрмен жоқ, өзің құтқар...» деген 
сияқты жұмбақ сөздері бар Омбы шәрінен тілгірәм алған... Бірден-
ақ бізге: «Үлкендеріңді әкете алмаймын, ал алыс жолға шыдай-
тын балалардың бірін қалдырмаймын...» – деп тез қамдануды 
ескертті. Іріктей келе екі ауылдан 12-13 ба ла шықты, әкесінің 
қарашаңырағында отыр ған мені де үй-ішіммен әкететін бол-
ды. Жолға қамдап шыққан азығы бар екен, жартысын ауылда 
қалатындарға үлестірген соң іле-шала аттанып кеттік.


245
ШЫҒАРМАЛАРЫ
Керегетаста отырған Шорманның Кіші ауылына соғып, өзі 
тасада қалып, Қазиза әпкеміздің үйіне ме ні жұмсады. Әпкеміз 
бес бүлдіршінімен опат болыпты, Ақыш жездеміз Қамар деген 
ұлымен тентіреп кетіпті. Үйде қалғаны – жеті жасар Кемел 
мен інісі Рәшат... Соны айтып тасада тұрған машинаға қай та 
келгенімде, ағай көзінен аққан жасты тыя алмай: «Апырай, нет-
кен қатал заман! «Ақыр байдың түбі аштан өледі» деген осы екен 
ғой. Жылқысы суға құлағанда көл бе тін түгел жабатын Шорман 
бидің тұқымы бір шайнам ас таба алмай аштан өл ге-нін де көрдік-
ау... – деп қатты қа паланып тұрды да, – Қой, Тәкен, қос тұяғын 
тастап кетсек, асыл әпкем аруағының қарғысына қалармыз, 
қай та бар да екі жиенді алып кел!» – деді. «Ойбай, оларда әл жоқ 
жүретін, жолда өледі», – деп безектеп едім: «Әй, Тәрмізи, жалғыз 
әпкем нің көзі ғой олар, әке-шешем баладан зарығып жүргенде 
құдайдан жалбарынып сұрап алған. Қалайша тастап кетеміз? 
Арқаласаң да жеткіз!» – деп зе кіді маған, өзі қоса баруға дәті 
шыдамады білем, қасыма шопырын қосып берді. Қос жиеннің 
көрер жарығы тау сылмаған екен, жұдырықтай Рәшатты мен, 
ересектеу Кемелді шопыр орыс арқалап әрең жеткіздік, өздерінде 
бақайын қимылдатар әл-қуат қалмапты».
МАРИЯ КОШКИНА 
– 
Таисия Алексеевнаның кенже сіңлісі:
«Таңсәріден әпкемнің шақыртқанына зәрем ұшып, пәтеріне 
жүгіріп келсем: ауызғы бөлме тол ған үрпе-шүрпе балақандар, 
түрлері адам шошырлық, күп болып ісіп кет кен. Шошынғаным 
сонша, босағада сі лейіп тұрып қалыппын... Қаныш Имантаевич 
бұрыштағы орындықта қал ғып отыр, Тася пеш түбінде жылап 
тұр, сірә, екеуі жүз шайысып қалған.

жүктеу 3,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   245




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау