Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
•
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
•
оқушының ой – өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
Сабақта компьютерді пайдалану оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға
жағымды жағыдай туғызады. Мысалы: тілші болып зерттеулер жүргізу; режиссер болып деректі
фильм түсіру, саяхатшы болып дүние жүзін шарлау.
Ақпараттық құралдардың бірі электронды оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл
оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге анықтамалар, карталар, атластар, оқу
эксперименттерін жүргізу нұсқаулары және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар
тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу
басылымы.
Интерактивті тақталардың бағдарламаларын, оның жұмыс жасау ерекшеліктері мен техникалық
мүмкіндіктерін толық меңгеріп, сабақ барысында пайдалану – бүгінгі таңдағы барлық мұғалімдердің
алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі.
Оның себебі: күнделікті дамыған қоғамның сұранысы техникалық жетістіктерді жылдам меңгеру,
игерудің нәтижесінде алға дамып отыр. Компьютерлік оқыту технологиясында орын алып отырған
оқытудың тағы бір түрі ғаламторды пайдалана оқыту мәселесі болмақ. Бұл орайда әрбір ұстаз
ғаламтормен байланыс жасай алу, одан қажетті ақпараттарды алу, оны өмірде, сабақ барысында
пайдалану арқылы күнделікті оқу үдерісін жалғастыра алады.
Ресей ғалымдары О.И. Агапова, О.А. Кривошеев, А.С. Ушаковтар компьютерлік оқыту
технологиясының үш деңгейін бөліп көрсетті. Олардың айтуы бойынша, «компьютерлік технология –
бұл әдістер жиынтығы, адамның даму үдерісіндегі іс – әрекеттің формасы мен қаруы»
3
.
География сабағын қызықты өткізудің негізгі талаптарының бірі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды
әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып оқытуына байланысты. Қазіргі таңда
география пәнінің мұғалімдері инновациялық және интерактивтік технологияларды сабақ барысында
пайдалана отырып, сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпал тигізуде.
Соның ішінде ақпараттық технологияны қолдану тұлғаның жан – жақты ашылуына жағдай жасайды,
шығармашылық әлеуетін арттырып, жоғары интеллектуалды жастар тәрбиелеуге үлес қосады.
Күнделікті сабақта бейне, аудиоқондырғыларын, теледидиар мен компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтижелер беріп келеді. Заман ағымына сай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көрсетуге не тыңдауға,
алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты ой
таразысынан өткізіп, өңдеп онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер, білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,
яғни, педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке
айналған оқу үдерісінде мұғалімге басымдылық рөлі берілсе, ал қазір оқу үдерісінде оқушы
белсенділік көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы керек. Қоғам гуманизациялау. Оқытуды
дифференциялау арқылы оқушылардың өз таңдауына жол ашады (пәнді оқыту формасын т.б.). Сол
арқылы оқушы өз қажеттілігін қамтамассыз етіп, таңдап алған жолында жетістікке жетуге мүмкіндік
алады. Ал мұғалімнің негізгі көңіл аударатын жайы әрбір оқушының жеке қызығуы мен
мүмкіндіктерін ашу болмақ. Оқушының іс – әрекеті көптеген мінез – құлық параметрімен (іс – әрекет
сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеу, жауапкершілігі, өз
еркімен ұсыныс жасауы т.б.) бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуді үйренуі аса
маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, жеткен жетістігіне берілген
мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады. «Тек қана есте сақталуымен емес,
өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана - білім» деп, әйгілі ғалымдар айтқандай, бұл
жүйенің бір ерекшелігі – кез келген ақпараттың жан–жақты ой елегінен өткізіп барып
қабылданатындығы.
Технологиялық білім сыныпта АКТ – ны қолдану жөніндегі білімдерді қамтиды.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады:
Теледидар бағдарламалары;
Сандық теледидар;
Интернет/ WWW;
Ұялы телефон;
82
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ұтқыр қондырғылар;
Компьютер/ ноутбук.
Дәстүрлі педагогика
Жаңа педагогика
Кітапта қанша бар болса, соша және
мұғалім қанша айтса, сонша білу.
Нені білуді және нені еске сақтауды шешу.
Мұғалім оқушыға білім береді.
Мұғалім оқушыларға ақпаратты бағалауға, таңдауға,
ұйымдастыруға және сақтауға көмектеседі.
Мұғалім оқу үшін оқушылар қағазға
жазады.
Оқушылар дискке жазады және желіде жариялайды.
Анық, қолмен жазылған есеп.
Кәсіби, қағазға басылған құжаттар.
Оқушылардың ақпарат көздерін таңдауы
шектеулі.
Оқушылар жеке таңдау жасайды деп күтіледі.
Оқушылар бір – бірінен жазбаны жасырады
және мұғалімге ғана оқуға болады.
Оқушылар өз жұмыстарын редакциялау және
тексеру кезінде пікір алмасады.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін
де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс–тәсілдер,
әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын
таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық
сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар
мүмкіншілігін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне
жатады
1
.
Жоғарыдағы сөздерді оқи келе Қазақстанымды салыстырмақ болдым. Бұл елдің біз қазіргі деңгейіне
жетіуге талпыныс жасап жатырмыз, ал ақпараттық технология күннен-күнге күрделенуде, жаңаруда.
Біз қашан алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналамыз деген көкейімде сұрақ туды. Осы озық
елдердің қатарына қосылуда мұғалімдер үлкен жауапкершілікпен аянбай еңбек етсе, осындай
қиындықтарды да еңсеріп, оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
7. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Астана, 2012 61,65,70-бет
8. ҚР «Білім туралы» Заңы
9. Бегалиев Т.Б. Педагогика – Тараз, 1999
10.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2000
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Сырдария ауданы
№ 44 орта мектептің биология пәні мұғалімі
Ахметова Салтанат (1 деңгей)
«ТОПТЫҚ ОҚУ-ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАБЫСТЫ ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ КЕПІЛІ»
Қазіргі оқыту оқушылардың өз бетінше оқуына бағытталғандықтан, олардың таным белсенділігін
көтеру маңызды деп есептеймін.Сондықтан мұғалім оқушылардың білімді іздену,
пікірталас,проблемалық жағдайларды шешу, жоба құрастыру арқылы өз беттерінше алатындай етіп
ұйымдастыра білуі үлкен шеберлікті қажет етеді.Оқушылардың таным әрекетін белсендіретін
оқытудың белсенді түріне топтық жұмыс жатады. Топтық жұмысты ұйымдастыру ұжымдық өзара
әрекеттестікті жүзеге асырудың бір жұмыс формасы болып табылады.Бұл жерде мұғалім
дидактикалық принципті ұстанғаны дұрыс деп ойлаймын, дәлірек айтсақ,күшті оқушылар мен әлсіз
оқушылардың барлығының дамуына ықпал жасайтындай мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуі
қажет
Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстың бұл формасы топ мүшелерінің ортақ мақсатты
түсініп,жауапкершілікті сезінуіне, міндеттерді дұрыс бөлісіп, бақылау жүргізуге үйретеді.
Топтық жұмыс барысында:
•
Оқушылардың өзара әрекеттестігі жүзеге асады
83
Достарыңызбен бөлісу: |