Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет34/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Компьютер – оқушы  білімін  бағалау  құралы; Компьютердің  көмегімен дыбыстық  және  
бейнефрагменттерді де  демонстрация  жасауға  болады.  Компьютер -  мұғалімнің  сабаққа  деген 
шығармашылық  қабілетінің  деңгейін  көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға  болатын 
құрал.
Microsoft Power Point  презентация арқылы әр тақырыпты  қажетті  көрнекілік құралдарымен  
безендіріп, тартымды  әрі қызықты  етіп  көрсетуге  болады. Осы  уақытта  оқушылардың  есте  
сақтау  мүмкіндіктері  жүзеге  асады. Презентация  уақытты  үнемдеуге  және оқушылар  принтер  
арқылы  қажетті ақпаратты  шығарып  алуға  мүмкіндік  береді.
 Интернет  желісімен жұмыс жасағанда:
- Жобалардың  презентацияларын  дайындау.
- Ғылыми  журналдардың  сайттарына  кіру.
- Өзге  мектеп  оқушыларымен  еркін  әңгімелесу.
- Электрондық  поштаны  пайдалану  мүмкіндігі.
- Өзін – өзі  бағалау   мүмкіндіктері  беріледі.
 Интерактивті  тақта – басқаруға  мүмкіндік  беретін  экран, көп функциональды, сабақ  барысында  
қолданатын  қажетті  құралдардың  бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен  тақтаға  жазылған  кескінді  интерактивті  тақтадағы  түрлі – түсті, ұқыпты  кескінмен 
салыстыруға болмайды.
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез  арада  түзетуге  болады.
- Сабақта Aktiv Vote  тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
- Aktiv Wand  указкасының  көмегімен тышқанның  қызметін  атқару және кішкентайларға  да 
тақтаның  жоғарғы  бөлігіне  қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі  шәкірт  ертеңгі  күнгі  әр түрлі саланың  маман  иесі. 
Мұндай   сабақтарда     оқушылардың     тапсырылған     жұмыстарға     іскерлігі     қалыптасып,   болашақ
өмірінде     белгілі     бір     кәсіби     мамандықты     таңдап   алуға     септігінтигізеді.
Мұғалім   –   ақпараттанушы     емес,   оқушының     жеке     тұлғалық   және   интеллектуалды     дамуын
жобалаушы. Ал   бұл   мұғалімнен   ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық   қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі  қоғамның   түбегейлі   өзгерістеріне    лайық   бейімдеу,  олардың   зерттеушілік
дағдыларын  дамыту  бағыттарын  талап  етеді. 
Физика   сабағында   ақпараттық   технологияларды   пайдалану   арқылы   оқушылардың   ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.
Физика   сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау
сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ  барысында  слайд - фильмдерді
пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың  динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте
жоғары  деңгейін  және көлемін  қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа  және  жалпы  физика
пәніне   қызығушылықты   арттырады.   Сабаққа     дайындық     барысында     электрондық   оқулықтар,
Интернет   желісінің   ақпараттары   қолданылады     және       мұғалім     мен     оқушыларға       арналған
дидактикалық     материалдар,   оқу-әдістемелік     құралдар     жасалады.   Физикалық     процестер     мен
құбылыстарды   модельдеу   оқу процесін   дамыту мен   жетілдірудің   болашағы   болып табылады,
әсіресе студенттердің  шығармашылық  белсенділігін  арттыруда, зерттеу жұмыстарын  дамытудағы
ролі   ерекше.   Физикалық     эксперименттерді   модельдеу   –   оқытушыға     сабақта     физикалық
ұғымдардың     мағынасын   тереңірек     ашуға,     оқушыларды     физиканың     қазіргі     эксперименттік
базасымен  таныстыруға, физикалық  құбылыстармен  зерттеу әдістерін  толық түсіндіруге мүмкіндік
береді.
Жаңа   ақпараттық   технологияны   физика   сабақтарында   пайдалана отырып, олардың   білім, білік
дағдыларын   қалыптастыруға   қызығушылығын арттырып, түрлі   деңгейдегі   есептерді   шығартып,
оны талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа
қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта алған
білімдерін  өмірде  қолдана  білуге  тәрбиелеп  келемін.
Осы  орайда  оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай  мақсат қойдым:
-заман  талабына  сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға
қалыптастыру.
73


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Осы  мақсат  негізінде  алдыма  қойған  міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
                                                    
   Қорытынды: Ұстаз  үшін  нәтижеге жету шәкіртінің  білімді болуы  ғана  емес, білімді өздігінен
алуы  және алған  білімдерін  қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі  бала – ертенгі  жаңа  әлем.
Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте көп.  Ақпараттық  ортада  жұмыс жасау үшін кез келген педагог
өз ойын жүйелі түрде   жеткізе   алатындай, коммуникативті   және   ақпараттық мәдениеті   дамыған,
интерактивтік   тақтаны   пайдалана   алатын,   Он-лайн   режимінде   жұмыс   жасау   әдістерін   меңгерген
мұғалім болуы тиіс. Заман талабына  сай  жаңа  технология  әдістерін үйрету, бағыт - бағдар  беруші –
мұғалімдерміз. Оқушылар  жаңа  тұрмысқа, жаңа  оқуға, жаңа қатынастарға  бейімделуі тиіс. 
«Мектеп – жеткіншек  ұрпақтың  ойын  қалыптастыратын  шеберхана, егер болашақты  қолдан  
шығарып  алғың  келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді  француз  философы  Анри  Барбюс. 
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  айтқандай бәсекеге сай дамыған елдердің  қатарына  ену  ұстаздар  
қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.
Қазіргі  педагогтарға  қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі  тәрбие  және де саналы 
ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. 
ХХІ  ғасырда  оқушылардың  жанын  рухани жағынан  азықтандыратын, қызығушылығын  
арттыратын  ақпараттық  техникалық  құралдар  екені  бәрімізге  мәлім.
Қорыта  айтқанда, баланы  рухани  дамытуда  айналамен  таныстыру, яғни ақпараттық  құралдардың  
жақсы  жағын  тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры  көп  әлеуметтік  ортаға  оқушыны  бейімдеп  
тәрбиелеу  ұстаздар  қауымының  еншісінде  екенін назарда ұстауымыз керек. 
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”
     Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына  Жолдауы, 2011 жыл
3.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға   
    арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. «Математика және физика » журналы  №4, 2007 жыл
5. ҚР  жалпы  білім  беретін  мектептер мұғалімдерінің  біліктіліктерін  арттыру  
    курстарының  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулығы.  Астана, 2012 ж.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Райымқұл Дариха Сайфадинқызы 
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі 
Сабақтың тақырыбы:
Армысың, Алатау! (Қ.Толыбаев)
Мақсаты:
1/ Білімділік.
Оқушыларға мәтінді оқи отырып, негізгі ойды анықтауды, мәтіннің мазмұнын 
меңгертуге үйрету.
2/ Дамытушылық.
Өз бетімен ізденуге баулу, пікірлерін айтқызу арқылы сөздік қорларын 
дамыту.
3/ Тәрбиелік :
Оқушыларды елін, Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ақпараттық технологияны 
пайдалану;
Көрнекілігі:
Автор суреті, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, таудың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
74


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау