Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бағалай бастады. А: - Менің принтер тобына қояр бағам, олар өз түсінгендерін, берген тақырыптарды
өздерінің деңгейінде қорғап шықты, бірақ тақырыпты онша ашқан жоқ, безендірілуі жақсы десе, Н
есімді оқушым: ««Ноутбук» тобы өздеріне берілген тақырыпты жақсы айтып шықты. Меніңше
плакаттары керемет салынған. Тек топ мүшелерінен А-ты шеттетпесе жақсы болар еді, А-ға 5, А-ге 5,
А-қа 4». Алайда бала бойындағы дәстүрлі бағалау басым болып, әлі арылмағандығы көрініп тұр. Бұл
жерде байқағаным оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артып, өзге оқушыларға деген
көзқарастары өзгере бастаған. Топ болып жұмыс жасауға, өзгенің пікірін құрметтеуге бейімделген,
бір-бірін шеттетуге қарсы. Осыдан кейін мен бағалаудың маңызы өте зор екенін түсінгендей болдым.
Осы арқылы мен оқушылардың не білгенін, не түсінгенін, баланың тақырыпты қалай меңгергенін
бағалауға болатынын байқадым.
Осы ретте сыни тұрғысынан ойлау әдісі арқылы бағалау сабағымда оқушылар арасында:
•
белсенді шығармашылықты ойлауға;
•
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің
пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынас жасауға;
•
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
•
достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге ;
•
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға негізі қаланды.
Жаңа тақырыпты слайдта көрсете отырып түсіндірдім. «Диалогтық оқыту» әдісі оқушылардың өзара
сұхбаттасуына, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірінің жүйеленуі
мен дамытуына оң әсерін тигізеді. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушының өзіндік ой
пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Мектептегі тәжірбие кезінде
диалогтың оқушылардың пәнге деген, білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,
олардың білім деңгейінің зияткерлік тұрғыдан да ілгері жылжуына әсер ететіндігін байқадым.
Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдерді дәптерлеріне түсіріп отырды.
Мұғалім - оқушы диалогы:
1. Мұғалім: Диаграмма дегеніміз не? Диаграмманың негізгі түрлерін атаңыз.
2. Оқушы: Диаграмма дегеніміз бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін
кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграмманың негізгі түрлеріне
дөңгелектік, гистограмма, сызықтық, кескіндік, нүктелік, цилиндрлік және сақина тәріздес
диаграммалар жатады.
3. Мұғалім: дұрыс, ал енді осы диаграммаларды не үшін қолданамыз? Дөңгелектік диаграмма,
гистограмманы ше?
4. Оқушы: Диаграмманы сандық мәліметтерді графиктік түрде беру үшін қолданады. Дөңгелек
диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың
қосындысы 100 пайызды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек
диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Гистограмма бірнеше
шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады.
Сондықтан оны кейде баєанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын
шамалардың мазмұнымен анықталады.
5. Мұғалім: Жақсы. Диаграмманың құрылу ретін атап шық.
6. Оқушы: Диаграмма түрінде көрсетілуі тиіс деректерден тұратын ұяшықтардың ауқымын
белгілейміз. Қою - Диаграмма шебері командасын орындаймыз. 1-қажетті диаграмманың
түрін таңдаймыз. 2-үнсіз келісім арқылы қатарлар бағанды түрде салынуды таңдаймыз. 3-
Диаграмма параметрлері сұхбат терезесінде диаграмманы безендіру жұмыстары
жүргізіледі. Келесі (далее) батырмасын шертеміз. 4-ашылған бетті таңдап Дайын (готова)
батырмасын шертеміз. Сол сәтте таңдауымыз бойынша диаграмма көрсетіледі.
Берілген сұрақтарға кей оқушылар да жауап беріп жатты, пікірталасқа қатысты, кей оқушылар
қамтылмай қалды, себебі оқушылардың компьютерге қызығушылығы басым болып кетті.
Әр сабағыма «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі кіріктірілді. Оқушының
қабілетін, біліктілігін, әлеуеттік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет.
Оқушылардың барлығы да дарынды, кеңейтілген тапсырмалар арқылы олардың дарындылығын
байқауға болады. Ендігі кезекте сабақтарда үнемі оқушылардың пікірлерін басты назарға алуды өзіме
78
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
міндет еттім. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (МАН,46-б).
Сергіту сәтінде оқушыларға «Анаграмма» шешуді ұсындым. Интерактивті тақтада көрсетілген
әріптерінің орны ауыстырылған пернетақта пернелерінің атауларын табулары керек болатын,
анаграммаларды аса белсенділікпен шешті.
MUNOCKL, TNERE, CLTR, DETELE, TBA, SIFHT, INESRT, DEN, BCKAPSACE, CPALSOCK, ATL,
OHME
«Телефон» тобы жақсы нәтиже көрсетті. Берілген он екі атаудың тоғызын тапқан.
Сыныпта оқушымен жеке жұмыс «Сәйкесін тап» тапсырмасы арқылы көрініс тапты. Тапсырма
бойынша интерактивті тақтада көрсетілген диаграмма түрлері мен аттарын сәйкестендіру қажет. Бұл
тапсырманы орындауға сабақ айтуға қиналатын, үндемейтін оқушыларды тарттым. Бұнда оқушы тек
баға үшін ғана емес, бірінші білім, яғни көбірек білу керектігін оқушы түсінеді. Сондықтан, мен
сабақтар барысында оқушылардың өз пікірімен, өз көзқарасымен және жан-жақты ойланып жауап
бере алатындай сұрақтар дайындап жүремін. Өзім де сабақты түрлендіру арқылы тәжірибемді
молайтамын, бір жағынан оқушылардың пайымына әсер беремін. Білу, іздену, талпынудың
арқасында іште көрінбей қалған оқушының да шығары сөзсіз. Сол үшін де жаңа әдісті қолданып,
оқушының еркін өз айтуына мүмкіндік берсе, оған жөн көрсетсе мұғалім жетістігі сол болады.
Оқушыларым әдетте компьютермен жұмыс жасауға бейім, қызығушылықтары жақсы. Әр сабақта
жаңа тақырыпты бекіту, жинақтау мақсатында берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлану барысын талдау мақсатында берілген «Венн
диаграммасы» арқылы топтар Word мәтіндік бағдарламасы мен Ecxel кестелік бағдарламаларына
сипаттама беріп, айырмашылығы мен ұқсастығын жазып шықты.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-
әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда
ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді
практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Оқушыларға білім беруде АКТ-ның барлық мүмкіндігін қолдандыруға тырыстым. Жаңа тақырыпқа
сәйкес топтық жұмысты компьютерде орындауға бердім, яғни әр топ сынып үлгірімінің кестесін
дайындап, диаграммасын құрулары керек. Алдымен топ мүшелері ақылдасып, кейін тапсырманы
орындаулары керек. Әр топ берілген тапсырманы компьютерде орындайды. Тапсырма мазмұны:
а) Сыныптағы оқушылар саны кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу.
1. Сынып оқушылары саны.
2. Ұлы.
3. Қызы.
б)Сынып үлгірімінің кестесін толтыру, диаграммасын құру және пішімдеу.
1. Сынып оқушылары саны.
2. Үздік оқушылар.
3. Екпінді оқушылар.
4. Орташа оқушылар.
Оқушылар тапсырманы орындады, кей топ аяқтап үлгірмеді.
Бұл сабақ барысында топқа бөліну арқылы жұмыс жасағанда оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы,
бір-бірін шеттетпеуі қуантты. Бағалаудың басты мақсаттары оқытудың қиындықтарын анықтау,
жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж айту, болжау мен сұрыптау, оқыту
бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. Оқушыларды бағалауда әр топтан жақсы
жұмыс жасаған белсенділік танытқан оқушыларды жекелей мадақтап отырдым. Бағалау барысында
баланы мақтап отыруда маңызды рөл екенін түсіндім. Себебі, баланы мақтасаң, оның бойында бір
күш пайда болады. Бірақ баланы мақтай отырып, оның кемшілігін де айта кету керек. Осы кезде ғана
біз баланың жан дүниесі мен оның еркін ойлау қабілетін түсінеміз. Оқушыларды бағалау кезінде
сабақ басында әр оқушыға таратып шыққан бағалау парақшаларын да пайдаландым. «Бағалау
парақшаларының» мазмұны:
•
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
•
Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?
•
Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдың?
79
Достарыңызбен бөлісу: |