Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім
(ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың
айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда
жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы
білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек» (МАН, 65 бет).
Мишра және Кёлердің пайымдауында білімнің осы үш саласын біріктіре білген қабілетті мұғалім –
жоғары деңгейлі мұғалім деп айтқан. Сондықтан мұғалім тек өз пәнін жетік білуден басқа, педагогика
және психология ғылымдарын қазіргі заманғы ақпараттық технологиямен ұштастыра білуі қажет.
Мұғалім оқушы бойына ынталандырушылық қасиетін дамытуда ақпараттық сауатты болу, ақпаратты
таба білу, бағалай білу, қажеттілігін сезінуді, содан кейін тиімді қолдану кезінде қауіпсіздік сақтай
білуге жетелеуі қажет болып отыр.
«Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық
үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу
дағдыларын дамытуы керек. (Вульв, Александр, 2008).» (МАН, 51 бет). Оқыту мен оқуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту
керек.
Орта мерзімді жоспар құру кезінде мақсатым ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану арқылы оқушылар бойында сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Осы мақсатта
сынып оқушылары арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Оқушы бойында
бірін-бірі тану, түсінуді басты назарға ала отырып «Пилот-штурман», жұптық бөліну ұйымдастыру
үшін «Ақпараттық ақаулық» әдісін, сурет қиындысы, түрлі- шарларға сандар, әріптер, фигуралар
салынған ақ қағазды шиыршықтап шарға салып, үрлеп топқа бөлу, қайта топтастыру жұмыстарын
жүргіздім. Осы кезде бір-бірімен ортақ ештеңесі жоқ деп ойлайтын оқушылардың басқа әрекеттерін
байқадым.
Мен дәстүрлі сабақ өту барысында мұғалім қанша түсіндірсе, оқушы соны біліп, ұғады деген
қағидамен жүргенмін. Бірақ қағиданың дұрыс еместігін, оқушы өзі оқыса, өзі зерттеу жұмыстарын
жүргізген жағдайда білім алатындарын түсіндім. Бұрын барлық оқушыға бірдей тапсырма беретінмін.
Тапсырма жауабын жазу кезінде бір-бірінен жасыру арқылы тек мұғалім ғана оқиды деген қағида
ұстанды. Жаңа технология арқылы оқы кезінде оқушыға жеке тапсырма беріледі, бірақ түсінбеген
жерде бір-біріне көмектесу арқылы оқу керек екендігін түсініп, оқушыларға айтып өттім.
Сабақ барысында «дейін, кейін» рефлексиясын толтыру үшін мынадай сұрақ қойдым. «Жұмбақ
шешкенді ұнатасыңдар ма?»,-деген сұрақ қойдым. «Бізге жұмбақ шешкен ұнайды, себебі біздің
ойлау қабілетіміздің жақсы дамуына жұмбақтар жақсы әсер етеді», - деп айтқан болатын. Интернет
қызметінен тақырыпқа сәйкес жұмбақтарды көшіріп алып презентация жасауға пайдаландым.
Жұмбаққа сай суреттер көрсете отырып сұрақтар қойып, «мұғалім – оқушы» арасында қарым-
қатынас жасау кезінде мұғалімдердер оқушының ЖАДА аймағын көтеруге ықпал жасайтынын
байқадым.
АКТ арқылы талқылау мен талдау арқылы диалогтық қарым-қатынас жүргізу арқылы сыни тұрғыдан
ойлауға дағдыланады. Сұрақтар қою кезінде оқушыларға мұғалімдер ақпарат көзі болу шарт емес,
мұғалім оқушылардан ақпаратты қайдан? қалай? іздеуге болатындығын бағыт-бағдар беру арқылы
сыни тұрғыдан ойлауға талпындырады. Мысалы, биология сабағында әр түрлі тамыр түрлерін алып
келіп көрсетуге болады. Енді дәл осындай бір көрсететін жайт жеуге жарамды тамырлар және жеуге
болмайтын тамырлар болатындығын білгізу.. Сондай-ақ сыныпта орындауға болатын жаттығуды
оқушыларға орындату арқылы мектеп немесе үй жағдайында орындауға болатын тәжірибелер беруге
болады.
Сабақ барысында АКТ -ны пайдалану арқылы жаңа материалды меңгеру дәрежесін бағалауға
мүмкіндік береді. Бірақ сұрақ барлық оқушыға бірдей қойылғанымен, кейбір оқушы жауап бермей,
тыңдап отырумен шектеледі. Бұл сыныпта үнсіз оқушыларды көбейтеді. Сұрақтар жалпы қойылмай
жеке-жеке қойылуды алдағы уақытта жүзеге асыруға қолданамын.
Оқушылар электрондық оқулықты көрсету барысында теориялық білімді практика жүзінде қалай
қолдануға болатындығын көреді. Бұл оқушылардың білімді тек лекция түрінде таныспай, визуалды
құралдар көру арқылы дамытады. Визуалды бейнелер есте сақтау қабілетін жақсы дамытуға үлес
ұосады. Сабақ барысында жұлмаса көре алмайтын , тамырдың түрлері, типтерінің суреттерін,
айырмашылығын ажырата білгізу үшін көрсету қажет.
86
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Жаңа сабақ барысында қолданған «Джигсо», «Пилот, штурман», «6-ойлау телпегі», аяқталмаған
тезис» әдістері болатын, осымен қоса сабақ барысында постер қорғау ұсынылды. Постер қорғау
кезінде оқушылардың сөйлеу қабілетін ашу, жүйелі сөйлеуге үйрену арқылы оқушы бойында
сенімділікті оятып, көшбасшылық қасиеттін дамытады. Оқушылар дайындалып, өзара түсіндіру
жұмыстарын жүргізді. Постер құру кезінде оқушыларда мынадай сұрақтар қойды:
Не жазамыз?
Немен саламыз?
Сурет салсақ болады ма? Өздері оқып болған соң түсіндіреміз деп бір-бірінен ақылдасып, постерге
сурет сала бастады.
Топтар түсіндіріп болғаннан кейін оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя бастады. «Джигсо» ойыны
кезінде постер қорғауда оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жүргіздім. Бұл
бағалау түрі оқушыларға таныс болмағандықтан бірінші өзім айтуды жөн көрдім.
- Енді оқушылар бір-бірімізді бағалап жіберейік. Бағалау түрін «Екі жұлдыз, бір тілек» деп айтады.
Бірінші мен бастап 1ші топқа айтайын, сендер жалғастырасыңдар,-деп айттым.
- Топ тамырдың типтерін, «А»-деген оқушының айтқаны маған ұнады. Бір тілек плостер суреті қанық
емес бізге толық көрінбей тұр. Енді сендер айтып көріңдерші деп өтіндім.
Оқушыларға бұл бағалау түрі ұнағаны көрінді. Ең ұнаған 2 жұлдыз, 1 тілек «М» деген оқушы
айтқаны болды.
- Біздің топтарға берген бөлімде суреттер бар, біз соны салдық. Ал 1ші топ өз ойларымен салған
суретті, соны ұнаттық. Тілек дауыс ырғағын жоғарлатса.
Сабақ барысында концептуалды кесте, деңгейлік тапсырма, тесттер түрлерін пайдаландым.
Оқушылардан концептуалды карта алу үшін бірінші жұпқа бөліп алуды шештім. Оқушыларды жұпқа
«Ақпараттағы ақаулықтар» әдісі арқылы бөлдім.
Оқушылар қолына бір-бір парақшалар тарқатып бердім.
- Парақшаның ортасынан бөліп, бір бетіне сұрақ, ал екінші бетіне жауаптарын жаздым
-Тамыр
- жер асты мүше
-тыңайтқыш түрлері
- органикалық және минералды
Оқушылар тапсырмаларды орындап жұптарын тапты. Сұрақтары мен тапқан жауаптарын оқу
тапсырылды. Оқушылар реттеліп отырамын дегенше біраз уақыт кетті. Бірақ алдыңғы сабақтардан
гөрі жылдам қозғалып, түсініп жұмыс істеді. Оқушыларға ақпараттағы ақаулықтар әдісімен бөлініп
болған соң, концептуалды кестені таратпа материал ретінде таратып беріп әр сұрақтың дұрыс жауабы
1 ұпайдан алынатындығын айттым. Тапсырма орындалып болған соң, жауап парағын ауыстыру
тапсырылды. Бірақ оқушылар бір-бірінің қателерін табу жұмыстарын жүргізе алмады. Сондықтан
концептуалды кестенің картаның дұрыс жауабын өзім оқуға тура келді.
Егер жауап дұрыс болса маркермен қоршауға алып, егер дұрыс болмаса дұрыс жауабын белгілеп
отыру қажет,-деп тапсырылды.
Концептуалды кестенің қорытындысы бойынша оқушылар ішінен тек 7 дұрыс жауабын берген 1
жұп, 2 дұрыс жауабын берген 1 жұп шықты. Қалған жұптар 4,5,6 дұрыс жауаптар берген. Сол арада
өзінің жауаптарына қанағатанбаған екі көшбасшы болып жүрген оқушылар болды. Мен оқушылар
еңбегін бағалау үшін смайликтерді пайдаландым.
Үш сұрақтан құралған жеті түрлі тест құрап, оқушыларға тарқатып бердім. Бірақ оқушылар тек
таңдау тест түрлерімен жұмыс істеп көргендерін аңғартты. Суретті тестті көргенде оқушылар шошып
кетті. Бұны қалай орындаймыз? деген сұрақтар берді.
Оқушыларға «мақсат ағашы» бейнеленген қағаз тарқатылды. Осы суреттен өздерін сабақта қандай
дәрежеде меңгергендерінді білу үшін өздерінді табыңдар дедім. Оқушылар өздерін ағаштың орта
деңгейіне апарып қойыпты, бір-біріне көмектесу кездерін бейнелей біліпті.
Қалыптастырушы бағалаудың бір түрі «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалауды». Бұл бағалаудың түрін
«Қар үйіндісі» ойыны кезінде пайдаландым. Оқушыларға бағалаудың қалай жүзеге асыру ережесін
түсіндірдім. Бірақ оқушылар бағалау түрін «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып кетті. Мен оқушыларды
тоқтатып, қайта түсіндіру жұмысын жүргіздім. Өзгеріс көрінбеді. Барлық оқушы «Екі жұлдыз, бір
тілек» айттып кетті. Бұл бағалау түрі жүзеге аспағаны, мен бағалау қалай жүзеге асырылатындығын
көрсетпей, тек бағалау шартын айтып қана қойғаным.
87
Достарыңызбен бөлісу: |