Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



жүктеу 5,02 Kb.
Pdf просмотр
бет137/147
Дата26.05.2018
өлшемі5,02 Kb.
#17970
түріСеминар
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   147

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұржар ауданы,
Жоғарғы Егінсу  ауылы  «Егінсу орта мектеп – бақша» КММ
7 сынып оқушысы Бақанғали Ұлпан, оқу озаты
                         
Қазақ  халқы өзінің  ұзақ   даму  тарихында    бірсыпыра  елдермен  араласып, әр   кезеңде  түрлі
қарым-қатынаста  болғандығы  мәлім.Сондықтан  қазақ   халқының негізін құрайтын  ою - өрнектерді
көршілес  елдердің   қолөнерінен   де кездестіруге болады. Қазақ  ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ
ғалымы  Төлеу    Бәсенов.  Ол     қазақ     мәдениетінің  мәдени шежіресі   болып  табылатын ою-өрнекті
түбегейлі   зерттеп   көптеген   құнды  пікірлер  қалдырды. Қазақ  оюларының  араб, иран  оюларынан
басты   айырмашылығы - ою - өрнектің       әрбір   элементі дара тұрады.Төлеу Бәсенов негізінен ел
арасынан жиналған қолөнер туындыларын алъбом  етіп  шығарып, әсемдік тектес  ою - өрнектердің
даму тарихын  және  оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі  әшекейлеудің  басты  құралы   ретінде,
біз  қолданып    жүрген   ою-өрнектер  руға  біріккен адамдар  тобының   белгісі. Туымыздан  орын
алған  ою-өрнек те  осының  айғағы.  Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде
елдігіміздің   нышаны - көк  байрағымызды  да  көріктендіріп  тұрған  ою. Көп  жағдайда  халықтың
тілін, мәдениетін  білмесек  те қолөнерде  бейнеленген  оюларға  қарап,  қай  халықтың  қазынасы
екенін  танып  білеміз,өйткені ою- өрнек  әр  халықтың  таңбасы,  сол  елдің  қолөнерінің көнеден
келе жатқан мәдениеті. Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақта қызықты тарихы бар. Ежелден  келе
жатқан кәсіп қолөнер халықтың  өмірімен,  тұрмысымен бірге  дамып, ұрпақтан -  ұрпаққа  беріліп
отырады. Қолөнер   шеберлері   оюмен     танылады.   Орнамент - әсемдеу,   сәндеу     деген     ұғымды
білдіретін  латын  сөзі  қазақ  тілінде  ою-өрнек  болып  алынып  жүр. Бұл сөздің  ұғымы  бір  нәрсені
ойып,  кесіп алып  жасау   немесе  екі   затты   оя   кесіп  қиюластырып    жасау,  бір  нәрсенің  бетіне
ойып     бедер   түсіру     деген     мағынаны   білдіреді. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында
құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратын белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынш,
құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Бұйымдарда жан – жануарлардың мүйізі, дене
мүшесі,   тұяғы,   құстың   тұмсығы,   түлкінің   басы,   бөрінің   құлағы   немесе   иттің   құйрығы   т.б.   және
өсімдіктердің   түрлері   кеңінен   белгіленген.   Эпиограф   Сауық   Қасимонов   пен   сәулетші   Төлеутай
Бәсеновтың ою – өрнектері туралы жазылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы,
задылықтары   бар   тұтас   сала   ретінде   таныпты.Қазақ   ою–өрнегінің   арқауы   болған   «мүйіз»   оюы
заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді,
ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді. Ол
сонау ғасырлар қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре
тарихы.  Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары көп  және оюдың элементінде терең
мағына, үлкен мән бар. Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына.
Өрнектердің шығу тарихы, адам өмірімен, тұрмысымен байланысты екенін көрсете  келе олардың
даму ерекшелігін, дәуірдің, адам баласының   сана-сезіміне қарай   өрнектің   таңба,   элементтердің
дамуы   мен   өркендеу     ерекшелігін   байқауға   болады.Ғалымдар   ою-өрнектердің     200-дей   түрін
анықтады. Ғылымда  ою - өрнекті    хайуанаттық   (зооморфтық), өсімдік тектес (көгеніс), ғарыштық 
(космологиялық),  геометриялық   деп   бөледі.
1.Жан   жануарлар     тектес     ою   -   өрнектер.  Ою-өрнектердің   ішінде   мүйіз   тектес   тобын   қазақ
халқының ою-өрнектерінің төркіні десек те болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде
жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз,
қос мүйіз, сыңар мүйіз, қос алқа, құс қанаты, қаз табан,   қаз мойын, қарға тұяқ, итарқа, итмойын,
өрмекші, төртқұлақ  т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек  композициясы
жасалады. Бұл мал мен жануарлар өмірінен алынған оюлармен қазақ  еш уақытта киім безендірмеген.
2.  Өсімдік  тектес ою – өрнектер.  Ою-өрнектің   екінші үлкен тобы - өсімдік тектес оюлар. Қазақ
ежелден   табиғатты аялаған. Табиғаттан өзіне пана тапқан.  Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып
келе   жатқан   өнер   туындысы.   Халқымыздың   қай   қолөнер   саласын   алсақ   та,   ою-өрнектер   өзіндік
ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Гүл оюларының өзінде де
халықтың дана ойы жататынын мынадан байқаймыз: гүл мен гүл түйнегінің айқаса бірігіп салынуы-
бірлікті, елдің ынтымақты болуын мегзейді. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс
жағдайын,   ақыл   –   парасаттың,   әдептілік,   адамгершілік,   мейірімділік,   тәлім   –   тәрбие   ұғымдарын
300


Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
кілемшедегі ою – өрнек   нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен   жеткізіп отырған.   Қазақ ою-
өрнектерінде кейде түзу, қисық, кейде доға сызықтар көптеп кездеседі. Бұл топқа жататын оюлар мен
өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі. Кейде өзен, аққан су сияқты ирек кестелер кездеседі.
Оны   қазақтар   тоқтаусыз,   қозғалыстағы   үзілмес   өмір   белгісіндей   қабылдайды.   Мұндай   өрнектер
көрнекі  жерге-киім   өңірлеріне  түсіріледі.  Толқын тәріздес  таусылмас   өрнектер  күрделі   жануарлар
немесе аспан әлемінен алынған өрнектердің екі шетін қаусырып тұру үшін таптырмайды.   Сондай-ақ
“сүйір”,   “ирек”,   “балдақ”,   “қармақ”,   “тұмарша”   тәрізді   атаулар   оюларды   киім   безендіруге
пайдаланбаған.   Олар   алаша,   ши,   басқұр,   текемет   және   басқа   тұрмыстық   заттар   үшін   таптырмас
безендіру үлгілері. 
3.  Космогониялық   ою - өрнектер.    Көнеден келе жатқан өрнектің келесі тобы - ғарыш сипатты
(космогониялық)  оюлар.   Қазақ  қашан да  қияли жүйрік  халық.  Қазақтар  ежелгі  заманда-ақ ғарыш
сырын   ұғуға   тырысқан.   Өз   қиялдарын   тұрмысындағы   заттарды   жасауға   немесе   безендіруге
пайдаланылған. Аспаннан жерге жеткендей әсер береді. Ғарыштық сипаттағы өрнектер арасындағы,
алдымен  күннің жөні бөлек. Сондай-ақ түнгі аспаннан да талай ою алынған. Небір аңыздарға арқау
болған. Құс жолына қарап “шимай” және ”бітпес” деген өрнектер жасалынды. ”Айшық, “Ай гүл”
деген өрнектер түнгі аспанның басты тұлғасы негізінде дүниеге келген.“Ай гүл”қазақ тарихындағы
алғашқы өрнектердің бірі болған, оған негіз бар. «Күн» ою-өрнегі Күнді меңзейді.   Күн, Ай, аспан
бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі, діни  ұғымда бұлардың магиялық  күші бар деп
сенген.   «Күн»,  «күн-көзі»,  «күнсәулесі»,  «шыққанкүн»  оюлары  кілемнің,  тұскиіздің  дәл  ортасына
салынады,   сол   сияқты   бұл   өрнек   кесте   тоқуда   немесе   ағаштан,   сүйектен   ойылған   заттарды
бедерлеуде, ат-әбзелдерін әрлеуде қолданылады. 
4. Геометриялық  ою - өрнектер. Ежелгі  адамдар  геометриялық  ою-өрнектердің  магиялық  және
символдық мәні бар     деп   сенген. Қола дәуіріндегі     саз     балшықтан   жасалған       құмыраларда
геометриялық       ою-өрнектермен         әрленген.   Бұл   топтағы   оюлар   киім   безендіруде   молынан
кездеседі.Кейде   өзен,   аққан   су   сияқты   иректер   кездеседі.   Оны   қазақтар   тоқтаусыз   үзілмес   өмір
белгісіндей   қабылдайды.   Мұндай   өрнектер   көрнекі   жерге   киім   өңірлеріне   түсіріледі.   «Сүйір»,
«Ирек»,  «Балдақ»,  «Алшы» т.б.  оны қазақ бақыттың, табыстың, ақ жолдың белгісі деп білген. Сол
себепті әйелдер жаулығының, кимешектердің, бешпеттердің шетіне кестелеген. Қолөнер шеберлерін,
суретшілер   мен   сәнгерлерді   ұлттық   рухта   тәрбиелеуде   ою-өрнектің   атқаратын   рөлі   зор.   Қолөнер
шеберлері   жасаған   бұйымда   ұлттық   нақыш   айқын   тұруы   тиіс.Сол   ұлттық   нақышты   айқындап
бейнелейтін өнер түрі  – ою-өрнек. Қазақ   халқы   ою-өрнекті   киелі   санаған. Мәселен  қабырғаға
тұтылған тұскиіз   бен   кілемдегі   өрнектерге   біраз   зер   салып   көріңіздер.   Қараған   сайын       ой-
қиялдарың   оянып, сол  ою-өрнектер, бейнелер  мен  сызықтар арқылы   шеберлердің   не  айтқысы
келгенін     байқайсыздар.   Халықтың   рухани   өмірі:   ұлттық   салт-дәстүрлер,   наным-сенімдерге
байланысты  оюлар. Мысалы, қазақ халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрпы, салты бойынша, бөтен
жерге,   алыс   ауылға   күйеуге   ұзатылатын   қыз   баланың   белгілі   бір   уақыттан   кейін   төркін   жағына
сәлемдеме   жіберу   дәстүрі   болған.   Сәлемдемеге   жас   келіншек   өзінің   күйеуге   шыққаннан   кейінгі
тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың
үйіне   жіберген  сәлемдемесінде   “құсмұрын”   бейнесі   салынған   сәлемдеме   келсе,   ата-анасы   одан
баласының   барған   жерінде   құстай   ерікті,   басы     бостандықта,   жағдайы   жақсы   екенін       ұғатын
болған.Сол   сияқты     орамалдың    бетінде     ұшқан       құс     пен     бүршік     атып    келе     жатқан       гүл
бейнеленсе, ата – анасы қызымыз  құстай  емін – еркін, жайраңдап  өмір  сүріп  жүр  екен,-деп  мәз
болысады. Сонда   әр   өрнектің   астарында   алуан   мағына бар. Қазақ       халқының   ою-өрнектер
бейнеленетін    қол  өнер  бұйымдары  бірнеше  түрге  бөлінеді. Олар  ағаштан жасалған,  теріден,
жүннен, т.б. Ою-өрнектер  өзіндік   ерекшелігін  сақтай  отырып,  белгілі  бір  тәртіппен орналасқанын
көреміз. Оюлардың     ежелден       келе     жатқан   нұсқаларында құстың,   гүлдің , жануардың   түрін
тұспалдап  тұратыны белгілі.  Әр  оюдың  өзіндік  мағынасын  түсіне  отырып , қабырғаға  әсемдік
үшін  ілетін  болған.   Ата –бабаларымыз  «тұмар», «қошқар  мүйіз»  ою-өрнегінің   магиялық  күші
бар  деп  сенген. «Тұйық» оюы ел  қорғаған батырлардың иығы мен қалқанына,  аузы дуалы билердің
жауырын тұсына салынған. Тұйық оюы  бақыттың, достықтың, шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі. 
               Ай найзасы болмаса,
               Ерді қайдан танырсың.
301


жүктеу 5,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау