Семинар 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) -30 сағат СӨЖ 30 сағат


Білім беру қызметін лицензиялау ережесі



жүктеу 0,69 Mb.
бет8/13
Дата02.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#28044
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Білім беру қызметін лицензиялау ережесі


  • Білім беру мекемелерін аттестациялау,аккредитациялау

  • Бюджеттік қызметкерлердің жалақысын есептеу ережесі

  • Мемлекеттік білім ұйымдарының педагогикалық жұмысшыларына арналған оқу жүктемесі
  • ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы ереже


  • Білім беру салаларын құқықтық реттеудің міндеттері

  • ҚР білім беру жүйесін реттейтін негізгі нормативтік актілерге сипаттама

    Аттестаттау өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:

    1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;

    2) кадрлар құрамы;

    3) білім алушылардың контингенті;

    4) оқу-әдістемелік жұмысы;

    5) оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме;

    6) оқу-материалдық активі;

    7) оқу және ғылыми зертханалар;

    8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;

    9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;

    10) ғылыми-зерттеу жұмысы;

    11) кәсіптік практика

    болып табылады.

    9. Мемлекеттік аттестаттау, жалпы алғанда білім беру ұйымдары бойынша, одан басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сондай-ақ мамандықтар (кәсіптер) бойынша жүзеге асырылады.

    10. Білім беру ұйымдарын аттестаттауға арналған шығыстар бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасында әрбір білім беру деңгейі бойынша:

    1) білімнің мазмұнына;

    2) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

    3) білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыда міндетті стандарттары белгіленеді.

    2. Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті.

    57-бап. Білім беру қызметін лицензиялау

    1. Заңды тұлғалардың (бұдан әрі - лицензиат) білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

    2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың қызметін олар үшін жаңа кәсіптер мен мамандықтар бойынша лицензиялау, оларда

    лицензиялардың болуына қарамастан, жалпы негіздерде жүргізіледі.

    58-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

    1. Аккредиттеуді білім беру ұйымдарының өтініші негізінде, олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, аккредиттеу органы бес жыл мерзімге жүзеге асырады.

    Аккредиттеу институционалдық және мамандандырылған түрде жүзеге асырылады.

    2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары немесе олардың филиалдары аккредиттеуден Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары сияқты шарттармен және тәртіппен өткізіледі.

    3. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу білім беру ұйымдарының өз қаражаттары есебінен өткізіледі.

    4. Жоғары оқу орындары халықаралық дәрежеде танылған шетел агенттігі жүзеге асыратын халықаралық аккредиттеуден өтуге құқылы.

    "Болашақ" стипендиясын алуға iрiктеу үш турдан тұрады, ал әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң жарияланатын рейтингтерге сәйкес үздiк көрсеткiштерге ие болған жоғары оқу орындарында магистр, ординатор, аспирант, доктор бағдарламалары бойынша оқуға өз бетiнше түскен азаматтар үшiн бiр турдан (соңғы үшiншi тур) тұрады.

    Бiрiншi турға осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында баяндалған өлшемдерге сәйкес келетiн және жыл сайын Республикалық комиссия бекiтетiн Қазақстан неғұрлым қажетсiнетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес салаларда маманданып жүрген кандидаттардың қатысуға құқығы бар.

    Жұмыс органы конкурстың бiрiншi турынан кейiн бiр апта iшiнде ресми баспасөзде конкурстың екiншi турына ұсынылған үмiткерлердiң тiзiмiн жариялайды және оны шетелдiк сараптау комиссиясына бередi. Конкурстың екiншi турын жыл сайын 5 маусым - 5 шiлде аралығында шетелдiк сараптау комиссиясы өткiзедi. Бiрiншi турдан ойдағыдай өткен үмiткерлер шет тiлдерiнiң бiрiн еркiн меңгергендiгiне тестiлеуден және әңгiмелесуден өтедi. Шетелдiк сараптау комиссиясының құрамын және жұмысын ұйымдастыруды "Болашақ" стипендиаттарын оқуға қабылдайтын шетелдiң уәкiлеттi ұйымымен бiрлесiп, Республикалық комиссияның жұмыс органы белгiлейдi. Тестiлеудiң нәтижелерi бойынша сарапшылар жұмыс органы белгiлеген нысанда әр кандидатура бойынша өзiнiң қорытындысын бередi.

    Әрбiр кандидатура бойынша жеке қорытындылар Республикалық комиссияның жұмыс органына екiншi тур аяқталғаннан кейiн бiр ай мерзiмде тапсырылады.



    Республикалық комиссияның жұмыс органы шетелдiк сарапшылардың қорытындылары мен "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердiң ресми сертификаттарының көшiрмелерiн, екi iрiктеу турынан ойдағыдай өткен, сондай-ақ әлемнiң алдыңғы қатарлы елдерiнiң үздiк жоғары оқу орындарына магистр, ординатор, аспирант немесе доктор бағдарламалары бойынша өз бетiнше оқуға түскен үмiткерлердiң жеке iстерiмен қоса үшiншi турға ұсынады.

    5.2. Негізгі және қосымша әдебиеттер мен нормативтік құқытық актілердің тізімі.


    1. ҚР Конституциясы

    2. Қазақстан 2030 стратегиясы

    3. ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007

    4. «Білім» мемлекеттік бағдарламасы /2000ж/

    5. Қазақстанның 2005-2010 жж ҚР білімді дамыту бағдарламасы

    6. Қазақстанның 2003-2015 жж арналған индустриалды-инновациялық стратегиясы

    7. 2015ж-ға дейінгі ҚР білім беруді дамыту концепциясы
    8. ҚР Ғылым туралы Заңы

    9. ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы


    10. Кәсіби орта білім мекемелеріне оқушыларды қабылдау тәртібі

    11. ТМД елдерінің білім беру саласында бірлесіп жұмыс істейтін Кеңес Декларациялары

    12. Европа аймағындағы Жоғарғы білім беруге қатысты квалификацияның танылуы туралы Лиссабон конвенциясы

    13. ҚР-да ғылыми дәрежелер және атақтар беру туралы шарттар

    14. Орта және жоғарғы білім беру саласындағы стандарттар

    15. Педагогикалық кадрларды аттестациялау туралы ереже

    16. жүктеу 0,69 Mb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау