20-тақырып: бастауыш кәсіптік білім беру мекемелері
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
21-тақырып: кредиттік оқыту технологиясы ұғымы, маңызы
өткізу нысаны : жазбаша
тест тапсырмалары:
1. Білім туралы заң қашан қабылданды
30 желтоқсан 2000 ж
27 шілде 2007 ж
30 қыркүйек 2000 ж
15 тамыз 2007 ж
2. Тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаға берілетін академиялық дәреже:
Доцент
Профессор
Магистр
Бакалавр
3. Жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғарғы білікті ғылыми және педагогикалық кадрлар даярлау нысаны:
Магистратура
докторантура
Аспирантура
Бакалавриат
4. мамандықтардың 1-2 тобы бойынша жоғарғы кәсіби білім беретін оқу орны:
Институт
Университет
Мектеп
Колледж
5. Кәсіби орта білім беретін оқу орны:
Институт
Мектеп
Колледж
Университет
6. Мамандықтардың 3 және көп тобы бойынша кәсіби жоғары білім беретін озық ғылыми- әдістемелік орталық болып табылатын оқу орны:
Институт
Колледж
Гимназия
Университет
7. Элитарлы білім беру кімдерге арналған:
Байдың балаларына
Лауазымды адамдардың балаларына
Дарынды балаларға
Барлығына
8. Білім беру саласындағы мемлекет саясатының принципі:
Білім берудің зайырлы, адами, дамытушылық сипаты
Білім беру мен тәрбиенің бірлігі
Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты
Жауаптардың барлығы
9. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасайтын орган
Үкімет
Білім және Ғылым министрлігі
Облыстық білім басқармасы
Қалалық білім басқармасы
10. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартттарын жасап, бекітетін орган:
Үкімет
Білім және Ғылым министрлігі
Президент
Парламент
әдістемелік нұсқаулар : дұрыс 1 жауапқа ғана ең жақын мағынасы бойынша белгі қойылады
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
22-тақырып: қашықтықтан білім беру технологиясы
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
23-тақырып: Білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарының маңыздылығы
өткізу нысаны : реферат
тапсырмалар: тақырып бойынша жазбаша жүйелі мәлімет жинақтау
әдістемелік нұсқаулар : әртүрлі дереккөздерге талдау жасау қажет
әдебиеттер : 2015ж-ға дейінгі ҚР білім беруді дамыту концепциясы
24-тақырып: Магистратура ұғымы, білім беру бағыттары
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
25-тақырып: Білім беру гранты туралы
өткізу нысаны : жазбаша
тапсырмалар: тақырып бойынша негізгі терминдерге анықтама жазу
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; белгілі бір тақырыпта 20-25 сөзге анықтама немесе түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
26-тақырып: білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР білім туралы заңы. 27.07.2007
27-тақырып: Педагог қызметкерлердің лауазымдық жіктелуі
өткізу нысаны :ауызша,жазбаша
тапсырмалар, сұрақтар : нақты мысалдар бойынша қойылатын талаптарды саралау
әдістемелік нұсқаулар : әртүрлі дереккөздерге талдау жасау қажет
әдебиеттер : Педагог қызметкерлердің лауазымдық жіктелу ережесі
28-тақырып: Педагог қызметкерлер категорияларына қойылатын талаптар
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : Педагогикалық кадрларды аттестациялау туралы ереже
29-тақырып: «Болашақ» халықаралық стипендиясының конкурсының талаптары
өткізу нысаны : жазбаша
тапсырмалар: тақырып бойынша схема
әдістемелік нұсқаулар : А4 немесе А3 форматта басылады; схеманың атауы болуы қажет; схемада терминдерді көрсетумен қатар, оларға анықтама беру керек.
әдебиеттер :
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысы туралы Ереже.
30-тақырып: «Болашақ» бағдарламасының мақсат-міндеттері
өткізу нысаны : ауызша
әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.
әдебиеттер : ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы туралы ереже
8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.
Жеке тапсырмаларды (рефератты) орындау бойынша нұсқаулар:
реферат студентке бекітілген тақырыпқа сәйкес орындалуы тиіс;
тапсырма силлабуста белгіленген мерзімге дейін тапсырылуы тиіс;
рефераттың көлемі 12-15 бет болуы тиіс;
рефератта 3 әдебиеттен кем емес қолданылуы тиіс;
рефераттың соңғы бетінде тақырып бойынша схема берілуі тиіс.
Осы курс бойынша аптасына 2 СӨОЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СӨОЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барсында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағадайда , СӨОЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.
Реферат тақырыптары:
ҚР Конституциясыдағы білім саласының фундаменталды ережелері
Қазақстан 2030 стратегиясындағы білімді дамыту бағыттары
ҚР білім туралы заңындағы білім саласын басқару органдары
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы /2000ж/
Достарыңызбен бөлісу: |