Мақсаты: мектептер қызметін құқықтық реттейтін құжаттармен танысады
Негізгі сөздер: лицей, гимназия
Негізгі сұрақтар:
ҚР Конституциясы
Қазақстан 2030 стратегиясы
ҚР білім туралы заңы
«Білім» мемлекеттік бағдарламасы /2000ж/
Қазақстанның 2005-2010 жж ҚР білімді дамыту бағдарламасы
Қазақстанның 2003-2015 жж арналған индустриалды-инновациялық стратегиясы
Бiздiң басты он игiлiктерiмiздiң iшiнде - халқымыздың немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр. Бiздiң ғылыми және шығармашылық әлеуетiнiң деңгейi жоғары бiлiм өресi биiк халқымыз бар. Көптеген елдерде бұл жоқ, әрi олар осындай сапаға жетудi өздерiнiң стратегиялық мақсаттарының бiрi санайды. Мұның өзi - бiздiң халқымыз бен бұрынғы жүйенiң аса iрi жетiстiгi. Бiз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшiн барған сайын жаңа әрi неғұрлым өркениеттi жағдай туғызуға тиiспiз.
Мектепке дейiнгі тәрбие мен оқыту
Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі бiлiм беруге тең қол жеткiзу үшін мүмкiндiктер жасайды. Бұл тек қаржыландыру деңгейiнде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерiнiң бiлiм берудiң жалпы бюджетiнен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуiне негізделген мектепке дейiнгi тәрбиенiң әр түрлi модельдерiн жасаудан да айқын көрiнедi: мiндетті аналар мектептерi, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа дейiнгi балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және күту топтары. МКҚК (мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындар) мәртебесiне ие мектепке дейiнгi ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың балабақшада болу ақысының өсуiне әкелiп соқты және мектепке дейінгі ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтiк жағынан шетiн жiктерiне ауыр тидi.
Жалпы орта білім беру
Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi.
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады
Республикада 4272 жалпы бiлiм беретiн шағын жинақталған мектеп (бұдан әрi - ШЖМ) жұмыс iстейдi (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың бала (жалпы білім алушылар контингентiнiң 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нiң бiр оқушысын оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңiрлерге байланысты) 30-100%-ға жоғары. Мектептердiң тұрғын жерден алыс орналасуына байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
"Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру нәтижесiнде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бiрлiкке артты, бұл арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Республикада 614 интернат мекемелерi жұмыс iстейдi, оларда мемлекет есебiнен 75 мыңға жуық жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар, девиантты мiнез-құлықты балалар тұрады, 18 балалар интернат-үйлерi жұмыс iстейдi, оның iшiнде бiреуi дене бiтiмiнде кемшiлiгі бар балаларға арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгiсiндегі балалар ауылы және 17 жасөспiрiмдер үйлерi ашылды, онда өмiр сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудiң патронаттық нысаны даму үстiнде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бiрлiкке, оқушыларды қамту 1,6%-ға артты .|
Сонымен қатар жалпы орта бiлiм беруде өз шешiмiн күткен проблемалар да анықталуда. Оқулықтар шығару тәжiрибесiнiң, авторлар мектептерiнiң, толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудiң қаржылық тетiгін және институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер қауымын қанағаттандырмай отыр.
Пәндiк көзқарасқа негiзделген мемлекеттік жалпыға мiндетті бiлiм беру стандарттары оқушылардың өмiр жолын таңдауына, мүдделерi мен перспективаларын нақты белгiлеуiне оң негiз бола алмайды. Жоғары сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп түлектерiнiң 70%-ының өзiн-өзi бағалау деңгейi өте төмен және өз бетiнше өмiр сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейiндi оқытудың жетiспеушiлігінен еңбек нарығында мектеп бiтiрушiлерге деген сұраныс жоқ.
120 мыңнан астам мүмкiндiгі шектеулi балалардың үштен бiр бөлiгі ғана түзеу ұйымдарында арнайы бiлiм берумен қамтылған. Арнайы бiлiм берудiң нормативтiк құқықтық және бағдарламалық-әдiстемелiк базасы, түзеу мекемелерi үшiн педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесi жетілдiрудi және жаңартуды қажет етедi. Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды орталықтандырылған есепке алу жүйесi жоқ. Инклюзивтiк бiлiм беру нашар дамуда.
Тақырып № 8-9. Бастауыш және орта кәсіби білім беру туралы құжаттар (2 сағат)
Мақсаты: Кәсіби орта білім беру жүйесінің құқықтық реттелуін зерттейді.
Негізгі сөздер: колледж
Негізгі сұрақтар:
Кәсіби орта білім беру бағдарламасы ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 ж арналған мемлекеттік бағдарламасы
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру
Дамыған елдердегі кәсiптiк бiлiм беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесiне қатысу үшiн жұмыс берушiлердi көтермелеу тетiктерiнiң, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм берудiң сапасын (бiлiктiлiктi беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудiң институционалдық негізiнiң бар екенiн және кәсiптiк бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кiрiгуiн айғақтайды.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi 722 оқу орнынан, оның iшiнде жалпы оқушылар контингентi 341,3 мың адам 307 кәсiптiк мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.
Кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн оқу орындарында білім алушылардың контингентi 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейiн 10,3 мың адамға ұлғайды.
2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын ашу есебiнен 101 бiрлiкке өстi. Колледждерде білім алушылардың контингентi 86,5 мың адамға артты
Бастауыш және орта кәсіптік бiлiм беретiн оқу орындарында 28,1 мың педагог жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2231 адамның жоғары бiлiмi бар, 5647 адамның кәсiптік орта, қалғандарының техникалық орта бiлiмi бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бiрiншi санатқа ие. Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс iстейдi.
Сонымен қатар, тез өзгерiп отырған экономикалық жағдайда бiлiм беру қызметтерiнiң реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс берушi мен бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесi арасында әлеуметтік серiктестiктiң болмауы бiлiм беру деңгейi және экономика секторлары бойынша кадрлар даярлаудағы тепе-теңдiктiң болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны жоғары бiлiм беру саласына қарағанда едәуiр төмен және ол колледждерде - 162 оқушыны, кәсiптiк мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында 439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндiрiстiк емес сектор үшiн кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр (2-диаграмма).
Жұмыс берушiлер мен басқа да әлеуметтiк серiктестер техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған. Кәсiптiк бiлiм берудi және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың жекеше секторының қаражаттарын тарту тетiгі жоқ. Кәсiптiк мектептердiң 122 ғимараты (45%) күрделi жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеудi талап етедi, кәсіптік циклдегi 153 кабинет, жалпы бiлiм беру циклiндегі 146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72 медициналық пункт жетiспейдi.
Өндiрiстiк оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың бiлiктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлiнбей отыр.
Бөлiнген қаржы қаражаты, негiзiнен, жалақы мен әлеуметтiк салық төлеуге (54%), тамақтануға, киiм-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтiп-ұстауға және қызметтер көрсетуге (3%) жұмсалады.
Кәсiптiк мектептер мен колледждердегi кадр тапшылығы арнайы пәндердiң 934 оқытушысын және өндiрiстiк оқыту шеберiн құрайды. Кәсіптік мектептер мен колледждердегi кадр құрамының қартаю, неғұрлым бiлiктi оқытушылардың шағын және орта бизнеске кету үрдiсi сақталып отыр. Жас мамандардың еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесiнiң төмендеуiнен кәсiптiк мектептер мен колледждердегi жұмыс icтеугe деген ынтасы жоқ.
Облыстық деңгейде кәсiптiк бiлiм беру және кадрларды даярлайтын оқу орындарының басқару мен оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету құрылымы осы оқу орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергiлiктi өкiлдi орындарға және атқарушы билiк органдарына берiлген сәттен бастап (1996 жыл) нығайтылмаған.
Кәсіптік бiлiм беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегi кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беретін оқу бағдарламалары бiлiктілiк деңгейлерi бойынша Техникалық және кәсіптік бiлiм беру туралы ұсынымдарына (ЮНЕСКО, 2001 жыл), Бiлiм берудi халықаралық стандартты жiктеу бағдарламасының өлшемдерiне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейдi, бұл кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң ұтқырлығын, икемдiлігін азайтады және әлемдiк бiлiм кеңiстігінде танылу ықтималдығын төмендетедi.
Тақырып № 10-11. ҚР жоғарғы білім беруді қалыптастыратын негізгі құжаттар (2 сағат)
Мақсаты: ЖОО қызметін реттейтін заңдарды оқиды.
Негізгі сөздер: бакалавр
Негізгі сұрақтар:
Достарыңызбен бөлісу: |