Мазмұны
|
|
беті
|
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба…………...............................................................
|
4
|
|
|
|
2.
|
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер…...................................
|
6
|
|
|
|
3.
|
Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны……..........................
|
8
|
|
|
|
3.1
|
Пәннің тақырыптық жоспары........................................................
|
9
|
|
|
|
3.2
|
Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
|
9
|
|
|
|
4.
|
Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау................................
|
13
|
|
|
|
5.
|
Оқыту құралдары………..................................................................
|
14
|
1 Түсіндірме жазба
«Электротехника» пәнінің осы үлгілік оқу бағдарламасы Техникалық кәсіптік білім беру бойынша ҚР МЖМБС – інің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген бұйрығымен үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес 1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» мамандығының орта буынды 1304033 «Техник» біліктілігі бойынша әзірленген (2015 жылғы 15маусымдағы № 384 бұйрығына 360 – қосымша)
«Электротехника» үлгілік оқу бағдарламасы білім алушыларға тұрақты, бірфазалы және үшфазалы айнымалы ток тізбектерін, конденсаторларды, магнитті тізбек заңдарын, трансформаторларды, тұрақты және айнымалы электрлік машиналарды оқып зерделеуді қарастырады.
«Электротехника» пәнін оқуда электрлік және магниттік тізбектер үшін электротехниканың негізгі заңдарын, электротехникалық құрылғылардың негізгі жұмыс режімдерін, трансформаторлардың, асинхронды, синхронды және тұрақты ток машиналардың құрылымы мен жұмыс әрекетіне ерекше назар аудару қажет. Монтажды және виртуалды жұмыс үстелінде қарапайым электр тізбектерін құруды және электрлік жүйелер мен олардың құрылғыларын жобалауда және пайдалануда электротехникалық есептеулерді заңдарды дұрыс қолдана білу керек.
Бәсекелестікке қабілетті мамандарды дайындаудағы пәннің рөлі мен мәні оқу барысында үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жұмыстардың дер кезінде орындалуын, қазіргі замандағы инновациялық оқыту технологияларын, дидактикалық және көрнекілік құралдарды: плакаттар, модельдер, оқу бейнероликтер, электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны және оқу-әдістемелік құралдарын пайдаланып үйрену қажет.
«Электртехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар (зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.
Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.
Үлгілік оқу бағдарлама білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктіліктеріне және дағдыларына негізделеді:
Физика;
Химия;
Математика.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады:
- Электрорадиоөлшеу;
- Электрорадиоматериалдары және радиоэлементтері.
«Электротехника» пәнінің осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім алу мекемелеріне жұмыстық оқу бағдарламасын құрудың негізі болып табылады.
Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда оқу мекемесі құқылы:
кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген)
оқыту процесінің әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылаудың нысандарын, әдістерін таңдауға құқылы.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі (соның ішінде резервті уақыт есебінде) жергілікті шарттарды және жұмыс берушілердің талаптарын ескеретін аймақтық компонентерді енгізу арқылы тереңдетілген немесе кеңейтілген жағына өзгеруі мүмкін.
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижесі
Үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер
|
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер
|
Студенттер келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:
Базалық құзыреттілік:
БҚ2. Электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігін сақтау;
БҚ 10. Әртүрлі операцияларды ұйымдастыру және күрделі техниканы, өзін – өзі басқаруды қолдану және жеке жауапкершілікті өз қолына алу
|
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер
біледі:
электр және магниттік тізбектер үшін электротехниканың негізгі заңдарын;
трансформаторлардың құрылымы мен жұмыс принципін, үшфазалы асинхронды и синхронды машиналар мен тұрақты ток машиналарын;
меңгереді:
қарапайым электрлік жүйелер мен олардың құрылғыларын іс асыру мен жобалауда есептеулер и мен анализ жасауда электротехникалық заңдарды дұрыс қолдануды;
дағдыланады:
элкутрлік тізбектер мен электротехникалық құрылғыларды зерттеуді;
құзыретті:
- бір қалыпты және әртүрлі жүктемелерде электрлік схемаларды есептеулерде;
|
Кәсіптік құзыреттілік:
КҚ 3.3.3 Электронды және электрлік сызбаларды оқи білу
|
біледі:
- электротехника элементтердің шартты белгісі;
- электрлік сызбалардың құру принципін;
меңгереді:
- виртуалды және монтажды жұмыс үстелінде қарапайым электрлік схемаларды құру
дағдыланады:
оқу және техникалық әдебиеттермен жұмыс істеуді;
құзыретті:
- электрлік және электронды сызбаларды оқуда;
|
3. Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
п/п
|
Күндізгі оқыту нысаны кезіндегі оқу уақытысының көлемі (сағ)
|
|
Бөлімдер мен тақырыптар атауы
|
Орта буын маманы
|
Негізгі орта білім
|
Жалпы орта білім
|
теория
|
практика
|
теория
|
практика
|
|
Кіріспе
|
2
|
|
2
|
|
|
1 Бөлім. Электростатика
|
4
|
-
|
6
|
-
|
|
1.1 тақырып. Электрлік өріс
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
1.2 тақырып. Электрлік сыйымдылық және конденсаторлар
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
2 Бөлім. Тұрақты ток электр тізбектері
|
6
|
6
|
10
|
10
|
|
2.1 тақырып. Электрлік тізбек. Электр тізбектерінің заңдары
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
2.2 тақырып. Тұрақты ток тізбектерінде энергетикалық қатынастар мен жұмыс режімдері
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
2.3 тақырып. Төртполюстілер
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№1 тәжірибе – зертханалық жұмыс Тұрақты ток тізбектерін зерттеу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№2 тәжірибе – зертханалық жұмыс Күрделі электр тізбектерін есептеу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№3 тәжірибе – зертханалық жұмыс Электр энергия көздерінің жұмыс режімдері
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
3 Бөлім. Электромагнетизм
|
4
|
-
|
6
|
-
|
|
3.1 тақырып. Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
3.2 тақырып. Электромагнитті индукция. Катушканың индуктивтілігі
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
4 Бөлім. Бірфазалы синусоиалды ток электр тізбектері
|
6
|
6
|
10
|
10
|
|
4.1тақырып. Синусоидалды электрлік шамалар мен графикалық бейнеленулер
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
4.2 тақырып. Тармақталмаған және тармақталған бірфазалы синусоидалды ток электр тізбектері
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
4.3 тақырып. Синусоидалды ток электр тізбектеріндегі резонанстар
|
|
|
|
|
|
№4 тәжірибе – зертханалық жұмыс Әртүрлі жүктеме тізбек қосылыстарын есептеу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№5 тәжірибе – зертханалық жұмыс Айнымалы ток электр тізбектерін зерттеу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№6 тәжірибе – зертханалық жұмыс Ток және кернеулер резонансы
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
5 Бөлім. Үшфазалы электр тізбектері
|
4
|
4
|
6
|
4
|
|
5.1тақырып. Электрлік үшфазалы құрылғы және тізбектер
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
5.2 тақырып. Электр энергиясын қабылдағыштар мен үшфазалы генератордың орамдарының қосылыс тәсілдері
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№7 тәжірибе – зертханалық жұмыс «Жұлдызша» схемасы бойынша тұтынушылардың үшфазалы тізбекке қосылысы
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№8 тәжірибе – зертханалық жұмыс «Үшбұрыш» схемасы бойынша тұтынушылардың үшфазалы тізбекке қосылысы
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
6 Бөлім. Трансформатор
|
2
|
2
|
4
|
2
|
|
7.1тақырып. Трансформаторлардың құрылымы мен жұмысы
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№9 тәжірибе – зертханалық жұмыс Бірфазалы трансформатор
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
7 Бөлім. Электрлік машиналар
|
2
|
2
|
4
|
4
|
|
7.1 тақырып. Айнымалы және тұрақты электрлік машиналар
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
№10 тәжірибе – зертханалық жұмыс. Генераторларды зерттеу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
|
Барлығы:
|
30
|
20
|
50
|
30
|
3.2 Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Кіріспе
Пәннің жалпы сипаттамасы: техникті дайындаудағы пәннің орны мен ролі, тапсырмасы мен мақсаты. Басқа пәндермен байланысы. Электр энергиясы, оның берілуі мен таратылуы. Негізгі даму кезеңдері және болашағы. Электрлік станция, түрлері, электрэнергия өндірісінің ұстанымдары.
1 Бөлім. Электростатика
тақырып. Электрлік өріс
Электрлік өріс туралы түсінік. Электр өрісінің сипаттамалары. Кулон заңы. Электр өрісінде өткізгіштер мен диэлектриктер. Электр өрісінде зарядтардың ығысу жұмысы.
тақырып. Электрлік сыйымдылық және конденсаторлар
Электр сыйымдылығы. Конденсаторлар, конденсаторлардың электр сыйымдылығы. Конденсатордың қосылыс тәсілдері. Электр өрісінің энергиясы. Конденсатордың зарядталуы мен разрядталуы тізбегінде жүретін процестер.
2 Бөлім. Тұрақты ток электр тізбектері
2.1 тақырып. Электрлік тізбек. Электр тізбектерінің заңдары
Электр тізбектерінің элементтері мен параметрлері. Активті, пассивті элементтер және олардың сипаттамалары. Ом және Кирхгоф заңдары. Тізбектегі элементтердің тізбекті, параллельді, аралас қосылысы. Сызбалардың қасиеттері мен есептеу формулары. Күрделі электр тізбектерін есептеу әдістері: түйінді және контурлы теңдеулер, түйінді кернеу, түрлендіру. Есептер шығару.
2.2 тақырып. Тұрақты ток тізбектерінде энергетикалық қатынастар мен жұмыс режімдері
Электр тізбектерінің жұмыс режімдері: бос жүріс режимі, номиналды режім, қысқа тұйықталу, келісімді режім. Тұрақты ток тізбектерінде энергетикалық қатынастар. Электр энергясының берілісінің қарапайым схемасы, кернеу шығыны болуының себептері. Шекті кернеу шығыны.Кернеу шығыны есебімен өткізгіш қимасын есептеу.
2.3 тақырып. Төртполюстілер
Төртпоюсті туралы түсінік, құру схемалары,теңдеу құрастыру. Төртполюсті тұрақтысын анықтау.
№1 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Тұрақты ток тізбектерін зерттеу
№2 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Күрделі электр тізбектерін есептеу
3 Бөлім. Электромагнитизм
3.1 тақырып. Тоғы бар өткізгіштің магнит өрісі
Тура сызықты өткізгіштің, катушка орамдарының токпен магнит өрісінің сипаттамасы. Магнит өрісінде өткізгішке әрекет ететін күш.
2.3 тақырып. Электромагнитті индукция. Катушка индуктивтілігі
Электромагнитті индукция. Электромагнит индукциясының ЭҚК-і. Ағының тұтасуы. Құйынды токтар. Магнит өрісінің энергиясы. Электромагниттер. Индуктивтілік және оның өлшем бірлігі. Катушканың индуктивтілігі. Өзіндік индукция, өзара индукцияның пайда болуы. Қысқа тұйықталған контурдағы өтпелі процестер.
4 Бөлім. Бірфазалы синусоиалды ток электр тізбектері
4.1тақырып. Синусоидалды электрлік шамалар мен графикалық бейнеленулер
Синусоидалды ЭҚК-н алу, ЭҚК-нің тұтынушы көзі. Синусоидалды шамаларды сипаттаушылар. Синусоидалды шамалардың лездік, нақты және орташа, амплитудалық мәндері. Толқынды және векторлы диаграммалар, оларды тұрғызу ережесі.
4.2 тақырып. Тармақталмаған және тармақталған бірфазалы синусоидалды ток электр тізбектері
Электр тізбегі сыйымдылықты, индуктивті, активті кедергілермен: схемалары, векторлы диаграммалары. C,L,R элементтерімен тізбекті, параллельді қосылған электр тізбектері. Осы тізбектерге арнаған Ом заңы,векторлы диаграммалар. Әртүрлі жүктеме тізбек қосылыстарын есептеу. Тізбектің активті, реактивті және толық қуат туралы түсінік. Қуат коэффициенті және оның халық шаруашылық мәні. Қуат коэффициентін арттыру тәсілдері.
4.3 тақырып. Синусоидалды ток электр тізбектеріндегі резонанстар Тербеліс контуры: еркін және еріксіз тербелістер. Ток және кернеу резонанстары, резонанс шартында тізбектің қасиеттері, қолдану аясы, резонансты алу тәсілі.
№4 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Әртүрлі жүктеме тізбек қосылыстарын есептеу
№5 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Айнымалы ток электр тізбектерін зерттеу
№6 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Ток және кернеулер резонансы
5 Бөлім. Үшфазалы электр тізбектері
5.1тақырып. Электрлік үшфазалы құрылғы және тізбектер
Үш фазалы электр тізбектердің артықшылығы. Үшфазалы токты алу, толқынды және векторлы диаграммалары. үшфазалы айнымалы токты сипаттайтын шамалар.
5.2 тақырып. Электр энергиясын қабылдағыштар мен үшфазалы генератордың орамдарының қосылыс тәсілдері
Генератор орамдарының және энергия қабылдаушылардың жұлдызша қосылыстары. Желілік, фазалық кернеу мен ток туралы түсінік. Қалыпты және қалыпты емес жүктеме туралы түсінік. Желілік, фазалық кернеулер векторлы диаграмма, олардың арасындағы қатынастар. Генератор орамдарының және энергия қабылдаушылардың үшбұрыш қосылыстары. Бір қалыпты және әртүрлі жүктемеде үшфазалы тоқ қуаты.
№7 тәжірибе зертханалық жұмыс
«Жұлдызша» схемасы бойынша тұтынушылардың үшфазалы тізбекке қосылысы
№8 тәжірибе–зертханалық жұмыс
«Үшбұрыш» схемасы бойынша тұтынушылардың үшфазалы тізбекке қосылысы
6 тарау. Трансформаторлар
6.1тақырып. Трансформаторлардың құрылымы мен жұмысы Трансформаторлардың түрлері, олардың құрылымы мен құрама бөліктерінің тағайындалуы. Трансформатордың жұмыс принципі, трансформациялау коэффициентін есептеу. Үшфазалы трансформаторлардың айрықша ерекшеліктері. Бос жүріс, жүктеме, қысқа тұйықталу режімдері. Трансформатордың ішкі сипаттамасы, кернеудің проценттік өзгерісі. Энергия шығыны, ПӘК.
№9 тәжірибе–зертханалық жұмыс
Бірфазалы трансформатор
7 Бөлім. Электрлік машиналар
7.1 тақырып. Айнымалы және тұрақты электрлік машиналар
Тұрақты ток электр машиналар құрылымы. Машиналар қайтымдылығы. Тұрақты ток машиналардың жұмыс принципі. Якор орамдары туралы түсінік. Коллктордың және оның атқаратын қызметі. Якордың реакциясы. Асинхронды қозғалтқыштың құрылымы. Қозғалтқыштың бұрылу бұрышын реттеу. Асинхронды қозғалтқыштың қуат коэффициенті мен ПӘК. Бірфазалы Асинхронды қозғалтқыш. Синхронды қозғалтқыш.
№6 тәжірибе-зертханалық жұмыс
Генераторларды зерттеу
4 Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау
Бақылау білім алушылардың пән бойынша бағдарламалық материалдың мазмұнының қалыптасу деңгейін анықтау және бағалау мақсатында, негізгі нысандар емтихан өткізуді қарастырады.
Құзыреттілікке бағдарланған тест тапсырмалары ұсынылады.
Тест тапсырмалары бөлімдер, тақырыптар бойынша және күрделілігі негізгі үш деңгейде (төмен, орта және күрделі) болуы керек
Тесттік тапсырмалар келесі бөлімдер бойынша орындалады:
|
Ең төмен
|
орташа
|
жоғары
|
1 Бөлім. Электростатика
|
1%
|
2%
|
2%
|
2 Бөлім. Тұрақты ток электр тізбектері
|
10%
|
10%
|
10%
|
3 Бөлім. Электромагнитизм
|
2%
|
2%
|
2%
|
4 Бөлім. Бірфазалы синусоиалды ток электр тізбектері
|
10%
|
10%
|
10%
|
5 Бөлім. Үшфазалы электр тізбектері
|
2%
|
3%
|
3%
|
6 Бөлім. Трансформатор
|
2%
|
3%
|
3%
|
7 Бөлім. Электрлік машиналар
|
3%
|
5%
|
5%
|
|
30%
|
35%
|
35%
|
Барлығы:
|
100%
|
5. Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
А.А. Федерченко, Ю.Г. Синдеев Электротехника с основами электроники: М – Издательско-торговая корпорация, «Дашков и К», 2006
Ю.Г. Синдеев Электротехника с основами электроники: М - Ростов на Дону, «Феникс», 2004
М.А. Жаворонков, А.В. Кузин Электротехника и электроника: М - Издательский центр «Академия», 2005
Фуфаева Л.И. Электротехника. Учебник для образовательных учреждений среднего профессионального образования. - М.: Издательский центр «Академия», 2013.
Бондарь И.М. Электротехника и электроника: - М - Ростов на Дону, «МарТ», 2005
А.Қ. Ахметов, Ә.А. Ахметов Т.А. Қабақова Электротехника: Астана. Ақмола полиграфия, 2010
Ғ. Айғараева Радиоэлектроника: Астана «Фолиант» 2010
Қосымша:
В.А. Пряшнишников, Е.А. Петров, Ю.М. Осипов «Электротехника и ТОЭ в примерах и задачах» Практическое пособие – СПб.: КОРОНА –век, 2008
У. С. Байдельдинов Радиотехникалық тізбектер және радиотехникалық құрылғылар Алматы Нур-Принт 2012
. Фуфаева Л.И. Сборник практических задач по электротехнике. Учебное пособие для образовательных учреждений среднего профессионального образования. - М.: Издательский центр «Академия», 2014
Шанаев О.Т.Система моделирования «Electronics Workbench» учебное пособие – Алматы, 2003
Оқытуға қосымша ұсынылатын материалдар
1. Компьютерлер, зертханалық стендтер;
2. Интерактивті тақта (арақашықтағы сабақтар, конференциялар…);
3. Компьютерлік қолданбалы бағдарламалар;
4. Тақырыптық оқу плакаттары (кесте, сызбалар, сұлбалар және т.б).
5. Электронды оқулықтар.
Оқыту тәсілдері
1.Тақырып бойынша слайд – шоу;
2.Білімді тексеруге арналған тесттер;
3. Видеоматериалдар;
4.Электрондық оқу құралдары;
5.Қоспалар мен полимерлердің жиынтығы;
6.Құрылымдық материалдардың үлгілері;
Достарыңызбен бөлісу: |