Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет100/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   219

208

да  мемлекет  жеткізуі  тиіс  инфрақұрылымдар  нашар  дамыған  деп  есептелінеді; ауылдық

аумақтар  тауар  айырбасы  жасалынатын  нарық  орталықтарынан  жəне  саяси  шешімдер –

əкімшілік саясат пен стратегиялық даму жоспарлары қабылданатын мекендерден физикалық,

саяси жəне экономикалық тұрғыдан оқшауланған [6, 2 б].

Қазақстан тəуелсіздігін алғаннан кейін, өтпелі кезеңде жасалынған жергілікті басқару

саласындағы  реформалардың  нəтижесінде  ауылдық  елді  мекендерді  басқарудың  қазіргі

ұйымдық-құрылымдық  моделі  қалыптасты. Ол  бойынша, ауылдық  деңгейде  жергілікті

мемлекеттік  басқару  тек  қана  атқарушы  органнан  тұрады, биліктің  ең  төменгі  сатысында

өкілді  орган (мəслихат) жоқ. Ауылдық  деңгейдегі  жергілікті  атқарушы  мемлекеттік  орган

қызметін ауыл əкімі мен оның аппараты атқарады.

Қазіргі  таңда, аудандық  маңызы  бар  қалалардың, ауылдық  округтердің, ауылдық

округтің  құрамына  кірмейтін  кенттер  мен  ауылдардың  əкімдері  сайлау  жолымен  билікке

келеді. Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2013 жылдың 24 сəуірдегі «Қазақстан

Республикасының  аудандық  маңызы  бар  қалалары, ауылдық  округтері, ауылдық  округтің

құрамына  кірмейтін  кенттері  мен  ауылдары  əкімдерінің  сайлауын  өткізудің  кейбір

мəселелері  туралы» Жарлығына [7] сəйкес, аудан  əкімі  тиісті  əкімшілік-аумақтың

тұрғындарымен  кеңесу  арқылы  ауыл  əкімі  лауазымына  үміткер  кемі  екі  кандидатты

белгілейді. Тиісті  кандидаттардың  ішінен  ауыл  əкіміне  лайықтысын  аудандық  мəслихат

депутаттары 4 жылға  сайлайды. Əкімдер  корпусының  ішіндегі  сайлау  жолымен  билікке

келетін тек осы деңгейдегі əкімдер ғана.

Ауыл əкімдерінің жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті функциялары мен міндеттері

көп. Қазақстан Републикасының  түрлі заңдары  бойынша  ауыл əкімдеріне 79 міндеттер  мен

функциялар  жүктелген (1-қосымша). Қолданыстағы «Қазақстан  Республикасындағы

жергілікті  мемлекеттік  басқару  жəне  өзін-өзі  басқару  туралы» Қазақстан  Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының [8] 35-бабы бойынша «Қаладағы аудан, аудандық

маңызы  бар  қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ  əкiмi өзiнiң  құзіретiне

жатқызылған мəселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары

тұрған əкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала,

астана  мəслихатының  алдында  жауап  бередi». Өз  функциясын  жүзеге  асыру  үшін  ауыл

əкіміне  күшті  аппарат  керек, жоғарыдағы  Заңның 38-бабына  сəйкес: «Қаладағы  аудан,

аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкімінің аппаратын

республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) əкімдігі құрады,

таратады жəне қайта ұйымдастырады» жəне «Əкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен

ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады».

Кенттер, ауылдар, ауылдық  округтер  əкімдер  аппараттарының штат  санының  лимитi

2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 Қаулысына  сəйкес, Қазақстан  Республикасы

Үкіметінің 2013 жылғы 29 сəуірдегі  № 411 қаулысымен [9] бекітілген «Қазақстан

Республикасы  Үкiметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы  № 1324 қаулысына 2-қосымша»

[10] бойынша анықталады (Кесте 1).



Кесте 1

Ауыл əкімі аппаратының штат саны

Əкімшілiк-аумақтық бiрлiк

халқының саны (мың адам)

Əкiмдер аппараттарының

штат саны (бiрлiк)

Оның iшiнде əкiмдердiң

орынбасарлары (бiрлiк)

Кент, ауыл, ауылдық округ

1,5-ға дейiн

3-5

1,5-нан 3-ке дейiн



5-7

3-тен 5-ке дейiн

7-8

5-тен 10-ға дейiн



8-10

1

10-нан 20-ға дейiн



10-15

1

20-дан 40-қа дейiн



15-18

2

40-тан астам



18-20

2



209

Кестеден  байқалатыны, ауыл  əкімдері  аппараттарының  штат  саны, əкімшілік-

аумақтық  бірліктің  халық  санына  қарай  өзгереді. Елдегі  бірқатар  аудандардың  ресми  веб

сайттарындағы  қарастырып  қарамағындағы  ауылдық  округтер  туралы  мəліметтерді  талдай

келе, шағын  ауылдық  округ  əкімі  аппаратының  штатында  көбіне  мынадай  лауазымдардың

болатындығын  байқауға  болады: іс  қағазын  жүргізуші  маман, есепші  маман, ветеринар

маман, салық  жинаушы  маман. Бұлардан  басқа  техникалық  қызметкер  санатындағы

мамандар бар, олардың да саны əкімшілік-аумақтың демографиясына байланысты  өзгереді.

Заңға сəйкес  ауыл əкiмінің  аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк

мекеме  болғандықтан, ондағы  штат  саны  мен  лауазымдық  қызметтердің  түрі  облыстарға

қарай  да  өзгеруі  мүмкін. Ауыл  əкімдігінің  тек  штат  санына  ғана  емес, сонымен  қатар

жабдықталуына, жетерліктей  қаржыландырылуына, қызметінің  сапасына  т.б. жағдайына

облыстық, аудандық билік органдарының  ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты ұстанған

саясаты үлкен ықпалын тигізеді.

2013 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

жергілікті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  мəселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар

енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Жоғарыда  айтылған  Заңға  сəйкес  Қазақстан  Республикасының  бірқатар  заңнамалық

актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олар:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Əкімшілік құқық бұзушылық

туралы кодексіне:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне;

«Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне;

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі

Заңына;


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару

туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына;

«Жарнама  туралы» Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы

Заңына;


«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы

Заңына.


Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  енгізілген  жаңалықтарға

сəйкес ауылдық округ əкімінің ұйымдастырушылық құзыретіне келесілер енеді:

ü

басқаруына  берілген  аудандық  коммуналдық  мүлікті  жеке  тұлғаларға  жəне



мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  кейіннен  сатып  алу  құқығынсыз  мүліктік  жалға

(жалдауға) береді;

ü

берілген  коммуналдық  мемлекеттік  кəсіпорындар  қызметінің  басым



бағыттарын  жəне  бюджеттен  қаржыландырылатын  жұмыстарының (көрсетілетін

қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

ü

берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;



ü

берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

ü

жергілікті  атқарушы  органның  шешімімен  бекітілетін, басқаруына  берілген



аудандық коммуналдық мемлекеттік кəсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

ü басқаруына  берілген  коммуналдық  қазыналық  кəсіпорындар  өндіретін  жəне

өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

ü

берілген  аудандық  коммуналдық  мемлекеттік  мекемелердің  жергілікті



бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

ü

кіріс көздерін қалыптастырады;



ü

бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  орталық  уəкілетті  органда  əкімдердің

жергілікті  өзін-өзі  басқару  функцияларын  іске  асыруына  бағытталатын  ақшаны  есепке

жатқызуға  арналған, жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  қолма-қол  ақшаны  бақылау  шотының

ашылуын қамтамасыз етеді;



жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау