206
- Ынталандырудың материалдың түрінен бөлек, материалдық емес ынталандыруды
жетілдіру арқылы персоналдардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру;
- Түрлі семинар мен тренингтер түрінде іс-шаралар жүргізу, персоналдарды даярлау
жəне қайта оқытуды тұрақты түрде жүргізу;
- Ішкі қызметкерлерге босаған кез-келген орынға хабарландыру жүргізу, кадрдарлы
таңдау ішкі көздерден қарастыру, кадрлық ротация;
- Талдау жүргізіп, психолог жəне басшымен қызықтырған сауалдар бойынша
анкеталар құрастыру;
- Кəсіпорында əрдайым белгілі бір туындаған мəселелер, бастамалар, қызметкерлердің
жұмыс барысымен қанаттану жағдайы, т.б. мəселелер бойынша анкеталық сауалнамалар,
тестілеу жүргізу.
2. Еңбек ресурсы кəсіпорынның мақсатына жетудегі ең маңызды жəне қуатты құралы
болғандықтан, міндетті түрде оларға қажетті деңгейде көңіл аударылып, ерекшеліктері мен
қабілеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық бастамаларға жағдай жасау шартты.
3. Еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, сыннан өткен шетелдік тəжірибенің
оңтайлы тұстарын қолдану қажет.
Əдебиеттер:
1.
Бочаров В.В. Финансовый анализ. Краткий курс. 2-ое изд. – СПб.: Питер. 2008. – 240
с.
2.
«Казахтандем» ЖШС-нің 2012-2015 жылдарға арналған жылдық есебі
3.
Оразалин К.Ж. Кəсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы, 2014. 296 б.
АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ
Бидаулетова М.Ш.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
e-mail: b.sh.madina@mail.ru
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде жоспарлы
экономика мен тоталитарлық жүйеден нарықтық экономика мен демократиялық қоғамға өту
жолында барлық жүйелерде күрделі реформалар мен қайта құрылымдаулар жүргізу арқылы
бірқатар жетістіктерге жетті. Көптеген салаларда нəтижелі жүргізілген реформалар биліктің
ең төменгі сатысындағы саяси-əкімшілік басқару жүйесін құруға келгенде алғашқы он жыл
ішінде онша сəтті болды дей алмаймыз. Сондықтан тəуелсіздіктен кейінгі онжылдықта
ауылдық аумақтардың экономикалық қиындықтарға тап болып, инфрақұрылымның
нашарлауы мен халықтың əлеуметтік жағдайының төмендеуіне ықпал еткен факторлардың
бірі – осы деңгейдегі басқару жүйесінің əлсіз болуы. Осы кемшілікті түзетуге Қазақстанның
саяси билігі 2000 жылдардан кейін терең көңіл бөле бастады. Ауыл экономикасы мен
тұрғындарының əлеуметтік əл-ауқатын жақсартуға бағытталған кешенді шаралардың бір
компоненті ретінде ауылдық деңгейде жергілікті мемлекеттік жəне өзін-өзі басқару жүйесін
жетілдіруге арналған алғашқы өзгерістер жасалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан-
2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына
Жолдауының «Мемлекеттілікті одан əрі нығайту жəне қазақстандық демократияны дамыту»
тарауындағы мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру мақсатына сəйкес [1], үкімет
ауылдық деңгейде саяси-əкімшілік басқару жүйесін жетілдіру бойынша 2020 жылға дейін
іске асырылуы көзделген кешенді шаралардың жоспарын жасады. Осы шаралар аясында
ауыл əкімдерін сайлау, сайланған əкімдердің құзіретін кеңейту жəне өз кірісін
қалыптастыруына мүмкіндік беру, аппаратын күшейту сияқты оң өзгерістер жүрді.
207
Əйтсе де, алғашқы кезеңдегі қателіктерді қайталамау үшін, басталынған
реформалардың аяғына дейін жеткізілуі, күткен нəтижені беруі, жасалынған өзгерістердің
тиімділігін ұдайы бағалау жəне бұл салада алдағы уақытта шешілуі тиіс проблемалық
мəселелерді анықтау маңызды. Қоғам əр уақытта эволюцияланатын жүйе, оның дамуына
сəйкес заманауи талаптар мен сын-қатерлердің мəні мен түрі ауысатындықтан, жергілікті
билік институттарының уақыт талабына бейімделуі, оған орай трансформациялануы өзекті.
Сол себепті заманауи процесстерді, халықтың талабын жəне басқа елдердің тəжірибелерін
ескере отырып үкімет жоспарлаған/жасаған реформаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар
жасап, кемшіліктерді дер кезінде анықтап, басқару субьектілерін заман талабына орай
дамытып отыру пайдалы. Сондықтан «биліктің ең төменгі иерархиялық сатысында
демократиялық құндылықтарға сай тиімді жұмыс жасайтын саяси-əкімшілік басқарудың
ұйымдық-құрылымдық моделін қалыптастыру мəселесі өзекті тақырып болып табылады».
Қазақстанның аумақтық құрылымында биліктің ең төменгі сатысында орналасқан
əкімшілік-аумақтық бірліктерге ауылдық округтер, кенттер, аудандық маңызы бар қалалар
жатады. Бұл əкімшілік-аумақтық бірліктердің мəртебесі бөлек болғанымен, «жергілікті
басқару» аталатын құрамда саяси-əкімшілік басқару формасы ұқсас.
Осы мəселені зерттеу жолында билікті орталықсыздандыру, демократияны дамыту,
халықтың өкілеттілігін кеңейту т.б. факторлар тұрғысынан «жергілікті өзін-өзі басқару»
мəселесі өте өзекті жəне жеткілікті зерттелмеген. Зерттелмеу себебі бұл жүйені ел өміріне
біртіндеп енуі себепті.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің əлемде кең тараған үш моделі бар екендігі
белгілі, олар англосаксондық, құрлықтық еуропалық жəне кеңестік.
Мақсат –Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының тарихи жəне қазіргі ерекшеліктерін
ескере отырып ауылды басқарудың тиімді моделін қалыптастыру тетіктерін қарастыру.
Қазақстан ауылдарының ел өміріндегі тағы бір маңызы тарихи-дəстүрлік тұрғыдан
келіп шығады. Елбасы Н.Ə. Назарбаев айтып өткендей: «Ауыл дегенiмiз – сайып келгенде,
халықтың тұрмыс салты, мəдениетiмiздiң, дəстүрiмiздiң, əдет-ғұрпымыз бен рухани
тiршiлiгiмiздiң қайнары. Осынау саяси-моральдық жəне əлеуметтiк факторлардың өзi-ақ
бiзден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етедi. Кез келген революциялық
сiлкiнiстер кезiнде ауырсындыратын өзгерiстер ауыртпалығының ауылға түсетiнi мəлiм, əрi
мұны тарих та дəлелдеп отыр. Мұны Қазақстан да бастан кештi. Бiз кез келген ұлттың түп-
тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиiспiз» [2].
Экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан ауылдың алар орны маңызды [3]. «Азық-түлік
қауіпсіздігі ұғымы» [4] өзекті мəселеге айналған дəуірде халықты азық-түлікпен негізгі
қамтамасыз етуші ауылдың щаруашылық өнімділігі айрықша мəнге ие. Сондықтан халықтың
негізгі азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру жəне елдің азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету – шаруалардың маңызды миссияларының бірі [5]. Алайда,
мемлекет те шаруалардың қоғамдық-саяси процесстерден шет қалмауына, азаматтық өмірге
белсене қатысуына жағдай жасауы керек.
Ұлттық экономикада əрдайым үлкен орны бар ауыл шаруашылығын дамыту
тұрғысынан да ауылдың маңыздылығы өзекті. Əлі де экономикалық өнімділік тұрғысынан
зор əлеуетке ие ауылдық аумақтардың дамуы, ел экономикасын əрі қарай ілгері дамыта
алады. Əрине, ғылым мен техниканың жаңалығын пайдаланып ауылда қазіргідей көп халық
тұрғызбай-ақ, бұдан əлдеқайда аз еңбек күшімен ауыл шаруашылығының өнімділігін
арттыруға болады. Бірақ, бəрібір болашақта ауылдық аумақтарда тұратын 20-30% халықты
(жалпы халыққа шаққанда) басқарудың тиімді моделін қалыптастыру керек.
Мемлекет үшін маңыздылығы анық көрінетін ауылдық елді мекендердің басқарылуы,
ондағы саяси институттың қызметі жəне олардың тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету
өзекті. Өйткені ауылдық аумақ пен қалалық аумақ арасында мемлекеттік қызметті алу;
қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық даму; географиялық, физикалық орналасу т.б.
ерекшеліктер тұрғысынан үлкен айырмашылықтар бар. Атап айтқанда: қалалық жəне қалаға
жақын аумақтармен салыстырғанда ауылдық аумақтарда жол, телекоммуникация жəне басқа